Көлеңкелі экономиканың ұлттық экономикаға тигізетін әсері



Көлеңкелі экономиканың ұлттық экономикаға тигізетін әсері
Орындаған:
Қабылдаған:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Ақпараттық технологиялар факультеті
СӨЖ

Көлеңкелі экономика ағылшын сөзінен “shadow economy” - “заңсыз экономика” деген сөзінен шыққан.
Үкіметтің, құзырлы мекемелердің бақылауынан тасада, ішкі жалпы өнім санатына енгізбей тауар-материалдық құндылықтарды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну, ақылы қызметтер көрсету;
2. Жекелеген азаматтар, әлеуметтік топтар тарапынан мемлеккетік, жекеше, акцион және басқа меншік түрлерін жеке бастың пайдасы және топтық мүдделер үшін пайдаланып, мемлекет басқару органдарынан жасырылатын заңсыз әлеуметтік - экономикалық қатынастар орнатуы арқылы жүзеге асырылатын экономикалық қызметтің күллі түрінің әлеуметтік - экономикалық әдебиеттегі атауы.

Көлеңкелі экономиканың бейресми (ашық жүретін, бірақ салықтан табысты жасыратын, ресми cтатистикада ескерілмейтін) экономика, қосып жазу, алаяқтық шарттар мен пара алушылық тән жалған экономика, заң тыйым салатын астыртын экономика деп аталатын түрлері бар. Кеңес Одағы кезінде де болған. Көптеген елдерге тән. Нарықтық экономикаға ауысуға байланысты Көлеңкелі экономика ТМД елдерінде кең етек алды. Көлеңкелі экономика құрылымы экономикалық қатынастардың қылмыстық тұрпаттарымен де, бейқылмыстық тұрпаттарымен де бой көрсетеді.

Біріншіден, Әділет министрлігінде, мемлекеттік органдарда тіркелген жекелеген азаматтар және бірлестіктер арасындағы экономикалық қатынастар (“екінші” экономика) . Олардың қатарына жеке еңбек қызметінің қылмысқа жатпайтын, бірақ рәсімделмеген түрлері, мәселен, қосалқы және үй ш-н жүргізу, тұрғын үйлер, саяжайлар салу және жөндеу; автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және оларға күтім жасау жөнінде дербес қызмет көрсету; жекеше тасымал; мұқтаждарға мед., пед. және тех. көмек көрсету; тұрғын-жайды жалға беру, т. б. жатады. Шаруашылық заңдарына өзгерістер енгізу нәтижесінде экономиканың бұл секторы жариялық сипат алды. Алайда қаржы және салық қызметтерінің әлсіздігі, экон. қатынастарды әкімш. жолмен жосықсыз тәртіптеулер, қоғамдағы әлеум. және экономикалық тұрлаусыздық, т. б. кедергі жасауда.
Екіншіден, бұл шаруашылықты жүргізудің қолданыстағы жүйесінің жетілдірілмеуі себепті жеке басылық және топтық мүдделерді қанағаттандыратын бейресми, көбінесе, жалған экономикалық қатынастар.
1
2

Көлеңкелі экономиканы жіктеу
Халықаралық ұйымдардың стандарттарына негізделген қазақстандық статистикада (ұлттық есептер жүйесін қоса алғанда) «қадағаланбайтын экономика» термині қолданылады. Өз кезегінде ол «жасырын (көлеңкелі) », «заңсыз» және «формалды емес» қызметтер ұғымдарын қамтиды. Қадағаланбайтын экономиканың келтірілген үш құрамдас бөлігі мынадай нақтылауларды білдіреді.

Жасырын өндіріс - өндірістік және заңды болып табылатын, алайда салық төлеуден немесе заңнама нормаларын сақтаудан жалтару мақсатында мемлекеттік билік органдарынан әдейі жасырынатын қызмет түрлері ретінде айқындалатын өндіріс. Бұл ретте оның көлемі саналы түрде мемлекеттік органдардан түрлі себептерге байланысты, оның ішінде:

Формалды емес сектордың өндірісі - тіркелмеген және/немесе жұмыспен қамтылғандар саны айқындалған шекті мәннен аз және қандай да бір нарықтық өндірісі бар үй шаруашылығы секторында корпорацияланбаған кәсіпорындар жүзеге асыратын өндірістік қызметтің түрі ретінде айқындалатын өндіріс. Бұл сектор қызметтің сан алуан тіркелмеген түрлерін қамтиды. Негізгі проблемалар:

Заңсыз өндіріс - заңда тыйым салынған немесе өндірушілер тиісті рұқсатты алмай жүзеге асыратын, заңсыз болып табылатын, тауарлар мен қызметтер өндірілетін өндірістік қызмет түрлері ретінде айқындалатын өндіріс. Заңсыз өндіріс мынадай екі санат бойынша жіктеледі:


Ұлттық экономика
Ұлттық экономика -қызметі көбінесе елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы (үкімет‚ жеке тұлғалар‚ пайда алмайтын жекеше ұйымдар‚ кәсіпорындар‚ фирмалар‚ компаниялар‚ т. б. ) . [1]
Ұлттық есепшіліктің халықаралық тәжірибесінде экономика аумақ санатына мыналар жатады: елдегі әкімшілік басқарудың еркін тауар-ақша айналысы жүзеге асырылатын аумағы; әуе кеңістігі‚ мемлекеттің балық аулауға‚ шикізат‚ отын өндіруге айрықша құқығы бар аумақтық су мен құрлықтық қайраң; шет елдегі “аумақтық анклавтар”‚ яғни елдің дипломатикалық‚ әскери‚ ғылыми және басқа мақсаттар үшін меншікті жалдау негізінде немесе сатып алу жолымен басқа мемлекеттерде пайдаланатын экономикалық аймақтары; кеден бақылауынан азат аймақтар - бұл аймақта сыртқы сауда мәмілесінің заты болып табылатын кез келген материалдық құндылықтар кеден бақылауына жатпайды және импорт баждары мен алымдары салынбайды.

Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2014 - 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Жоспар) Үкіметтің 2013 жылғы 11 қазандағы кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті берген тапсырмалар ескеріле отырып әзірленді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2013 жылы жүргізілген жұмысты ескере отырып, Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарын өзектілендіру бойынша жұмыс жүргізді.
2013 жылы Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2013 - 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - 2013 - 2015 жылдарға арналған жоспар) іс-шараларының басым бөлігін іске асыру мерзімдерінің аяқталуына байланысты «Мемлекеттік қаржы», «Фискалдық жүйе», «Бизнесті жүргізу шарттары» бағыттары оңтайландырылды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz