ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ



қазақстандағы агроөнеркәсіп кешенінің бизнес өкілдеріне талдау
Орындаған:
Қабылдаған:
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Механика-математика факультеті

Агроөнеркәсіптік кешен
Аграрлық-өнеркәсіптік кешен (лат. 'agrarius', және complexus - байланыс, үйлестіру)
Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы - бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы дегенде еріксіз ойымызға кең байтақ жеріміз, төрт-түлік малымыз, егінді алқаптарымыз оралады. Осы табиғаттың берген сыйын жоғалтпау үшін ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартатын бір әдіс-тәсілдер керек сияқты.
Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы жаңа туған нәресте тәрізді нәзік те, әлсіз. Сол нәрестені құшағына қысып, аялап, мәпелеп, аяққа тұрғызатын ананың рөлін атқаратын бұл - мемлекет болып табылады. Мемлекет барынша ауыл шаруашылығына көмегін аямау керек.


Іс-әрекеті өзара тікелей немесе жанама байланысты, халықтың азық-түлік қажеттіктерін қанағаттаңдыруға бағытталған салалардың (кәсіпорындардың) жиынтығы. Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің мынадай негізгі үш саласы бар:
а) ауыл шаруашылығына, тамақ өнеркәсібіне және ішінара жеңіл өнеркөсіпке қызмет көрсетуге және күрделі құрылысқа арналған өндіріс құралдарын өндіру;
ә) ауыл шаруашылығының өзі;
б) ауыл шаруашылығы өнімдерін даярлау, тасу, сақтау, ұқсату және тұтынушыларға жеткізу салалары;
Егіншілік және мал шаруашылығы өнімдерін сол өнімдерді ұқсатумен үйлестіріп, шаруашылықты жүргізуді қамтамасыз ететін салалармен (мысалы, минерал тыңайтқыштар өндірісі) бірлесе қызмет атқаратын шаруашылық бірлестігі (көсіпорындар тобы) . Косіпорын қалдықтары ауыл шаруашылығының дамуына, ал ауыл шаруашылығы қалыптаса бастаған кешен шегіндегі кәсіпорындардың дамуына жәрдемін тигізетін болғандықтан, жаңа байланыс - ресурстық-энергетикалық байланыстың пайда болуы Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің маңызын арттыра түсті.
1
2

АӨК-. Ауыл шаруашылық өнәмдерін өндіріп, өңдейтін Ауыл шаруашылығы мен шаруашылық салаларының жиынтығы
АӨК-ДЕГІ БАСТЫ САЛА - АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

АӨК Бөлімдері

Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері
Адамзаттың техникада және өндірісте қолы жеткен прогресі қандай айбынды болғанымен, оның барлық өмірі табиғатқа байланысты екенін ұмытпауымыз керек. Ол адамдарға өте үлкен және алуан түрлі ресурстарды пайдалануға береді.
Алдымен керегі бұл адамдардың тамағы. Ол болса табиғаттың негізгі ресурсы- жер арқылы өндіріледі, алынады. Шындығында жерсіз адам сүре де алмайды. Экономика ерекшілігінің бірі барлық ауыл шаруашылығы өндірісі осы жерде орналасқан.


Шаруа қожалықтардың ерекшеліктері:

Қазақстанның АӨК мемлекеттік қолдау мәселелері мен келешекте даму бағыттары
2011 жылы тиісті мемлекеттік қолдау көрсету арқылы агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру нәтижесінде:
- АӨК салаларын тұрақты дамыту;
- ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2007 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 2 есеге ұлғайту;
- жыл сайын ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндірісін 5 % -ға ұлғайту;
- ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін өсіру;
- отандық өнімнің ұлттық бәсекелік артықшылықтарын дамыту;
- инновациялық технологияларды еңгізу арқылы ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу бойынша қосымша қуаттылықтарды еңгізу;
- еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігі;
- 2011 жылы балық аулауды 350-400 тоннаға дейін ұлғайту

Кез-келген елдің экономикасындағы ауыл шаруашылығының алатын рөлінің көрсеткіші ретінде экономикалық белсенді халықтың ішіндегі ауыл шаруашылығында жұмыс бастылық үлесін, сондай-ақ ЖІӨ-нің құрылымындағы ауыл шаруашылығының үлес салмағын қолданады. Әлемде жалпы экономикалық белсенді халықтың 40%-ы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді, ал бұл шамамен 1, 1 млрд адамды құрайды. Дүние жүзілік банк мәліметтері бойынша, Қазақстанда аграрлық секторын инвестиция жұмсау тиімділігі мұнай өндіруден кейінгі екінші орынды алады. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне әлемдік бағалардың өсуіне байланысты, бұл салаға капитал құю тартымды болып, келеді. Бұған статистика да куә бола алады. Мысалы, 2005 жылы осы секторға инвестиция тарту 17, 3 млрд теңгені құраса, ал 2010 жылы олар 3 еседен артық, яғни 55, 9 млрд теңгеге дейін өскен.
Негізгі капиталға инвестициялар соңғы жылы 21 %-ға өсіп, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемінің өсу қарқыны 17%-ды құрады. Үкіметтің, Ұлттық банктің және экономика мен қаржы аясын тұрақтандыру жөніндегі қаржылык бақылау Агенттігінің бірлескен қызметтік жоспарына сәйкес агроөнеркәсіп кешеніне мол капитал құю жүзеге асырылып жатыр, ал бұл экономиканын көтерілуіне сөзсіз әсер етпек. 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі 20, 7%-ға өсіп, оның құны 1, 3 трлн теңгеге жетпек.

Болжамдар бойынша индустриялық- инновациялық саясатты белсенді жүргізу экономиканың өсу қарқынын жылына кемінде 8, 8-9, 2 пайызға қамтамасыз етеді. Бұл 2001 жылмен салыстырғанда 2015 жылы жалпы ішкі өнім көлемін 3, 5-3, 8 есеге көбейтуге мүмкіндік беретінін көзделуде. Ал, өңдеуші кәсіпорындарда жылдық орташа өсу қарқыны 8-8, 4 пайызға дейін жеткізуге, еңбек өнімділігін салыстырмалы жылдары кемінде 3 есе арттыруға, ЖІӨ-ге энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкіндік береді.
Стратегия жоспарын іске асыруда:
жалпы ішкі өнім құрылымында өнеркәсіптің үлестік салмағы 2015 жылы 46, 5 пайыздан 50-52 пайызға дейін мөлшерде ұлғайады;
ЖІӨ-дегі құрылымдарда ғылыми және ғылыми инновациялық қызметтің үлестік салмағы 2015 жылы 1, 5-1, 7 пайызға артады, 2001 жылғы 0, 9 пайыздан.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz