Фирманың бәсекеге қабілеттілігін басқару ерекшеліктері


Slide 1

Фирманың бәсекеге қабілеттілігін басқару ерекшеліктері

Орындаған:

Қабылдаған:

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Slide 2

Кіріспе

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Қазіргі кездегі әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай халықаралық экономикалық қатынастардың жаһандануына байланысты ол елдің болашағы ұлттық экономикасының жалпы өндірісінің бәсекеге қабілеттілігі тікелей байланысты. Ал қазіргі Қазақстанның экономикасы бәсекеге қабілетсіз шикізаттық бағыттағы экономикалық құрылым болып отыр. Бұл жағдай жалпы экономикалық дәлелдегендей экономиканың шикізат бағыттылығы елдің тиімді және тұрақты дамуын қамтамасыз етпейді. Сондай-ақ бүгінгі жаһандану кезінде ұлттық экономика бәсекеге қабілетті болмаса, онда оның болашағы бұлыңғыр болып табылады. Сондықтан да бізге мемлекет ретінде қалыпты жұмыс істеу үшін тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабілетті болу керек. Ал осыдан барып отандық салалардың өз міндеті туындайтыны белгілі. Жалпылап келсек, бәсекеге қабілеттілік - маңызды экономикалық категория болып табылады.

Slide 3

Стратегия- фирманың нарықтағы позициясын нығайтуға, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған басқару жоспары болып табылады. Басқарушылар компанияның қай бағытта дамитынын анықтау үшін, оның әрекет етуі барысында негізделген дұрыс шешімдер қабылдау үшін стратегия жасайды. Басқару жоспары фирманың барлық негізгі қызметтері мен бөлімшелерін қамтиды: жабдықтау, өндіріс, қаржы, маркетинг, мамандар, ғылыми зерттеулер және әзірлеулер, осылардың әрқайсысының фирма стратегиясында өз рөлі бар.

Slide 4

Кәсіпорынды басқаруда стратегиялық көзқарастың артықшылықтары

1) бүкіл ұйымның стратегиясының «біз не істеуге тырысамыз және неге қол жеткіземіз» деген негізгі аспектісіне жұмыла бағытталуын қамтамасыз ету;

2) өзгерістер, жаңа мүмкіндіктер мен қауіпті тенденцияларға дер кезінде және тиянақты жауап беру қажеттілігі;

3) қаржы салымдарының альтернативті варианттарын бағалау, персоналды кеңейту, яғни ресурстарды стратегиялық тұрғыда негізделген, тиімділігі жоғары

4) стратегиямен байланысты басқарудың барлық деңгейлеріндегі басқарушылар шешімдерін біріктіру мүмкіндігі;

5) белсенді басқаруға қолайлы және өзгерістерге тенденцияларға қарсы орта жасау.

Slide 5

Фирма теориясы негізін барынша көп пайдаға ие болу принципі құрайды, яғни табыстар мен шығындардың айырымының көп болуы. Фирманың қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі іс-әрекеттерінің критериі - барынша көп пайда табу болады.

Қысқа мерзімге фирманың өндірісте пайдаланатын құрылыстарының жалпы көлемін және машиналар мен жабдықтардың көлемін өзгертуге жетімсіз болатын уақыт мерзімі жатады. Осы мерзімде олар өндіріс көлемінің өзгерісінің ізімен өзгеріп отырмайды, тұрақты болып қала береді. Өндірістің басқа факторлары (еңбек, капитал) өзгеруі мүмкін, сондықтан олар өзгермелі деп аталады.

Айталық, аяқ киім өндірісін көбейту үшін, бір жұмада жаңа ғимарат салып алу мүмкін емес, бірақ қосымша материалдар сатып алуға, немесе, жаңа жұмыскерлер жалдауға мүмкіндік болады.

Қысқа мерзім шамасының көлемі өндіріс саласына, технологияға, басқа жағдайларға байланысты болады. Мысалы, домна өндірісінде кысқа мерзім өзінше ұзақ болса, балмұздақ өндірісінде ол өте аз болады.

Ұзақ мерзімге үнемі өзгеріп тұратын өндіріс дәрежесіне байланысты, фирманың өздерінің құрылыстары мен жабдықтарының қуатын өзгертуге мүмкіндік беретін, уақыт мерзімі жатады.

Ұзақ мерзімде фирма барлық өндіріс факторларының көлемін өзгерте алады. Бұлардың барлығы өзгермелі болады. Бұл мерзімде фирма факторларды келісімді түрде қиыстыруға тырысады, шығарылатын өнімнің берілген көлеміне жұмсалатын шығындардың барынша аз болуын көздеп, еңбекті капиталмен, немесе, керісінше алмастырып отырады.

Slide 6

Стратегия - бұл фирманың негізгі ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттерін таңдау, іс-әрекеттер бағыттарын анықтап бекіту және мақсаттарға жетуге қажет ресурстарды бөліп орналастыру.

Slide 7

Қорғаныстық стратегиясының екі бағыты болады

Имитациялық (еліктеу) стратегиясында бәсекелестердің ғылыми-техникалық жетістіктерін пайдалану арқылы жаңалықтар енгізуден туатын қауіп-қатерліктерді азайтуға назар аударылады. Фирма нарықты үнемі байқап отырады, жаңа өнім пайда болуын күтіп отырады және ресурстарын ұқсас өнім, немесе, оның прототипін (түгі түлға) өндіруге жұмылдырады.

Куту стратегиясы. Фирмалар осы стратегияны өзінің ұйғарымы бойынша осы нарықтан кетуді жоспарлағанда, немесе, басқа бәсекелес осы нарықта қолайлырақ орналасқанда, өз өндірісін жүргізу арқылы қолданады.

1

2

Slide 8

Ұлттық экономикадағы нақты саланың дамуын қамтамасыз етуде, отандық өндірушілердің өнімдерін әлемдік нарыктың сұранысына сәйкестендіру бағытында атқарылатын іс-шаралардың тобына шығарылатын өнімдердің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету мәселесін жатқызуға болады. Қазіргі кезде өзекті болып отырған мемлекеттің экономикалық, азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру әрекеттері де сырткы өндірушілердің ұқсас өнімдеріне төтеп бере алатын отандық өнімдердің өндірілуіне тәуелді.


Ұқсас жұмыстар
Тауардың бәсекеге қабілеттілігі
АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыруда маркетингтің атқаратын қызметі
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірбиесі
Маркетингтің қағидалары және қызметтері
Жапондық менеджмент туралы
Туристік компанияның мақсаты
Кәсіпкерлік қызметті Кәсіпкерлік қызметті қолдау бағдарламасы қолдау бағдарламасы
Өнімді сапасын басқару жөніндегі Еуропалық тәжірибе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz