Саяси жетекшілік


Slide 1

Саяси жетекшілік

Slide 2

Жоспар:

Саяси лидерлік және оның типтері, қасиеттері, қызметтері, белгісі мен сапасы

Лидердің психологиялық портреті, теориялары

Қазақстандағы лидерлік

Slide 3

Кіріспе:

Бүгінгі күнде лидерлік мәселесі барлық ғылымдарда толыққанды зерттелуде. Мәселен, психология лидердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтану лидерлікті әлеуметтік жүйенің негізінде қарастырады. Әлеуметтік психология лидерлікті әлеуметтік және психологиялық факторлардың өзара қызметтік процесі ретінде зерттейді. Ал саясаттану саяси лидерлікті билік феномені ретінде қарастыра келе, оның табиғатын, қызмет ету механизмдерін, қоғамға ықпалын зерттейді. Сонымен бірге, тиімді басқарудың әдістері мен тәжірибелік ұсыныстары айқындала түседі.

Ғалымдардың пікірлерінше, өз бойында туа біткен қасиеттерді ұштастыратын адам ғана қайырымды халықтың басшысы бола алады: «бұл адамның мүшелері мүлдем мінсіз болуы тиіс, бұл мүшелердің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушісіне ойындағысын және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек.

Slide 4 Slide 5

Саяси лидерлік және оның типтері, қасиеттері, қызметтері, белгісі мен сапасы

Саяси қызметтің ажырамас компоненті саяси лидер болып табылады, себебі кезкелген саяси белсенді топ өздерінің ортасынан басшылар тобын алға шығарады.

Саяси лидерліктің табиғаты барынша күрделі және оның түптамыры ғалым-ойшылдардың консульдар, императорлар, корольдер феноменін зерттеп білген алыс өткенде жатыр. Лидерлік феномені саяси психологиядағы ерекше проблема. Оның ертеректегі теориясы «геройлар» теориясы деп аталады. Оның басқа да теориялары бар.

Slide 6 Slide 7

Лидер (ағылшынның «басты» деген сөзінен алғанда) -сол бірлестіктің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған бірлескен қызметті біріктіру мақсатында басқаларға ықпал етуге қабілетті адам. Лидерге тән қасиеттер:

Жауапкершілікке және бастаған ісін аяқтауға күшті ұмтылысы;

Мақсатына жету жолындағы күш қайраты;

Бастамашылдығы;

Өзіне-өзінің сенімділігі;

Айналасындағылардың мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал ету қабілеті;

Іс-әрекетінің және шешімдерінің салдарын «өзіне» қабылдау қабілеті;

Топтық фрустрацияға және ыдырауына қарсы тұра алатын қабілеті.

Саяси лидер» категориясы саясат саласындағы адамдардың белгілі бір бірлестігіне басшылық ету бойынша қызмет процесін білдіреді.

Саясатта қызметінің сипаты мен ауқымы бойынша лидерлердің үш деңгейін ажыратады:

1. мүдделері ортақ қоғамда барынша көп билікке ие шағын топтың лидері;

2. қоғамдық қозғалыстың (ұйымның, партияның) лидері, яғни белгілі бір әлеуметтік топ өзінің қажетсінуін қанағаттандыру мүмкіндігін байланысты-ратын адам;

3. лидер -биліктік қатынастар жүйесінде әрекет етуші саясаткер.

Slide 8

«Бірден қол жеткізген» билік лидерлік болып саналмайды. Лидерлік жай ғана кездейсоқ билікті пайдалану емес, жалғасын табуды білдіреді. Лидерліктің қоршаған ортадан шет қалуы мүмкін емес. Лидерлік дегеніміз-талдау жасау мен шешім қабылдауға қарағанда әрдайым үлкен нәрсе, ол өзінің соңынан жүретін адамдардың ақылы мен күш-қуатына әсер етуді қамтиды.

Саяси лидерлік -өзінің тағдырын жақсарту үшін іс-әрекетке, бірлескен жұмысқа қоғам мүшелерін итермелейтін күш.

Саяси лидер -қоғамда белгілі бір қызметті жүзеге асыру үшін өкілеттіліктің тиісті мөлшеріне ие болатын саяси қайраткер.

Slide 9

Лидердің негізгі қызметі:

интегративтік, яғни халықтың белгілі бір бөлігінің мүддесін анықтау және саяси бағдарламаны жасау;

алға қойған мақсатты орындау үшін ұтымды шешімді табу және қабылдау қызметі;

билік органдарының қоғам мүшелерімен байланысын нығайту, қоғам мүшелерінің биліктен және басқарудан шет қалуын болдырмау қызметі;

бір жерге жұмылдырушы, яғни нақты міндеттерді шешуге көпшілікті ұйымдастыру, көпшіліктің әлеуметтік күш-қуатын, саяси мәдениетін және белсенділігін дамыту қызметі;

прагматикалық, яғни мақсат пен міндеттерді нақты әрекетке айналдыру.

Slide 10

Лидердің мынадай бес белгісі мен сапасын айтуға болады:

1. биологиялық дәрежедегі белгісі мен сапалары: тұқым қуалаушылығы, темпераменті, жынысы, денсаулық жағдайы.

2. психологиялық дәрежесі: адамның эмоциясын, еркін, жадын, қабілетін, интелектін, мінезін қамтиды.

3. әлеуметтік-психологиялық дәрежесі: адамның мүдделеріне, көзқарасына, ұстанымына, қарым-қатынасына т. б. байланысты.

4. саяси психологиялық дәрежесі: саяси әлеуметтенуіне, саяси таңдауына, саяси мінез-құлық түрлеріне байланысты.

5. әлеуметтік дәрежесі: мүдделердің жалпы әлеуметтік ұстанымы мен көзқарастарын білдіреді.

Slide 11 Slide 12

Лидердің психологиялық портреті, теориялары

Лидердің психологиялық портреті саяси лидерлердің психологиялық биографиясы негізінде жасалады. Ол бір жағынан әртүрлі халықтардың социологиялық ерекшеліктерін және олардың саясаттағы кәріністерін есепке алады. Лидердің психологиялық портреті саяси лидерлік психолгияны сипаттайды. Осы ретте «лидерліктің белгілері» концепциялары да пайдаланылады. Лидердің психологиялық тұлғалық белгілерінің жиынтығы 100 ден асатыны белгілі. Лидерлерді классификациялағанда бұлар қажет. Лидердің басшыдан айырмашылығы бар. Басшы ресми түрде ұжымды және ұйымды басқаратын адам. Қазіргі кезде мемлекеттік дәрежедегі саяси лидер феноменінің маңызы артып келеді.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Жетекшілік қызмет және оның әлеуметтік психологиялық негіздері
БАСҚАРУ ФОРМАЛАРЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
Алаш партиясын құрылуы
Саяси институттар
Алаш партиясы
САЯСИ ДАМУ
Қазақстан кеңестерінің Құрылтай съезі өтіп, Қазақ АКСР - нің
Қарым - қатынас стильдері
Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1998 жыл
М. Әуезовтің алғашқы мақалаларындағы қазақ халқының қоғамдық әлеуметтік өсу жолы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz