Жамбыл облысының табиғи қорларын талдау


Slide 1

Жамбыл облысының табиғи қорларын талдау

Орындаған: Авганбаева Ж

Тобы: ТПП-1(3)

Қабылдаған: Жумадилова А.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Slide 2

Жамбыл облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарымен және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақдаладан Тянь-Шаньға, Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы - 144, 2 мың км².

Notes: Вставьте карту своей страны.

Slide 3

Облыстың флорасы мен фаунасы түрлі әрі кең байтақ. Облыстың өсімдік әлемі өсімдіктердің 3 мың түрін қамтиды. Аңшылық жарамсақтығы 13, 9 мың га құрайды, оның ішінде 40 тан астам аңдардың түрі бар.

Балық шаруашылық қоры, аумағы 27, 8 мың га құрайды, 81 су қоймасы бар, оның 59 су қоймасы балық шаруашылығына жарамды. Ірі су қоймаларына ерекшеленетін Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ су қоймалады. Кәсіпшілік балықтар болып: месмаңдай, ақ амур, тұқым балық, сазан, көксерке, аққайран, краль, табан балықтар табылады.

Табиғаты

Slide 4

Негізінен Жамбыл облысының жер бедерінің басым көпшілігі жазық. Тау жоталары территорияны батысынан, шығысынан және оңтүстігінен көмкереді. Оңтүстік шығысында-Кіндіктас таулары Іле Алатауының жалғасы бірнеше массивтерге бөлінеді: Солтүстік Шығысында - Қордай қыраты (1300-1500 м) шығысында - Желдітау, Оңтүстік жазығында Арғайты көтерілісі (1300-1400м), ал батысында - Ақкөйлек қыраты.

Notes: Вставьте картинку, на которой отображается одна из географических особенностей вашей страны.

Slide 5

Жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің табиғи көрінісі көлемді және әртүрлі. Облыста есімдіктердің 3 мыңға жуық түрі бар. Аңшылыққа пайдаланылатын жердің жалпы көлемі 13, 9 мың га. Онда 40 түрлі жануарлар мекендейі. Балық шаруашылығы 27, 8 мың га жерді алып жатыр. Оның ішінде 81 су қоймасы 59 су қоймасы балық шаруашылығына жарамды. Әсіресе Тасөткел, Псеріс-Ашыбулақ ірі су қаймалары ерекшеленеді. Мұңда ақ амур, карп, сазан, көксерке, табан, вобла балықтарының түрлері басым.

Notes: Вставьте картинку, относящуюся к одному из пунктов описания страны.

Slide 6

Жамбыл облысының топырағы алуан түрлі. Топырақ жамылғысының дамуы ендік бағытындағы зональды және вертикальды белдеулік заңдылықтарға сәйкес дамыған.

Биіктік белдеулік бағытында дамыған топырақ-өсімдік жамылғысының типтері: шөлді, шөлейтті, құрғақ дала, таулы шалғынды-дала, таулы-шалғынды, субальпілік шалғынды-дала, таулы шалғынды және альпілік шалғынды-дала. Бұл топырақ-өсімдік жамылғысының типтері облыс жеріндегі тауларға тән.

Топырағы

Notes: Вставьте картинку, иллюстрирующую время года в вашей стране.

Slide 7

Шу, Талас өзендерінің төменгі ағысында сондай-ақ Бетпақдала мен Мойынқұмның ойыстарында тақырлар дамыған. Көктемде тақырлар еріген қар суларына толады, оларда лай жиналып балдырлардың өсуіне жағдай туады. Құрғаған соң, тақырларға айналады. Тақырдың қалыңдықтары 20-40 см, оның астында аналық тау жынысы басталады. Қара шірігі аз 0, 3-0, 8%, тұздылық 20-40 см тереңдікте 2-2, 5%. Тұзды емес тақырларда кездеседі, тұздылығы 1, 5 м тереңдіктен басталатын.

Тақырлар суды жақсы өткізбейді, ылғалданғанда ісінеді, құрғағанда қайта қатады, өсімдік тамырларының өсуіне қолайсыз.

Сұр-қоңыр топырақ Бетпақдалада кең тараған. Ерекшелігі - гипс қабатының қалың болуы, 5-50 см тереңдікте гипс горизонты орныққан, гипстың мөлшері 30-60% шамасында.

Сор тоңды сұр-қоңыр топырақ бор мен палеогеннің конгломерат, сланец, тақтатас, гранит, әктас сияқты тығыз тау жыныстарында дамиды. Алдыңғы топырақтан ерекшелігі карбонатты, саздақты болады. Топырақтың жоғарғы 0-4 см қабатында қара шірік мөлшері 1, 2 %, 10-12 см төменгі горизонтында 0-76%

Облыс территориясындағы негізгі топырақ типтерінің таралуы:

Notes: Вставьте картинку животного или растения, характерного для вашей страны.

Slide 8

Геоботаник З. В. Кубанскаяның (1956ж. ) зерттеулері Бетпақдалада өсімдіктердің алты типін ажыратады: шөлді, шөлді-сараңды, дала, шалғынды, бұталы, сүректі.

Шөлді өсімдік типі жусан мен сораңдардан тұрады. Солтүстік бөлігінде жусанға астық тұқымдастар (боз, селеу) араласса, ал оңтүстігінде эфемерлер мен эфемероидтер қосылады.

Шалғынды өсімдіктер Шу аңғарында - қамыс, түлкіқұйрық, ши қалың өседі.

Бетпақдаланың солтүстік-шығысындағы шоқыларда, оның беткейлерінде тобылғы, қараған, жыңғыл, спиреантус, жүзген өскен.

Сүректілерден қара сексеуілді атауға болады. Сексеуіл далада жиі өседі. Мойынқұмға жусанның әртүрі, теріскен, ақ және қара сексеуілдер тән. Сонымен Жамбыл облысы территориясындағы өсімдік жамылғысының қалыптасуының зональды және азональды заңдылықтарға сай дамыған.

Жаздық аудандардағы өсімдік жамылғысы шөлдің типіне байланысты дамыса (сазды, құмды, тасты) тауларда биіктік белдеулерге сай дамыған.

Өсімдік қоры

Notes: Добавьте на временную шкалу ключевые даты из истории своей страны.

Slide 9

«Шатқал «Берікқара» Мемлекеттік табиғи заказнигі - кешенді қорық, аумағы 17, 5 мың га, онда қызыл кітапқа енген өсімдіктердің 50-ден астам түрін, ал аңдардан - арқарды, индия дикобразын, жұмақ шыбынқырғышын кездестіруге болады.

«Шатқал «Қарақоңыз» Мемлекеттік табиғи заказнигі - ботаникалық, жалпы аумағы 3, 07 мың га, Зайлиийский Алатаудың батысында орналасқан. Жемісті алма, шие, алшын, жүзімдер, үйеңкі орманымен, ақ қараған, тұт ағашы, грек жаңғағымен жалғасады.

Андасай Мемлекеттік табиғи заказнигі - зоологиялық, Шу өзенінің оң жағында Мойынқұм ауылынан батыста орналасқан. Табиғи жабында бетеге, биюргун, сирек эфемерлер, қара сексеуіл, талдар өскен тоғайлар. Жануарлар әлемі арқар, құлан, жайран, елік, құралай, қабандар, қояндар, қырғауылдар, бұлдырықтар мол кездеседі.

Облыс аумағында үш заказник жұмыс істейді:

Notes: Вставьте картинку, иллюстрирующую обычай или традицию.

Slide 10

“Қарақұндыз шатқалы ” мемлекеттік қорығы 3, 07 мың га жерді алып жатыр, орналасқан жері Іле Алатауның батыс сілемі. Алма, шие, жүзім, алша жеміс ағаштары үйеңкі, ақ акация, тұт ағаштары, грек жаңғағы ағаштары учаскелерімен алмасып отырады. Андасай мемлекеттік қорығы Шу өзенің оң жағалауында Мойынқұм ауылынан батысқа қарай орналасқан, көлемі 1000 мың га. Мұндағы өсімдіктердің басым көпшілігі бетеге, биюргун, сексеул, бұталы ағаштар. Жануарлардан архар, Қулан, елік қабан, қоян, қырғауыл құр мекендейді.

Қарақұндыз шатқалы

Notes: Вставьте рисунок, иллюстрирующий какую-нибудь отрасль экономики вашей страны.

Slide 11

Берікқара шатқалы

"Берікқара шатқалы" мемлекеттік қорығы 17, 5 мың га жерді алып жатыр. Бұл жерде Қызыл кітапка енгізімен 50 ден аса ағашты-бұталы өсімдіктерді, жануарлардан архар, үнді жайрасын жумақ шыбын ұстағымын кездестіруге болады.

Slide 12

Андасай мемлекеттік қорығы

Андасай мемлекеттік қорығы Шу өзенің оң жағалауында Мойынқұм ауылынан батысқа қарай орналасқан, көлемі 1000 мың га. Мұндағы өсімдіктердің басым көпшілігі бетеге, биюргун, сексеул, бұталы ағаштар. Жануарлардан архар, Қулан, елік қабан,

Slide 13

Облыстың барлық аймағында борсық, жыртқыштардан қасқыр, түлкі, қарсақ, сүтқоректілерден қарақұйрық, елік, киік, қабан, шошқалар кездеседі. Бетпақдалада жалман сирек сүтқоректілер қатарында және тышқандардың түрлері мекендейді.

Slide 14

Жамбыл облысы оның жер қойнауында ашылған пайдалы қазбалардың әртүрлілігі бойынша елімізде өзіне тең келері жоқ. Облыс фосфорит және плавикошпат шикізатының бірегей базасы болып табылады, түсті металлдарға (мыс, молибден, алтын, күміс, селен, теллур, қорғасын мен мырыш және т. б. ), баритке, көмірге, қаптырма, әшекей және техникалық тастарға (гранит, амазонитті гранит, мрамориз, ізбестас, мрамор, техникалық және түсті халцедон, абразивті шикізат, гематит-кровавик, хлорит-гранат), құрылыс материалдарына (асбест, тальк, слюда, құмтас, цемент және керамзитті шикізат, гипс пен ангидрит, және т. б. ), табиғи газға бай.

Пайдалы қазбалар

Notes: Вставьте портрет руководителя своей страны.

Slide 15

Облыс территориясында Республикалық баланс қорындағы фосфориттің 71, 9% (ТМД территориясындағы ең ірі қоры), плавикалық шпаттың 68% (плавикалық шпаттың қоры бойынша әлемде жетекші орындардың бірінде), кварциттің 65, 1%, алтынның 8, 8%, мыстың 3%, уранның 0, 7% орналасқан. Азықтық және техникалық тұз қоры 10 млн. тоннаны құрайды.


Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысының территориясы
Жамбыл облысының туризм географиясы
Меркі ауданы ауылдық округтері бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымы
Жамбыл облысының өсімдік жамылғысы ормандары
Тараз қаласы
Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы
Гидрометеорологиялық ақпараттың потенциалды тиімділігін бағалау әдістері
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы - Қостанай облысы Науырзым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық
Жамбыл Жабаев Ленинградтық өренім
Ақсу Жабағылы қорығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz