Қазақстанның Даму Банкі




Презентация қосу
Қазақстанның Даму Банкі
Қазақстан даму банкі (ҚДБ) – мемлекеттік қаржы институты.
Қазақстан Республикасының “Қазақстан даму банкі туралы”
Заңына сәйкес мемлекеттің инвестициялық саясатын іске асыру
мақсатымен 2001 жылы 25 сәуірде жабық акционерлік қоғам
ретінде құрылды.
Қызметтің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылым мен
өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына ішкі және сыртқы
инвестицияларды тарту және көмектесу. ҚДБ үдемелі
индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік
бағдарламасының (ҮИИ МБ) ірі инвестициялық операторларының
бірі болады.
Банктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі – 100%.
Қазақстан Даму Банкінің құрылтайшысы – Үкімет (Қаржы
министрлігі), жергілікті атқарушы органдар. Банктің жоғарғы
органы – акционерлердің жалпы жиналысы, ол Қазақстан
Республикасы Президентінің ұсынуымен директорлар кеңесінің
мүшелерін сайлайды. Кеңес банктің қызметіне (жалпы жиналыстың
ғана құзырына жататын мәселелерден басқасына) жалпы басшылық
жасайды.
Қазақстан Даму Банкі қызметінің мақсаты – мемлекеттік
инвестициялық қызметті жетілдіріп, тиімділігін арттыру; өндірістік
инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, елдің
экономикасына ішкі және сыртқы инвестициялар тартуға
жәрдемдесу.
Банктің міндеттері
• инвестициялық жобаларды орта мерзімге (5 жылға және одан көпке),
ұзақ мерзімге (10 жылға және одан көпке – 20 жылға дейін)
несиелендіру;
• Қазақстан Республикасы аумағында өндірілетін өнім экспортын
ынталандыру мақсатымен Қазақстан Республикасы резиденттерінің
экспорттық операцияларын несиелендіру;
• басқанесие институттары беретін қарыздар мен несиелер бойынша
кепілдік міндеттемелер беру, сондай-ақ бірлесіп қаржыландыру
мақсатымен Қазақстан Республикасы экономикасының өндірістік
секторының несиелендірілуін ынталандыру;
• ҚазақстанРеспубликасы Үкіметі іске асыратын инвестициялық
жобаларды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру.
Банктің көрінісі
- ҚР Үкіметіне және жеке секторға арналған ірі инфрақұрылымдық
және индустриалдық жобаларды бағалау және құрылымдау бойынша
еліміздің озық операторы;
- өнеркәсіп және инфрақұрылым саласындағы жобалардың
уақытылы және жеткілікті дәрежеде қаржыландырылуын қамтамасыз
ететін мамандандырылған мемлекеттік даму институты;
- ұлттық валютамен ең жақсы қаржыландыруды ұсыну бойынша
қаржы институты;
- халықаралық нарықта беделге ие болған, активтер көлемі бойынша
Қазақстанның ең ірі қаржы институттарының бірі;
- корпоративтік клиенттерге арналған ұзақ мерзімді және қымбат
емес алыс-берістер мен инвестициялар тарту бойынша басты агент.
Банктің өкілеттіктері
Банктің несие саясаты туралы меморандумға сәйкес қаржы
жылына арналған несие саясатын айқындау.
Банк өзінің өкілеттіктері мен міндеттерін орындау үшін
мынадай операцияларды жүзеге асырады:
• заңдытұлғаларға несиелер мен кепілдіктер беру; кепілдікті мемл.
қарыздар жөніндегі шарттарға сәйкес шартты салымның арнаулы
есепшоттарын ашу;
• банктің қарыздарын, басқа да қарыздарды және респ. бюджет пен
жергілікті бюджеттердің қаражатын есептеу үшін банк
есепшоттарын ашу;
• Банк қарызгерлерінің ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын
орындау;
• Банк қарызгерлерінің, сондай-ақ, корреспондент-
банктердің тапсыруымен олардың банктегі
есепшоттары бойынша есеп айырысу;
• қарызгердің пайдасына төлем құжаттарын қабылдау;
• бағалы қағаздар шығару;
• меншікті мүлкін жалға беру;
• мемлекеттік бағалы қағаздармен, сондай-ақ банк
заңдарында белгіленген реттерде өзге де бағалы
қағаздармен дилерлік қызмет жүргізу.
Мақсаттар

- мемлекеттік инвестициялық қызметтің
тиімділігін жетілдіру мен арттыру;
- өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші
өнеркәсіпті дамыту;
- елдің экономикасына сыртқы және ішкі
инвестицияларды тартуға көмектесу.
Жалғыз акционер туралы ақпарат

• «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ Банктің жалғыз акционері
болып табылады.
• Қордың негізгі мақсатының бірі стандартты жақсарту және холдинг тобы
компанияларында корпоративтік басқарудың бірыңғай тетіктерін пайдалану
болып табылады.
• «Байтерек» холдингі «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару
жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір
шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22
мамырдағы № 571 Жарлығы мен «Қазақстан Республикасы Президентінің
2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын жүзеге асыру шаралары
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы
№516 Қаулысына сәйкес құрылды.
Инвестициялық жобаларды қаржыландыру

1)Даму Банкінің ішкі актілеріне сәйкес есептелетін әлеуметтік-
экономикалық әсері бар және төмендегілерді жасау және (немесе) дамытуға
бағытталған Инвестициялық жоба, Экспорттық операция:
а) Энергетика, байланыс, көлік инфрақұрылымының объектілері, сонымен
қатар төлқұжат сатып алу;
б) Инвестициялық жоба аясында шикізат өндірісі және (немесе) сатып алу,
тасымалдау, оны қайта өңдеу мен дайын өнімді сатуды қоса алғанда, ауыл
шаруашылық өндірістері;
в) Инвестициялық жоба, Экспорттық операция аясында шикізат өндіру және
(немесе) сатып алу, тасымалдау, оны қайта өңдеу мен дайын өнімді сатуды
қоса алғанда, өнеркәсіптік өндірістер, келесі салаларда:
2015–2019 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ИИДМБ ШЕҢБЕРІНДЕГІ
ЖОБАЛАРДЫ КРЕДИТТЕУ

Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі
Мемлекеттік комиссия отырысының 2014 жылғы 19 маусымдағы хаттамасына
және Қазақстан Ресубликасының Ұлттық қорын Басқару жөніндегі кеңес
отырысының хаттамасына сәйкес 2015–2019 жылдарға арналған ИИДМБ
шеңберіндегі жобаларды қаржыландыру үшін Даму Банкіне Ұлттық қордан 75
млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді, соның ішінде:
• 50 млрд теңге – «Бәйтерек» Холдингінің қарыз ұсынуы түрінде;
• 25 млрд теңге – Даму Банкінің жарғылық капиталын толтыру
түрінде.
ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Даму Банкіндегі тәуекелдерді басқару Даму Банкінің корпоративтік
мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады және стратегиялық шешімдерді
қабылдау кезінде маңызды рөл атқарады. Тәуекелдерді басқару Базель ІІ келісімінің
ұсыныстары және ұлттық реттеушінің талаптарына сәйкес барлық деңгейлерде іске
асырылады. Даму Банкінің Директорлар кеңесі Даму Банкіндегі тәуекелдерді басқару
және бағалау үдерісін регламенттейтін негізгі саясат пен ережелерді бекітеді, ал,
Директорлар кеңесінің жанынан құрылған Тәуекелдерді басқару комитеті Директорлар
кеңесіне оның Даму Банкіндегі тиімді әрі адекватты тәуекел-менеджмент жүйесінің
қызмет етуіне қадағалаушы функциясын жүзеге асыруда қолдау көрсетеді.
Даму Банкінде тәуекелдерді, активтерді және міндеттемелерді басқару үшін, үш
негізгі атқарушы комитет қызмет етеді:
• Активтерді және пассивтерді басқару комитеті (АЛКО);
• Кредиттік комитет;
• Инвестициялық комитет
2) Квазимемлекеттік және (немесе) мемлекеттік сектор субъектілері
болып табылмайтын заңды тұлғалар жүзеге асыратын
коммерциялық жобалар;
3) Бағдарламаларды жүзеге асыратын (табиғи монополиялар
субъектілерінің жобаларын қоспағанда) мемлекеттік қатысуымен,
соның ішінде жобаны жүзеге асыру нәтижесінде
жасалатын/жасалған/модернизацияланған объектілердің бәсекелі
ортасына біртіндеп беру мүмкіндігімен заңды тұлғалар жәнет
(немесе) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобалары.
Экспорт операцияларын қаржыландыру

• Экспорттық операцияларды қаржыландыру мерзімі экспорттық
операцияның шарттарына байланысты анықталады.
• Қазақстанның Даму Банкінің экспорттық операцияларды
қаржыландырудың ең төмен сомасы 1 (бір) миллиард теңгеге
баламалы мөлшерде белгіленеді.
• Қазақстанның Даму Банкі қаржыландыру шарттары Қазақстан
Республикасы Үкіметімен бекітілген экспорттық операцияларды
қаржыландыруға қатысатын болса, Даму Банкінің қаржыландырудың
ең төмен сомасы бойынша шектеу туралы талабы қолданылмайды.
Банк аралық несиелеу
• Банк аралық несиелеу – бұл екінші деңгейлі банктер арқылы ҚДБ ақырғы қарыз
алушыларды шартталған қаржыландыру.
2014 жылдың қаңтарынан бастап ҚДБ Банктің келесі бағдарламаларының
аясында екінші деңгейлі банктер арқылы ақырғы қарыз алушыларды
несиелейді:
1. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Екінші деңгейлі банктерді қаржыландыруы
арқылы Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуын
қолдау бағдарламасы
2. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Екінші деңгейлі банктерді несиелеу
бағдарламасы
2014 жылдың желтоқсанынан бастап ҚДБ коммерциялық банктер арқылы ҚР
Үкіметімен 2014-2016 жылдары бекітілген кәсіпкерлік субъектілерді қолдау
мемлекеттік бағдарламаларын қаржыландырады:
1. Өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу (І және ІІ транш)
2. Отандық өндірушілер қолдау
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Банк жүйесі жабық жүйе
Ислам даму банкі туралы
ҚР ҰБ бақылау және қадағалау қызметтері
Ұлттық Банктің негізгі функциялары
ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА КӨШУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Орталық банк
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі
ТҰҚ компаниялар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА ҚАТЫСУЫ
Пәндер