ИНДЕКСТЕР
Презентация қосу
ИНДЕКСТЕР
Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар
мен процестердің өзгеруіне талдау жасау
кезінде нақты, қатысты, орташа шамалар
немесе коэффициенттер мен проценттер
сияқты түрлі қорытындылаушы
көрсеткіштер қолданылады.
Осындай қорытындылаушы
көрсеткіштердің ішінде ең көп тараған
түріне жататыны индекстік әдіс болып
табылады.
Индекс латынның “index” терминінен
шыққан, қазақшаға аударғанда “көрсеткіш,
белгі, тізім” деген мағынаны білдіреді.
Индекстік әдісті қолдану арқылы
салыстыруға келмейтін экономикалық
құбылыстардың жеке бөліктерінің өзгеруін;
құбылыстар құрылымының белгілеріне
қарай өзгеруін; күрделі құбылыстар
көрсеткіштеріне әсер ететін себептерді
анықтау мәселелерін шешуге болады.
Статистикада біріне-бірін тікелей қосуға
болмайтын белгілерден тұратын күрделі
әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың
жеке себептерінің үлесін анықтауға
қолданылатын және уақытқа байланысты
кеңістіктегі орташа өзгеруін сипаттайтын
қатысты шаманың ерекше түрін индекстік
әдіс деп атайды.
Индекстік әдісті қолдану арқылы мынадай
мәселелерді шешуге болады:
1) салыстыруға келмейтін және қосуға
болмайтын күрделі экономикалық
құбылыстардың жеке бөліктерінің уақытқа
қарай өзгеруін сипаттайды;
2) құбылыстар құрылымының белгілеріне
қарай өзгеруін анықтайды;
3) күрделі құбылыстар көрсеткіштеріне
әсерін тигізетін себептерді жалпы жиынтық
және жеке бөліктері бойынша қарастырады.
Индекстік әдісті қолдану арқылы есеп
жұмыстарын жүргізу үшін 2 уақыт кезеңінің
нақты сандық көрсеткіштері алынады.
1. Ағымдағы кезең – статистикалық
зерттеу зерзатының негізгі көзі болып
саналады. Бұл көрсеткіш әрқашан да
индекстік қатынастың алымында беріледі
және “1” деген таңбамен белгіленеді.
2. Бірінші кезеңмен салыстыратын
мезгілдің шамасын өткен уақыт немесе
базалық кезең дейді және оны “0” деген
таңбамен белгілейді. Бұл көрсеткіштер
есепті уақытта немесе ағымдағы кезеңде
болған экономикалық құбылыстардың
өзгеруіне баға беру үшін қолданылады.
Сондықтан, бұл жерде ең бастысы –
салыстыратын мезгілді ғылыми негізде
дұрыс ала білу.
Халықаралық тәжірибеде индекстік
әдісті қолданукезінде мынадай
көрсеткіштер қолданылады:
“q” – сандық көрсеткіш, көлемі, мөлшері;
“p” – бір дана өнімнің, заттың бағасы;
“z” – заттың өзіндік құны;
“t” – затты өндіруге кеткен жұмыс уақыты
“w” – еңбек өнімділігі және т.с.с.
Зерттеу зерзатының көрсеткіштеріне
байланысты негізгі 2 топқа бөлінеді:
1. Көлемдік - өнім көлемінің жалпы
индекстері жатады. Мысалы, өнеркәсіптің,
ауыл шаруашылығының, тауар
айналымының және т.б. көлемі алынады.
2. Сапалық – бағаның, өзіндік құнның, еңбек
өнімділігінің, түсімділіктің және т.б.
индекстері жатқызылады.
Жеке дара индекстерді есептеу
Біртектес құбылыстардың екі уақыт
аралығындағы нақты көрсеткіш
шамаларының қатынасын жеке (дара)
индекс деп атайды. Статистикада латынның
“і” әрпімен белгіленеді. Мысалы, ағымдағы
және базалық уақыттағы өндірілген өнімнің
көлемін, бағасын, өзіндік құнын және т.с.с.
салыстыру арқылы қаншаға өзгергендігін
есептеуге болады.
Жалпы индекстерді есептеу
Тікелей салыстыруға және қосуға
келмейтін элементтерден тұратын, күрделі
қоғамдық құбылыстардың уақытқа
байланысты өзгерісін жалпы индекстер
дейді.
Осы құбылыстың өзгерісіне талдау жаса
үшін, өзара қосуға болмайтын жекелеген
белгілерін салыстыратын шама арқылы
қосып, жалпы жиынтығын есептеуге болады.
Орташа индекстерді есептеу
Агрегатты индекстерді есептеу кезінде
индекстелетін және оларды салмақтайтын
нақты шамалары, сатылған тауарлардың
немесе өндірілген өнімдердің саны (q),
бағасы (p) мен өзіндік құны (z) және т.б.
көрсеткіштері белгілі болуы керек.
Тұрақты және өзгермелі құрамды
индекстер
Тұрақты құрамды индекс - құбылыстың
өзгеруіне әсер ететін себепті анықтау үшін,
сапалық көрсеткіш құрамын өзгермелі деп
алсақ, ағымдағы кезеңнің тұрақты дәрежесі
қолданылуы.
Өзгермелі құрамды индекс – статистикалық
талдау жаса үшін, екі уақыт кезеңіндегі
зерттелетін құбылыстың орташа шамалары
жеке есептеледі.
Құрылымның өзгеру индексі
Жиынтық құрамының өзгеру әсерінен
орташа сапа көрсеткішінің өзгерісі
анықталса, ол құрылымның өзгеру индексі.
Оны есептеу үшін, өзгермелі құрамды
индексті тұрақты құрамды индекске бөлу
керек.
Индекстік әдіспен есептелінген
көрсеткіштер коэффициентпен, ал оны
100-ге көбейту арқылы %-бен
өлшенеді.
Егер индекс көрсеткіштері 1-ден
немесе 100-ден көп болса,
құбылыстың өткендігін, ал аз болса,
кемігендігін көрсетеді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz