Материалдық емес активтердің есебі
Презентация қосу
Материалдық емес активтердің есебі
М А Т Е Р И А Л Д Ы Қ Е М Е С А К Т И В Т Е РДІ А Н Ы Қ Т АУ Ж Ә Н Е О Л А РДЫ Т А Н У К Р И Т Е Р И Й Л Е Р І
«Материалдық емес активтер» ҚЕХС (Қаржылық есеп берудің хальщаралык
стандарттарына) және 28 «Материалдық
емес активтер есебі» БЕС (бухгалтерлік есеп стандарттары)сәйкес материалдық
емес активтер әкімшілік мақсатта жэне басқа субъеқтілерге жалға
беруде, өндірісте және тауарларды (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізуде
ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға арналған, заттай формасы жоқ,
үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:
• а) анықтауға болады;
• ә) субъект бақылайды;
• б) қолданудан субъект болашақта эқономиқалық пай да алуды күтеді.
МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС БАП МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВ БОЛЫП САНАЛАДЫ, ЕГЕР:
А) МАТЕРИАЛДЫҚ АКТИВ АНЫҚТАМАЛАРЫНА СЭЙКЕС КЕЛСЕ;
Ә) БЕЛГІ - ӨЛШЕМДЕРГЕ САЙ КЕЛЕДІ ЖӘНЕ МЫНАДАЙ ЖАҒДАЙДА ЕСЕПТЕ
ТІРКЕЛЕДІ:
• СУБЪЕКТІНІҢ
ОСЫ АКТИВКЕ ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ БОЛАШАҚТА КҮТІЛЕТІН
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПАЙДА АЛУ ЫҚТИМАЛДЫҒЫ ЖОҒАРЫ БОЛСА;
• АКТИВ ҚҰНЫН КҮМӘНСІЗ СЕНІММЕН АНЫҚТАУҒА БОЛСА;
• МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІ ТАНУ СЭТІНДЕ ОЛАРДЫҢ БАСТАПҚЫ ҚҰН
БОЙЫНША БАҒАЛАНҒАНЫНДА.
МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ БАСТАПҚЫ ҚҰНЫ ОЛАРДЫ САТЫП АЛУ
ҚҰНЫНА ТЕҢ БОЛАДЫ, БҰҒАН ОЛАРДЫ АЛУҒА КЕТКЕН ЖЭНЕ ҚОЛДАНУҒА
ӘЗІРЛЕЙТІН ЖАҒДАЙҒА (САТЫП АЛУ БАҒАСЫ, ОРНЫ ТОЛЫП ӨТЕЛМЕЙТІН
САЛЫҚТАР МЕН АЛЫМДЫР ЖӘНЕ Т.Б. ШЫҒЫНДАР) КЕЛТІРУГЕ ЖҰМСАЛҒАН
ШЫҒЫНДАР КІРЕДІ.
Материалдық емес активтерді жіктеу.
Ұйымның материалдық емес актив объектілерін қабылдау -
тапсыруды құжатпен ресімдеу үшін материалдық емес актив түрінің
толық атауы, оның ұйымға берілген ай-күні, жылы (ұйымда жасалған ай-күні,
жылы), объектінің сипаттамасы, оның құны, амортизация нормаеы және басқа
қажетті мағлұматтар көрсетілуі тиіс.
Материалды емес актив объектілерін қабылдауды ресімдегенде
акт материалды емес актив объектісінің әрбір объектісіне
бір данадан жасалады. Материалды емес активтердің бірнеше біртектес
объектілерін қабылдауды рәсімдейтін жалпы акт жасауға болады.
Акт рәсімделгеннен кейін материалдық емес актив объектісін немесе оны
қолдануды жүйелеп баяндайтын құжаттама немесе осы объектіге қатысты
ұйымның сондай және тағы басқа мүліктік құндылықтарын растайтын
құжаттар тіркеліп, ұйымның бухгалтериясына беріледі, оған бас бухгалтер қол
қояды және ұйым басшысы немесе соған уәкілетті тұлға бекітеді. Басқа
ұйымға материалдық емес ақтивтерді бергенде (сатқанда) кт екі дана болып
жасалады, тапсыратын ұйым және материалдық емес активтер есебі
карточкасында тиісті жазба жасалады.
Ұйым пайдалануына түскен матерналдық емес активтердің барлық
түрлерінің есебі үшін қолданылады. Материалдық емес актив объектілеріне
жатқызу тәртібі мен олардың құралы заңдармен жэне нормативті актілермен
реттеледі.
Бухгалтерияда әрбір объектіге карточка
жүргізіледі. Форма кіріске алынуға арналған
кркат, материалдық емес активтерді қабьшдау-
тапсыру жэне басқа құжаттама негізінде бір дана
болып толтырылады. 8 графада бастапқы кркат
пен пайдалы қызмет ету мерзіміне негізделіп
есептелген мөлшер (норма) бойынша аи сайын
есептелетін амортизация сомасві көрсетіледі.
«Материалдық емес актив объектілерінің
қысқаша сипаттамасы» бөлігінде тек қана актив
объектінің негізгі көрсеткіштері жазьиады,
ұйымда бар осы объектіге арналған техникалық
құжаттама мэліметтерін көшіруге болмайды.
Материалдық емес активтерді мынандай түрлерге бөліп, жіктеуге болады:
• лицензиялық келісімдер - кәсіпорьшға үкіметтік органдар немесе
муниципалитет беретін және қоғамдық меншікті монополиялық
пайдалануға (электр желілері үшін қоғамдық жерді пайдалануға және т.б.)
беретін құқықтар;
• бағдарламамен қамтамасыз ету, ол әлде сатып алынады, неболмаса
субъектінің өзі жасайды және сыртқы немесе ішкі мақсаттарға арналады;
• патенттер - заңды түрде танылған және тіркелген айрықша құқықтар. Патент
белгілі бір өнімді шығаруға, не болмаса арнайы ерекше процесс пен
технологияны пайдалануға эксклюзивтік кұқық береді;
• ұйымдастыру шығындары (қалдырылған шығындар) -субъект шеккен
шығындар, олардан тек болашақта ғана нәтиже алынады немесе шығындар
болашақ кезеңдерге (ұйымның мекен-тұрақты ауыстыруына байланысты
шығындар, ұзақ мерзімді алдын ала төлеу - бірнеше жыл бұрын аванс болып
төленетін) сақтандыру;
• гудвилл - субъектінің жағымды сипаттамасына байланысты сатып алушының
сауда сэтінде пайда болған кұндылығы. Ол сатып алушының бухгалтерлік
балансында сатылым (субъектінің тұтастай алғандағы құны) мен таза
активтердің жеке-жеке нарықтық құн сомасы арасындағы айырма ретінде
анықталады.
• басқадай (авторлық құқықтар - шығарма, әзірлеме жэне т.б. авторларға заңмен
берілетін қорғау формалары, сауда маркалары немесе тауарлық белгілер -
ұйымға, өнімге (көрсетілген қызметке) берілген, атаулар, рэміздер немесе
сэйкестендіруді білдіретін баскалары); франшизалар - мемлекеттік меншікті
пайдалану қуқығына ие болу немесе
коммуналдық қызмет көрсету және т,б. үшін үкіметтік органдар береді.
МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ ТҮСУІ
МЕН ҚҰРЫЛУЫН ЕСЕПТЕУ
Материалдық емес активтер мыналардың нэтижесінде алынады:
• сатып алулар: Мысалы. Бағдарламалық камтамасыз ету алынды:
а) накты езіндік құнға:
102 «Бағдарламамен камтамасыз ету» шот дебеті
671 «Төленетін шоттар» шот кредиті 60 000;
ә) ҚҚС сомасына: 331 «Өтелетін ҚҚС» шот дебеті;
671 «Төленетін шоттар» шот кредиті (15%) 9 000;
б) объектіні дайын жағдайға дейін жеткізу бойынша шыккан шығындар сомасына: 102 «Бағдарламамен
қамтамасыз ету» шот дебеті;
681 «Қызметкерлердің қызметін өтеу бойынша есеп айырысулар», 635 «Әлеуметтік салық», 687 «Басқадай
кредиторлық берешек» 8 000;
• жарғы капиталына салымдар - материалдық емес активтер тараптардың шартпен белгіленген бағасы
бойьшша есепте көрсетіледі:
1. Жарияланған капитал сомасына: 5-11 «Төленбеғен капитал» шот
дебеті 501 «Жай акциялар» шот кредиті, 502 «Артықшылықты
акциялар», 503 «Жарғы капиталына салымдар мен пайлар» 1 000 000.
2. Жарғыда көрсетілген, сальшған материалдық емес активтердің
келіоімшарттық құны: 101 -103 «Материадцық емес активтер» шот
дебеті
511 «Төленбеген капитал» шот кредиті 400 000;
• кәсіпорындардың бірігуі нэтижесінде ие болу - материалдық
емес активтердің бастапқы құны өткізу құны бойынша мойындалады,
еғер оны күмәнсіз сенімділікпен бағалау мүмкін болмаса, онда актив
жеке материалдық емес актив болып танылмайды, алайда гудвиллге
(фирманың іскерлік беделінің бағасы) енеді; өйткені жақсы іскерлік
бедел, қолайлы мекен-тұрақ бар, тауар нарықта жақсы белгіленген
бағасы бар және т.б.
• мемлекеттік жәрдем ақша (субсидиялар) есебінен
шығындардың нақты сомасына (бағдарламамен қамтамасыз ету):
102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот дебеті
726 «Билікті атқарушы орғандарының жэрдем ақшалары (субсидиялары)»
шот кредиті.
Есепті жьш соңында кірістер жиынтық табысты арттьфу үшін есептен
шығарылады: 726 «Билікті атқарушы орғандарының жэрдем ақшалары
(субсидиялар)» шот дебеті
571 «Жиынтық табыс» шот қредиті;
• айырбас - үдсас емес активке айырбастау нэтижесінде алынған
материалдық емес активтердің бастапқы қулы алынған немесе төленғен
ақшалай қаражат сомасына түзетілғен, айырбасқа алынған активтің өткізу
құны бойынша мойындалып, танылады.
Материалдық емес активтер есебін анықтау
Тауарлық белғі алынады:
а) келісімшарттық құнға:
106 «Басқадай материалдық емес ақтивтер» шот дебеті
671 «Төленуғе тиіс шоттар» шот кредиті 100 000;
ә) ҚҚС сомасына: 331 «Өтелетін ҚҚС» шот дебеті
671 «Төленуге тиіс шоттар» шот кредит! 16 000.
Айырбасқа берілген бағдарламамен қамтамасыз етудің нақты өзіндік
құны есептен шығарылды: 841 «Материалдық емес активтердің істен шығуы
бойынша шығындар» шот дебеті
102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот кредит! 60 000
Материалдық емес активтерді құрған қезде барлық жұмыстар
зерттеулер мен әзірлемелер сатыларынан құралады.
Зерттеулер сатысы - жаңа ғылыми немесе техникалық білім үшін
әреқеттенген, талап қуып, алдын-ала ойластырылған, жоспарланған
ізденістер. Бұл сатыға мыналар жатады: жаңа білім алуға бағытталған
зертханалық зерттеулер жаңа зерттеу немесе басқа білімді іздеу;
болашақ өнім немесе өндірістіқ нұсқаларды жасау мен ұғымын
тұжырымдау. Зерттеу сатысында субъект болашақта экономикалық
пайда әкелетін материалдық емес активтер бар екендігін айқара ашық
көрсете алмайды, сондықтан шығындар кезеңнің шығындары болып
танылады
Зерттеу сатысындағы шығьшдар қалай көрсетілетінін
қарастырайық: зерттеу жұмыстарына шығындар шықты
(қызметкерлерге еңбекақы есептелді еңбекті өтеу қорынан
әлеуметтік салық аударымы және басқа шығындар жасалды): 821
«Жалпы және әкімшілік шығындар» шот дебеті, 811 «Өнімді
(жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізу бойынша шығындар»
шоттарының дебеті
Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу
Материалдық емес активтердің амортизациясы (мүліктің ұсталлу,
тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету) субъектінің қызмет
ету мерзімінен артпайды. Материалдық емес
активтердің амортизацияланатын сомасы оньщ пайдалы қызмет ету
мерзімінің бағасына неғұрлым жуық негізді жүйелі түрде бөлінеді,
Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу 6 - «Негізгі
қүрал-жабдықтар есебі» БЕС-нда (Бухгалтерлік есеп стандарттары)
белгіленген тәсілдер жолымен анықталады, бірақ қолданылатын тэсіл
активті қолданудан түскен экономикалық пайданы тұтьшу үлгісін көрсетеді.
Егер экономикалық пайданы тұтыну үлгісін анықтау мүмкін болмаса, онда
тіксызықты есептен шығару тәсілі қолданылады.
Амортизацияланатын құн - «бастапқы құн минус жойылу күны» болып
айқындалады.
Жойылу құны нөлге тең есептеледі, егер:
1. Пайдалы қызмет ету мерзімі соңында оны сатьш алу туралы үшінші жақтың
келісімі болмаса.
2. Мыналарға байланысты материалдық емес активтердің бұл түрі үшін белсенді
нарық болмаса:
а) активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі соңында мүндай нарықтың болуына.
ә) мүмкіндік, ықтималдьщ жоқ болса. Нарық белсенді деп саналады, егер:
• нарықтағы тауарлар біртекті болса (компьютерлік бағдарламалар нарығы);
• мәмілеге келуге ниетті - сатушылар мен сатып алушыларды қай уақытта да
табуға болатьш болса;
• сатып алынатан жэне сатылатан тауарлар халыққа қолайлы, арзан бағаларда
болса.
Материалдық емес амортизацияны есептегенде
оларды қолдану орнына байланысты мынадай
бухгалтерлік жазбалар жасалады:
935 «Материаллдық емес активтердің амортизациясы»,
811 «Тауарларды (жүмыстарды, көрсетілетін қызметгі)
өткізу бойынша шьп'ындар», 821 «Жалпы жэне экімшілік
шығьщдар» шоттарьшың дебеті.
111-116 «Материалдық емес активтердің тозуы»
шоттарының кредиті.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz