АЭС болашағы



АЭС болашағы
Орындаған:Асанова Нұрай
Смағұлова Талшын
ТЭ-701
Жетекшісі:Жамбаева М. Қ.
Notes: Нурай
Энергетика бүгінде әлемдік өркениеттің мыңызды қозғаушы күшіне айналып отыр ал атом энергетикасы бүгінгі таңның өзекті мәселесі. Сондықтан біздің таңдаған тақырыбымыз АЭС болашағы

АЭС болашағы бар ма екенін анықтау
Мақсаты:
Notes: Талшын

Міндеттері:
Әдеби шолу жасау
Атом энергетикасы бойынша өзекті статистиканы
салыстыру
Сауалнама арқылы адамдардың ой пікірін білу
Notes: Нурай

Әлемдегі АЭС
Notes: Талшын
Әлемдік энергетикадағы энергия қондырғыларын пайдалану өтілі жылына ≈13 500 реакторларды құрайды. Атомдық энергия бойынша Халықаралық агенттік (МАГАТЭ) және Бүкіләлемдік ядролық қауымдастық (WNA) мәліметтері бойынша қазіргі уақытта әлемнің 30-дан аса елінде, 436 ядролық реакторлар, қуаты 370 ГВт электр қуаты орнатылымында пайдаланылып келеді.
Дүние жүзіндегі ең алғашқы АЭС 1954 ж. Обнинск (КСРО) қаласында салынды. Оның қуаты 5Мвт болды. Кейін Колдерохоллда (Англия) қуаты 60 Мвт, Шиппингпортта (Америка) АЭС-тары жұмыс істей бастады. Қазіргі таңда АЭС-ты әлем бойынша 31 мемлекет қолданып отыр. Олардың жалпы саны 192. АЭС-тар ең көп салынған мемлекет АҚШ болып табылады, онда 102 709 МВт электр энегиясы өндіріледі, келесі ретте Франция мен Жапония тұр. Бұл тізімде Ресей төртінші орында тұр, ондағы АЭС 25 242 МВт электр энергиясын өндіре алады.

Бүкіләлемдік электрэнергия өндіру
(2017 жыл)
40%
23%
16%
10%
11%
Көмір
Газ
Су
Басқалар
Атом энергиясы
Notes: Нурай
Бүкіләлемдік электрэнергиясына тоқталатын болсақ, 2017 жылғы статистика бойынша, электр энергиясын өндіру үшін ең көп мөлшерде көмір (40%) қолданылады. Одан кейін газ (23%), су (16%), атом энергиясы (10%) және де басқа шикізат көздері (11%) . Осы статистикаға сүйенетін болсақ, әлем бойынша атом энергиясын электр энергиясына айналдыру процессі әлі де баяу деуге болады.

Әлемдегі ядролық электроэнергияның дамуы
Notes: Талшын
Әлемдегі ядролық электроэнергияның дамуы Солтүстік Америкада қарқынды, ал Шығыс Еуропа мен Ресейде баяу дамуда. 2050 жылға қарай атомдық энергияның әлемдік үлесі энергиялық теңгерімі ретінде 35% дейін жетеді деп болжамдалуда.

Жаңартылған энергия көздерінің ішінде ең тиімдісі - атом энергиясы
1 кг байытылған уранның беретін энергиясы 100 тонна жоғары сапалы көмірдің беретін энергиясымен бірдей.
Уранды пайдалану арқылы өндірілген энергия жер бетіндегі 75-80% адамзатты қамтамасыз ете алады.
Жаңартылған энергия көздерінің ішінде ең тиімдісі - атом энергиясы.
Атом энергиясын өндіргенде ауа ластанбайды.
Қазақстан бойынша барланған уран қоры 817 мың. тоннаны құрайды.
Барланған мұнай-газ қоры 60-70 жылға ғана жетеді.
Notes: Нурай
Қазақстанға тоқталатын болсақ, 2016 жылғы жолдауында Президент «Әлемнің таяудағы даму келешегінде арзан атом энергиясына деген қажеттілік өсе түсетін болады. Қазақстан - уран өндіруде әлемдік көшбасшы. Біз АЭС отыны үшін төл өндірісімізді дамытып, атом стансасын салуға тиіспіз» деді. Біздің елімізде негізгі энергия көзі ретіндегі ресурстар көмір, мұнай, газ болып саналады. Қазіргі кезде бізде мұнай мен газ қарқынды өндіріліп жатыр. 2011 жылы мұнайды (газ конденсатын қосқанда) өндіру 80, 06 млн тонна, ал 2012 жылы 79, 3 млн тонна болды. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 83 млн. болады деп күтілуде. Егер мұнай мен газ өндіру қарқыны осылай жалғаса берсе, онда ол 2020 жылға қарай 120млн. тоннаға жетуі мүмкін, олай болған жағдайда барланған мұнай-газ қоры 60-70 жылға ғана жетеді. Міне, көріп отырғанымыздай бұл ресурстар сарқылатын, орнына қайтып келмейтін ресурстар болып табылады. Сондықтан энергияның басқа көздерін, яғни жаңартылған энергия көздерін игеруді ойластыру керек. Жаңартылған энергия көздерінің ішінде ең тиімдісі - атом энергиясы. Атом энергиясын алу үшін уран қолданылады және бізге арзан және көп энергия береді. Себебі, 1 кг байытылған уранның беретін энергиясы 100 тонна жоғары сапалы көмірдің беретін энергиясымен бірдей.
Талшын
Уранды пайдалану арқылы өндірілген энергия жер бетіндегі 75-80% адамзатты қамтамасыз ете алады. Ал, бізде уранның мол қоры бар. Сонымен қатар, мұнай, газ, көмірден энергия алғанда ауаға улы заттар тарайды (парниковый эффект) , ал атом энергиясын өндіргенде ауа ластанбайды. Біздің «жасыл экономикаға» көшуімізге байланысты, бұл жағымды жағдай, сол себепті, атом энергиясын игеру керек. Мысалы, жаңартылған энергия көздерінің ішінде елімізде жел энергиясының қуаты 1500кВт, ал күн энергиясының қуаты 504 кВт қана. Жалпы, Қазақстан бойынша барланған уран қоры 817 мың. тоннаны құрайды. Уран қоры бар 6 аудан, барлығы 53 кен орны бар.

Күшті жақтары
Әлсіз жақтары
Әлем бойынша уран қоры бойынша 2 орын
Жерасты сілтісіздендіру әдісі арқылы өндіруге болатын әлемдік уранның 85%-ы Қазақстанда
Қытай және Ресей сияқты экономикасы дамыған мемлекеттермен көршілес орналасқан
Отын таблеткасын шығаратын үлкен Өскемен металлургия зауыты бар
Қазақстанда АЭС жоқ
Уран өндірісіне шетелдік инвестициялардың уран қорындағы үлесі 58%, ал Қазақстанға 42%-ы тиесілі
Уранды байытатын технологияның болмауы
Мүмкіндіктер
Қауіптер
Бәсекелестікке қабілетті мемлекет атану
Атом энергетикасында берік орынды иелену
АЭС салынуы
Ядролық отын циклінде технология жағынан жоба бойынша серіктестерге тәуелділік
АЭС жарылысы
Қазақстандағы атом энергиясына SWOT анализ
Notes: Нурай күшті жақтары
Талшын әлсіз жақтары
Нурай мүмкіндіктер
Талшын қауіптер

Онлайн сауалнама
Онлайн сауалнама www. surveymonkey. com сайтында жүргізілді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz