Энергетика дамуының негізгі бағыттары
Презентация қосу
Энергетика
дамуының
негізгі
бағыттары
Энергетика дегеніміз не?
Энергетика – энергетикалық ресурстарды
өндіруге, қайта құруға , беруге және
энергияның әр түрлерін қолдануды қамтитын
салалық кешен.
Энергетика саласы кез-келген мемлекеттің
даму деңгейінің көрсеткіші болып
табылады. Мысалға, Қазақстандағы
энергетиканың дамуы мемлекеттің
экономикасының дамуына зор ықпалын
тигізіп отыр.
Қазақстандағы энергетиканың
шикізат көзі
Қазақстанда қазiр энергетика өнiмнiң 2/3-сiне жуығы
ЖЭС-терде, қалған бөлiгi энергиясын СЭС-терде
өндiрiледi.
Қазақстанның батыс аймағында энергетикалық
шикiзат көзi мұнай мен табиғи газ болғандықтан
сұйық, газ тәрiздi және аралас типтi отынмен жұмыс
iстейтiн станциялар дамытылған.
Шығыс және оңтүстік аймақтарда әзiрге су қуатынан
басқа меншiктi энергетика көздерi жоқ. Осыған
байланысты оларда ядролық отын, тасымал мұнай,
газ, көмiр пайдаланылады.
Бүкіл әлем энергетика саласын қарқынды дамытуға
тырысқанымен, қазіргі таңда осы сала бойынша
проблемалар туындап отырғаны анық. Мысалға,
Жер бетіндегі отынның бағасы осы бойда қарқынды
өсе берсе, қалпына келетін энергия көздерін
пайдалану мәселесі өзекті бола түспек
Жер бетіндегі шикізат қоры шексіз емес, оны
үнемдеу керек
Ғалымдарымыздың жуықтаған есептеулері бойынша
қазіргі қарқынды тұтыну екпіні жалғаса берсе,
табиғаттағы газ қоры шамамен 50 жылға, мұнай
қоры 40-50 жылға ғана жететін сияқты.
Энергетика проблемаларын шешу үшін және де
бұл саланы одан әрі дамыту үшін бүкіл әлем
баламалы энергия көздерін пайдалануды
қолдады
Баламалы энергетика —
энергияны дәстүрлі қазба
көздерінен (көмір, мұнай,
газ) емес, Күннен,
геотермиялық көздерден
температураны және т.б.
алу.
Жел
энергиясы
Биоэнергти
Баламалы Күн
ка энергияның энергиясы
негізгі
бағыттары
Геотермалд Су
ы энергия энергиясы
Жел энергиясы
Жел энергиясын арнайы электр
генераторлардың, диірмендердің көмегімен
түрлендіру арқылы осындай қуат түрін алуға
болады. Жел энергиясының артықшылықтары:
Шикізатты сатып алу-тасымалдаудың,
қалдықтарды шығарудың қажеті жоқ
Ластаушы қалдықтар жоқ
Табиғи ресурстар үнемделеді
Отын, электр қуатының шығындары
қысқарады
Желдің кинетикалық энергиясын электр
қуатына тегін айналдырады.
Күн энергиясы
Күн энергетикасы дегеніміз – дәстүрлі емес
энергетика бағыттарының бірі. Ол күннің сәулеленуін
пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға
негізделген.
Күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі
болып табылады, әрі экологиялық жағынан да еш
зияны жоқ.
Күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын
қондырғылардың бірі – Күн батареялары. Күн
батареясы немесе фотоэлектрлік генератор – Күн
сәулесінің энергиясын электр энергиясына
айналдыратын шала өткізгішті фотоэлектрлік
түрлендіргіштен (ФЭТ) тұратын ток көзі. Жылма-жыл
Күн батареяларының түрлері жаңа технологиялық
тұрғыдан жетілдіріліп, толықтырыла түсуде.
Су энергиясы
Су энергиясы – энергетиканың су
қорларының қуатын пайдаланумен
айналысатын саласы. Су
энергетика қорлары — өзендер мен
сарқырамалардың құлама суынан
алуға болатын энергия қоры.
Энергияның бұл көзінің
артықшылығы — оның қоры
сарқылмайды, үнемі қалпына келіп
отырады. Бұл энергияның арзан,
әрі гигиеналық түрғыдан таза түрі
болып табылады. Су энергиясының
қоры жөнінен Қытай, АҚШ,Канада
дүние жүзіндегі алғашқы
орындарды иеленеді
Геотермалды энергия
Геотермалдық энергетика — энергияны Жердің ішкі
жылуынан алу. Геотермалды энергетика табиғи
және жасанды болып бөлінеді. Алғашқысы табиғи
жылы көздерден алынса, екіншісі жер қабатына
суды және басқа сұйықтарды және газ тәрізді
заттарды айдап сіңіруден альшады. Геотермалды
энергетика тұрмыстық қажетте жөне жылыту
қондырғыларында кең қолданылады. Кем тұсы —
жылы сулардың жоғарғы улылығы және сұйықтар
мен газдардың химиялық зиянды реакциялары.
Биоэнергетика
Биоэнергетика – тірі организмдердегі
энергияның бір түрден екінші түрге
айналу заңдылықтарының молекулалық
негіздерін және механизмін зерттейтін
ғылым. Биомассаның энергиясы – бұл
энергетикалық мақсатта биогаз және
органикалық таза тыңайтқыштарды
алумен, ауылшаруашылық қалдықтарын
пайдаға асыру болып табылады. Қазіргі
кезде әлемнің барлық дамыған және даму
жолындағы елдері биомасса
ерекшелігінің барын ескере отырып,
биоэтанол өндірісінің өзіндік
бағдарламаларын жасауда, соның ішінде
Қазақстанның жақын көршілері Ресей
мен Қытай да бар.
«Болашақ энергиясы» тақырыбына
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі Қазақстан
елордасында 2017 жылдың
10 маусымы мен 10 қыркүйегі арасында өтті.
«Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 көрмесі
тұрақты энергия көздерін дамытуға, энергия
үнемдеу сенімділігі мен тиімділігін арттыруға
бағытталған стратегияларды, бағдарламалар
мен технологияларды зерттеуге бейімделген.
Оның мақсаты – жаңармалы энергия көздерін
пайдалануды және энергетикалық ресурстарды
тиімді тұтынуды ынталандыру болды.
Бүгінгі күні бізге қол жетімді энергоресурстар
адамзаттың ажыратылмас мұрасы болып табылады,
оны жауапты және ұтымды пайдалану қажет. Бұл
жаһандық іс-шараның міндеті – энергия тұтынуды
жоспарлау мен бақылау, сондай-ақ болашақ
ұрпақтардың өмірі үшін қажетті тұрақты энергия
көздері мен біздің ғаламшарымыздағы бүкіл
жандыны сақтап қалу үшін халықаралық
қоғамастықты жауапкершілік сезіміне шақыру.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz