ХV-ХVІІІ ғғ. Қазақ хандығының тарихы
Презентация қосу
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Гуманитарлық-заң факультеті
Студенттің өздік
жұмысы
Тақырыбы: ХV-ХVІІІ ғғ. Қазақ хандығының тарихы
Орындаған: Сексенбаева Е.Е.
ПХ-415
Тексерген: Санканбаева П.С.
Семей 2014 жыл
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы
(XV-XVI ғ.)
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-
экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш
күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық
топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан
арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында
бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан-Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы
өте нашар еді. Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді.
Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың
билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан
шаршады. 30 ж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады.
Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын (Тоқа Темір
тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары
ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы - Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент,
Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан
(жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып,
ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп
шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті.
Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және
Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді.
Оны Жәнібек пен Керей басқарды.
Қазақ хандығының территориясы
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін
қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы,
1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне
байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп
келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш
жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен
шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды.
Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты
жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед
Шайбани мен Махмұд сұлтан болды.
Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең
жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың
маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз
құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының
жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.
70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды),
Сығанақты біресе қазақ хандары, біресеМұхамед Шайбани басып алып отырды.
Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол
1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының
шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы
соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.)
тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған
қалаларға сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне
талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ
хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың
кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті
арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды.
Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және
этникалық процестер болды. Оның басты этапы — Керей мен Жәнібектің қол
астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп,
Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға — Керей мен
Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы.
Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін
басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады.
Қасым ханның тұсындағы
Қазақ хандығы
XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығы
нығайып, оның шекарасы едәуір
ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді
біріктіру» процесін жедел жүзеге
асырып, көзге түскен хандардың
бірі Жәнібектің ұлы Қасым хан-
ның (1511-1523 жж.) тұсында
қазақ хандығының саяси және
экономикалық жағдайы нығая
түсті.
Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы
қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы
қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі
(Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы,
Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды.
Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс
Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді.
«Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары
жасалынды.
Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет
болмады. Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас
басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы
қалыптасты.
Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым
ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне әскери
қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл
соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-
батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды.
ТаҺир ханның інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен
соғыстар тоқталған жоқ.
Хақназар ханның тұсындағы
Қазақ хандығы
XVI ғ. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар (1538-1580
жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық
өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды
басып алуды көздеген Моғол ханы Абд- Рашидке қарсы ұтымды күрес
жүргізілді. Хақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр
бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен
байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы
Хақназарды у беріп өлтірді. Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580) тұсында
Қазақ хандығы қайта бірігіп, дами түсті. Ол хандық билікті нығайтуға және күшейтуге
қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрын бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын
қайта біріктірді. Хақназар қазақ-қырғыз одағын одан әрі нығайтты, сол заманның
тарихи деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атады. Ол осы
қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл
алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді. Хақназар хандық құрған кезде Қазақ
хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар болып жатты. Мемлекеттің
солтүстігінде Ресей өз иеліктерін қазақ даласына едәуір жылжытты. Қазан мен
Астраханьды басып алғаннан кейін Еділ өзенінің барлық аңғары Ресейдің қол астына
кірді.
Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай
Ордасының ыдырауы, оның бір бөлігінің Қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлегінің
орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің
шекарасын Қазақ хандығына жақындата түсті. Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы
саясатын өзгертті, өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауераннахр-
дағы шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Сөйтіп, шайбанилық
Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен одақтық келісім-шарт жасасты. Соғыс қимылдары тоқтап,
бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы,
экономикалық байланысы жиіледі. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын
жақсартуға, шаруашылық өмірдің оңалуына тиімді болды. Қазақ хандығы нығайа түсті.
Бірақ Хақназар ханды 1580 жылы Абдолла ханның қарсыласы Ташкент билеушісі Баба
сұлтан астыртын өзінің адамын жіберіп өлтіртті. Қадырғали Жалайырдың айтуынша
«Оның да атағы мен абыройы туралы көп айтылады. Алайда Хақназар хан өз
араларында болған қақтығыстарда қаза болған».
Тәуекел ханның тұсындағы
Қазақ хандығы
Хақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған
Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 хан болған) бірге
Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. Абдолла Шығайға ходжент
қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады.
Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иелігі енді Тәуекелге көшеді.
1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тәуекел (1582-1598 жж.) отырды.
Тәуекел хан Бұхара ханы Абдолламен жасасқан шартты бұзып, қазақ және өзбек
билеушілері арасындағы жаугершілік қайта қоздады. Тәуекел сыртқы саясатында
хандықтың оңтүстігіндегі қалаларда билікті нығайтуға күш салады. Ендігі жерде ол Сыр
бойындағы қалалар үшін Абдолламен күресті бастайды. 1586 жылы Ташкентті алуға
әрекет жасайды. Абдолланың негізгі күштері Мәуереннахрдың солтүстігінде
шоғырланды. Бұны білген Тәуекел хан Мәуереннахрдың оңтүстік аймақтарына шабуыл
жасайды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, Самарқанд қалаларына қауіп төндіреді.
Бірақ Тәуекел ханның Ташкентті алуға жасалған алғашқы жорығы сәтсіз аяқталады.
Тәуекел хан қазақ хандығының сыртқы саясатын нығайту барысында орыс
мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастарды жандандырды. Қазақ ханы
сыртқы саясатта өзін қолдайтын одақтастар іздеді.
1594 жылы Тәуекел хан Ресейге достық келісім жасасу үшін Құлмұхаммед басқарған
Қазақ хандығының тұңғыш ресми елшілігін жібереді. Тәуекел ханның бұндағы мақсаты
Ресей мемлекетінің көмегімен Абдоллаға қарсы күресті жандандыру, Сібір ханы
Көшімге қарсы одақ құру және 1588 жылы орыс әскерлері ұстап әкеткен өзінің немере
інісі, Ондан сұлтанның баласы Оразмұхаммедті тұтқыннан босату болды. Оның
жанында қазақтың әйгілі тарихшысы Қадырғали Жалайыр бар еді. 1595 жылы елшіге
орыс патшасының жауап грамотасы тапсырылды. Онда орыс патшасы Тәуекел ханға
Қазақ хандығын «өзінің патшалық қол астына алатынын» және «оқ ататын қару»
жіберетінін уәде етті. Мынадай талап қойды: «біздің патшалық қоластымызда
болғандықтан, біздің патшалық әміріміз бойынша Бұқара патшасымен және бізге
опасыздық жасаған Сібір патшасы Көшіммен соғысып, біздің ұлы патшамызға жол сала-
тын боласыздар». Орыс мемлекеті Қазақ хандығымен әскери одақ құрудан бас тартқа-
нымен, Тәуекел хан орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынасты үзген жоқ.
Есім ханның тұсындағы
Қазақ хандығы
Есім хан (1598-1628 жж. билік
құрған) Шығайұлы Есім хан (1628-
1645) – Қазақ хандығының ханы,
Шығай ханның баласы, атақты
Тәуекел ханның туған інісі. Есім
хан туралы халық жадында
сақталған аңыз - әңгімелер, дастан
-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей
бойлы ер Есім» деп ардақтайды.
Есім хан билік басына ағасы Тәуекел өлгеннен кейін келді. Бұл кезде Қазақ
хандығының шығысындағы жағдай Тәуекел тұсындағыдан әлдеқайда күрделене түскен
еді. Мұнда ойрат тайпаларының бірігіу процесі жүріп жатты. Сондықтан ол
көршілерінде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, олардың тайпалары арасындағы
алауыздықты өз пайдасына шешуге ұмтылып бақты. Ойраттардың бір жағы-
нан Ембі, Жайық, Еділ бойындағы ноғайлармен шарпысуығ екінші жағынан орыс
қамалдарының гарнизондарымен қақтығысуы Есім хан саясатының ықпалды болуына
елеулі жағдай жасады. Ақырында үш жақты соғыстың өздеріне қырғын таптыратынын
сезген ойрат әміршілері Есім ханның үстемдігін мойындап, тату көршілікте тұру
мақсатында ұсыныс жасап, елшілерін жіберуге мәжбүр болады.
Есім ханның билігі тұсында (1598-1645) халық жадында «Есім салған ескі жол»
деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат
болғаны белгілі. Мұны «Есімнің заңы» деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алынбағанын,
өз заманының орайы мен талабына қарай Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп,
толықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір нұсқасы екенін де естен
шығармаған абзал. Түтпет келгенде, «Есім салған ескі жол» деген сөздің мәні де Есім
ханның тұсында жасалған даналық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа,
мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың
шешімдері осы кезде сараланды. Мұның өзі кейін Тәукенің әйгілі «Жеті жарғысына»
негіз болып, қазақ халқының мәдени-рухани және салт-дәстүр қалыптарының
төлтумалығын шыңдай түсуге ықпал етті. Жалпы көшпелілер мемлекетінің хандары
сияқты, Есім хан да тақ үсті мен ат үстінде бірдей танылған біртуар тұлға. Оны халқының
«Еңсегей бойлы Ер Есім» атанған атақты ханның қайтыс болған жылы – 1645 жыл деген
шындыққа келетін сияқты.
Есім хан дүние салған соң қазақ
хандығының тағына Жәңгір хан (1645-1652)
отыр-ды. Халық оны ел үшін жаса-ған ерлігіне
орай «Салқам Жәңгір» деп атанған. Хан
ордасын Түркістан қаласында ұстау Жәңгір хан
тұсында басталды. Жәңгір хан жоңғарларға
қарсы күресте моғолдар жағынан көмек алу
үшін біраз әрекет етті. Олармен тату көршілік
қарым-қатынас орнату үшін екі рет елші
жіберді. Бұл дипломатиялық тапсырма Жәңгір
ханның ұлдары Тәуке мен Апақ сұлтандарға
жүктелді.
1643-1644 жылдардағы шайқаста толық
жеңілмеген жоңғарлар болашақта болатын
соғысқа мұқият дайындала бастады. Жоңғар
қонтайшысы 1643-1644 жылдардағы
жеңілістен кейін бытыраған иеліктерін бірікті-
ріп, Сібірдегі орыс қалаларынан қару-жарақтар
және оқ-дәрілер сатып алады.
1652 жылы қазақтар мен жоңғарлар
арасындағы үшінші ірі шайқаста қазақ
әскерлері жеңіліске ұшырап, Жәңгір хан қаза
табады.
Тәуке ханның тұсындағы
Қазақ хандығы
1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-
1718) хан болды. Оның тұсында «Жеті
жарғы» деген заңдар жинапы құрастырыл-
ды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу
заңы болып табылады. Оның негізгі бапта-
рының мазмұны: қанға қан алу, яғни
біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын
төлеу; ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбы-
лыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің
құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;
денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн
төленеді; егер әйел ерін өлтірсе өлім
жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім
жасаса, құн төлеумен құтылады, мұндай
қылмысты екіқабат әйел жасаса жазадан
босатылады); егер ері әйелін өлтірсе, әйел
құнын төлейді.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Қазақ жері кең байтақ әрі өте бай жер.
Өзінің жер, суларымен ол көптеген елдерді
қызықтырды. Бірақ біз ұзақ жылдар бойы
күресу нәтижесінде өзіміздің белсенділігімізді
сақтап қалдық. Біз әлі де көптеген елдерді
қызықтырудамыз, бірақ бес саусақты бірге
жұмылдырсақ бізге қарсы ешкім тұра алмасы
айдан анық.
Пайдаланылған әдебиеттер :
1. Аққошқаров Е. Қазақстан тарихы. Алматы, 1997
2. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы Астана, 2000
3. Аманжолов К. Қазақстан тарихы. 1,2-кітап.
Алматы 2004
4. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 1-4 томдар.
Алматы, 1994
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz