Санитарлы экологиялық мониторинг


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Санитарлы экологиялық мониторинг

Орындаған:Нұрмұхамет А. Т.

ПХ - 521 студенті

Тексерген: Нуржуманова Ж. М

Семей қаласы

2015 жыл

Slide 2

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

Санитарлық-улылық мониторинг

Экологиялық мониторинг

Биосфералық мониторинг

Экологиялық мониторинг құжаттары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиет

Slide 3

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану

Адамзат ежелгі уақыттардан бері экологиялық шараларды аңғармай жүзеге асырды. Өсімдіктерді сақтап қалу мақсатында бір аумақтан екіншісіне мал айдап көшті; балық аулайтын орындарда балықтарды жемге үйретті; аумақты дауыл құлатқан ағаштан және арамшөптерден тазартты; құстарды ұя салу кезінде, кәсіптік жануарлардың төлдеуі немесе кәсіптік балықтардың уылдырық шашқан кезінде аулауға тыйым салды.

Ғылыми-техникалық төңкеріс адамның табиғатқа ықпал ету қарқынын шұғыл күшейтті. Сондықтан адамның іс-әрекетін табиғатпен өзара әсер кезінде қатаң реттеу қажеттігі туды. Барлық елдерде адамның табиғи ортаны реттеу бойынша және табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша сансыз көп заңнамалық актілер қабылданды. Әр түрлі экологиялық шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен белгілі уақыт кезеңінде литосфера, гидросфера және атмосфераның терең де жан-жақты экологиялық зерттеулерін жүргізу қажет. Мұндай зерттеулер мониторинг (бақылау) деп аталады. Белгілі уақыт аралықтары арқылы бақылау, зерттеулерін салыстыру қоршаған ортадағы экологиялық өзгерістер қозғалыстарының зерзаттық көрінісін береді.

Slide 4

Мониторинг жүйесінің деңгейлері:

Мониторинг жүйесі үш деңгейге бөлінеді. Олар: санитарлық-улылық, экологиялық және биосфералық мониторинг.

Slide 5

Санитарлық-улылық мониторинг

Санитарлық-улылық мониторинг - бұл қоршаған орта жағдайларын, ең алдымен зиянды заттар, ұсақ ағзалар және паразиттердің ластандыру дәрежесін бақылау, осы ластанудың адамға, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне және қоршаған ортаға әсерін зерттеу.

Slide 6

Экологиялық мониторинг

Экологиялық мониторинг - бұл экологиялық, жүйелердегі (биогеоценоздардағы) және табиғи кешендердегі өзгерістерді зерттеу, сондай-ақ су, жер және өсімдік ресурстарының қозғалысын айқындау. Табиғи кешендер, биогеоценоздар, биосфераны құрастыратын жеке құрамбөліктердің бұзылу дәрежесі олардың өзгерістерді есептеуге болатын қозғалысы бойынша бұзылмаған экожүйелердің бірқатар белгілерін және сипаттарын салыстыру жолымен анықтайды. Биогеоценоздың биологиялық өнімділігі, белгілі уақыт аралығындағы құрлық немесе су аудандарының бірлігі аса маңызды көрсеткіш болып табылады. Қоршаған ортаға адамның антропогендік өзара әсерінің дәрежесі туралы жер құнарлылығының, тұщы су қоры мен сапасының төмендеуі, тұрғылықты жердің шөлге немесе батпақты жерге айналуы, минералдық ресурстар қорының төмендеуі бойынша пікір айтуға болады. Табиғи құрамбөліктердің сипаты мен бұзылу шамасы туралы пікір айтуға болады. Олар қорғалатын, қорыққа айналған аумақтармен, үлгі өлшем (эталон) деп аталатын тұрақты тәжірибелік үлескілермен байланыстырылып, жануарлар қылығымен (олардың жылыстауы, тағамдық байланысының өзгеруі және т. б. ) теңдестіру немесе салыстыру жолымен жүзеге асырылады.

Slide 7

Экологиялық мониторингтің мақсаты: әр түрлі табиғи обьектілердің ластаушы қосындыларының концентрациясын анықтау.

Экологиялық мониторинг (экология және мониторинг) - қоршаған ортаның жағдайын бақылау және тексеру жүйелері. Ол үш сатыдан тұрады:

- жағдайды бақылау ;

- бағалау;

болатын өзгерістерді болжау.

Экологиялық мониторингте анализдеудің физикалық, физико-химиялық, химиялық және биологиялық әдістері белсенді қолданылады.

Slide 8 Slide 9 Slide 10

Экологиялық мониторинг нысандарына табиғи, антропогендік немесе табиғи-антропогендік экожүйелер жатады. Экологиялық мониторингтің мақсаты тек қана деректер жинау емес, сондай-ақ, жүргізілетін тәжірибелер, болжамға негіз ретінде алынатын процестердің үлгілері кіреді. Ғаламдық көлемде мониторинг жүргізуге авиациялық, ғарыштық және есептеу . Қазіргі уақытта экожүйені зерттеуге аэроғарыштық әдістер кеңінен қолданылады. Осы әдіс арқылы табиғатта болып жатқан құбылыстарды, табиғи қорлар жиынтығын, мөлшерін, т. б. экожүйелерді сипаттайтын мәліметтерді білуге болады. Экологиялық мониторинг әр түрлі деңгейдегі буындардан тұратын иерархиялық ұйымдасқан бақылау жүйесі болып табылады. Ондай буындарға ғаламдық (биосфералық), ұлттық, аймақтық, жергілікті Экологиялық мониторингтер жатады. Мысалы, ғаламдық Экологиялық мониторинг халықаралық ынтымақтастық негізінде, ұлттық Экологиялық мониторинг бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған ұйымдар арқылы, аймақтық экологиялық мониторинг ірі-ірі аудандардың көлемінде, ал жергілікті экологиялық мониторинг елді мекендерде, өнеркәсіп орт-тарында, кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау ретінде жүргізіледі

Slide 11 Slide 12

Қоршаған ортаның мониторингі

Биомониторинг

Ауа мониторингі

Басқа да мониторингтер

Су мониторингі

Геологиялық мониторинг

Топырақ мониторингі

Ақпаратты жинау және жаңғырту жүйесі

Биосфера жағдайын болжау

Бақылау органдары

Slide 13

Биосфералық мониторинг

Биосфералық мониторинг табиғаттағы жаһандық өзгерістерді (радиация дәрежесі, атмосферада көмірқышқыл газының, озонның, жылудың болуы және оны шаң басу дәрежесі, мұхит және Жер ауалы қабағы арасындағы газ айналымы, құстар, сүтқоректілер, балықтар және бунақденелілердің әлемдік жылыстауы, ғаламшардағы ауа райы - климаттық өзгерістері) анықтауға мүмкіндік берді. Биосфералық мониторингтің басты әдісі әр алуан жер серіктерінің жәрдемімен биосфера күйін бақылау болып табылады. Олар озои қабатының, радиациялық аясының, жер температурасы тәртібінің жағдайларын тұрақты бақылау жасауға мүмкіндік береді.

Slide 14

Ғарыштан бақылау жасау

Ғарыштан бақылау жасау (мониторинг) жанартаулардың атқылауы, су тасқыны, қуаңшылық, орман және даладағы ірі өрттер, үлкен кеңістіктердегі өсімдік жабындарына, бунақденелілерге, мысалы, шегіртке немесе басқа зиянкестердің үлкен зиян келтіруі тәізді ірі табиғи құбылыстарды бақылауға мүмкіндік береді. Мұндай құбылыстар туралы ақпараттар шынайы уақыт тәртібінде түсетіндіктен, елдер үкіметі мен халықаралық экологиялық ұйымдар осы құбылыстардың келеңсіз салдарларын жою немесе бәсеңтуге тез және тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Ғарыштық мониторингтен басқа аспаптық мониторинг өткізіледі. Бұғап әр түрлі ұшу құралдары (ұшақтар, тікұшақтар), автомашиналар, тіпті жаяу экспедициялық бағдар да пайдалануы мүмкін. Бұдан басқа атмосфера, гидросфера және литосфера жағдайына тұрақты бақылау өткізетін стансалардың кең торабы болады. Алынған ақпараттар барлығы жергілікті, аудандық, облыстық және республикалық арнаулы экологиялық мекемелерге жиналады. Жаһандық мониторинг торабының құрылуы арқасында табиғат қорғау шараларын тиімдірек өткізуге мүмкін болады.

Slide 15 Slide 16

Экологиялық мониторинг құжаттары

Экологиялық мониторинг бөлімінде басқарушылық, шаруашылық, инвестиционды және өзге де қызметті іске асыру бойынша құжаттар қарастырылады. Қарастырылған құжаттар ішінде іске асырылған объектінің мониторингі бойынша, қабылданған шешімдердің мүмкіндіктері мен рұқсаттар нәтижелері жөнінде мемлекеттік экологиялық мониторингтің қорытындысы беріледі. \2011 жылы экологиялық мониторинг бөліміне 1357 құжаттар қарастырылуға түсті, соның ішінде: 439 - жобаға дейінгі материалдар, 461 - жол берілетін шекті нормативтік шығарындылар жобасы, 553 - объектілерді қайта жаңғырту және құрылыс жобалары, 5 - жол берілетін шекті шығарындылар жобалары, 3 - нормативтік қалдықтарды орналастыру жобалары, 1 - физикалық әсерінің нормативтік жобалары. Қарауға қалғандар саны - 179. Қарастырылған 1462 қорытындылар ішінде 17-не келісім берілмеген. Келісім берілмеген құжаттардың себебі: экологиялық заңдылық талаптарына сәйкес келмеуі, жоба құжаттарының сапасының төмендігі, есептердегі қателер және тапсырылған құжаттардың толымсыздығы.

Slide 17

III. Қорытынды

Қазақстанда соңғы ғасырдың 80-ші жылдардаң 2-ші жартысында қоршаған ортаны бағалаудың жүйелі ықпалы дами бастады. Негізгі нормативті құжат қоғамдық қатынастарды реттейтін “Қазақстан Республикасындағы жүргізу ережелердің уақытша құралы” Қазақстан Республикасында 1993 жылы желтоқсанда ресми емес түрде экология және биоресурстар Министрлігімен қабылданған және бекітілген.


Ұқсас жұмыстар
Экологиялық мониторинг
Қоршаған орта жағдайын бақылау және жағдайын бақылау және экологиялық мониторинг кологиялық мониторинг
Бақылау объектісінің өзгеруін бақылау
Табиғатты пайдалану қоршаған ортаны қорғаудың және басқарудың ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары
Антропогендік əсер тигізетін көздерді бақылау
Орман мониторингі
Биологиялық мониторинг
Антропогендік əсер факторларын бақылау
ҚР-НЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА ҚАТЫСТЫ ӨЗЕКТІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Биотехнология және экология мен қоршаған ортаның мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz