ҚАРАТАУ ҚОРЫҒЫ




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАРАТАУ ҚОРЫҒЫ
Орындаған: Нұрмұхамет Архат
ПХ-521 топ
Тексерген: Нуржуманова Жанат
ҚАРАТАУ ҚОРЫҒЫ
Қаратау бұдан бірнеше миллиондаған жылдар
бұрын Жерорта теңізі мен Тынық мұхитының
түбінен біртіндеп көтерілген ең ежелгі тау
жоталарының бірі болып саналады. Қаратаудың
табиғат байлықтарының ерекшеліктерін
ескереотырып Қазақстан Республикасы Үкіметінің
№249 қаулысымен 2004ж 1 наурызда Қаратау
мемлекеттік қорығы ұйымдастырылды. Қорықтың
жер көлемі 34300 гектар аумақты алып жатыр.
Қаратаудың қорығының табиғаты айналасы құрғақ
далалы және шөлейттіөңірлерімен шектеліп жатқан
оазисті аймақты құрайды. Қаратау қорығы Батыс
Тянь–Шань тау жотасының солтүстік - батыс
сілемдерімен шекаралас Қаратау жотасының
орталық бөлігінде орналасқан.Қорықтың
айналасын Қызылқұм, Бетпақдала және Мойынқұм
шөлдері қоршап жатыр. Қорық аумағының ауа –
райы күрт құбылмалы болып келеді.Онда жылына
орта есеппен 300-500 мм шамасында жауын–шашын
түседі.Жазы ыстық, әрі құрғақ, шілде айының
орташа температурасы +22 +26 ºС
Қаратау қорығының аумағындағы өсімдіктер мен
жануарлардың алуан түрлеріоқшауланып,
айналасындағыдалалы,шөлейттіалқаптардың
өсімдіктері мен жануарларынан тұратын түр
құрамы жағынан мүлде ерекшеленіп тұрады.
Қорық аумағындағы өсімдік түрлерінде сол өңірдің
өзіне ғана тән басқа аймақтарда кездеспейтін
эндемик түрлер мен геологиялық замандардан
сақталып, өсіп келе жатқан реликт түрлер көп
кездеседі. Сондықтан бұл алқаптың өсімдіктері
биолог ғалымдардың назарына ертеден – ақ
ілінген. Қорық аумағында ғалымдардың
зерттеулері бойынша жалпы өсімдіктердің 1666
түрі өседі, солардың 1536 түрі тек осы өңірде ғана
өсетін түрлерге жатады. Қаратау қорығы
республика көлеміндегі эндемик өсімдіктер түрлері
өте көп өсетін бірден – бір аймақ болып саналады.
Бұл өсімдіктердің эндемик түрлерінің көпшілігі өте
сирек кездесетін түрлерге жатады
Соңғы жылдары ботаник ғалымдар эндемик өсімдік түрлері
өсетін жекеленген 34 жерді анықтады. Қазақстанның 1981 жылы
шыққан өсімдіктерге арналған Қызыл кітабында Қаратау
қорығының аумағында кездесетін өсімдіктің 45 түрі тіркелген.
Қаратау қорығында өсетін жалпы өсімдік түрлерінің 9 %
эндемик түрлерге жатады. Ондай өсімдік түрлеріне – қаратау
рапонтикулы, регель рафидофитона, грейг қызалдағы, қаратау
көкбасы, қарату ырғайы, қаратау үшқаты , қаратау
лепидолофасы, сиверс алмасы, қарату ақшешегі, қаратау
жыланбасы, қаратау кекіресі, қаратау қауы, қаратау
маралтамыры, қаратау томаға шөбі және т.б. түрлер өседі. Бұл
аты аталған өсімдіктің түрлеріндегі « қаратау» деген сөздің
қосарланып жүруі, сол өсімдіктің тек осы өңірде ғана өсетінін
нақтылап айғақтап тұр. Қаратауда ғана өсетін қаратаудың ақ
терегінің аты әлемге әйгілі. Бұл ақ терек Қаратаудың Билікөл
көлі орналасқан шығыс жақ беткейіндегі Берікқара деп
аталатын шатқалда ғана өседі.Берікқараның ақ терегі тау
шатқаланың 1000-1200 метр биіктігінде шағын ған жерде ( 8
соттықтай жерде ғана) топтанып өзінше тоғай құрайды.
Теректің көпшілігінің биіктігі 10 – 12 метр, айналасына
бұтақтары жайыла өседі. Жас бұтақтарының сырты ақ түкті
болып келетіндіктен ақтерек деп аталған. Теректің ең ірілерінің
биіктігі 25 – 30 метрге жетеді. Бұл шағын терек тоғайының
көрінісі бірден – ақ көз тартады.
Қаратау қорығының жануарларәлемі де сан алуан.
Әсіресе мұнда сирек кездесетін Үнді жерінен келіп,
Берікқараның ағаштарына ұя салатын өте әсем құс –
жұмбақторғай. Қорық аумағында құстың–55 түрі,
сүтқоректілердің - 16 түрі кездеседі. Сирек кездесетін
жануарларға бүркіт, ителгі, қара дегелек, жыланжегіш,
тау сусары, үнді жайрасы, қаратау арқары және т.б.
кездеседі. Қаратау қорығының аумағын алдағы
уақыттарда кеңейту шаралары да жоспарлануда. Оған
келешекте Оңтүстік Қазақстанның Созақ ауданы
жағынан тағы да 14317 гектар жер бөлінбек. Сонда
қорықтың жалпы жер көлемі 48 617 гектарға жетеді.
Олардың жапырақтары да майда, жел соқса тербеліп,
керемет көрініс береді. Теректің діңі қатты, темірмен
ұрғыласа шаңқ – шаңқ деп темірге ұқсас дыбыс
шығарады. Теректің бұл түрін сақтап қалу мақсатында
ол арада бұрыннан – ақ Берікқара ботаникалық
қорықшасы ұйымдастырылған. Теректің бұған ұқсас
бір түрі Өзбекстанның Зерафшан деген өңірінде бұрын
өскен екен. Ол Зерафшанның ақ терегі деп аталған.
Адамдардың ұқыпсыздығынан бұл терек түрі 1930
жылдары біржола жер бетінен

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республиккасындағы қорықшалар
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ
Наурызым ормандары
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы - Қостанай облысы Науырзым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық
Қаратау ормандары
Қорықтар орналасуы картасы
Ақсу - Жабағалы қорығы
Табиғи ортаның сапасы және халықтың денсаулығы
Алматы қорығы
Қорық Шығыс Қазақстан облысы
Пәндер