Жылқы. Жылқы тұқымдарының шығу тегі мен шығару жолдары



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АГРОБИОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Жылқы. Жылқы тұқымдарының шығу тегі мен шығару жолдары
Орындаған:Сыздық Ә. Б.
Тобы:ПА-107
Тексерген:Койшибаев А. М.
Алматы, 2017 ж.

Жоспар:
I. Кіріспе
Ауыл шаруашылығындағы жылқының рөлі
II. Негізгі бөлім
2. 1. Жылқы. Жылқының сипаты.
2. 2. Жылқы эволюциясы.
2. 3. Жылқының арғы тегі мен қолға үйрету тарихы.
2. 4. Жылқы тұқымдары.
2. 5. Пони жылқысы
2. 6. Миниатюра жылқысы
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Жылқы қазақтың ұлттық сана-сезімі, рухани болмысы, тұрмыс-салты, әдет-ғұрыпы. Ол - қазақтың мәдениет пен өнерінің ажырамас тұтас бір бөлігіне айналып кеткен. Орталық Азия, оның ішінде қазақ даласы - жылқының отаны.
Қазақта байлық жылқының санымен бағаланған, салтанат пен сұлулықтың өлшемі де жылқы болған. Қалыңмалға, бәйгеге, адамның құнына, сондай-ақ айыпқа ат-шапанмен қоса жылқы төлеген. Қазақ жылқысын осы тұрғыдан алғанда, тәуелсіз Қазақстанның ұлттық бренді ретінде сақтай білуіміз керек, сондықтан қазақ жылқысының қасиеттерін осы елдің азаматтары толық сезінсе екен деймін.
Жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының жылқы өсіретін саласы. Жылқы шаруашылығы бағалы азық-түліктік ет пен сүт өңдірумен қатар өнеркәсіпке - тері, қыл, ауыл шаруашылығы жұмыстарына - күш-көлік береді, жылқы қанынан емдік вакцина, сарысу, гамма-глобулин жөне қой мен сиырдың төлділігін арттыратын буаз бие қанының сарысуын дайындайды. Кең байтақ жайылымы бар Қазақстанның көптеген аудандарында жылқы шаруашылығымен айналысу тиімді.
Қазақстанда жылқы шаруашылығы асыл тұқымды жылқы өсіру, ет, сүт өндіру, спортта пайдалану бағыттарында дамуда. Сонымен қатар жылқыны кез келген шаруашылықтың күнделікті қажетін өтеу үшін салт мінуге, жүк тасуға т. б. жұмыстарды аткаруға пайдаланады. Асыл тұқымды жылқы өсірумен арнайы мемлекеттік жылқы зауыттарымен қатар, соңғы уақытта жеке азаматтар мен шаруашылықтар да айналысады. Қазақстан жағдайында табиғи жайылым отын мейлінше толық пайдалануға негізделген ет, сүт өндіру бағытындағы жылқы шаруашылығын дамыту мүмкіншілігі зор. Осы ретте жекелеген аймақтардың табиғи жақсы бейімделген етті-сүтті бағытағы көшім, мүғалжар атты жаңа жылқы тұқымдары мен қазақы жылқының таза етті бағыттағы жабы атты жаңа түрі шығарылды. Соңғы кезде жылқы саны Қазақстанда қайтадан көбеюде.
Қазақ халқы - «Тегіміз - түркі, түлігіміз - жылқы»

Жылқы (лат. Equus ferus caballus) - тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының (E. caballus) шаруашылықта маңызы зор. Ол - ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі.

Жылқының басы созылған арықтау келеді; көздері үлкен өткір, танаулары кең, сүйір құлақтары ширақ қимылды үлкен не орташа көлемді (басының жартысынан да кішірек) болады. Жалы ұзын салбыраған, мойны ұзын бұлшық етті, денесі жұмырланған болады; құйрығы түбірінен басталатын ұзын қылдардан тұрады; түсі әралуан келеді. Аяқтары биік сымбатты, жуандығы орташа болады; 1-ші және 5-ші саусағы мүлдем болмайды, 2-ші және 4-ші саусақтары рудиментті түрде ғана қалыптасқан; тұяғы ең қатты дамыған ортаңғы саусақтың басын ғана қаптайды (сондықтан дененің бүкіл салмағы соған келеді) . Асқазаны қарапайым болады, өт қабы жоқ, бүйені қатты дамыған. Миі біршама кішкентай, және қатпарлы үлкен ми сыңарлары мишықты қаптамайды. Алайда ақыл қабілеті едәуір жоғары болады. Сезу қабілеттерінен естуі ең жақсы дамыған, содан кейін көруі, сосын иіс сезуі. Шоқтығына дейінгі биіктігі 50 - 185 см, салмағы 60 - 1500 кг болады.
Жылқылар әдетте бір айғыр бастайтын бірнеше биеден тұратын үйірге жиналады. Көбінесе жазық далада тұрады; ерекше сипаттары - үлкен жылдамдық пен сақтылық.
Түсі
Жылқы түсі қылаң, баран, ала боп бөлінеді.
Қылаңға ақбоз, боз, бурыл, теңбіл, құбақан, сары, құла, құла жирен, шабдар, көк, сұр, құлагер, қызыл, нарқызыл, т. б. жылқылар;
баранға торы, қара, қаракөк, қарасұр, қоңыр, жирен, күрең, т. б. жылқылар жатады;
алаға сарыала, сұрала, көкала, керала, қарала, қоңырала, күреңала, т. б. жылқылар жатады.
Алыстан қарағанда жылқының денесіндегі бозғыл түктер басым болса, ол қылаң жылқы деп аталады. Қошқыл түстер көбірек болса, баранға жатады. Ерекше кездесетін түстер болады. Мысалы, шұбар, бозшұбар, көкшұбар, қарашұбар, т. б. жылқылар. Будандары қашыр, қарта қашыр (лошак), құланоид (құлан мен жылқы буданы), зеброид (зебр мен жылқы буданы) деп аталады.

В. О. Ковалевский тұяқты жануарлардың тарихи дамуын зерттеді. Ол көптеген қазба жұмыстар жүргізіп, жылқылардың қаңқасын, тістерін, аяқтарын тексере келіп жылқы жануарының эволюциялық дамуы жөнінде ең алғашқы мағлұмат берді. Оның айтуынша жер бетіндегі жылқылардың арғы тегі түлкі сияқты кішкентай хайуан болған екен. Қазіргі жылқылардың бойшаң болып кетуі ғасырлар бойы жер бетінде болған климаттық өзгеріске байланысты екен - мыс. Егер климаттық ауытқулар болмаса онда біз “жылқы” деп түлкі сияқты хайуанды атап жүрер ме едік. Ең алғашқы жылқылар орман ішінде қысылып, тар жерде өскендіктен бойлары аласа, алдыңғы аяқтарында 4 башпай, артқы аяқтарында 3 башпай болыпты. Содан ауа райының өзгеруіне байланысты ормандардың көлемі азайып, ашық далалы жерлердің көбеюі жылқылардың ата тегінің тіршілік ортасын өзгерткен екен. Осылайша еркін, ашық далаға шыққан жылқылар жылдамырақ қозғалғандықтан түлкі сияқты жануардан, қазіргі күнгі жылқыға айналған екен. “Әуелде етпен қоректенген жылқылар, кейін ашық далаға шыққасын шөппен қоректенді” - дейді В. О. Каволевский. Ата-бабымыз хас тұлпарды 5 жарым мың жыл бұрын пайдалана бастапты. «Ер қанаты ат» - деген қанатты сөз арқылы ұлттың жалпы мінезін жылқымен байланыстырған дана халқымыздың жылқыға қаншалықты жақын болғандығын айтпасада түсінікті. Жылқы мен қазақ егіз ұғымдай, бірін-бірі толықтырып, тұтастай көшпенділіктің образын қалыптастырды.
Жылқы эволюциясы

В. О. Каволевский жылқылардың даму сатысын, қазіргі жылқылардың шығу эволюциясын зерттегенде берілген атауларды кайнозой заманының үштік кезеңінің ғасыр атымен атады. Жылқыларды аяқтарындағы башпай санының біртіндеп өзгеруі ретіне қарай орналастырды.
1. Фенакодус (палеоценде тіршілік еткен) - 5 башпайлы, үлкендігі түлкідей. 2. Эогиппус (эоценде тіршілік еткен) - биіктігі 30 см, алдыңғы аяқтарында 4 башпай, артқы аяқтарында 3 башпай. 3. Миогиппус (миоценде тіршілік еткен) - ортаңғы башпай өте жақсы жетілген, 2-4 башпайлары қысқа. 4. Мерикгиппус (миоценде тіршілік еткен) - ортаңғы башпайы жерге тиген, 2-4 башпайлары өте қысқа. 5. Гиппарион (плиоценде тіршілік еткен) - бір башпайлы, жанама башпайлары жойылған, тек қалдық ретінде сақталған. 6. Осы заманғы жылқы.

Тарпан (Equus gmelіnі) - жойылып кеткен жабайы жылқы. 18-ғасырдың басына дейін Оңтүстік-Шығыс Еуропаның ылғалды ормандарында, далалы және орманды-далалы аймақтарында, Батыс Қазақстан өңірінде үйірімен таралған. Шоқтығының биіктігі 136 см-ге жуық, терісіндегі түгі сұрғылт, арқасында қара жолағы, тікірейген қара жалы болады. Тіршілік ортасына байланысты 2 түр тармағы болған: дала тарпаңы, оның ең соңғы дарабасы 1879 жылы Аскания-Нова маңында өлтірілген, ал айғыры табиғи жағдайда 1918 жылға дейін тіршілік еткен. Орман тарпаңының соңғы дарабасы 1814 жылы қазіргі Калининград облысы аумағында өлтірілген. 20 ғасырда тарпаңның тұқымын қайта шығару үшін Польша мен Германияда жүргізілген іріктеу-будандастыру жұмыстары еш нәтиже бермеді. Қазақстанда тарпаңдар плейстоценнің соңынан 18 ғасырдың ортасына дейін тіршілік еткен.
Жылқының арғы тегі

Пржевальский жылқысы (жоңғар немесе шығыс тарпаны - E. p. przewalskii) мекендеген. Бүгінгі күнге дейін тек қана соңғысы сақталып жеткен. Құлан есектерге көбірек жақын болғандықтан, Пржевальский жылқысын соңғы жабайы жылқы деп атауға болады. Оны 1879 жылы Орта Азияда Лоб-Нор көлінің маңатынан Пржевальский полковнигі анықтап ғылымға ашқан. 1889 жылы профессор Поляков бас сүйегі мен терісінің көмегімен түрді суреттеген.
Табиғатта Пржевальский жылқысы шағын гаремдік үйірге (10-15 бас) топтасып өмір сүреді. Олар аязға оңай шыдайды, қар астынан қорегін қазып жей береді. Пржевальский жылқысы шөбі мол және суаттары жеткілікті ашық ландшафты қажет ететін дала жануары.
Қазақстанда 2011 жылдың соңында 12 Пржевальский жылқысы болды: бесеуі Алматы зоопаркінде және жетеуі «Алтын Емел» ұлттық табиғи паркінде. Жылқылар 8 жыл бұрын «Алтын Емелге» Мюнхен зоопракінен әкелінген. Алдымен олар арнайы қашада орналасып, кейін босатылып, ашық далаға жіберілген. Кей жылқылар түрлі себептермен өлді, жаңадан туылғандар да болды. Демек, бұлар нағыз жабайы жылқылар.

Денесінің ұзындығы 230 см, шоқтығына дейін биікт. 130 см, салм. 300 кг-дай. Биелері айғырларынан кіші. Денесін бозғылт қызыл сары түк басқан, жон арқасында ұзына бойы созылған жіңішке түкті белдік тәрізді қарақошқыл жолағы болады. Керқұланды 1878 ж. Орталық Азияға жасаған саяхаты кезінде Н. М. Пржевальский Қытайдағы Жоңғарияның шөлді аймағынан кездестіріп, терісі мен бас сүйегін Ресейге алып келген. Оны зерттеген орыс ғалымы И. С. Поляков (1845 - 1887) мұның жабайы жылқының жеке түрі екенін анықтап, Н. М. Пржевальскийдің құрметіне “Пржевальский жылқысы” деп атаған.

Қолға үйрету тарихы:
Қазба қалдықтары жылқының б. з. б. 7000 ж. бұрын-ақ Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдейді. Жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебр, жабайы жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Үй жылқысы жабайы жылқыға жатады, одан басқа оған керқұлан (немесе Пржевальский жылқысы) және қазір жойылып кеткен Тарпаң жатады. Соңғысы 19 ғ. дейін Батыс Қазақстан, Батыс Сібір, Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын және кейбір Еуропа елдерін мекен еткен. Керқұлан үйірлері қазір Моңғолияда ғана кездеседі. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша үй жылқысының ең жақын тегі осы керқұлан. Жабайы жылқының сүйегі Францияның солтүстігінен көп табылған. Америкада жабайы жылқы болмаған, қолға үйретілген жықылар кейін тағыланып (мустанг деп аталады) кеткен.
Қазақстандағы тарихы
Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б. з. б. 4-3-мыңжылдық), Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде (б. з. б. 2-мыңжылдық), Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б. з. б. 1-мыңжылдық - б. з. 2 ғ. ) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді.


Жылқы
Салт мінетін
Жегілетін
Салт мінетін және жегілетін
Жан-жақты
Араб
Ахалтеке
Таза қанды англия жылқысы
1. Жеңіл жүк таситын:орлов, орыстың желісті жылқылары.
2. Ауыр тартқыштар:совет, орыс, владимир, брабансон, першерон, арден
Буденный, дондық, Қостанай, көшім
Салт мінуге, жегуге, етті және сүтті: қазақ, адай, жабы, башқұрт, бурят, моңғол, якут.


Салт мінетін жылқы тұқымдары

Ақалтеке жылқысы - түрікмен халқының арғымақ түрі.
Оны түркімендер орынды мақтаныш етеді. Қаз мойынды, қамыс құлақ, артық майды бойына дарытпайтын сыйда арғымақтар паңдықтың, тектіліктің нышанындай.
Шыққан жері - Түрікменстанның Ахал шұраты және Өзбекстанның Ферғана аңғары . Ақалтеке сымбатты, жүйрік (ұшқырлығы 1000 метрге І мин 06 сек., 2000 метрге 2 мин. 22 сек), ыстық аудандарда мініске төзімді, бірақ суықты, қыста тебінде бағуды көтере алмайды. Шоқтығына дейінгі биікт. 154 - 157 см, тұрқы 154 - 158 см, кеуде орамы 167 - 173 см, жіліншігінің орамы 18-19 см. Аяғы ұзын әрі жіңішке, сіңірлі, терісі жұқа, түсі жылтыр, басы жеңіл, мойыны ұзын, аяқ алысы әсем келеді. Кейде теке танаулысы да ұшырасады. Еуропаның көптеген елдерінде Ақалтеке жылқылары жанкүйерлерінің ассоциациясы мен қоғамдары жұмыс істейді. Ақалтеке тұқымынан араб, таза қанды ағылшын, қарабақ т. б. жылқы тұқымдары алынған. Қазақстанда Жамбыл облысының “Луговой”, Алматы облысының “Дегерес”, Оңтүстік Қазақстан облысының “Ақтас” жылқы совхоздарында өсіріледі (қ. Абсент) .

Бұл тұқымды қазіргі кезде өте ертеде шыққан деп дәлелдеушілер көп. Бірақ, кеңес заманындағы ғалымдар оның 1220-40 жж. Каспий жағасында көшіп-қонып жүрген түркімен тайпаларында түзіліп шыққанын дәлелдеген. Соның ішінде теке руында - теке, жәуміт руында - жәуміт тұқымы түзілген. Сөйтіп, арғымақтардың жалпы атауы алдымен «теке-жәуміт» атаныпты.
Кейін түркімендер Ақал оазисіне келіп қоныстанған. Осы сәттен асыл тұқымды жылқылар «ақалтеке» атаныпты. Ағылшынның таза қанды мініскер жылқысы осы тұқымнан алынған.
Өз билігі өзінде болмай, бөтен елдің боданы болып отырған 19 ғ. ғасырдың аяғында жаппай тасып әкетудің салдарынан ақалтеке тұқымы саны мен сапасын жоғалта бастайды. Сонда басқа жылқылармен қаны араласпаған айғырлар ұстап қалған дана ақсақалдар ауыл-ауылды өздері аралап жүріп, ақалтекенің тұқымын таратқан екен.
Олардың Бойноу, Мелекуш, Бекназар-қара, Бекназар-ала атты айғырларының есімдері де қазіргі ақалтекенің тарихында ерекше құрметпен аталады.
КСРО аумағында өмірге келген Дон жылқысы, Қарабайыр, Қарабақ, Орлов желгіштері, т. б. арғы бастауын осы ақалтекеден алады. Бүкіл еуропалықтар өз жылқысын асылдандыру үшін осы түрікмен жылқысын пайдаланады.
Қазір ақалтекені сыртқа сатпайды. Жылқы зауыттарында оның санын барынша көбейту жұмыстары қолға алынған. Түркімендердің оны қатты құрметтейтіні соншалық, тіпті мемлекеттік елтаңбасына да Янардак деген бірінің суретін салып қойған.

Ахалтеке жылқысы

Араб жылқысы (араб. : الحصان العربي Үлгі:IPA-ar, DMG ḥiṣān ʿarabī) - ертеден белгілі жылқы тұқымының бірі. Оны қазақтар «араби жылқы» деп атаған. Араб жылқысы 7 ғ-дан белгілі. Ол 15 ғ-дан бастап Еуропада көптеген жаңа жылқы тұқымдарының (таза мініс жылқысы, тракенеп, венгр жылқысы, орлов желгіші, т. б. ) өсірілуіне себеп болды. Оның айғырларын қазақ халқы өзінің жылқы тұқымдарын жақсартуға пайдаланды. Араб жылқысы ірі емес, шоқтығына дейінгі биікт. 151, 9 см, тұрқы 149, 3 см, кеуде орамы 175 см, жіліншігінің орамы 19, 2 см. Тұяғы берік, өте сымбатты, ұзақ жүріске төзімді әрі жүрдек келеді. Араб жылқысының тірідей салмағы 420 кг, сойғанда 54 - 56% таза ет береді, биелерінен 11 - 15 л сүт сауылады. Шөлге шыдамды, күтім таңдамайды. Қазақстанда таза Араб жылқысы өсірілмейді. Түпкі нәсіліне тән қасиеттерін сақтаған Араб жылқысы Каспий теңізі өңіріндегі елді мекендерде кездеседі

Араб жылқысы

ТАЗА ҚАНДЫ ЖЫЛҚЫ ТҰҚЫМЫ, басқа жылқы тұқымдарының қанын араластырмай, өте ұзақ уақыт бойы (10 ұрпақтан жоғары) іріктеу, жұптау және жас малдарды арнайы бағытта тәрбиелеу барысында алынады. Тұқым неғұрлым көне болып, бір ғана табиғи климаттық ортада, бір бағытта тәрбиеленсе, оның өзіне ғана тән қасиеттері тұрақты сақталып және ерекшеліктерін ұрпағына жалғастыру қабілеті артады. Таза қандылық - мұралау беріктігінің ең жоғары дәрежесі, оны өсу жағдайынан қол үзіп қарауға болмайды. Өскен ортасы, бағу жағдайы өзгерген кезде таза қанды тұқым қуалау қасиеттері күрт нашарлап кетеді. Таза қанды жылқы тұқымына негізінен ағылшын және араб жылқыларының тұқымдары жатады. Ағылшындық жылқы тұқымы 17 ғасырдың соңы - 18 ғасырдың басында жергілікті тұқымды шығыс (варвария, түрік, араб және түркімен) және еуропалық (неополитан және испан) тұқымдармен шағылыстыру жолымен шығарылды. Тек таза тұқымдық әдіспен жетілдірілді. Ағылшын Таза қанды жылқы тұқымы 300 жылдан астам уақыт бойы басқа тұқымның қаны араластырылмай жеке өсірілді. Қріктеу, тәрбиелеу жұмыстарының барлығы шабыс қарқындылығын арттыруға ғана бағытталуының нәтижесінде аса жүйрік, спорттық мүсіндегі және дене бітімі ерекше сомдалған, тұқым қуалау беріктігі шегіне жете шыңдалған тұқымға айналды. Ұзақ уақыт бойы басқа тұқымдардың қанын араластырмай өсірілген арабтардың Таза қанды жылқы тұқымы көбіне ат спортында пайдаланылады. Түсі жирен, сұр, қара, т. б. болады. Шоқтығының биікт. 161 - 162 см, тұлғасының қиғаш ұзындығы 160 - 163 см, кеуде орамы 182 - 186 см. Ат жарыстарында 1200 м-ді - 1 мин. 07, 4 секундта, 2400 м-ді 2 мин. 23 сек-та, 3200 м-ді 3 мин. 19 секундта өтіп, рекордтар жасаған. Таза қанды жылқы тұқымы АҚШ пен Еуропада көптеп таралған.

Англия жылқысы

Жегілетін бағыттағы жылқы тұқымдары

Жүк жылқысы - жүк тасымалдау үшін арнайы өсірілетін жылқы тұқымы. Ұзақ уақыт күту, сұрыптау, іріктеу арқылы шығарылған. Жүк тасуға және ауыл шаруашылығында пайдаланылады. Жүк жылқысының ТМД аумағында кеңестік, владимир, орыс, першерон, арден, ал өзге шет елдерде шайр, бретон, т. б. тұқымдары өсіріледі. Арден жылқысы Бельгияда шығарылған. Басы үлкен, мойны қысқа, тұрқы ұзын, кеуделі келеді. Арден жылқысын будандастыру арқылы ауыр салмақты орыс жүк жылқысы шығарылды (1952) . Орыс жүк жылқысының өлшемдері: шоқтығына дейінгі биіктігі 147 - 150 см, тұрқы 157 - 162 см, кеуде орамы 184 - 200 см, жіліншік орамы 21 - 22 см, салмағы 700 кг. Жүк жылқысының ең көп тарағаны - барбансон жылқысы. Айғырының шоқтығына дейінгі биіктігі 160 - 167 см, тұрқы 157 - 176 см, кеуде орамы 215 - 220 см, жіліншік орамы 26 - 28 см, салмағы 900 - 1200 кг, күтімді көп қажет ететін жылқы. Қазақстанда кеңестік жүк жылқысының айғыры қазақ жылқысын асылдандыруға қолданылады. Алынған будандар қазақ жылқысынан ірі, орташа салм. 560 - 590 кг.

Арден жылқысы
Совет жылқысы

Орловтың желісті жылқысы
Бұл-ертеден келе жатқан тұқым. Ол 18 ғасырдың екінші жартысында, қазіргі Воронеж облысына қарайтын Хреновский жылқы завондында өсіріліп шығарылған. Орлов жылқысының тұқымын шығаруда граф А. Г. Орлов және жылқы өсіруші шаруа В. И. Шикин көп еңбек сіңірген. Орлов жылқысын өсіріп шығаруда сол кездегі жылқылардың жақсы тұқымдары пайдаланылған.
Орлов жылқысы дүние жүзіндегі ең жақсы асыл тұқымды жылқылардың қатарына қосылады. Орлов желісті жылқысының басы үлкен, бірақ түгі тықыр, мойны ұзын, көбінесе аққу мойынды әдемі болады, шоқтығы биік, етті келеді, арқасы тегіс және жалпақ, сауыры құйылған шойындай тұн-тұтас, аяқ сүйектері жуан. Буындарының солқылдақтығы, алдыңғы аяқтарының алшақтау келетіндігі денесінің кемшіліктеріне жатады. Орлов желісті жылқысы ірі келеді. Оның бұл сапасының зор маңызы бар. Өйткені жергілікті жылқыны орлов жылқысымен жақсартқанда, жергілікті жылқының бойын өсіру жағына көбірек көңіл бөлу қажет.

Орлов жылқысы

Шайр жылқысы (ағылш. Shіre) - ауыр жүк тартатын жылқы тұқымы. Денесі шағын, бірақ салмағы ауыр жылқылар ірілігі мен салмағына байланысты іріктеліп, оларды Фламанд (Бельгия) ауыр жүк тартатын жылқысымен будандастыру нәтижесінде Ұлыбританияда шығарылған. Бұл тұқымды жақсарту жөніндегі 1878 жылы Ұлыбританияда құрылған “Шайр өсіру қоғамы” көп жұмыстар жүргізді. Шайр жылқысының кеудесі кең, мойны қысқа әрі жуан, басы үлкен, жотасы жалпақ, сауыр еті жақсы жетілген. Құйрық-жалы және аяғының шашақ жүні жақсы өскен, түсі әр түрлі. Орташа өлшемдері (см) : айғырының шоқтығына дейін биіктігі 165 - 175, кеуде орамы 210 - 250, жіліншік орамы 28 - 30. Салм. 1000 - 1100 кг, таңдаулысы 1700 кг. Шайр жылқысы 18 - 20 т және одан да көп жүк тартады. Ол 19 ғасырда АҚШ, Канада, Оңтүстік Америкада көп таралған. Ресейге аз әкелінген Шайр жылқысын жегуге қолданылатын жергілікті жылқыны жақсартуға, сондай-ақ ауыр жүк тартатын владимир жылқысын өсіру үшін пайдаланған. Қазақстанда өсірілмейді.

Шайр жылқысы

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz