Бетон толтырғыштары




Презентация қосу
Бетон
толтырғыштары

Орындаған: Шаймарданова А.Е.
Тексерген: Досов Қ.Ж.
Толтырғыштар деп – табиғи немесе жасанды минералдық түиіршіктер
араласын айтады. Бетон құрамында бұл түйіршіктер байланыстырушы
затпен біріктіріліп тас тәрізді мықты дене құрайды.

Толтырғыштар

Табиғи Жасанды

Табиғи толтырғыштарды тау жыныстарын
(гранитті, диабазды , диоритті, ізбест тасын,
жанартаулық туфты, гравийді, кварцитті, Жасанды толтырғыштар ретінде – шикізаттардан
мраморды т.б.) механикалық қайта өңлеумен және өнеркәсіп қалдықтарынан термиялық немесе
алады. басқаша өңдеу тәсілімен алынатын арнаулы
дайындалған материалдарды қолданады.
Гравий (қиыршық тас) турлі тау жыныстарының мүжілгендігінен пайда болған
бос қабаттағы жыныс, түйіршік мөлшері – 5 – 150 мм аралығында.Құрылу
жағдайы және жатқан жері бойынша өзендік, теңіздік, көлдік,және ойпандық
деп бөлінеді. Гравий түйіршігінің беті тегіс, сондықтан цемент тасымен ілінісу
мықтылығы (адгезиясы) щебеньге қарағанда нашарлау. Сондықтан гравийді
төменгі маркадағы (М300 дейін) бетондар алу үшін, үй іргесінің астына,
жолдарға пайдаланады.
Шағал тас - қысқандағы беріктігі 20 – 320 МПа тау жыныстарын жарып
немесе ұсатып алынатын, мөлшері 5 – 70 мм түйіршіктерден тұратын бос
материал. Шағал тас түйіршіктерінің беті ойлы қырлы, бұрышталынған
қалпында алынады. Осының арқасында шағал тас цемент тасымен ілінісуі
ұсақ таспен салыстырғанда анағұрлым мықты. Сондықтан, беріктігі жоғары
бетондар үшін ірі толтырғыш ретінде шағал тасты қолдану оңды. Беріктігі
орташа бетондар үшін қымбат шағал тас орнына жергілікті ұсақ тасты
қолданған айтарлықтай тиімді.
Керамзит (грек. keramos – саз) – ұсақ түйіршікті, кеуек құрылымды,
жасанды жеңіл бетон толтырғыш. Түйіршік өлшемдері 5 – 40 мм болып
келеді. Оңай балқитын көпірмелі саз балшықты айналмалы пеште (1100 –
1200С) күйдіру арқылы алынады. Керамзит жеңіл бетонды құралымдар
мен бұйымдар, жылу оқшаулағыш толтырма, ыстыққа төзімді бетондар
және майламалар дайындауға пайдаланылады. Қазақстанда жергілікті
саз жыныстарынан керамзит алу жөніндегі жүйелі зерттеулер 1956
жылдан қолға алынды. 30-дан астам кен орындарының шикізаты
зерттелді.
Пемза (лат. pumex — кеуекті) — шыны тәріздес жанартаулық тау жынысы.
Пемза жанартау атқылау кезінде булар мен газдарға бай
қышқыл лаваның (60 — 73% SіO2) кеуектеніп, тез қатаюынан түзіледі. Түсі
сұрғылт, ақ, сары, қара; қаттылығы 5 — 6,5, тығыздығы 2 — 2,3 г/см3.
Химиялық инертті, отқа төзімді. Өндірісте құрылыс материалы, химия
өнеркәсібінде сүзгі ретінде пайдаланылады.
Құм – ұсақ түйірлі борпылдақ шөгінді тау жынысы. Құрамында әр
түрлі минералдар мен тау жыныстарының түйіршіктері бар.
Құраушы бөліктерінің ірілігі әр түрлі және қуыстылығы жоғары
(20%-дан астам) болғандықтан құм су, мұнай, газ сияқты
заттарды бойына жеңіл сіңдіреді.Құм
құрамында алтын, платина, алмас, сапфир, лағыл, циркон сияқ
ты сирек минералдар көп шоғырланса, пайдалы қазынды
болып саналады.
Малта тас деп тау жыныстарының табиғат әсерлерімен бұзылуынан
құралған бос материалды айтады. Малта тас мөлшері 5 – 70 мм
домалақталған, беті тегістеу түйіршектерден тұрады. Құрамында құм,
топырақ және саз қосындылары, кейде органикалық заттар да болуы
мүмкін.Құмы көптеу болса – мұндай материалды ұсақ тасты құм аралас
немесе ұсақ тасты құм деп атайды. Малта тас құрамында сопақ және
жалпақ түйіршіктер массасы бойынша 15% артық болмауы керек.
Гравий түйіршігінің мықтылығы бетонның беріктігінен 20 – 50% жоғары
болуы керек.
Қож (Шлак) — балқыту процестерінде (мысалы, болат қорыту
кезінде) сұйық металдың бетінде көлкіп тұратын, қатайғанда тас
тектес немесе шыны тектес болатын балқыма. Шикіқұрам мен пешке
арнайы салынатын флюстердің коспасынан, сондай-ақ
металлургиялық пештердегі химиялық реакциялардың өнімдерінен,
отын күлінен тұрады. Металлургия процестерінде маңызды рөл
атқарады: астындағы металды пештегі газды ортаның зиянды
өсерінен қорғайды, қоспаларды сіңіріп алады және басқа да әр
алуан физикалық-химиялық функциялар атқарады.
Перлит (нем. perle — меруерт) — жанартаулық шыныдан тұратын қышқыл
эффузиялық тау жынысы. Хим. құрамында: SіO2 — 65 — 75%, Al2O3— 10 — 15%,
аз мөлшерде Fe2O3, CaO, MgO, SO2, т.б. қоспалар, 3 — 6%-дай байланысқан су
болады. Бітімі перлиттік, сынығы домалақ пішінді қабықшаларға, шарларға бөлінеді,
жылтырлығы эмаль, інжу,жібек, балауыз, шыны тәрізді. Түсі сұр, сарғылт, көгілдір,
меруертке ұқсас; тығызд. 1,3 — 1,6 г/см3. Перлитті 850 — 1200°С-қа дейін
қыздырғанда құрамындағы су буланып, ісінеді, қуыстар пайда болады. Көлемі 10 —
20 есе ұлғайып, кеуекті жеңіл материалға айналады. Осы қасиетіне байланысты
Перлитті бетонға жеңіл толтырмалар ретінде, отқа төзімді
цементтерге, бояуларға, пластмассаларға, асфальтқа қосады; жылу өткізбейтін
бұйымдар жасауда, химия, мұнай өңдеу, тамақ, дәрі-дәрмек, шыны өндірісінде
қолданады. Қазақстанда Семейтау аймағының қышқыл эффузияларында кездеседі.

Ұқсас жұмыстар
Бетон толтырғыштары туралы
БЕТОНДАР ЖƏНЕ БЕТОНТАНУ
Керамикалық бұйымдар
Табиғи және жасанды бетон толтырғыштары
Бетон және бетонтану
Химиялық қоспа қосылған бетондар
ТҰТАС ҚҰЙМАЛЫ БЕТОН ЖӘНЕ ТЕМІРБЕТОН
Бетон қоспасын төселген бетон
БЕТОН ЖӘНЕ ТЕМІРБЕТОН БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Бетон толтырғыштарының түрлері
Пәндер