Қиыршық тас: түрлері, техникалық талаптары және өндіру технологиясы


Slide 1

Қиыршық тас

Орындаған: Шаймарданова Асель

Тексерген: Досов Қ. Ж.

Slide 2

Қиыршық тас деп табиғи түрінде кездесетін көп қырлы ұсақталған тау жыныстарының жиынтығы.

Slide 3

Қиыршық тастар екіге бөлінеді.

кәдімгі қиыршық тас - жол құрылысында, темір жолды балластауға және (ауыр) бетон жасағанда қолданылатын ірілігі 5тен 10 мм-ге дейінгі ұсатылған табиғи тастар мен металлургиялық қоқыс

жеңіл қиыршық тас - жеңіл бетон жасауға қолданылатын ұсатылған кеуек тау жыныстары мен отын қоқыстары

Slide 4

Қиыршық тасты тау жыныстарын ұсақтау арқылы алады. Бұл жоғары берікті бетондарға арналған сапалы ірі толтырғыш. Қиыршық тас алу үшін негізгі шикізат негізінен атқылаған жыныстар-гранит, габбро, диабаз, базальт және карбонатты шөгінді жыныстар- әктас және доломит болып табылады.

Slide 5

Техникалық талаптар. Түйір пішініне байланысты қиыршық тас 3 топқа бөлінеді: кәдімгі, жалпақ түйірлер және ине тәрізділердің болуы масса бойынша 35 % -ға дейін рұхсат етіледі; жақсартылған- 25 % артық емес; кубтәрізді- 15 % көп емес. Арнайы бетондардың кейбір түрлерін, мысалы, қысымды құбырларға арналған бетондар үшін тек куб тәрізді қиыршық тастар қолданылуы тиіс. Қиыршық тастың беріктігі бастапқы тау жынысының сумен қаныққан күйдегі беріктік шегіне сәйкес келетін маркамен сипатталып және цилиндрде жаншу кезіндегі ұсақталу көрсеткіші бойынша жанама түрде анықталады.

Slide 6

Қиыршық тас өндірісі келесі технологиялық процестерді қамтиды: тасты қазу, ұсақтау және сорттау (електеу) . Тасты қазуды негізінде карьерлерде жүргізеді. Тау жыныстарын қазу аршу жұмыстарымен, яғни өсімдік қабаты мен құмды-сазды жыныстарды алып тастау жұмыстарымен қатар жүреді. Аршу жұмыс құрамына жоғары (зонасындағы) қабаттағы (желденген зонасы) жарамсыз тасты алып тастау жұмыстары кіреді. Бұл жұмыстарды жару атылдыру әдісімен тастарды үйіндіге тасымалдаумен орындайды.

Slide 7

Тас массивін аршып және арнайы бұрғылау машинамен дайындап болғаннан соң массивте уступ бойымен бір қатарда немесе 4 . . . 7 м сайын шахматтық 2-3 қатарда диаметрі 250мм-ге дейін 10 . . . 20м тереңдікте скважина (ұңғыма) қазып, жарылғыш заттарды (аммонит, тротил және т. б. ) орналастырады және бірмезгілде жаппай жарылу жасайды (алдын ала қауіпті аймақтан адамдар мен техниканы аластату керек) . Жарылу нәтижесінде уступ әр түрлі іріліктегі жарылған тастармен және глыбалармен толады. Ірі үйінділер (глыбаларды) (габаритті емес) екінші қайтара шпурлы зарядпен жарып, одан кейін опырылған тастарды сыйымдылығы 2 . . . 4 м3 ожаулы қуатты экскаваторлармен өңдейді.

Slide 8

Өңделген тастарды экскаватормен көлікке тиеп, ұсақтағыш-сорттайтын зауытқа жеткізеді. Ұсақтағыш сорттайтын зауыттағы негізгі құрал-жабдықтар - ұсақтағыш және тас електер, сонымен қатар ленталы конвейер, қоректендіргіштер, транспортерлер болып табылады. Көбінесе вибрациялы және гирационды електерді пайдаланады. Ірі тастар үшін қозғалмайтын колосникті електерді пайдаланады.


Ұқсас жұмыстар
Қиыршық тас пен шағалды өндіру технологиясы мен техникалық талаптары
Макарон өнімдерін өндіру технологиясы мен сапа талаптары
Ірімшік түрлері және өндіру технологиясы
Техникалық керамика: қасиеттері, қолданылуы және аглопорит өндіру технологиясы
Тағамдық майлар мен сары майдың өндіру технологиясы, түрлері, сапа талаптары және орау-сақтау
Ирис (тоффи) кәмпиттерін өндіру технологиясы, жіктелуі және сапа талаптары
Жай ұн алу технологиясы және техникалық талаптары
Қымыз өндіру технологиясы, биохимиялық құрамы және сапа мен санитарлық талаптары
Тас қалаудың түрлері мен кірпіш төсеу әдістерінің технологиясы және ережелері
Сүт өндіру кәсіпорындарының санитарлық-гигиеналық зерттеу әдістері мен санитарлық-техникалық талаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz