Органикалық химия


Slide 1

Органикалық химия

Орындаған: Шаймарданова Асель

Тексерген: Азгалиева Г. С.

Slide 2

Органикалық химияның жеке ғылым ретінде бөлінуінің басты себебі, органикалық заттардың бәрінің құрамына көміртек атомы кіреді және олардың саны өте көп, түрлері әр алуан. Тағы бір себеп - органикалық заттардың бейорганикалық заттармен салыстырғандағы қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты. Үшінші себеп - адамдардың тіршілігі мен іс-әрекетінде органикалық қосылыстардың маңызы зор. Сонымен қатар органикалық заттар биологиялық жағынан маңызды. Тірі организмдерде жүретін процестер органикалық заттардың қатысында өтеді. Биологиялық процестердің жүруін реттеп, катализдеп отыратын гормондар, витаминдер, ферменттер - органикалық қосылыстар. Ішетін тағамымыз, негізінен, органикалық заттар. Киетін киіміміз, жағатын отынымыз да органикалық заттардан тұрады. Дәрі-дәрмектер мен жуғыш заттар, қағаз бен бояулар, синтездік каучук пен резеңке, желім мен лак, жарылғыш заттар мен органикалық тыңайтқыштар, т. б. органикалық заттарға жатады.

Slide 3

XIX ғасырдың басында пайда болды. Швед ғалымы Й. Берцелиус 1808 жылы тірі организмнен алынатын заттарды "органикалықк заттар" деп, ал оларды зерттейтін ғылымды "органикалық химия" деп атауды ұсынды. Бірақ ол органикалық заттар ерекше "тіршілік күшінің" әсерінен тірі организмдерде ғана пайда болады деп есептеді. Мұндай ғалымдардың түсініктері виталистік көзқарас болды.

Кейіннен органикалық заттар жасанды жолмен алына бастады. Неміс ғалымы Ф. Велер 1828 жылы бейорганикалық зат - аммоний цианатынан мочевинаны (несепнәр) синтездеді. Сол сияқты орыс ғалымы Н. Зинин анилинді (1842 жылы), неміс ғалымы Г. Кольбе сірке қышқылын (1845 жылы), француз ғалымы М. Бертло майды (1854 жылы), орыс ғалымы А. Бутлеров қантты заттарды (1861 жылы) синтездеп алды. Осылай органикалық заттарды да бейорганикалық заттар сияқты лабораторияда алуға болатыны дәлелденді.

Slide 4

Органикалық қосылыстар

Алифатты

Циклді

Қаныққан

Қанықпаған

Карбоциклді

Циклді

Slide 5

Көміртек атомдарының арасында дара

байланыстар болса, органикалық қосылыстар қаныққан деп аталады.

Ал қосылыстарда қос немесе үш байланыс болса, оларды қанықпаған деп атады.

Slide 6

Циклды немесе тұйық тізбекті қосылыстардың тізбектері тек көміртек атомдарынан құралса карбоциклды деп аталады.

Көміртек атомдарымен бірге циклда басқа элементтердің де (оттегі, азот, күкірт және т. б) болса гетероциклды деп аталады.

Slide 7

Корбоциклды:

-C-

C=

=C

C=

=C

циклопентан

С

С

С

С

С

С

циклогексан

С

С

С

С

С

С

С

С

С

Нафталтн

Slide 8

Гетероциклды:

С

S

С

С

С

тиофен

С

N

С

С

С

пиролидин

О

С

С

этиленоксид

Slide 9

Қосылыстарда бір функцияналдық топ болса, оны монофункциялық (сірке

қышқылы), бір түрлі бірнеше функциялық топтары барлары

полифункциялық (қымыздық қышқылы), әртүрлі функциялық топтары

болса, гетерофункциялық (амин қышқылы) деп атайды.

CHз-COOH HOOC-COOH NH2-COOH

сірке қышқылы қымыздық қышқылы амин қышқылы

Slide 10

Бір класқа кіретін қосылыстардың құрылымы, физикалық және химиялық қасиеттері ұқсас келеді. Ал оларды бір-бірінен ажыратып тұратын -CH2- тобының кез-келген саны болуы мүмкін. Заттардың осындай қатарын гомологтық қатар, ал бұл қатардағы заттарды бір-бірінен ажыратып тұратын -CH2- тобын гомолог айырымы деп атайды.

Slide 11

СН4 метан

С2H6 этан

C3H8 пропан

C4H10 бутан

C5H12 пентан

C6H14 гексан

C7H16 гептан

C8H18 октан

C9H20 нонан

C10H22 декан

Гомологтар - құрылысы мен қасиеті ұқсас, бір немесе

бірнеше СH2. тобына айырмасы бар жалпы формуласы

бірдей заттар

Slide 12

Органикалық қосылыстардың изомериясы

Органикалық қосылыстардың физикалық және химиялық қасиеттері, олардың молекулаларының құрвмы кеңістік және электрондық құрылысы арқылы анықталады. Осыған байланысты органикалық қосылыстардың құрылысы мен қасиеттерін түсіндіру үшін изомерлер және изомерия деген түсініктер қолданылады.

Slide 13

Изомерлер деп сапалық және сандық құрамдары мен молекулалық массалары бірдей, бірақ құрылыстары әртүрлі, соған сәйкес қасиеттері әртүрлі заттарды айтады.

Изомерия дегеніміз бірдей химиялық құрамы бар заттардың құрылыстардың өзгешелігіне байланысты физикалық және химиялыққасиеттері басқа болатынын сипаттайтын химиялық құбылыс.

Изомерия

Құрылымдық

Стереоизомерия


Ұқсас жұмыстар
Изомерлері мен атаулары
Алкалоидтар туралы түсінік, алкалоидтардың жіктелуі
Органикалық қосылыстардың жіктелуі
Азо - диазоқосылыстар. Медициналық тәжірибедегі маңызы
Химиялық технология ғылымы
Химиялық әдістер
Жоғары пәрменді сұйық хроматографиясы
АЗО-ДИАЗОҚОСЫЛЫСТАР. Медициналық тәжірибедегі маңызы туралы
МОНОФУНКЦИОНАЛДЫ ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ НОМЕНКЛАТУРАСЫ ЖӘНЕ ИЗОМЕРИЯСЫ
Химия пәні бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындау жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz