Акустикалық (дыбыс жұтқыш жəне дыбыс өткізбейтін) материалдар




Презентация қосу
Акустикалық
Акустикалық (дыбыс
(дыбыс
жұтқыш
жұтқыш жəне
жəне дыбыс
дыбыс
өткізбейтін)
өткізбейтін)
материалдар
материалдар
Орындаған: Шаймарданова
Асель
Тексерген: Шинтемиров Б. К
Шу – денсаулыққа зиян, ол нормадан жоғары болса, адамның
психикасын нашарлатып, өндіріс өнімін төмендетеді (шу 1
децибелге көбейсе, өнім 1% - ке азаяды). Децибел (дб) шегі
өндірістік ғимараттарда – 80-85, əкімшілік ғимараттарда – 38-
71 ауруханаларда – 13-51, түрғын үйлерде – 40-60 дб болуы
қажет.
Түрғын үйлер мен ғимараттар, шудың қайдан пайда болғанына
байланысты қорғалынады. Егер шу музыка аспаптары,
теледидар, т.б. жабдықтаржұмысынан ауада таралған дыбыс
толқындарынан пайда болса, оны – ауалық шу дейді. Үйдің,
басқа да ғимарат конструкциясын ұрғанда, мебельді
жылжытқанда, жабдық құрал дірілінен пайда болатын шуды –
ұру шуы деп атайды.
Ауаның шуға қарсы, шағылған дыбыс толқындарының
энергиясын азайту үшін, яғни үй ішіндегі шуды төмендету үшін
дыбыс жұтқыш материал қолданылады. Ұру шуына қарсы
дыбыстың шығардағы қысымын азайтуға, оның шуын əлсірететін
дыбыс өткізбейтін материалдар пайдаланылады жəне (мұндай
материалдар кейде, мысалы қабатаралық жабындықта) ауалық
шуды да төмендетеді.
Дыбыс жұтқыш материалдардың тиімдігі – олардың дыбыс
жұтқыштық коэффициенті (L) арқылы анықталады. Бұл
коэффициент, бір уақыт мөлшерінің (кеуектігі белгілі)
материалдармен жұтылған дыбыс энергиясының (Lж) материалға
түскен дыбыс энергиясы (Lt) қатынасына тең, яғни:

L = Lж / Lt.

Дыбыс жұтқыштық коэффициентінің мөлшері – материалдардың
кеуектігіне байланысты . Материалдардың дыбысжұтқыш қабілеті
онда қатынасты саңылаулармен саны көбейген сайын, өседі. Бұл
көрсеткіш дыбыс толқынының мынандай үш жиілігіне байланысты
анықталынады: төмен жиілік – 100-250 Гц, орта жиілік – 315-1000
Гц жəне жоғары жиілік – 1250-5000 Гц. Егер дыбыс орта жиілік
аралығында (315-1000 Гц) анықталған материалдың дыбыс
жұтқыштық коэфициенті 0,2-ден көп болса, ол дыбыс жұтқыш
материалдарға жатады.
Дыбыс жұтқыш материалдар ретінде –
бейорганикалық жəне органикалық талшық
құрылымды минерал мақталы жəне ағаш талшықты
плиталар (тақталар) маттар, рулондар, акустикалық
фибролит (маркалары Ф-400 жəне Ф-300,
қалыңдығы 30 мм), тесіктелінген асбестцемент
тақталар мен кеуекті толтырғыштары (перлит,
вермикулит т.б.) бар құрылыс ерітінділері
қолданылады.
Акмигран – түйірленген
мин (мысалы, шыны)
мақтамен крахмал (10-12%)
- бентонитті (10-15%)
байланыстырғыш зат
араласпасынан жасалған
плиткалар. Олардың дыбыс
толқыны орта жəне
жоғары жиіліктерде
анықталған. Дыбыс
жұтқыш коэффициенті –
0,8-0,9, яғни өте жоғары,
ал акмигран– дыбысты
жақсы жұтады.
Қазіргі кезде акмигран орнына шыны талшықтарымен
арматураланған, қалықтығына тесіктелінген гипсті акустикалық
плиталар өндіріледі. Олар ылғалдылығы 75%-тен аспайтын
көпшілік жəне əкімшілік ғимараттардың ішкі төбесіне
орналастырылады. Ол үшін плиталардың шеттерін ойпаттау етіп
жасайды, оларды ойпаттары мен профильді металға кигізіп,
онан соң конструкцияны ішкі төбеге бекітеді.
Дыбыс өткізбейтін
материалдар қабатаралық
жабынға, бөлмеаралақ жəне
сыртқы қабырғаларға төсем
ретінде қолданады. Кұрылыс
конструкцияларында олар
сығылған күйінде (мысалы,
қабатаралық жабынды
изоляцияланғанда) болуы
мүмкін. Төсемдік
материалдың түскен күш
əсерінен болатын
салыстырмалы
сығылғыштығы (e), %, оның
деформациялық қасиетін
сипаттайды.
Дыбыс өткізбейтін материалдарға – едендердің жұмсақ төсемдері,
мысалы линолеум жатады. Оған қалыңдығы 80 жəне 15-40 мм маттар
мен тақталар, тығыздығы 150-250 кг/м3 ағаш талшықты тақталар
серпімділік модулі аз, өте кеуекті, саңылаулары түгел қатынасты
резеңке жəне иілімді полимерлерден жасалған материалдар жатады.
Дыбыс өткізбеу үшін қабырғаның, бөлмеаралық қабырға мен
қабатаралық жабынның түйіскен жеріне төсемелер қойған
жөн, басқа да конструктивтік əдістерді, мысалы полимер
сіңірілген мин немесе шыны талшықты материалдан жасалған
серпімді қабаты бар "қалқығыш" еден құру пайдаланады.

Ұқсас жұмыстар
Полимерлі материалдар мен бұйымдар. Акустикалық материалдар
Сыртқы пішініне қарай жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдар
Дыбысты оқшаулау
Дыбыс жазу студиясын ашу
ӨНДІРІСТІК ШУДАН ҚОРҒАНУ
Шудың адам ағзасына әсері
КӨБІК ШЫНЫ
Дыбыстың таралу жылдамдығы
Миссионерлік бағыттағы қазақ фонетикасының зерттелуі
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқыту
Пәндер