Электрокардиография және фонокардиография




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы
университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Электрокардиография және
фонокардиография

.
Тексерген: Билялов Е.Е.
Семей қаласы
2018 жыл
ЖОСПАРЫ:
Электрокардиография
ЭКГ-ның клиникадағы маңыздылығы
ЭКГ-ның өзгерістері
ЭКГ-ның қолданылуы
Фонокардиография
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ЭЛЕКТРОКАРДИОГРАФИЯ
ЭКГ дегеніміз жүрек бұлшық
етінде түзілетін биоэлектрлік
көріністердің графикалық тіркеу
әдісі. Жүректің жиырылу кезінде
оның қозуы пайда болады, сол
кезде жүректің бұлшық ет
клеткалары, олардың
мембраналарының физикалық-
химиялық құбылыстары
байқалады. Бұл кезде клетка
аралық және клетка ішілік
сұйықтықтың иондық құрамы
өзгереді де, ол электрлік тоқтың
пайда болуына әкеліп соғады.
ЭКГ-НЫҢ КЛИНИКАДАҒЫ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Бұл тәсіл жүрек қан тамыр жүйесін
зерттеудегі қосымша тәсілдердің ішіндегі
басты орын алады. ЭКГ жүрек
ырғақтылығының бұзылыстарын анықтауда,
жүрек және қан айналымының бұзылыстарын
анықтауда, жүрек тәж қан айналымының
бұзылыстарының диагностикасына үлкен
көмек жасайды. ЭКГ жұректің бөлек
қуыстарының кеңеюін көрсетеді. Миокард
гипертрофиясы және жүрекше қуысының
кеңеюіне байланысты болатын жүрекшенің
үлкеюі кезінде Р сермесінің ұзақтығы да
артады. Р сермесінің амплитудасы
жоғарылайды, себебі миокардтың қозуы
кезінде жоғары потенциал туады. Егер
миокардта дистрофиялық немесе
склеротикалық өзгерістер дамыса, Р
сермесінің пішіні һзгереді, ол серме
жарықшақтанған екі фазалы болып тіркеледі
ЭКГ-НІҢ ӨЗЕРІСТЕРІ:
1) Электр осінің орналасуы өзгереді; сол қарыншаның қалыңдауында
жүрек осі солға , оң қарыншаның қалыңдауында - оңға ауысады;
2) Қарынша комплексінің амплитудасы жоғарылайды және оның ұзақтығы
ұзарады, яғни қарыншалардың қозу уақыты көбейеді;
3) Миокардтың қайта қалпына келу үдерісі бұзылады, бұл ЭКГ-де
қарыншалық косплексінің соңғы аяқ бөлігінің өзгеруімен көрінеді – S-T
аралығы орын ауыстырып, T сермесі өзгереді;
4) Сол жақ қарыншаның қалыңдауында, оң жақ кеуде шықпаларындағы R
– сермелерінің амплитудасы жоғарылайды, оң жақ қарыншаның
қалыңдауында, S және R сермелерінің ара қатынасы осының алдыңғы
сипатталғаннан кері, яғни оң жақ шықпаларындағы биік R сермесі , ал сол
жақта терең S сермесі пайда болады.
ЭКГ-НІҢ СХЕМАСЫ:
1-зерттелінетін жануар;
2-жүрек тогы қойылымдардың ауыстарғышы;
3-күшейткіш;
4-электр батареясы;
5-гальванометр;
6-айна;
7-сәуле көзі;
8-лентаны жіберіп туратын механизм;
9-бақылау терезесі;
10-уақытты белгілегіш;
11-электр кернеуді бақылау механизмі.
ЭКГ-НЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ:
ЭКГ жазу үшін жануардың екі алдыңғы және артқы
сол аяқтарына 5% ас тұзы ерітіндісіне малынған
дәкені орап, оның үстіне қалайы пластинкадан
жасалған элекродтарды бекітіп ЭКГ-ға кабель арқылы
жалғайды. Электродтарды жануар аяқтарына резеңке
арқылы бекітеді. ЭКГ-ны тұрған малда өткізеді.
Стандартты қойылымдар 2-полюсті шығаруларға
жатады.Электрокардиограмманы жазған кезде әр
қойылымнан 6-8 жүректің жиырылуын түсіру қажет.
ТӘЖІРИБЕДЕ ДЕНЕДЕН 3
СТАНДАРТТЫ ҚОЙЫЛЫМ (ТОК
ТАРТУ ЖОЛДАРЫН)
ҚОЛДАНАДЫ:
Алдыңғы оң және сол аяқтың
сирағынан (жүрек құлақшаларының
қозу биотоктарын тіркеу)
Алдыңғы оң және артқы сол аяқтың
сирағынан (жүректің оң және сол
қарыншаларының қозу салдарынан
келетін биотоктарды тіркеу)
Алдыңғы сол және артқы сол
аяқтың сирағынан (жүректің сол
қарыншасының биотоктарын
тіркеу)
ЭЛЕКТРОКАРДИОГРАММАН
ЫҢ 3 КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ
СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП
ТАЛҚЫЛАУ ЖАСАЙДЫ
Тістердің биіктігі (мм);
Изопотенциалды сызықтан
тістердің бағыттары (оң
жоғары, теріс- төмен);
Арақашықтықтарының
ұзақтығы (сек).
ЭЛЕКТРОКАРДИОГРАММАДА
II КЕЗЕҢ БОЛАДЫ:
I – СИСТОЛАЛЫҚ кезеңде Р тісінің алдынан Т тісіне дейін
орналасады;
II- ДИАСТОЛАЛЫҚ кезеңде Т тісінің соңынан келесі Р тісіне
дейін
ФОНОКАРДИОГРАФИЯ
Фонография – жүрек соғуын кардиофонографпен жазып алу. Дыбыс
жазу- сақтау және керек уақытында қайта жаңғырту мақсатымен дыбыс
толқынын тасымалдаушы материалға түсіру. Дыбыс жазу үшін
микрофон, электр тербелістерін күшейткіш, дыбыс жазылатын
материалға әрекет етуші құрылғы,дыбыс жазылатын материал
қолданылады. Дыбыс жазудың механикалық, магниттік, фотосуреттік
түрлері және монофониялық, стерефониялық және квадрафониялық
әдістері бар.
Магнитофон арқылы стереожазуды
орындау үшін әрбір дыбыс көзінің маңына
жеке микрофондар орнатып, олар арқылы
дыбысты екі жолға синхронды түрде
жазады.Қайта жаңғыртқанда да синхронды
түрде жаңғыртады.
Квадрафониялық жазуда дыбыс 4 жолға
жазылады.Бұл әдіс ЭКГ және аускультация
арқылы алынған нәтижелерді толықтырады.
Фонокардиография жүрек ақауларын
ажырату үшін өте маңызды
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі кезде арнайы құралдар электронды
күшйткіштері мен осцилографтары бар
электрокадиографтар мен
фонокардиографтар қолданылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу
құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н.
Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.
Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және
емдеу техникалары / Қожанов,
Интернет желісі.

Ұқсас жұмыстар
Электрокардиография және фонокардиография туралы
Жүректің бəсең атимпаниялық дыбысы журектің өкпелер жауып тұратын жерін перкуссиялағанда шығатын дыбыс
Әртүрлі мүшелердің электрлік белсенділігін зерттеу әдістері. Жүрек, орталық жүйке жүйесі, бұлшық ет электр белсенділіктері
Жүректі тыңдау
Клиникада дыбыстық зерттеу әдістері
Әртүрлі мүшелердің электрлік белсенділігін зерттеу әдістері. Жүректің, орталық нерв жүйесінің, бұлшық еттердің электрлік белсенділігі
Электрокардиография. Диагностикалық мағынасы
Клиникалық электрокардиография
Жүректің өткізгіш жүйесі
ЭКГ анализ
Пәндер