Құстардың шешек ауруы




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ
АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Құстардың шешек ауруы

ОРЫНДАҒАН: Тұрысбекова Әлфия
Тобы:ВМ-503
ЖОСПАРЫ:
1. ШЕШЕК АУРУЫ
2.ШЕШЕКТІ БАЛАУ ӘДІСТЕРІ
Шешек (Vаrіоlа, оспа) - интоксикация, безгектену, кілегей
қабықтары мен теріде бөртпелердің пайда болу белгілерімен
ерекшеленетін аса жұғымтал, жануарлар мен құсқа ортақ
вирустық ауру. Шешекпен адам да ауырады.

Шешек туралы алғашқы деректер б.д.д. 3700 ж бұрын Мысыр, Үндістан,
Қытайда белгілі болды. Европа елдеріне бұл ауру Таяу Шығыстан б.д.д.
5-7 ғасырда әкелінді. Оны жұқпалы ауру ретінде Ә.Ибн Сина тұңғыш рет
толық сипаттап, қызылшадан (корь) ажыратты. Адамда шешекті қолдан
егу ерте заманнан белгілі болса да, бұл әдіс Э.Дженнердің 1976 ж.
сиырдан адамға егу жөніндегі тәжірибесінен кейін ғана кеңінен тарап,
жалпы жұқпалы ауруларға қарсы жасанды иммундеуге түрткі болды.
Қазақстанда қойдың шешек індетін (күл) тез арада тоқтату үшін ауырған
малдан сау малға жұқтыру әдісі сол ерте заманнан-ақ қолданылып
келген. Шешекпен сүтқоректілер мен құстардың барлық түрлері дерлік
ауырады. Індеттенуді талдаған кезде вирустың қай түрінің қандай
жануарларды ауруға шалдықтыратынын ескеру қажет. Жануарлардың
кейбір түрлері сол түлікке ғана тән шешек вирусына бейім, ал кейбір
жануарларда бұл вирустың бірнеше түрлері ауру қоздырады.
Қоздырушысы. Шешек вирустары Рохviridае (ағылшынша рох-
шешек) тұқымдастығының Сһоrdорохvіrіпае тұқым тармағына жатады. Бұл
вирустар 6 туыстыққа бөлінеді. Олар: ортопоксвирустар, парапоксвирустар,
авипоксвирустар, каприпоксвирустар, лепорипоксвирустар және
суипоксвирустар. Бұлардың әрқайсысының негізгі және басқа да түрлері бар.
Ортопоксвирустардың негізгі түрі - вакцина вирусы, басқа түрлері
-тышқанның, үй қоянының, сиырдың, кемірушілердің, буйволдың, түйенің,
маймылдың шешегінің және адамның табиғи шешегінің вирустары
Авипоксвирустардың негізгі түрі - тауық шешегінің вирусы. Басқа
түрлері: торғайдың, көгершіннің, бөдененің, күркетауықтың,
сауысқанның шешек вирустары
Каприпоксвирустардың негізгі түрі - қойдың шешегінің вирусы, басқа
түрлері: ешкінің шешегінің вирусы және сиырдың нодулярлы дерматит (сүйел)
вирусы.
Лепорипоксвирустардың негізгі өкілі - үй қоянының фибромасының
вирусы, коян фибромасының вирусы, тиін фибромасының вирусы.
Ларапоксвирустардың негізгі түрі - қой мен ешкінің жұғымтал сүйелінің
(жұғымтал эктима) вирусы (Орф вирусы), басқа түрлері: сауыншылардың
сүйеліні вирусы, сиырдың пустулезді стоматитінің вирусы.
Суипоксвирустардың негізгі өкілі - шошқа шешегінің вирусы. Шешек
вирустары морфологиялық түрғыдан біркелкі. ДНҚ геномды, көлемі үлкен,
Морозов әдісімен бояғанда жай микроскоппен көрінеді. Эпителиийге әуес,
торшада қарапайым денешіктер түзеді (Пашен, Гварниели денешіктері).
КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ..

Вирус эпителитропты, ауруға тән белгілер бірнеше сатыда байқалады.
Кілегей қабықтары мен теріде алдымен 1-2 күн ішінде 1) розеолдар
(қызарған дақтар); 1-3 күн аралығында 2) папулалар (қызыл дақтардың
түйіндерге айналуы); 5-6 күнде сарысуға толған 3) күлдіреуіктер пайда
болады (бұл сатыда дененің безгектенуі бәсеңсиді); келесі 3 күн ішінде
күлдіреуіктегі сарысу іріңге айналады (визикула-пустула сатысы); 4) круст -
кепкен пустуланың орнына қабыршықтар түзіліп, эпителий қалпына
келеді. Ал өте терең жарақаттанғанда тыртық пайда болып, қабыршықтар
түседі. Шешектің мұндай сатылары адамда, сиырда, жылқыда айқын
байқалады. Ал қой мен доңызда көпшілік жағдайда визикула-папула
сатылары байқалмай, бірден қабыршықтанады. Бұл ерекшеліктер қой-
ешкі, доңыз шешегін балауды қиындатады
ЖАСЫРЫН КЕЗЕҢІ 15-20 КҮН. АУЫРҒАН ТАУЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ КҮЙІ
НАШАРЛАП, ЖЕМГЕ ҚАРАМАЙДЫ. МЕКИЕНДЕРДІҢ
ЖҰМЫРТҚАЛАУЫ КҮРТ ТӨМДЕЙДІ. АЙДАРЫ МЕН СЫРҒАСЫНДА,
ЕЗУІНДЕ, ҚАБАҒЫНДА, КЕЙДЕ БАСТЫҢ КЕЙБІР ЖЕРЛЕРІНДЕ,
МОЙЫНЫНДА, СИРАҚТАРЫНДА, КЕУДЕСІНДЕ, КЛОАКАСЫНЫҢ
ТӨҢІРЕГІНДЕ ҚЫЗҒЫЛТ ТҮСТІ ДАҚТАР ПАЙДА БОЛАДЫ. БІРАЗ
УАҚЫТТА ШЫҚКАН ШЕШЕКТІҢ БЕТІ СҰРҒЫЛТ, ҚЫЗҒЫЛТ
ҚАБЫРШАҚТАНЫП ҚАТАЯДЫ ДА, БІР-БІРІМЕН ҚОСЫЛЫП СҮЙЕЛГЕ
АЙНАЛАДЫ.ҚҰРҒАҚ ТОБАРСУЫ 2-3 АПТАҒА СОЗЫЛАДЫ. АУЫРҒАН
ТАУЫҚТАР БІР-БІНІҢ ШЕШЕК ШЫҚАН ЖЕРЛЕРІН ШОҚЫП,
ИНФЕКЦИЯНЫҢ ҚАУЫРТ ТАРАЛУЫНА ӘСЕР ЕТЕДІ.
ДИФТЕРИЯЛЫҚ ТҮРІ КЕЗІНДЕ АУЫЗДЫҢ, ТАНАУДЫҢ, КӨЗ АСТЫ
ШҰҢҚЫРЛАРЫНЫҢ КІЛЕГЕЙЛІ ҚАБЫҚТАРЫНДА ШЕШЕК ДАҚТАРЫ
ПАЙДА БОЛЫП, БІР БІРІМЕН ҚОСЫЛАДЫ ҚАБЫРШАҚҚА
АЙНАЛАДЫ. БҰЛ ҚАБЫРШАҚТАР КӨГЕРШІНДЕ СУЛАНЫП ТЕЗ
СЫДЫРЫЛАДЫ. КӨБІНЕСЕ ҚҰРҒАП, ЖАБЫСЫП ҚАЛАДЫ. ӘСІРЕСЕ,
ТІЛДІҢ АСТЫНДА ЖӘНЕ ШЕТТЕРІНДЕ, МҰРТЫНДА, КӨМЕЙДЕ
БОЛАДЫ, ТІПТІ КЕҢІРДЕККЕ ДЕЙІН ЖАЙЫЛАДЫ. КӨБІНДЕ
КӨМЕКЕЙ ЗАҚЫМДАНЫП, ҚҰСТЫҢ ДЕМІ ТАРЫЛЫП, МОЙЫНЫН
СОЗЫП, АУЫЗЫН АШЫП ДЕМ АЛАДЫ. ЖЕМ ЖЕУІ ҚИЫНДАЙДЫ.
ТҰМСЫҒЫНАН СҰРҒЫЛТ ҚОЙМАЛЖЫҢ СОРА АҒЫП, ТОБАРСЫП
КЕУІП, ТАНАУЫ БІТЕЛІП ҚАЛАДЫ.
Лабораториялық зерттеу: вирусскопиядан,
биологиялық сынама қоюдан және патологиялық
материалды арнайы торшалар өсініне немесе
тауықтың эмбрионына жұқтырудан (вирустың
түріне байланысты) тұрады.
Патологиялық материалды алу және оны зерттеу
әдістемелері. Материал алмас бұрын шешектің
әртірлі кезеңіндегі жарақаттардың (везикула
папула, пустула) беті спирттелген немесе
эфирленген дәкемен сүртіледі. Везикуланың
сұйығы, папула мен пустуланың қырындылары
Пастер түтігіне алынып, түтіктің аузы
қыздырылып дәнекерленеді. Жарақаттардан
төсеніш әйнектерге де жағынды дайындалады.
Алынған патологиялық материалдар жаз
айларында міндетті түрде мұзы бар термоспен
жіберілуі қажет.
Гистологиялық зерттеуге алынған материал ішінде 50%-
ды глицерин, 10%-ды формалин ерітінділері бар пиала
сауытқа салынып жіберіледі.
Патологиялық материалды зерттеуге дайындау тәртібі.
Материал шыны келіде келсаппен ұнтақталынады.
ұнтақтан физ. ерітіндіде 10%-ды езінді дайындалып,
центрифуганың 2500 айн/мин 10-15 минут
айналдырады. Тұнбаның бетіне түзілген мелдір сұйық
бөлініп алынып, үстіне пеницилин, стрептомицин,
нистатин қосылып шайқалып, 4°С 8-12 сағат
ұсталынады.
Биологиялық сынама вакцина егілмеген жануарлар мен
құстарға ғана қойылады. Оларға жоғарыда көрсетілген
тәртіппен дайындалған материял физиологиялық ерітіндіде
сұйытылып (1:1) әртүрлі жолмен жұқтырылады. Қой мен
ешкінің құйрығының астының тері ішіне, доңыздың бүйіріне
енгізеді. Тауық балапандарының бірнеше мамығы жұлынып,
орындары щетканың көмегімен дайындалған материалмен
ысқыланады.
Сынама 10 күн бақыланады. Материал жұқтырылған тері
аймақтарында ауруға тән жарақаттар байқалып,
вирусологиялық әдістер оң нәтиже көрсетсе лабораториялық
зерттеу доғарылып шешектің нақтылы балауы қойылады.
ТӨЗІМДІЛІГІ ОНШАМА ЖОҒАРЫ ЕМЕС. ӘЙТСЕ ДЕ,
ҚҰРҒАҚ ҚАБЫРШАҚТАРДА 1,5 ЖЫЛҒА ДЕЙІН
САҚТАЛАДЫ, МҰЗДАТУ ВИРУСТЫ КОНСЕРВІЛЕЙДІ.
ШІРІГЕН ЗАТТА ТЕЗ ӨЛЕДІ, ЖОҒАРЫ
ТЕМПЕРАТУРАҒА, КҮН СӘУЛЕСІНЕ, ҚЫШҚЫЛДАРҒА
ӨТЕ СЕЗІМТАЛ. ҚОЙДЫҢ ШЕШЕГІНІҢ
ҚОЗДЫРУШЫСЫ МАЛ ҚОРАДА 6 АЙҒА ДЕЙІН,
ЖҮНДЕ 2 АЙДАН АСТАМ САҚТАЛАДЫ. ҚАЙНАТҚАН
КЕЗДЕ БІРДЕН, 70°С-ҒА ҚЫЗДЫРҒАНДА 5 МИНУТТА,
РН 3-3,6 АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚЫШҚЫЛ ОРТАДА 1
САҒАТТА ӨЛЕДІ. БИОТЕРМИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС КӨҢДІ
28 КҮН ІШІНДЕ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРАДЫ.
Емі. Ауырған жануарларды тез арада құрғақ, жылы қоражайға
оқшаулап, кұнарлы, жеңіл қорытылатын жемшөп береді.
Суаратын суға йодты калий қосады. Қосалқы инфекциялардың
асқынбауы үшін антибиотиктер мен химио-терапевтикалық
дәрілер қолданады. Ауруы тым асқынып кеткен малды сояды.
Құстарда симптоматикалық ем шаралары қолданады.
Рационға А витаминін, каротині бар азықтар (сәбіз, балық, майы,
шөп ұны) қосады.
Қорытынды:Құс шаруашылықтарында шешекке
диагноз қойылған жағдайда ауырған кұстарды сойып,
етін қайнатып содан соң пайдаланады. Барлық жастағы
құстарды әкетуге тиым салынады. Сау емес
шаруашылықтың жұмыртқасын тек қана азық-түлікке
жаратуға рұқсат етіледі. Егер шешек жаппай етек
алатындай болса, барлық құсты сойған жөн.

Пайданылған әдебиеттер тізімі
1.Сайдолдаұлы Т. « Індеттану» Алматы,1993ж. (230-234б).
2.Сайдулдин Т. «Ветеринариялық індеттану» Алматы,
І999ж.(115-117б).
3.Қасымов Е. «Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы
ауруларды балау және күресу шаралары» Алматы 1992ж.
(200-205б).
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Жануарлар арасындағы ауру әлемнің көптеген елдерінде, оның ауруы
Жабайы, кәсіби құс еттерін ВСС
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық және инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Құс шаруашылығы
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау. Құс шаруашылығы өнімдерін инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Шешекті балау
Вирустың жұғу жолдары
Шортан обасы және Тұқы балықтарының шешек ауруы
Жануарлар мен адамның вирустық инфекциялары: СПИД, құтырық, тұмау, шешек, вирустық гепатит және Эбола қызбасы
Вирустардың адам дертіндегі орны
Пәндер