Терісі бағалы аңдарды күтіп-бағу




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және
Ғылым Министрлігі
Семей Қаласы Шәкәрім
атындағы мемлекеттік университеті

Терісі бағалы аңдарды күтіп-бағу
Жоспары
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
1.1 Терісі бағалы аңдар туралы жалпы түсінік
1.2 Терісі бағалы аңдарды ұстау гигиенасы
1.3 Терісі бағалы аңдарды бағу әдістері
1.4Терісі бағалы аңдарды азықтандыру гигиенасы
1.5Терісі бағалы аңдарды өсіру гигиенасы
1.6Терісі бағалы аңдардың терісін күту гигиенасы
1.7Терісі бағалы аңдарды тасымалдағанда
қойылатын гигиеналық талаптар
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
• Терісі бағалы аңдардың көп түрлері шет мемлекеттерден
әкелініп, осы біздің елімізге жерсіңдірілген.Кейбір түрлері
қолайсыз климатка бейімделе алмады, сол үшін оларды тек жеке
кәсіп орындарда арнайы дайындалған қора жайларда ғана
кездестіруге болды.Терісі бағалы аңдарды асыраудың негізгі
міндеттері олардың қалыңда көркем бағалы терісін өндіру үшін
асырайды.Олардың терісін өндірісте пайдаланып ,қымбат киім
ретінде пайдаланып шығарады, ал елтірісінің өзі де жеуге
жарамды болады.
Терісі бағалы аңдардың түрлері
• Терісі бағалы аңдардың бірнеше түрлері бар: Ондатр,
саз кәмшаттары , күзен , құндыз, бұлғын, түлкі.
• Жоғары сапалы тері алу және дені сау аңдарды өсіру
үшін аңдардың биологиялық циклын және организмнің
қоршаған ортамен байланысын білу керек. Осы аталған
жағдайларды ескерген кезде ғана мал шаруашылығының
бұл бағытын жақсы өркендетуге болады.
• Аңдарды бағудың тәсілі бар: торлы , жартылай еркін
және еркін.
Аңдарды сапасы жоғары азықтармен
азықтандыру
• Аңдарды тек сапасы жоғары
азықтармен азықтандыру- аурулардың
алдын алу кепілі. Ашыған азықтармен
азықтандыруға жол берілмеуі керек. Ал
тез ашитын азықтарды мырыш
жалатылған ыдыста сақтауға болмайды,
жануарлардың улануына соқтыруы
мүмкін , себебі қышқыл ортада цинк
тез еріп малды уландырады. Жаз
кезінде азық науалары өте таза болуы
керек .
• Саз кәмшаттарын, бұлғындарды,
түлкілерді, поляр түлкілерін суық кезде
азықтандыру үшін азықтарды
науаларға, ал жылы кезеңдерде
торлардың торлы төбелеріне салады.
Ондатр-Ondatra zibethicus
Ондатр- кеміргіштер одрядына жататын бағалы аңдар.
Дене тұрқы 35см-дей , құрығының ұзындығы 25см-дей,
салмағы 0,5 кг-дай. Құрлықтада, судада тіршілік етеді.
Мойыны қысқа, артқы аяқтарында жүзу жарғақтары
бар.Құйрығы ұзын жүзген кезде денесін бағыттап
отырады. Түгі қалыңда тығыз, қоңыр кейде қара түсті.
Ұйығу кезінде аталықтарының шап безінен муксис заты
бөлінеді.
Саз кәмшаттары-Mycoastor coypus
Cаз кәмшаттары-өзі аттас
тұқымдастарына жататын
кеміргіштер.Негізгі мекені
Оңтүстік Американың тропиктік
және субтропиктік
аймағы.Өзендердің жағалаулары
мен батпақты жерлерде тіршілік
етеді. Дене тұрқы 60см,
құйрығының ұзындығы 45см ,
салмағы 8 кг. Артқы аяқтарының
саусақтарында жүзу
жарғақтарымен көмкерілген.Жүнің
қылшығы ұзын, қоңыр түсті.
Күзен - Mustela
• Күзен –сусар тұқымдастарының бір туысы. Қазақстанда орманды
далалармен шөлейт аймақтарда әсіресе жусанды және астық тұқымдас
өсімдіктер өскен жерде мекендейді. Күзендердің негізгі жеті түрі
белгілі: сарғыш күзен, еуропалық қара күзен, сасық күзен, аққалақ,
ақкіс, су күзені бар .Бұлар көбінесе шаршұнақтардың , қосаяқтардың,
аламандардың індерін пайдаланады, өздеріне ің қазбайды. Тұрқы 13-
53см , салмағы 0,1-2,2кг денесі ұзынша келкен. Жүні үлпілдеп,
жұмсақ,түсі алуан түрлі.
Құндыз-Lutra -lutra
• Құндыз –жыртқыштар отрядына жататын , сусар
тұқымдастар.Терісі бағалы аң Қазақстанның орманды дала
аймақтарын кәдімгі құндыз және Орта Азиядан құндызды
кездестіруге болады. Дене тұрқы 65-70см , құйрығы 41-44см,
салмағы 5 -8 кг.Құндыздың арқасымен құйрығының түсі қара
қоңыр. Бауыры ақшыл төсі сарғыш қоңыр келеді.
Саусақтарының арасы жүзу жарғақтарымен көмкерілген.
Бұлғын-Mandes zibellira
• Бұлғын-сусар тұқымдастарына жататын жыртқыш аң.
Дене тұрқы 40-55см; құйрығы 20см, салмағы 0,4-1,6кг.
Қазақстанда Алтайдың қылқын жапырықты
ормандарында кездеседі.Құлақ қалқаны жалпақ
дөңгеленген ұщы үш бұрышты.Денесіндегі жүндері
қалың қою жібектей, бұлынғыр сарғыш, қара
қоңыр,алқымында кішкене ақшыл бар.
Түлкі-Vulpes Vulpes
• Түлкі- жыртқыштар отрядының ит тұқымдасына жататын
аң. Қазақстанның барлық аймақтарында кезхдеседі.Түсі
жирен,сұрғылт сары.Құлағының сырты қара не қара
қоңыр, құйрығы ұзын, ұзындығы 60см, қысқа сирақты,
жүні тығыз әрі жұмсақ. Тұрқы 70-77 см, салмағы 40кг
дейін жетеді. Түлкілердің терісі бағалы болып саналады.
Бұлардың терісінен сырт және баскиім тігіледі.
Терісі бағалы аңдарды ұстау гигиенасы
Торлап ұстау гигиенасы
•Аңдарды өсіруде көп жағдайда тиімді әдіс болып торлы
әдіс саналады.Бұл кезде негізгі жануарлар және
олардың төлдері торларда күтіп бағылады. Бұндай
күтіп бағу кезінде жоғары сапалы өнім және мол төл
басын алуға болады.
•Шаруашылық территориясы торлы қоршаумен
қоршалып, оның төменгі жағы 30-40см төмендікте
көмілуі керек. Қоршаудың биіктігі түлкі , құндыз және
бұлғын асырайтын шаруашылықтарда 2м , ал күзендер
үшін 1,5м.Түлкілермен құндыздардың торлы
қоршаулардың үстінгі ішкі жағынан қалқан жасалады.
Жартылай еркін ұстап, күтіп бағу.
• Жартылай еркін күтіп –бағу жүйесі- бұл аралас әдіс,
яғни торлы және еркін күтіп-бағу жүйелерінен
тұрады.Андардың негізгі басын торларда ұстайды, ал
төлдерін керекті мерзімге дейін табиғи жағдайда
ұстайды.
• Терісі бағалы аңдарды бағу шаруашылықтарын құрған
кезде клиникалық жағдайларды және керекті азық
базасының бар жоғын ескеру керек.
• Мысалы құндызды күтіп бағу үшін климаты жұмсақ,
әрі жылы аумақтар керек. Сондыұтан сарай төбесін
жеңіл материалдан жасайды. Еденді асфальттайды
немесе бетондайды. Сарайдың ені 4м, ұзындығы 60м
кем болмауы керек.
Терісі бағалы аңдарды өсіру гигиенасы
• Жыртқыш терісі бағалы аңдардың биологиялық циклы
басқа шаруашылық жануарларға қарағанда неғұрлым
айқын:көбею мезгілі шектелген, күйі белгілі бір уақытта
келеді, зат алмасудың маусымдық өзгеруі байқалады. Саз
кәмшатында мұндай маусымдық биологиялық цикл жоқ.
Олар жыл бойы көбейе береді, күйлеуі ұзаққа
созылады.Алғашқы көбею кезеңі күзендерде 9 айында
басталады.Ал түлкілерде 9-11 айында , құндызда 3-
4айында басталады.Ересек ұрғашылар сүттеу кезеңінен
кейін азфп кетеді. Сондықтан оларға құндылығы жоғары
азық береді.Ұрғашылардың буаздық кезеңіде толық ,
сапалы қоректенуді қажет етеді
Қорытынды
• Қазақстанда терісі бағалы аңдарды өсірудің негізгі міндеттері
олардың өндісіте пайдаланылатын қымбат терісі үшін және
елтірісі үшін оларды бағады. Негізінен олардың кебісін шет
елдерден алып келіп жерсіңдірген, ал кейбір түрлері біздің
климатқа бейімделе алмаған. Терісі бағалы аңдардың бірнеше
түрлері бар: Ондатр, саз кәмшаттары , күзен , құндыз, бұлғын,
түлкі.
• Жоғары сапалы тері алу және дені сау аңдарды өсіру үшін
аңдардың биологиялық циклын және организмнің қоршаған
ортамен байланысын білу керек. Осы аталған жағдайларды
ескерген кезде ғана мал шаруашылығының бұл бағытын жақсы
өркендетуге болады.
• Аңдарды бағудың тәсілі бар: торлы , жартылай еркін және еркін
Пайдаланылған
әдебиеттер:
М.С .Садуақасов «Ауыл шаруашылық малдары
мен құстардың гигиенасы»
Ж.Өтесінов ,Б. Оразалиев «Зоогигиена және
санитариялық талаптар»

Ұқсас жұмыстар
Бағалы аң терісінің ақаулары
Қояндарды ұстау
Қоян және терісі бағалы аңдар
Терісі бағалы аңдарды азықтандыру
Терісі бағалы аңдар гигиенасы
Терісі бағалы аңдарды жобалаудың санитарлық - гигиеналық нормалары
ҚОЯН ГИГИЕНАСЫ
Қояндардың ұстау жүйелері
Бағалы терілі аңдар гигиенасы
ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ
Пәндер