ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНІҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ, ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ДҮНИЕТАНЫМ- ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ




Презентация қосу
ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНІҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН
ӘДІСТЕРІ, ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМИ ДҮНИЕТАНЫМ- ТҰЛҒАНЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ

Дайындаған: Нарзуллаева. Э
Қабылдаған:Мелдебекова. Ү
Тобы: ППП-711
Жоспар
І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

1. Тәрбиенің құралдары туралы түсінік.

2. Тәрбиенің әдістері мен формалары.

3. Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері:
3.1.Темперамент
3.2.Мінез
3.3.Қабілет
3.4.Талант
ІІІ.Қортынды

ІV.Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі, қазіргі педагогика
және психология ғылымында тәрбиенің
маңызы мен орнын үлкен. ең алғаш білім
беру үшін бала тәрбиесін бағалау қажет.
Тақырыптың өзектілігін ескере келе, негізгі
мақсат етіп тәрбиенін құралдары түралы
сипаттама беру . Тәрбиенің әдістері мен
формаларына анықтама беру. Жеке
тұлғаның өзіндік ерекшеліктері:
темперамент, мінез, қабілет,таланттың
маңызы мен ерекшелігіне сипаттама беру.
Тәрбиенің құралдары туралы
түсінік.
Мектеп пен жанұяның педагогикалық
процесінде оқушылардың жеке тұлғасын
қалыптастыру жүзеге асады.
Педагогикалық процесті сауатты
ұйымдастыру үшін мұғалім оның
теориялық негіздерін түсініп, оның
мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын,
Құралдары формалар мен әдістер
педагогикалық процеске қатысушылардың
іс-әрекетінің қозғаушы күші болып
табылады, соның арқасында жеке
тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н. Д.
Тәрбиенің формалары мен әдістері.
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары
әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.
Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге
бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-
әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәсілдері
мен нақты әрекеттері, оқушылардың белсенді іс-әрекетінің
ынталануы тәрбие мақсатына бағытталуы керек. Тәсіл деген
де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі.
Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады. Формалар,
әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық
процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар
бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, әдістемелік
тәсілдер құралдар арқылы жүзеге асады); екіншіден,
күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір
айырмашылық жоқ.
Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері:
Темперамент ( лат. temperamentum - бөліктердің
қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-
әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке
ерекшеліктердің: психикалық процестер мен
күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының
ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз
психикалық процестердің өтуінің динамикалық
ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың
күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен
өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы.
Темперамент 4 түрге бөлінеді:
Холерик (гр. холе — өт) — темпераменттің типі
(Мінезді, қызу мінезді, жігерлі адам). Холериктің
эмоцияға берілуі шапшаң. Сезім күйлері оқыс
ауытқып, құмарта көтеріліп кететін шыдамсыз,
күйгелек кісі. Әп-сәтте қызып кетіп, күйіп-піседі.
Ашуланса, бұрқ етіп, қызу екпіні сарқылып барып
басылады, бастан кешкен сезімі санасында терең
із қалдырады, қимыл-қозғалысы шапшаң.
Икемсіз оқыс қылықтарына қарамастан, қызулы,
жігерлі, пысық және іс-әрекет атқаруға бейімді
келеді. Жұмысқа құмарта беріліп, екпінмен
істеуші, анық, әсерлі, мәнерлі сөйлейді. Сезім
күйлері сөзінен, мимика, пантомимикасынан
білініп тұрады. Холерик белсенді, батыл келеді,
іске шапшаң кіріседі, бастаған іс-әрекетін аяқтап
шығады, көп адам қатысқан ойындарға құмар.
Өзі де ұйымдастырып, аяғына дейін белсене
қатысады, шыдамсыз, күйгелек, лезде
өкпелейді, әп-сәтте ашуланады және ашуын ұзақ
сақтайды.
Флегматик (грек. φλέγμα, флегма, лимфа)
Флегматик темпераменті сезімнің болымсыз
білінуімен сипатталады; флегматикті өзі үшін
байсалды кәдуілгі күйде шығарып әкету оңайға
түспейді; ол жүріс-тұрысы мен сөзінде сылбыр,
оның мимикасы онша айқын емес, қимылдары
сараң. Флегматик эмоциялық қозуы әлсіз болады,
қызуланып желікпейді, елеуреп ашуланбаqды,
көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ
сақталады, баяу өзгереді, жарқырап қуануы да,
жабырқап қайғыруы да қиын, аз қозғалады,
сылбыр, керенау қимылдайды, сезім күйлерін, дене
қимылдарын білдіріп тұрмайды, мимикасы, өзге
қимылдары мәнерсіз. Бірсарынды монотонды
сөйлейді. Кісімен араласып жақындасуда
мардымсыз, іске ырғалып-жырғалып барып кіріседі.
Іс-әрекетін байсалды, тиянақты орындайды,
бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап шығады.
Сангвиник (лат. sanguinis — қан) —
оптимист адамды белгілеу үшін
қолданылатын термин. Сангвиник типті
адамның эмоциялық қозуы шапшаң, күшті
болады, бірақ көп тұрақтамайды. Көңіл-
күйі әп-сәтте өзгереді. Сангвиник —
әсершіл адам. Ұнатқан, сүйсінген нәрсесіне
елігіп әуестенуі де оңай, жеңсігінің
басылуы да жылдам. Төңірегіндегі
оқиғаларға, нәрсенің мән-жайына елең
етіп, көңілденіп, басқа әсерге ауысып кетуі
де тез. Көңілі көтеріңкі келеді. Ұзақ уақыт
мұңайып жүрмейді. Бастан кешкен сезім
күйлері санасында елеулі із қалдырмайды.
Шапшаң да икемді, қозғалғыш та қызу, еті
тірі, сергек келеді.
Меланхолик (грек. μέλαινα χολή-қара өт) —
адамдарға тән төрт темпераменттің бірі.
Меланхолик сәл нәрсеге сезімтал, тұйық, сөзге
сараң, жайбасар адамға қатысты айтылады.
Мұндай адам жүйке жүйесі әлсіз типке жатады.
Өйткені оның қозу, тежелу жүйке процестері
өте баяулығымен ерекшеленеді. Не нәрсе болса
да ішінде сақтайды. Меланхоликтің де
жағымды және жағымсыз жақтары болады.
Егер де меланхолик — темпераментті адам
дұрыс тәлім-тәрбие алмаса, ондай адам өзінен-
өзі тұйықталып, жұрттан өзін оқшау ұстауы
мүмкін. Адамда болатын темпераменттердің
қай-қайсысы да жүйке жүйесінің туа біткен
қасиеттерінен туындайтын, адамның тұқым
қуалайтын, жеке дара қасиеті болып саналады.
Талант
Талант (гр. talanton — бастапқыда салмақ, өлшем,
кейіннен ауыспалы мағынада — қабілеттер деңгейі)
— қабілеттердің ең алдымен, арнайы қабілеттердің
дамуының биік деңгейі. Таланттың болуы туралы
адам қарекетінің принципті жаңалығымен,
бірегейлігімен ерекшеленуге тиіс нәтижелеріне
қарап айтуға болады. Адамның таланты айқын
қажетсінушілік пен шығармашылыққа бағытталып,
әрқашан белгілі бір қоғамдық талап-тілектерді
бейнелейді. Осы себепті адамның талантының
дамуында оның дүниетанымы, қоғамдық позициясы
орасан зор рөл атқарады.
Дарындылық
Дарындылық — адамның
белгілі бір іске деген
айрықша қабілеттілігі,
өмірдің қандай да бір
саласында өзін ерекше
қырынан көрсетуі.
Қабілет
Қабілет - тұлғаның қызмет
түрлерін атқару тәсілдерін
жетік меңгеруінен көрініс
табатын, оларды игеру
мүмкіндігін шарттастыратын,
жемісті нәтижеге қол жеткізу
мүмкіндіктерін көрсететін дара
- психологиялық ерекшелігі.
Қорытынды.
Тақырыпты зерттеу барысында қазіргі педагогика
және психология ғылымында тәрбиенің маңызы
мен орны көрсетілді. Зертту барысынада
тәрбиенің педагогика мен психологияның басқа
ғылым салаларынан ерекшелігін білдім. Алғаш
білім берубарысынад тәрбиелік мәннің орнын
бағалау қажет екенін түсіндім. Тақырыптың
өзектілігін ескере келе, негізгі мақсат етіп
алынған тәрбиенін құралдары туралы сипаттама
берілді. Тәрбиенің әдістері мен формаларына
анықтама берілді. Жеке тұлғаның өзіндік
ерекшеліктері: темперамент, мінез, қабілет,та
Пайдаланған әдебиеттер

1. Р.Қоянбаев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1991.
2. А.О.Пинт. Ата-аналар сіздер үшін. - Алматы, 1990.
3. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. -Алматы,
1994.
4. Қ.Жарыңбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі.
-Алматы, 1995.
5. Қ.Жарыңбаев, Ж.Базарбаевт.б. Инабат. - Алматы,
1995.
6. С.Қалиев, т.б. Қазақтың салт-дәстүрлері. - Алматы,
1994.
7. Наурыз. Жаңарған салт-дәстүрлер. - Алматы, 1991.

Ұқсас жұмыстар
Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі және ғылыми дүниетаным негізі
Психология пәнінің теориялық және методологиялық негізі, ғылыми негізі
Ғылыми дүниетаным оқушының интеллектуалды дамуының негізі ретінде
Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы
Тәрбие педагогикалық әрекетте
Педагогикада тәрбие әдістерінің түрлері
Дүниетаным ұғымына түсінік
Экономикалық тәрбие
Тәрбие процесі
ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
Пәндер