Қазақстан туристік-экскурсиялық басқармасының қалыптасуы мен туризм саласының дамуы (1927-2005)


Slide 1

Қазақстандық туристік-экскурсиялық басқарма

Қазақстандық туристік экскурсиялық басқарма жайлы бастамастан бұрын біз Қазақстандағы туризмнің тарихына кішігірім шолу өткізуіміз қажет.

Қазақстанда алғаш туризмдік ұйымдар, экскурсиялар, эстафеталар, турлар ХХ ғасырдың екінші ширегінен бастау алды. 1927 жылы Қазақстанда алғаш рет ресми түрде ашылған ұйымдасқан туристік ұйым Верный қаласында Ресей тау қоғамының бөлімшесі болды. Одан соң 1930 жылы Г. Белоглазов, В. Горбунов, И. Мысловскийдің Кіші Алматы шатқалын бағындырғаны туралы хабар шықты.

Кіші Алматы шатқалының шыңдары.

Өлке Н. Ә. Назарбаевтың туған жері болып табылады

Slide 2

1931 жылы Алматыдағы Жетісу губерниялық мұражайында тұңғыш рет 10 адамнан тұратын туризм мен экскурсия қоғамының тобы ұйымдасты. 1936 жылы Горельник шатқалында Алматыдан оңтүстікке қарай 22 шақырым жерде 50 орындық «Горельник» туристік базасы салынды. 1938 жылы Алғаш рет туристердің слеті Көкжайлауда өтіп, оған 200-дей адам жиналды. 1938ж. Алғаш рет туристердің слеті Көкжайлауда өтіп, оған 200-дей адам жиналды. 1943ж. бастап Горельник турбазасының үйлеріне Кеңес әскерінің таулы жерде атқыштардың инструкторларын дайындайтын бүкілодақтық мектебі орналасты.

Горельник шатқалының шыңдары

Slide 3

1952 жылы Бүкілодақтық кәсіаподақ Қазақстанда туристік-экскурсиялық басқарма ашты. Дәл осы сәттен бастап Қазақстанда туристік іс-шаралар, баслымдар, ұйымдар көбейе бастады. 1955 жылы Қазақстан туристік-экскурсиялық басқармасының бастауымен Есік көлінің жағасында «Есік» турбазасының құрылысы басталды. 1964 жылы Туризм және экскурсия бойынша Қазақ республикалық кеңес және Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Орал, Шымкент облыстарында облыстық кеңестер мен экскурсиялық бюролар ашылды.

Slide 4

Сол кездерден бастап Қазақстанда туризм бірте-бірте дами бастады, сонымен қоса Қазақстан туристік-экскурсиялық басқармасыда дами отырды. 1980-1990 жылдардың арасында Қазақстан бүкіл КСРО-дағы туристердің негізгі бағыттарының бірі болды. 1985 жылы КСРО-да 17 атаулы маршрут Алтайда, Оңтүстік Уралда, Солтүстік Кавказда, Закавказьеде және тағы баска аймактарда жұмыс істеді. Алтай, Алакөл, Есік, Буабай Қазақстандағы ең танымал туристік маршруттардың бірі болды.

Алтай таулары. Белуха шыңы

Slide 5

Қазіргі Қазақстан туристік-экскурсиялық басқармасы

Қазіргі таңдағы туризм индустриясы ірі табыс әкелуші және динамикалық дамушы халықаралық сауда сегменттерінің бірі. 1999ж. халықаралық туризм әлемдік экспорт табысының 8%-ын және қызмет көрсету секторы экспортының 37%-ын қамтыды. Туризмнен түсетін табыс мұнай, мұнай өнімдері, атомобильден түсетін табыстан 3-ші орынды иеленеді. Мұндай даму тенденция келесі мыңжылдықтың басына дейін сақталады деген болжам бар. Туризмнің дамуы жаңа территориялардың пайда болуына байланысты болу керек. Осыған орай Қазақстан әлемдік туристік нарықта өз орнын иеленуге мүмкіншілігі бар.

Қазақстанның Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы және Астана қалаларының туристік мекемелері аса дамыған. Олар жыл сайынғы келуші туристердің 88%-ына қызмет көрсетеді.

Ішкі туризммен айналысушы көптеген азаматтардың басты мақсаты болып - іскерлік, немесе туған-туыстары мен туысқандары на бару болып табылады. Алайда, демалыс орындарын таңдауда қазақстандықтардың көпшілігі өз мемлекетінен тыс жерлерде демалғанды қалайды. Егер отандастарымыз өз елінде қай жерде демалуды білмесе, онда кіру туризмін қалайша дамытпақпыз? Білсе де, сервистің төмендігінен жоғары сапалы сервис көрсететін шетелдерге шығады. Десек те, туризмнің бұл саласында оң тенденциялар байқалуда. ҚР-ның Статистикалық агенттігінің ақпараты бойынша 2003ж. Ішкі туризм бөлігі ұлғайтылды. Туристік компаниялар 89, 3мың турист, ал 2005ж. 150мың туристке қызмет көрсетті. Жыл сайын турөнімді пайдаланушылар 5%-ға өсіп, 2005ж. 376млн. теңгеге жетті. Жыл сайын ішкі туризм 2, 3%-ға өсуде, 2005ж. ол 432млн теңгені құрады


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы экскурсиялық іс пен туризмнің қалыптасуы мен тарихи дамуы
Туризм индустриясының сипаттамасы мен ерекшеліктері: Қазақстанның туристік бейнесін қалыптастыру
Қазақстандағы туризм түрлері мен Қызылорда облысының туристік-рекреациялық ресурстары
Батыс Қазақстанның туристік ресурстары мен Ақтау туризмінің дамуы
Туризм индустриясын дамыту: даму факторлары, тұтынушы мінез-құлқы және туристік қызметтердің рөлі
Қазақстанда туризм қатынастарын құқықтық реттеу: туристік қызмет негіздері және туроператорлық лицензиялау талаптары
Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың перспективалары (2014)
1990-2005 жылдары Қазақстан Республикасының Президенттігінің конституциялық мәртебесі мен өкілеттіктерінің дамуы
Белсенді туристік саяхаттардың отандық және шетелдік жіктелуі: таулық туризм мен сноубординг
Қазақстан кинематографиясының қалыптасуы мен тәуелсіздік кезеңіндегі дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz