МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ




Презентация қосу
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ
ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН
ТАЛАБЫ

Орындаған: МЖБ-21 тобының
студенті Орал А.Б.
Қабылдаған: Амренова Ғ.Ғ.
Мемлекеттік басқару органдары, ең алдымен,
мемлекеттік басқару қызметін атқаратын
күрделі механизмдер жүйесі.
Бүгінде, мемлекеттік басқару дегеніміз –
адамдардың әлеуметтік қызметі және соның
негізінде қалыптасатын қоғамдық қарым-
қатынастар деп түсіндіріледі. Ол әлеуметтік
ортада жүзеге асырылып, әлеуметтік ортаның
ықпалын, әсіресе, қоғамның әлеуметтік
құрылымы тарапынан өзіне тигізетін ерекше
мәнді ықпалын басынан өткізеді. Бұл орайда,
мемлекеттік басқаруды ғылыми тұрғыдан
танып-білуде әлеуметтану әдістерінің рөлі
барынша түсінікті. Мемлекеттік басқару
қызметі қоғамның қандай да бір жекелеген
саласына ғана қатысты бола алмайды.
Көптеген мемлекеттер өз дамуының
белгілі деңгейінде қоғам өміріндегі
мемлекеттік және жеке
институттардың рөлі туралы ойлана
бастайды. Өйткені, мемлекеттік
ұйымдар мен жеке құрылымдардың
басқару және ұйымдастыру
қызметінің арасында елеулі
айырмашылықтар бар екеніне талас
жоқ. Мемлекеттік органдар мен оның
құрамдас элементтерінің қызметіне
ұйымдастыру тұрғысынан талдау
жасаудың маңызды мәселелері
қарастырылады.
Мемлекеттік органдар дамуының
объективтік бағыттары байқалады:
бюрократизация, дифференция,
кәсібиліктің өсуі. Мемлекеттің әрбір
саласына мемлекеттік органдардың
ерекше түрлері сәйкес келеді. Осы
орайда, мемлекеттік қызметтің
маңызы айқындалады: мемлекеттің
конституциялық негізде баянды
етілетін азаматтардың мемлекеттік
органдар мен оның аппаратындағы
мемлекеттік басқаруды, басқа да
мемлекеттік міндеттер мен
Қазақстан Республикасында бірнеше жыл қатарымен
мемлекеттік басқару құрылымын оңтайландыру мен
жетілдіру процестері үздіксіз жүргізіліп келеді.
Аталған процестердің негізгі мақсаты Қазақстан
дамуының ағымдағы және жоспардағы мәселелерін
нәтижелі де тиімді шешетін кәсіби үкімет құру болып
табылады. Жоғары нәтижелі қызмет атқаратын қазіргі
заманға сай мемлекеттік басқару жүйесі мен
мемлекеттік қызмет жұмысын қалыптастыру – бүгінде
алдыңғы қатарға шығып отырған негізгі мәселелердің
бірі деп саналады. Сонымен қатар, Қазақстандағы
экономикалық, әлеуметтік және басқа да
реформалардың орындалу барысы, қоғамды
демократиялық жолмен дамуы, құқықтық мемлекет
ретінде қалыптасуы, жалпы елдің тұрақтылығы мен
дамуы мемлекетті басқару тетіктерінің жағдайы мен
қызметшілердің кәсібилігіне, олардың еңбек нәтижелігі
мен бастамашылдығына, ел таңдаған саяси бағыт
бойынша қызмет атқаруына байланысты болады.
Стратегиялық мақсаттарға табысты қол
жеткізу мен бәсекеге қабілетті
дүниежүзінің 50 елдерінің қатарына ену
бойынша, басымдықтарды жүзеге асыру
үшін, Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевпен 2006
жылдың қыркүйек айында мемлекеттік
басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған
әкімшілік реформалары бастама алды.
Елбасы Қазақстан Республикасы
Парламенті сессиясының ашылуында
«Корпоративті басқару, ашықтық және
қоғам алдында есеп беру қағидаттарын
шетелдің озық үлгілерін, тәжірибелерін
қолдана отырып, мемлекеттік басқаруды
Бүгінде, жылдам өзгеріп келе жатқан әлеуметтік-
экономикалық жағдай мемлекеттік органдар алдына ХХ
немесе ХІХ ғасырмен ауқымы, күрделілігі, кешенділігі
жағынан салыстыруға келмейтін жаңа мақсаттар мен
міндеттер қояды. Сондықтан, уақыт талабына сай болу
үшін мемлекеттік басқару субъектілері басқарудың
әдеттегі, дәстүрлі әдістерін қайта құруларды қарас
тырумен қатар, қызмет тиімділігін, нәтижелігін ұдайы
көтеруі тиіс.
Атқарушы билік органдарының қызмет тиімділігін, еңбек
нәтижелігі мен олардың жүзеге асыратын мемлекеттік
функцияларының сапасын арттыру және мемлекеттік
қызметтер көрсету саласы соңғы 10 жыл ішінде елімізде
қолға алынған реформалардың басты себебіне айналды.
Мемлекеттік қызметтің лайықты деңгейде қызмет етуінде
мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі аса маңызды
орын алары сөзсіз. Еңбек нәтижелігі мен қызмет тиімділігі
арттырылмаған жағдайда ел өміріндегі кез келген
саланың, соның ішінде экономикалық жаңарулар,
стратегиялық бағдарламалардың жүзеге асырылмайтыны
белгілі.
Қазіргі таңда, мемлекеттік органдар мен
мемлекеттік қызметшілердің қызмет тиімділігін
арттыру бойынша талдаулар мен зерттеулер
саны көптеп кездеседі. Тиімділік теориясының
дамуына экономика, басқару және мемлекеттік
басқару теориялары зор үлес қосады. Алайда,
бағалау көп жағдайда көрсеткіштер және
аттестациялау түрінде жүргізіліп келеді.
Бағалаудың мұндай түрлері мемлекеттік
қызметшілер тарапынан ресмилік деп, олардың
еңбегіне сай жалақы алуына еш әсерін
тигізбейді деп қабылданады. Осылайша,
мемлекеттік органдар жұмыс нәтижелігін
тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтің
кадрлық әлеуетін қалыптастыру, қолдану мен
дамытудың маңызы арта түсті.
Дүниежүзілік тәжірибе мемлекетті басқарудың
мінсіз құрылымы ешбір елде қалыптаспағанын
көрсетеді. Дегенмен, мемлекеттік билік орган
дарының қызметін жетілдіру әрбір елдің негізгі
мақсаттарының бірі болып табылады. Қазақстанда
алдағы кезеңде мемлекеттік органдардың
тиімділігі мен еңбек нәтижелігін арттыру
бағытында нақты жұмыстар атқарылып келеді.
Мемлекеттік органдар қызметін нақты
бағалайтын жүйе қажеттігі туындап, оның
нәтижесінде Қазақстан Республикасы
Президентінің бастамасымен 2010 жылғы 19
наурыздағы №954 Жарлығымен «Орталық
мемлекеттік органдар мен облыстардың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органдары қызметінің
тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі»
бекітілді.
Қазақстанда жүйені әзірлеуге бірқатар алғы
шарттар әсер етті:
– мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдар
ламаларды іске асыру тиімділігін бағалау мен
олар көрсететін мемлекеттік қызмет сапасы
арасында өзара байланыс жоқтығы;
– көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын
бағалау мен бақылау жүйесінің болмауы;
– мемлекеттік қызметшілердің қолданыстағы
еңбекке ақы төлеу жүйесінің олар көрсететін
қызмет сапасын ынталандыру деңгейінің
төмендігі. Осыған орай, бағалау жүйесіне
сәйкес, мемлекеттік қызметті реформалаудың
негізгі мақсаты болып азаматтық қоғам дамуы
мүддесін көздей отырып, мемлекеттілікті
нығайту таңдалды.
Мемлекеттік органдардың қызмет тиімділігін
бағалайтын аталған жүйе орталық мемлекеттік
органдар (министрліктер, комитеттер, агенттіктер
және т.б.) мен жергілікті атқарушы органдар
қызметінің тиімділігін жетілдіру мен жұмысының
нәтижелігін арттыру мақсатында әзірленген құжат
болып табылады. Жүйені әзірлеу барысында
туындаған мақсаттар:
– мемлекеттік органдар қызметі тиімділігін бағалау
кезінде отандық және шетелдік үздік
тәжірибелерді қолдана отырып, неғұрлым дәл
нысандарды, бағалау тәсілдері мен әдістерін
таңдау;
– тиімділікті бағалауға қажетті институционалды
және нормативті базаны құру арқылы Қазақстан
Республикасының мемлекеттік органдар
жұмысының, қызметінің, еңбегінің тиімділігін
бағалаудың жалпы кешенді жүйесін қалыптастыру.
Қазіргі кезеңдегі мемлекеттік органдарды жетілдірудің
стратегиялық міндеттеріне келетін болсақ:
– бүгінгі таңда нарықтық бастама мемлекеттің белсенді
де жедел араласуын қажет етеді;
– экономикалық және әлеуметтік салалардағы белсенді
саясат мемлекеттің рөлін көтеруді білдіреді.
Нәтижесінде – бұл қоғамның қажеттілігіне сәйкес, тиімді
заңдар мен нормативті-құқықтық актілерді дайындау
және орындау;
– мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру –
Қазақстанның болашағын анықтайтын негізгі фактор.
Яғни, бұл – маңызды стратегиялық міндет. Сондықтан,
бүгін мемлекеттік қызметшілердің және мемлекеттік
органның жалпы жұмысының тиімділігін арттыру керек
және тиісінше, мемлекеттік ресурстарды ұтымды
қолданған жөн;
– мемлекеттік аппараттың жалпы және оның жекелеген
буындарының жұмысының тиімділігін арттыру алдыңғы
қатарлы ақпараттық және телекоммуникациялық
технологияларды ендіруге жағдай жасауы керек.
Мемлекеттік қызметті жетілдірудің
бағыттары:
Бірінші бағыт - мемлекеттік қызметке «сырттан кіретін» жалғыз кадрлар көзі
болып табылатын іріктеу рәсімі мен кадр резервінің рөлін арттыруды жетілдіру.
Тестілеуді қоса алғанда, резервке іріктеуден ойдағыдай өткен үміткерге
мемлекеттік орган өткізетін бос лауазымға орналасу үшін конкурсқа қатысуға
құқық беретін кадр резервіне тіркелгені туралы сертификат беріледі. Бұл жүйе
мемлекеттік органдардың конкурстық рәсімдерді өткізуге кететін уақытша
шығындарын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

Екінші бағыт – кадрларды ілгерілету кезінде меритократия қағидасының
сақталуын қамтамасыз ету.
Мемлекеттік қызметтің кәсібилігіне кедергі келтіретін басты проблемалардың
бірі мемлекеттік органның бірінші басшысы – министрдің немесе әкімнің ауысуы
кезінде кадрлардың «командалық жылжуы» болып табылады. Осыған
байланысты заңнамалық деңгейде ауысу тәртібімен конкурстан тыс
тағайындаулар мүмкіндіктерін барынша қысқарту көзделеді.Жаңа басшылар
тағайындалған жағдайда кадрлардың ауысушылығына мониторинг жүргізілетін
болады. Сонымен қатар, біз мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау және
олардың жұмыс сапасын бағалау, сондай-ақ мансаптық жоспарлау құралдары
мен әдістерін жетілдіру шараларын қарастырып отырмыз. Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі «меритократия мен кәсібиліктің омбудсмені» болуы тиіс.
Үшінші бағыт, бұл – кадр қызметі тиімділігін арттыру. Бұл жерде сөз, ең
алдымен персоналды басқарудың іс жүзіндегі қызметтері болуы тиіс
мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің рөлін арттыру жөнінде болып
отыр. Персоналды басқару қызметтері туралы үлгілік ережені қабылдау, оның
функциялары мен жұмысының бірыңғай стандарттарын айқындау, сондай-ақ «е-
қызмет» персоналды басқарудың ықпалдастырылған жүйесін құру арқылы
персоналды басқару қызметтері жұмысын автоматтандыру көзделіп отыр.

Төртінші бағыт Мемлекет басшысының Жолдауымен және әкімшілік
қызметшілерді басқару корпусын қалыптастыру жөніндегі басымдылықпен
анықталады. Әлемдік тәжірибеде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция,
Сингапур) бұлар – seniorexecutives деп аталатын жоғары орындаушылық
лауазымдарды атқаратын мемлекеттік әкімшілік қызметшілер.Қызмет атқарып
жүрген мемлекеттік қызметшілер арасынан, сондай-ақ «әлеуметтік лифт» тетігі
арқылы жеке сектордағы дайындықтан өткен адамдар ішінен басқарушылық
корпус үшін кадр резервін қалыптастыратын Кадр саясаты жөніндегі ұлттық
комиссия және өңірлік кадрлық комиссиялар құруды жоспарлап
отырмыз.Басқарушылық корпус лауазымдарына орналасу тек қана кадр
резервінен жүргізіледі. Жоғары басқарушылық лауазымдарға орналасуға
үміткер адамдарға олардың басқарушылық шешімдер қабылдауын,
стратегиялық және ағымдағы міндеттердің өзара байланысын қамтамасыз
ететінін ескере отырып, жоғарылатылған біліктілік талаптары қойылатын
болады. Бұл санаттағы лауазымдар үшін мансаптық жоспарлау, ротациялау
енгізіледі және бөлек еңбек ақы төлеу жүйесі әзірленеді. Басқарушылық
корпусты құру мемлекеттік органдар қызметінің сабақтастығын қамтамасыз
етуге негіз болады.
Бесінші бағыт – бұл этикаға және корпоративтік мәдениетке байланысты
нормаларды күшейту. Мәселен, Мемлекет басшысы Жарлығының деңгейінде
бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің нормалары заң
деңгейіне ауыстырылып, мемлекеттік органдардағы тәртіптік
комиссиялардың мәртебесін арттыру көзделіп отыр.Өз кезегінде, өңірлердегі
тәртіптік кеңестердің қызметі жүйелік проблемаларды анықтауға,
заңнаманы жетілдіру және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру
тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге бағытталады.

Алтыншы бағыт: бұл мемлекеттік қызметшілердің, әсіресе тұрғындармен
және бизнеспен тікелей байланыста қызмет атқаратындардың қызметін
регламенттеу арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің айқын стандарттары мен регламенттерін
белгілеу, олардың сақталуы үшін жауапкершілікті бекіту, сондай-ақ қызмет
көрсету сапасын бағалау жүйесі мен сыртқы бақылауды, оның ішінде
мемлекеттік қызметтерді алушылармен кері байланыс орнатудың маңызы
зор.Бұл реформаларды тиімді іске асыру үшін алдыңғы қатарлы
халықаралық тәжірибені ескеру мен мемлекеттік қызмет саласында
институттандыру ынтымақтастығын жолға қою маңызды болып табылады.
Қазіргі уақытта біз халықаралық ұйымдар және шет мемлекеттер
өкілдерімен бірлесіп мемлекеттік қызмет саласындағы білім мен тәжірибені
Орталық Азия (Ауғанстанды қоса алғанда), Кавказ және Ресей елдеріне
тарату бойынша Астанада өңірлік хаб құру идеясын талқылаудамыз. Өңірлік
хаб құру идеясын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
қолдады.
Республикадағы мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері
мен мемлекеттік қызметті ұйымдастыруды жетілдіру,
қабылданатын шешімдердің сапасын жақсарту келесі
шараларды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледі:

Құқықтық реттелудегі олқылықтардың орнын толтыру жəне олардың
қоғамдық қатынастардың неғұрлым маңызды салаларына тереңдеуі;
Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргізу тəжірибесінің жалғасуы
мен кеңеюі, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне сəйкес
келуге де байланысты;
Заңнаманы үйлестіру мақсатында оларда пайдаланылатын
терминдердің мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі бірыңғай тізімін
қалыптастыру;
Барлық қабылданатын заңдарды тиімді іске асыру үшін, олардың
қаржылық қамтамасыз етілуінің жеткіліктілігі принципінің дəл
сақталуы үшін жағдайлар туғызу;
Қылмыстар, сыбайлас жемқорлық жəне əкімшілік құқық
бұзушылықтар жасау үшін тікелей немесе жанама түрде жағдайлар
туғызатын алғышарттарды анықтау, тəжірибе жүзінде нормативтік
құқықтық актілер жобаларына криминологиялық сараптаманы енгізу;
Тəжірибеге перспективті жоспарлауды енгізу арқылы заң жобалары
қызметін жоспарлауды жақсарту [5, 403-404 бб.].
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мемлекеттік қызметтер көрсету
сапасы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болады,
басқаша айтқанда, мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметтерді тұтынушы
ретінде халыққа бағдарланатын болады.
Мемлекеттік жоспарлау мен бюджеттеуге қатысты жаңа тәсілдерге сәйкес
мемлекеттік органдардың қызметі мемлекеттік органдардың функциялары мен
өкілеттіліктерінен туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағдарлануға
тиіс.
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік
органдарда еңбекті ұйымдастыру мен менеджменттің, транспаренттік және
нақты лауазымды адамдардың жауапкершілігі қағидаттарына негізделген
шешімдерді қабылдау процестері мен рәсімдерінің сапасын арттыруға
бағытталған нормативтік құқықтық, әдістемелік және ұйымдастырушылық
шаралар айқындалатын болады.
Осыған байланысты, ақпараттық технологияларды қолдану қажеттігі арта
түседі, бұл халыққа және бизнеске қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік
органның функцияларын оңтайландыру мен автоматтандыруға, әкімшілік
кедергілерді және халық пен бизнестің мемлекеттік органдармен тікелей
байланысын азайтуға бағытталған.
"Электрондық үкімет" порталында көрсетілетін электрондық мемлекеттік
қызметтер көрсету санының ұлғаюы да мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын
арттырудың басты құралдарының бірі болып табылады, осыған орай мемлекеттік
органдардың әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер көрсетуі
электрондық форматқа ауыстырылатын болады.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бекітілген стандарттары мен
регламенттерінің сақталуына бақылау орнату тиімді шара болуға
тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Орталық мемлекеттік
органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін
жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы №
954 Жарлығымен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті
органға мемлекеттік қызметтер көрсетуді бағалау өкілеттіктері
берілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және оларды
көрсету процесін басқару үшін тиімді сыртқы бақылауды енгізу
қажет, ол заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуді және уәкілетті
мемлекеттік органды айқындауды талап етеді.
Заңнамада мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсеткені, сондай-
ақ мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен
регламенттерін бұзғаны үшін адамдардың жауапкершілігін
қарастыру керек.
Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын
бағалау үшін халықпен кері байланыс тұрақты негізде, оның ішінде
мемлекеттік қызметтерді тікелей алу кезінде сауалнамалық
сауалдарды және жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік
қызметтер көрсету сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану
дәрежесін айқындауға бағытталған әлеуметтік сауалдарды өткізу
жолымен орнатылатын болады.
Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мемлекеттік қызметтің оң имиджін
қалыптастыру, оның ішінде уақтылы ақпарат беру мен азаматтардың өтініштерін қарау
және қол жеткізілген нәтижелері негізінде мемлекеттік органдардың қызметі туралы оң
пікірді қалыптастыру басты бағыт болуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруда мемлекеттік қызметтер көрсету
сапасын арттыру және жұртшылықпен байланыстар орнату тиісінше негізгі бағыттар
болып табылады.
Азаматтарға бағдарлану, кәсібилік, шұғыл әрекет ету, ашықтық және қолжетімділік
мемлекеттік органдар жұмысының негізгі қағидаттары болуға тиіс.
Мемлекеттік қызмет пен жұртшылық, оның ішінде қоғамдық-саяси бірлестіктер,
үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы диалог мемлекеттік
органдардың өз қызметі туралы азаматтарға жүйелі түрде ақпарат беріп отыруын,
сондай-ақ халықпен байланысты дамытуды және солардың негізінде өзара тиімді
шешімдер қабылдауды көздейді.
Осы жұмыста мемлекеттік органдар мен жұртшылық арасындағы тиімді интерактивті
байланысты қамтамасыз етуге, әлеуметтік топтардың мұқтаждары мен пікірін барлық
деңгейдегі мемлекеттік органдарға жеткізуге қауқарлы баспа және электрондық
бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуетін толық көлемде пайдалану қажет.
Әрбір мемлекеттік органның жұмысында мыналар: ақпараттық материалдарды БАҚ-та
орналастыру; оңтайлы басқару шешімін қабылдау үшін ақпараттық кеңістік пен
жұртшылық пікіріне мониторингі жүргізу; мемлекеттік қызметшілердің жұртшылықпен
тікелей байланыстары (азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау, халықпен
ресми және бейресми кездесулер, жұртшылықтың қандай да бір топтары тартылатын
әртүрлі кеңейтілген кеңестер, әртүрлі әлеуметтік және басқа да жобалар
таныстырылымы); азаматтардың әртүрлі санаттарының өкілдерімен өзара интерактивті іс-
қимыл жасасу және басқалары осы бағыттағы тетіктер болуға тиіс.
Жалпы алғанда, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мемлекеттік
органдардың қоғамның сындарлы ынтымақтастыққа ниетін айқындайтын,
реформалаудың басты құрамдас бөліктерінің бірі болады.
Мемлекеттік қызмет персоналын басқару процесін
жетілдіру

Жаңа модельде мемлекеттік қызмет персоналын
басқарудың тұтастай жүйесі қалыптастырылатын болады,
оның ішінде мемлекеттік органдардың кадр қызметтері мен
мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның өзара
әдістемелік іс-қимылы қамтамасыз етілетін болады.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган
мемлекеттік басқару жүйесінің қазіргі заманғы үрдістері
ескерілетін, мемлекеттік қызметтің жаңа моделін нормативтік
және әдістемелік ресімдеуді жүйелі негізде қамтамасыз ететін
болады.
Жаңа кадр саясатын іске асыру және мемлекеттік қызмет
персоналын басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру үшін
мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің жұмысы
мемлекеттік органдағы кадр қызметінің құрылымы, саны,
функциялары мен міндеттері айқындалатын үлгілік ереженің
және тиісті әдістемелік ұсынымдардың негізінде жүзеге
асырылатын болады.
Мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің
басшыларын не өздеріне кадр қызметтерінің функциялары
жүктелген лауазымды адамдарды тағайындау мемлекеттік

Ұқсас жұмыстар
Тәрбиешілердің оқу қызметіне қатысу
Бастауыш мектепте қазақ тілі грамматикасын оқыту
Білімнің бәсекеге қабілеттілігі
Электронды оқыту түрлері мен жабдықтары
Балабақшадағы әдістемелік жұмыстың формасы
Іскерлік мінез құлық
ХХІ ғасыр мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі
Мемлекет және заң
«ХХІ ғасыр педагогының портреті»
Бүгінгі заман талабына сай информатика мұғалімінің кәсіби құзреттілігі
Пәндер