Константин Дмитриевич Ушинский 1824 жылы




Презентация қосу
Константин Дмитриевич Ушинский 1824 жылы Тула қаласында чиновниктің
жанұясында дүниеге келді. Өзінің балалық және жастық шағын Чернигов
губерниясының Новгород – Северск қаласына жақын жерде орналасқан әкесінің
шағын жекеменшігінде өтті.
Орта білімді Новгород – Северск гимназиясында алады.
1840 жылы К.Д.Ушинский Москва университетінің заң факультетіне оқуға түседі,
онда белгілі профессорлар (Грановскийдің және басқалар) лекциясын тыңдады.
Студенттік жылдарда Ушинский әдебиетпен, театрмен қызыға айналысты,
халықтың арасында сауатылықты тарату туралы армандады.
Алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының арасында Ресейдің тарихи даму жолдары
туралы, отандық мәдениеттің халықтығы туралы талас пікірлерді ол өз бетінше
шешуге ұмтылды.
Ян Амос Каменский
16 ғасырмен 17 ғасыр аралығында жаңа педагогиканын
негізін қалаушы. Ұлы славян педагогы Каменский 1592
жылы 28 наурызда тұрды. Бұл кезде 15 ғасырдың бас кезінде
болған тарихтағы аса зор ұлтазаттық гусит
қозғалысырның әсері әліде бар еді. Соның ықпалымен
шаруалар мен қолөнершілірдің қалың бұқарасы
демокртияшыл көзқарастағы адамдардан “чехтық” атты
қауымдарын құрды
Иоганн Генрих Песталоццидің (1746-1827) педагогикалық қызметі мен теориясы
XVIII ғасырдың ортасында Швейцария артта қалған феодалдық мемлекет еді.
XIX ғасырдың бас кезінде жарияланған «Гертруда балаларын қалай оқытады», «Аналар кітабі»,
«Бақылау азбукасы», «Сан жөнінде көрнекі ілім» атты еңбектерінде Песталоцци бастауыш білім
берудің жаңа әдістерін ұсынды.
Тәрбиенің міндеті — адамның барлық табиғи күштерін, қабілетін дамыту және ол даму жан-жақты
болу керек деп санады.
Песталоццидің педагогикалық жүйесінің негізгі мәселесі — балаларға элементарлық білім беру
теориясы.
Дене-тәрбиесінің мақсаты — баланың күшін дамыту. Әр түрлі қимылға, қозғалысқа баланың өзі
ұмтылады. Осыдан ойын, тағы басқа әрекеттер туады деп, Песталоцци -дене тәрбиесінде ойынмен
қатар, әскери жаттыруларға үлкен мән берді.
Өзінің жалпы дидактикалық пікірлеріне сүйене отырып, Песталоцци бастауыш білім берудің
әдістемесінің негізін салды.
Жан-Жак Руссо.
Жан-Жак Руссоның педагогикалық теориясы негізінен көркем шығармасы «Эмиль» атты романында
баяндалды, бірақ бұл әдеби мұра болуына қарамастан, онда ағартушы өзінің тәрбие жөніндегі
пікірлерін жүйелі теория дәрежесіне жеткізді, тәрбиенің тым нәзік проблемаларына жете көңіл бµле
отыра зерттеп, өз заманының арнасынан шығып жатқан топшылаулар жасап, ұсыныстар айтты.
Өз өмірінде гуманистік бағытты берік ұстаған ағартушы-педагог Руссо жаңа қоғамды аңсауына
байланысты феодалдық салт-сананы түбірімен жою үшін, жаңа қоғамды орнату үшін кімді қалай
тәрбиелеу қажет деген сұрақпен тәрбиенің міндеті мен өзгешеліктері жөніндегі мәселені зор
педагогикалық проблема ретінде ұсынды. Бұл мәселелер негізінен адам еңбек арқылы өмір сүреді,
еңбексіз өмір жоқ деген пікірлерге саяды.
Демек, Руссоның педагогикалық концепциясының негізіне феодалдық әдет-ғұрыптардан арылған,
бостандықтағы, толық адамгершілігі бар адамды өсіру талабы жатады. Әрине, Руссоның
педагогикалық теориясының шеңберінің кеңдігі, терең адам-шылығы осындай жаңа адамды тәрбиелеу
талабын ұсынуында болды.
Баланың өсу кезеңдері және єр кезеңдегі тәрбие ерекшеліктері. Руссо баланың өмірін 4 кезеңге бөледі:
1-кезең— баланың туған күнінен 2 жасқа дейінгі;
2-кезең — 2-ден 12 жасқа дейінгі;
3-кезең— 12-ден 15 жасқа дейінгі;
4-кезең— 15 жастан ер жетуіне дейінгі өсу дәуірлері. Баланың осындай жетілу дәуірінің әрқайсысына
тәрбиенің негізгі бір саласын кеңінен және негізгі түрде жүргізуді ұсынды.
Джон Локктың (1632-1704) педагогикалық көзқарастары.
XVII ғасырда Англия экономикалық жағынан даму үстіндегі ел еді, дворянствоның біраз тобы
мұнда өз мүдделерін өрлеу жолындағы капи
Локк өзінің педагогикалық көзкарастарын «Тәрбие жөніндегі ойлар» (1693) және «Ақылды
тәрбиелеу туралы» деген еңбектерінде баяндады.
Ол адамның туысымен бірге бітетін идеяларға карсы шыға отыра, адамды қалыптастырудағы,
оның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші мәнін
мойындады. Он адамның тоғызы тәрбие арқылы жетіледі деген қорытындыға келді.
Локктың ұсынған тәрбиесінің мақсаты — өз ісін ойластыра отырып сақтықпен жүргізе алатын, өз
мүдделерінің реттілігін камтамасыз ете алатын үстем таптың жac өспірімін тәрбиелеу.
Локктың дәлелінше, адамгершілік тәрбиесінің нақты тәсілдері мен құралдары мынадай
принциптерге негізделуі тиіс: 1) табиғатқа сәйкестілік; 2) бала табиғатын жете зерттеу және балаға
даралық қатынас орнату; 3) тәрбиедегі каталдықты балаға сүйіспеншілік білдірумен ұштастыру.
Локк балалардың табиғатын терең және ұқыпты түрде зерттеуге және тәрбиенің олардың мінез-
құлкын жүйелі түрде байқауға негізделу қажеттілігін баса айтты.
Локк іріктеп ұсынған тәрбиенің жолдары мен кұралдары: 1) үлгі-өнеге көрсету; 2) әдеттендіру; 3)
балалармен пікір алысу және олардың әустенушілік ынталарын қанағаттандыру; 4) ңамыс және
теріс ұғымдарына назар аудару.
Өздігінше ойлау дағдыларына үйрету — Локктың оқыту әдістерінің негізгі принциптерінің бірі.
Демек, Локк құр жаттауға карсы келді, ол ойлауды дамытатын әдістемені жақтаушы болды. Құр
жаттап оқy есті де, ақылды да дамыта алмайды, сондықтан мақсатты түрде балаларды өздігінше
ойлау жұмысына үйрету қажеттігін дәлелдеді.
Аса көрнекті кеңес педагогі А.С.Макаренко Белополье қаласы, бұрынғы
Харьков губерниясы темір жол шеберханасының майлау цехының шебері
жанұясында дүниеге келді.
Кременчук қаласындағы қалалық училищені және педагогикалық курсты
бітіргеннен кейін, ол 1905ж.Крюковадағы екі сыныптық теміржол
училищесінде халық мұғалімі болып еңбек жолын бастады.
1905-1907 революция жолдары Макаренконың көзқарасы қалыптаса
бастады. Өзінің еңбектерінің бірінде оның тарихты түсінуі большевиктік
насихат пен революциялық қағидалардың жолымен жүргнедігін есіне алады.
А.С.Макаренко жұмыс істеген мектепте жұмысшылардың балалары оқыды, ол
революциялық пролетарлық ортамен тығыз байланыста болды.
А.С.Макаренкоға А.М.Горкийдің шығармалары ерекше әсер етті.
А.С.Макаренко өзінің естеліктерінде: "Максим Горький мен үшін жазушы ғана
емес, өмірлі ұстазым болды”, - деп жзды.1914 жылдан 1917 жылға дейін
Макаренко оқытушылар инстиутында оқып, оны алтын медальмен бітіріп
шығады 1920 жылы Полтава губерниялық халық ағарту бөлімі Макаренкоға
Полтаваның жанында жасы камелетке толмаған заң бұзушы балалар үшін
колония ұйымдастыруды және оны басқаруды тапсырды. Жұмысты өте қиын
жағдайда бастауға тура келді. Жаңа ашылған мекемеге жартылай қираған
бұрынғы жасы толмаған қылмыскерлердің колониясының ғимраты берілген
болатын-ды.
Ыбырай Алтынсарин(1841-1889)
Қазақ халқы мәдениетінің тарихынан көрнекті орын
алатын қайраткерлердің бірі. Халқымыздың
мақтанышы, демократиялық бағыттағы ағартушы,
тұңғыш педагог.Ол орыс халқының кең арнаулы білім
бұлағыннан сусындады.Өзінің алған білімін туған
халына тарту етіп, қазақ елі үшін оқу ағарту саласында
көп еңбек сіңірді
Абай Құнанбаев(1845-1904)
Қазақ халқының ұлы ақыны,жазба әдебиетінің негізін
салушы.Сонымен бірге ұлы ойшыл.Абай дүниетануда
материалистік тұрғыда болды.Абай түсінігінде табиғат біздің
санамыздан тыс және бізге бағынышсыз өмір сүреді.Біздің
сеніміміз ,қабылдауымыз жіне ойлауымыз айналадағы
ақиқат,шындық өмірдің саулесі ғана.Абай қазақ халқы
дамуындағы прогрестің халық ағарту ісін кеңінен өрістетуге
байланысты екендігін өте дұрыс түсінді

Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің жеке тұлғасы оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі
Мәскеу психиатриялық клиникасына сәйкес прогрессивті паралич
Жоғары мектеп педагогикасы
Константин Дмитриевич Ушинский
К.Д.Ушинскийдің халықтық ойын туралы пікірі
Мұғалімнің жеке тұлғасы оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі. Педагогикалық еңбектердің көрнекті шеберлері туралы
К. Д. Ушинскийдің халықтық ойын туралы ақпарат
Біз екеуміз - екеумізге екеу
Тәрбие оның мәні және қоғамдағы атқаратын рөлі
Педагогика пәні, салалары
Пәндер