Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін коррекциялау және оқуға психологиялық даярлау


Slide 1

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестер коррекциясы.

Қабылдаған: Искакова. П. К Орындаған: Нaрзуллаева. Э. Б

Slide 2

Жоспар:

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойы дамуының коррекциясы.

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойы дамуын коррекциялау жолдары.

3. Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық процестерінің коррекциясы.

4. Жас және жеке психологиялық ерекшеліктерге байланысты қиындықтар.

Slide 3

Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, баланың алдында оқу іс-әрекеттерін қойса, бұл баланың шын мәнінде оқу іс-әрекетіне тез араласып кетуіне себеп болады немесе өзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдында сасқалақтап, бірте-бірте өзіне деген сенімін жоғалтады, мектепті және оқуды ұнатпайтын болады. Ал осы айтылғанның біріншісінің орындалып, екіншісінің орындалмауына әсер етуші факторлардың бірі-баланың мектептегі оқуға даярлығы.

Қазіргі педагогикалық-психологиялық зерттеулерде балаларды мектепке даярлаудың ерекшіліктерін атап көрсететін Л. И. Божовичтің, Р. С. Буреннің, Л. А. Венгердің, Е. А. Панько және т. б. ғалымдар еңбектерінің маңызы зор. Онда мектепте оқытудағы аса қажетті қасиеттер: практикалық және ақыл-ой жұмыстарының қарапайым дағдылары, мінез-құлық қалыптасуы, адамгершілік-еріктік сапарлар кеңінен сөз болады.

Slide 4

Оқу-танымдық әрекетінің үрдісінде мынадай мақсаттар жүзеге асырылады:

1. Символикалық бейнелерге, психикалық әрекеттің құралы ретінде (есте сақтау), салалы қатынасты қалыптастыру;

2. Логикалық ойлаудыжәне көрнекі-бейнелі операцияларды меңгеру;

3. Оқу типі тапсырмаларына деген жағымды кең қатынасты дамыту;

4. Қиялды, қабылдауды жетілдіру.

Slide 5

Мектепке дейінгі балалар үшін негізгі компоненттер- оқу тапсырмалары, оқу әрекеттері, бақылау мен бағалау. Көрсетілген компоненттерге сәйкес 5-жастағы балалардың бойында оқу-танымдық әрекетінің мынадай шарттарын қалыптастыру қажет: оқу тапсырмасын қабылдау және сезіне алу қасиеті, тәрбиешішің көмегімен немесе өз бетінше танымдық тапсырмаларды қоя білу, дербес жоспарлау, тапсырманы шешу тәсілін таңдау, бағдарлық және атқарушылық оқу әрекеттерін орындау, тапсырманы тез және дербес жұмысын бағалау қабілеттері.

Бүлдіршіндердің оқу-танымдық әрекетінде педагог өз ісінде ескеруі тиіс ақыл-ой дамуының маңызы ерекше. Ақыл-ой дамуының деңгейі тәрбиешінің педагогикалық жүйедегі әдіс-тәсілдерді қаншалықты қолданғанына тікелей байланысты. Мектепте дейінгілер кейбір құбыластармен байланысты орталық бөлімдегі негізгілерді бөліп көрсетіп, оны образды пішінде бейнелей алады деп бірқатар зерттеулердің нәтижесінде анықтайды. Н. Н. Поддьяков атап көрсеткеніндей, заттық-әрекеттік таным үрдісінде негізгі орталық құбылыстарды бөліп көрсете алады, оның үстіне, төңірегіндегілер жөнінде қарапайым түсініктер қалыптасып, ол білім жүйесінің ядросы болады.

Slide 6

Мектепке оқытуға психологиялық даярлық баланың жоғары ақыл- ойының дамуын қажет етеді. Балалақшаның түлегі оқу ісінің мынадай белгілерін меңгергені жөн: үлкендердің нұсқауын бұлжытпай орындау мен тыңғылықты тындай білу қабылеті; материалдарда бар қосалқы ықпалдарға назар аудармай, алға қойылған тапсырмалар жүйесін бағдарлай білу; оқу материалдарын саналы түрде меңгеруге ықпал ететін көрнекі- бейнелі даму деңгейін анақтау. Мектепке оқытуға психологиялық даярлық копоненттерінің маныздыларын: әлеуметтік- жекелік, интнллетуалдық және денелік даярлығын негізге алады.

Балалардың дағдылары мен шеберліктерін жетілдіру, жеке басының өзіндік сапасын қалыптастыру, құрдастары және тәрбиешімен жағымды өзара қарым-қатынас орнатуды үйрету мектеп алдындағы даярлықтың басты жұмысы. Мектепке барған сәттен бастап әлеуметтік қатынастардың жаңа жүйесі енеді. Ол өзін ұстаудың жаңа ережелері мен нормаларын, талаптарын орындауға мәжбүр болады. Оқудың жаңа талаптары-түрлі тапсырмаларды орындаудың, әлеуметтік тәсілдердің жүйесін еріксіз меңгереді. Мектепке оқуға даярлық баланың өзін-өзі тануына, өзіндік «Мен»-нің қалыптасуына ықпал етеді.

Slide 7

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Мектепке психологиялық дайындық: мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға бейімделуі мен дамудың аспектілері
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні, танымдық әрекеттері және мектепке дайындау әдістері
Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы ойынның психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауын дамыту: психологиялық әдістемелер мен диагностикалық тәсілдер
Мнемотехника әдісінің мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы маңызы
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесін ұйымдастыру мен әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл дамыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы
Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамыту: жоспарлау, әдістеме және диагностика
Кіші мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық қабілетін дамыту: Садыкова Гулнур Женісбековнаның тәжірибесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру: әдістемелік және тәжірибелік негіздер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz