Психодиагностикалық құралдар мен әдістердің классификациясы


Slide 1

Психодиагностикалық инструменттердің классификациясы.

Қабылдаған: Искакова. П. К Орындаған: Нaрзуллаева. Э. Б

Slide 2

Жоспар

1. Психологияда «Психодиагностика» сөзі

2. Психодиагностика әдістері

А) Тұлғаны психодиагностикалау әдісі

Б) Тұлғаны зерттеу әдісі

3. Психодиагностикалық әдістердің классификациясыны

А) 1. Бақылауға негізделген психодиагностика әдістері;

Б) Сұрақнамалық психодиагностика әдістері;

В) Адамның мінез-құлықтың әсерімен еңбегінің нәтижесін есепке ала отырып және анализ жасайтын объективті психодиагностикалық әдістер;

Г) Психодиагностиканың эксперименті әдістері.

Slide 3

Психологияда «Психодиагностика» сөзі

бағалау мақсатында жүргізілетін әдістер тобына жатады, яғни зерттелетін психологиялық қасиеттердің нақты сандық және сапалық сипаттамаларын алуға мүмкіндік береді. Ал мұндай мақсат көздемейтін және психологиялық процестерді зерттеуге ғана арналған әдістер зерттеу әдістері деп аталады. Олар негізінен эмпирикалық ғылыми зерттеу жұмыстарында нақты білім алу мақсатында қолданылады.

Slide 4

Тұлғаны психодиагностикалау әдісі

Бұл Р. Кеттельдің 16 факторлы тесті. Ол 16 шкалаға бөлінген, 187 пікірден тұратын стандартты сауалнама. Әр шкала бойынша тұлғаның қандай да бір қасиеті бағаланады, баға стандартты балл бойынша қойылады. Осы тестке ендірілген пікір және қолдану ережелері, нәтижелерді өңдеу, алу тәсілдері, сондай-ақ қорытындылар, олардың барлығы өзгертілмейтін болып табылады және тесттілеудің арлық түрлеріне бірдей.

Slide 5

Тұлғаны зерттеу әдісі

Адамның қандай да бір мінезінің түрін ерекше жағдайларда бақылай отырып, зерттеуге бағытталған эксперимент жасалуда деп түсінейік. Мұндай эксперимент былай құрылады: зерттеушіні қызықтыратын мінез-құлықтың берілген формасымен байланысты адамның тұлғалық ерекшеліктері бүге-шегесіне дейін оқып білу мүмкін болатындай түрде. Зерттеуші осы мақсатты көздеген экспериментін жүргізеді, оған қатысушылардың мінез-құлқын бақылайды және зерттелінетін ерекшеліктерін, оған сәйкес келетін мінез-құлық формаларының ерекшеліктері туралы қорытынды жасайды.

Slide 6

Психодиагностикалық әдістердің классификациясыны

Slide 7

1. Бақылауға негізделген әдістер тобы

психодиагностикалық қорытындысында міндетті түрде бақылау жүргізілуін және оның нәтижесін қолдану ережесі бойынша нені бақылайтынын, қалай бақылайтынын, бақылауды қалай қорытындылайтынын, оларды қалай бағалайтынын, қалай өңдеп, соның негізінде қалай қорытынды шығару керектігін дәл анықтайтын арнайы схемалар мен жағдайлар енгізіледі. Психодиагностиканың барлық талаптарына жауап беретін бақылауды - стандартты бақылау деп атаймыз. Осындай бақылау түріне мысал келтірейік.

Топ мүшелерінің қандай да бір тапсырманы орындау кезіндегі әрекетін бақылауда Р. Бейлстың «Бақылау схемасы» қолдану.

Slide 8

Психодиагностикалық сұрақнамалық әдістері

адамның психологиялық ерекшеліктері туралы қажетті мәліметтерді арнайы дайындалған стандартталған сұрақтарға

жазбаша және ауызша берілген жауаптарын анализдеу арқылы да алуға болады. Бұл топтағы әдістердің бірнеше түрлері бар: анкета, сауалнама, интервью.

Slide 9

Психодиагностикалық эксперимент әдісінің ерекшелігі

зерттелінушінің қандай да бір қасиетін бағалау үшін арнайы психодиагностикалық эксперимент қойылады және жүргізіледі. Айталық, зерттеушіні клиенттің тұлғалық қобалжуы қызықтырады делік. Ол үшін экспериментатор зерттелінушіні әр түрлі жағдайларға араластырады, емтихан-сынақ кезін немесе аз уақыт ішінде күрделі тапсырма орындауын ұсынады. Осы кезеңде зерттелінушінің қимылында, мінез-құлқында мазасыздану, қобалжу белгілері көп көрінсе, онда ол адамда қобалжу сезімі жоғары деп, ал мұндай белгілер мүлдем болмаса, онда ол адамда қобалжу сезімі жоқ деп қорытындылауға болады. Ал егер ол белгілер айтарлықтай дәрежеде болса, қобалжу сезімі орташа дәрежеде деуге болады

Slide 10

Қорытынды

Біз бұл жұмыста психодиагностиканың әдістері мен әдістердің классификациясын үйрендік. Оларды бірнеше бөлімге бөлу арқылы түсініктірек ете түстік


Ұқсас жұмыстар
Психодиагностикалық әдістердің топтастырылуы және мотив ұғымының операционализациясы мен верификациясы
Жас мамандарға психологиялық қолдау: психодиагностикалық құралдар, психогеометриялық тест және әуен терапиясы
Психологиялық зерттеулердегі эксперименттік және психодиагностикалық әдістер
Психодиагностикалық әдістер: тесттердің тарихы, түрлері және топтамасы
Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қиялды зерттеудің психодиагностикалық әдістері
Психодиагностикалық әдістемелерге және оларды әзірлеуші мен қолданушыға қойылатын кәсіби-әдістемелік және психометриялық талаптар
Білім берудегі инновациялық технологиялар мен дәстүрлі әдістердің салыстырмалы талдауы
Психодиагностиканың қалыптасу тарихы және психометриялық әдістердің дамуы
Мектепке психологиялық дайындықты психодиагностикалық бағалау әдістері
Ақпараттарды криптографиялық қорғау: теория, талаптар және әдістердің жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz