Бастауыш мектептегі педагогикалық коррекция
Презентация қосу
Бастауыш мектептегі
педагогикалық коррекция.
Қабылдаған: Искакова.П.К
Орындаған: Нaрзуллаева.Э.Б
• Жоспары:
• 1. Балалардың мектепке даярлығы
• 2. Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған
балалар
• 3. Бастауыш сынып оқушыларында
қорқыныш пен үрейдің көрініс беруі
• 4. Оқушылардың педагогикалық тәрбиеден
босаңсуының алдын алу
• 5. Коррекциялық бағдарлама үлгісі
• 6. Бастауыш сынып оқушыларына арналған
ойындар
Балалардың мектепке даярлығы
• Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс
енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір
бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-
аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі.
Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен
ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан
даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-
қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-
қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт
кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар
қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді.
Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-
әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін,
мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.
• Е.Е. Кравцова мектепке даярлықтың төрт
бағытын қарастырды:
• 1 бағыт - балаларды мектептегі оқуға қажетті
нақты іскерліктер мен дағдыларды
қалыптастыру;
• 2 бағыт – мектеп жасына дейінгі кезеңнің
аяғында байқалатын жаңа құрылымдар мен
бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу;
• 3 бағыт - оқу әрекеттерінің алғы шарттары;
• 4 бағыт - баланың берілген ережелер мен
ересектер талабына саналы түрде бағыну
іскерлігі.
• 1. Ақыл-ойының даярлығы.
• Бұл мектепке дейінгі баланың білімі және
біліктілігі. Кез-келген бала жазып және
санаумен ғана шектеліп қана қоймай, ең
маңыздысы салыстыра білуді,талдауды, ойлай
білуді, өздігінен қорытынды жасай білуі тиіс.
Көрнекі -әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары
бала көрнекі үлгімен жұмыс
істегенде,заттардың кейпімен, мөлшерін
ұйқастырғанда, қойылған міндеттерді шешуде
тиімді әрекеттердің барлық түрін орындап
шығады.
• 2. Биологиялық кемелденуі.
• Мектептегі оқу әрекеті - бұл ағзаның барлық жүйелерінің
қатты жұмыс істеуін қажет ететін үрдіс. Баланың ағзасында
жаңа ережелер мен іс-әрекеттерге үйрену өзгерістер
туғызады. Оқушы мектептің талаптарын орындап, жаңа күн
режиміне, сабақтарда тәртіп сақтап отыруыға дағдылануы
қажет. Алайда кез-келген баланың денсаулық жағдайы
мұндай өзгерістерге бірден бейімделе алмайды. Сондықтан
баланың денсаулық жағдайы (дене салмағы, бойының
ұзындығы т.б.) нормадағы 6-7 жасар баланың дене
көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Сонымен бірге көру ,есту,
моторикасының дамуы және жүйке жүесінің физиологиялық
жағдайын жатқызуға болады.
• 3. Жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы.
• Мектепке келген бала оқимын деген ниетпен мектеп
табалдырығын аттайды. Бірақ кейде бала оқуға барғым келеді
дегенмен, оның мотиві әртүрлі болады. Біреуі мектепте көп
бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы
келгендіктен мектепке баруы мүмкін. Алайда мұндай
ықыласпен мектепке келген балалар, біраз уақыттан кейін
мектептің қатал тәртібіне және күнделікті оқу сабақтарына
шыдай алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісінің өзіне қызығуы
қажет. Сонда ғана бұл баланың таным қызығушылықтарының
дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік жасайды.
• 4. Ерік сапаларының қалыптасуы мен
эмоционалдық даярлығы.
• Бұл баланың шешім қабылдай алып,
мақсат қоя білуі. Сонымен бірге
баланың әрекеттерді жоспарлап,
олардың орындалуын жүзеге асыруда
күш жұмсай білуі, қиындықтарды жеңуі
баланың психологиялық үрдістердің
қалыптасуына ықпалын тигізеді.
1. Мектеп психологы коррекциялық жұмыс жасау кезінде келесідей ерекшеліктерді
есепке алуы қажет.
2. 1. Аты – жөні _______________________________________________________
3. 2. Білім беру мекемесі ________________________________________________
4. 3. Сыныбы __________________________________________________________
5. 4. Маман ойы _______________________________________________________
6. 5. Оқушының күшті жақтары __________________________________________
7. 6. Оқушының әлсіз жақтары ___________________________________________
8. 7. Коррекциялық жұмыстың өту кезеңі __________________________________
9. 8. Коррекциялық жұмыс кезіндегі өзгерістер _____________________________
10. 9. Ұсыныстар _______________________________________________________
11. Коррекциялық дамытушы сабақтар бағдарламасын төмендегідей жасауға
болады.
12. 1. Өзектілігі
13. 2. Нақты сабақтың жоспары
14. 3. Осы тақырыптың мақсат, міндеттері
15. 4. Коррекциялық жұмысты жүргізуші
16. 5. Коррекциялық жұмыста алынған қорытындылар
17. Сонымен қоса мектеп психологы жұмысыны төмендегідей ұйымдастыра алады:
Мектептегі психологтың іс - әрекетінің бағыттары:
1. Мектептегі психодиагностикалық жұмыстар;
2. Психокоррекциялық немесе дамытушы жұмыстар;
3. Мұғалімдерге, ата – аналарға кеңес беру жұмыстары;
4. Ағартушылық жұмыстар.
Ата – аналармен жұмыста келесі ерекшеліктерді есепке алу қажет:
1. Отбасын ғылыми түрде диагностикалау. Бұл диагностика анкетадан басталып отбасы портретін жасаумен
аяқталынуы қажет.
2. Психологиялық жұмыстардан ата – аналардың бас тартуы.
3. Ата – аналардың мүмкіндігін ескеру, сонымен қоса қызығушылықтарын отбасы мүмкіндіктерін есепке алу.
Ата – ананың бойында қоғамдық ойлар қалыптастыру.
4. Әр отбасына психологиялық көмек көрсету.
5. Ата – анамен жұмыс практикалық мінезге ие болуы қажет.
Мектеп әкімшілігімен жұмыс.
1. Мектеп әкімшілігінің жағымды психологиялық микроклимат қалыптастыруға ролі.
2. Іс - әрекеттің оптималды стилі.
3. Педагогикалық ұжымның диагностикасы.
4. Мектеп әкімшілігінің тәжірибелі маман таңдауларында көмек көрсету.
5. Кадрларды аттестациядан өткізу кезінде жүргізілетін психологиялық жұмыстар.
6. Ұжымда кездесетін өндірістік конфликтілерді шешу кезіндегі көмек.
Мектеп психологының мұғалімдерімен жұмысының психологиялық ерекшеліктері.
1. Жеке адамды психодиагностикалау.
2. Оларды қарым – қатынас пен іс – ірекет кезінде бақылау.
3. Мұғалімдерге психотерапиялық көмек көрсету.
4. Педагогикалық ұжымындағы тұлға аралық қатынастар.
5. Педагогикалық ұжымның іс – ірекеті.
6. Ұжымдағы басқару стилінің ерекшелігі.
7. Педагогикалық ұжымның көңіл – күйі.
•НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz