Жеткіншек кезеңіндегі тәрбие мен оқыту: қиын балалар мен девиантты мінез-құлықты түзету


Slide 1

Жасөспірім және жеткіншек жастағы тәрбие мен оқыту мәселелері.

Қабылдаған: Искакова. П. К Орындаған: Нaрзуллаева. Э. Б

Slide 2

Жоспар:

1. Жеткіншектік кезең

2. “ Қиын бала ” дегеніміз кім?

3. Бала мінезін тәрбиелеудің жолдары

Slide 3

Жеткіншектік кезең

Жеткіншектік кезең - адамның қалыптасуындағы ең күрделі кезең. Әсіресе осы жаста адамның мінез - құлкы және басқа да жеке басының негіздері қалыптасады. Міне, осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын тәрбие жұмысында кемшіліктер айқын көріне бастайды . Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауға болады

- Ата - анамен келіспеушілік жағдайда болу

- Мектептегі қиындық пен сәтсіздік

- Тәртібі қиын құрбы-достарымен байланыс орнату .

Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Ендеше осы үш элемент: отбасы, мектеп, құрбы - құрдастар тобы - барлық жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы. Олар кәмелеттік жасқа толмағандардың ең маңызды қоғамдық факторы болып табылады.

Slide 4

Жеткіншектің мінез-құлығындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар физиологиялық ауытқулардан емес, отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады . Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез-құлық деп аталады.

Девиантты мінез-құлықта жеткіншек агрессивтілікпен көзге түседі. Жеткіншек мінез-құлығындағы агрессивтілік ішімділікпен тікелей байланысты. Ішімділікке бейімділікпен нашақорлыққа құмарлық жеткіншектің девиантты түрдегі өмір құрылымына сіңіп кетеді. Жеткіншек тәртібі агрессивті күйде болса, онда ол “қиын” балалар қатарына жатады.

Slide 5

“ Қиын бала ” дегеніміз кім?

Яғни тәрбиесі қиын бала - әлеуметтік назардан тыс қалған бала. Бала отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстайды, үлкендермен, кішілермен қалай қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен, қайырымдылық пен жылылықты сырттан іздейді. Осының әсерінен олар көшедегі жат қылықтарды бойына сіңіріп алады. Көшедегі кездейсоқ топтарға еліктеп, баланың ішімдік ішуге, темекі шегуге, дөрекі сөйлеуге, құмар ойындарына қызығушылықтары артады. Мұғалімге қарсы сөйлеу, ата-анаға бағынбау, сабақтан қашу сияқты жат қылықтар осының нәтижесі болып табылады. Меніңше, осы наразылық көрсету арқылы жасөспірім өзіне назар аударттырады. Кейде ол наразылықты әдейі істейді. Яғни, ата-анасының көзқарасы, шешімі дұрыс екеніне келіссе де жеткіншекпен ой бөліспегені үшін, оның көзқарасын сұрамағаны үшін қарсы наразылық білдіреді.

Slide 6

Мінез-құлқында қиыншылығы бар девиантты мінез-құлықтың бұзылуының ішіне

- гиперкинетикалық мінез-құлықтың бұзылуы

- мүмкіндігі шектеулі отбасындағы мінездің бұзылуы

- әлеуметтендірілмеген мінездің бұзылуы

- әлеуметтенген мінез-құлықтың бұзылуы

- делинквентті мінез-құлық

- ерте кезден ішімділік қолдану, наркомания

- девиациді сексуалды мінез-құлық

- тұлғаның психогенді патологиялық құрылымы

Slide 7

Бала мінезін тәрбиелеудің жолдары

Мектеп мұғалімдері қиын балаларға теріс көзбен қарайды. Олардың мұндай балалармен жұмысы келеңсіз, стимуляция әдісімен бүкіл сынып алдында жүйке жұқаратын әңгіме, жазалау, т. б түрінде жүзеге асады. Әдетте, бұл әрекеттің барлығы оң нәтиже бермейді, керісінше “қиын” жеткіншектердің мұғалімге, мектепке кектенуі күшейе түседі және қарсы келуіне әкеліп соқтырады.

Мұғалімдер “қиын” жеткіншектерге деген өзінің кері көзқарасын жасырмайды, олармен кикілжіңге де келеді. Девиантты мінез-құлықта жеткіншекке қолданылатын тәрбиелік профилактикалық іс-шаралар тұлғаға әсер ету ғана емес, түзету іс-шаралармен де шектелмейді. Жеткіншектің әлеуметтік дезадаптациясы кері әсерлі ортада сауықтыруды және әлеуметтік педагогикалық тузетулерді қажет етеді.

Slide 8

Баланың мектепке келгенде ерекше өзгешелігі оның мінез-құлқында көрінеді. Бейімделу процесін зерттеу үшін бағытталған бақылау әдісін қолдану керек. Онда жеткіншектің оқу белсенділігін, білімді меңгеруін, сабақтаға, қоңыраудағы мінез-құлқын, сыныптастармен және мұғалімдермен қарым-қатынасын, эмоционалды көріністерін бақылау қажет. Жеткіншектерді мектепке бейімделуіне қарай үш топқа бөліп қарастырсақ болады:

Бірінші топта бейімделуі аз және шиеленіссіз өткен жеткеншектер жатады. Олар үшін интеллектуалды қызметтің жақсы дамуы мен мектептік тәртіп нормаларын меңгеруге лайықты. Бұл топтағы балалардың көпшілігі тұлға типінің тұрақтылығымен, көпшілдігімен, адалдығымен, эмоционалдылықтың бір қалыптылығымен және өзін бақылау дәрежесінің жоғарлығымен сипатталады.


Ұқсас жұмыстар
Мектептегі балалар мен жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлықты түзету: жүйелі педагогикалық іс-шаралар
Қиын балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын педагогикалық-психологиялық түзету және алдын-алу
Балалар мен жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлықты түзетудің жүйелі педагогикалық-психологиялық шаралары
Жеткіншек балалардың девиантты мінез-құлқын түзету: жалпы білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық әдістер мен программа негіздері
Жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың алдын алу және педагогикалық түзету
Балалар мен жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлық: себептері, даму кезеңдері және алдын-алу
Мектеп жасына дейінгі балалардағы девиантты мінез-құлық: себептері, ерекшеліктері және түзету мен алдын-алу шаралары
Әлеуметтік девиация және девиантты мінез-құлық: теориялар, себептері және түзету-алдын алу шаралары
Девиантты мінез-құлықтағы балалармен педагогикалық жұмыс: теориясы мен тәжірибесі
Балалар мен жасөспірімдердің жағымсыз мінез-құлықтары: себептері, алдын алу және түзету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz