VІ-ІХ ғасырдағы қалалық мәдениет




Презентация қосу
Тақырыбы:VІ-ІХ ғасырдағы қалалық мәдениет

Орындаған:
Қабылдаған:
Жоспар:
• I.Кіріспе
• II.Негізгі бөлім
• 1. Қалалық және отырықшылық тұрмыс
географиясы.
• 2. Қалалардың топографиясы мен типологиясы
• 3. Қалалар функциясы.
• 4. Қалалық тұрғын үй мен демографиялық
сауалдар
• III.Қорытынды
• IV.Пайдаланған әдебиеттер
Қалалық және отырықшылық тұрмыс географиясы.
Қазақстанның кең байтақ аумағында ежелден отырықшылықпен, орта ғасырларда
қалалық өмір сүру салтымен сипатталатын ірі тарихи-мәдени өңірлер болды. Солардың
бірі Оңтүсті Қазақтан мен Жетісу еді. Оңтүстік Қазақстан немесе географиялық атаумен
айтсақ Сырдария маңы географиялық провинциясы солтүстікте Орталық Қазақстан
далаларымен, оңтүстікте Талас Алатауымен, шығыста Жуалы қырқасымен, батыста
Қызылқұм құмдарымен шектеседі.
Оңтүстік Қазақстанда әсіресе Сырдария алабы ерекше орын алды. Сырдарияның
гректер атаған көне атауы VІІ ғасырға дейін сақталды. Одан кейін ол Сейхун, Қанғар,
Гюль-Зарриун, Инчу-Огуз деп аталынды, тек ХVІ ғасырда ғана алғашқы «Сыр» атауын
қайтадан алған еді.
Жетісуда Шу мен Талас өзендері алабын өзіне біріктіретін оңтүстік-батыс Жетісу
мен негізгі су артериясы Іле өзені болған солтүстік-шығыс Жетісу секілді екі тарихи-
мәдени өңірлер ерекшеленді. Алғашқы өңірдің солтүстік шекарасы Мойынқұм құмдары,
шығыстағы шекаралары Шу-Іле таулары, ал батыста ол Жуалы үстірті арқылы өтті.
Талас алабы үш жағынан Талас, Қырғыз және Қаратау секілді тау жоталарымен
қоршалған.
Егіншіліктің дамуы отырықшылық өмір үшін қолайлы аудандар Қазақстанның басқа
өңірлерінде де болды. Мысалы, Ертіс алабы, Тарбағатай беткейлері, Ұлытау, Орталық
және Батыс Қазақстан жерлері, бірақ егіншілік пен қалалық тұрмыс Қазақстанның
оңтүстігі мен Жетісуда кеңінен дамыған еді.
• Қалалардың топографиясы мен типологиясы
• Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар ортаазиялық қалаларға
ұқсас – бекініспен қоршалған немесе бекініссіз цитадель,
шахристан мен рабадтан тұрады. Көп жағдайда олар жоспары
бойынша дөңгелек. Тау беткейіндегі белдем мен Сырдарияның
төменгі ағысында тік бұрышты жоспарда салынғандары басым.
• Оңтүстік-Батыс Жетісу қалаларына орталық цитадель
(орталықта орналасуы сирек) төбесі мен тік бұрышты, бес
бұрышты, трапеция, көп бұрышты жоспардағы шахристан
қалдықтары да анық байқалады. Қалаға кіретін қақпа бірден
төртке дейін. Рабадтар ауылдық округтерге қосылып кеткен, сол
себепті екі құрылыс арасындағы нақты шекараны табу өте қиын.
Орталық қирандыларға ұзындығы үштен ондаған шақырымға
жететін «ұзын қабырғамен (дуалмен)» қоршалған территория
жалғасады.
Қалалар функциясы.
• Сауда-қолөнер орталығы ретінде қалалардың дамуы қолөнердің ауыл
шаруашылығынан бөліну үрдісімен үстем тапқа негізінен қызмет көрсетуші қолөнер
өндірісінің мейлінше дамуымен тікелей байланысты болды.
• Әзірге ғалымдардың қолында ерте ортағасырлық қалада қолөнердің дамуы
туралы мәлімет аз, ең алдымен ол бізге жеткен - қыш ыдыстар, металл, сүйек пен
тас бұйымдар секілді дайын өнімдер арқылы ғана белгілі. Тоқымашылық, тері,
жүн, киіз өндіру ісі жайлы мәліметтер одан да мардымсыз. Оңтүстік Қазақстан мен
Жетісу қалаларындағы қолөнердің бұл салалары жайлы жазба дерек көздерінде
айтылғанымен, олар біршама кейінгі уақыттарға жатады.
• Қыш ыдыстарды өндіру қолөнердің басты бағыттарының бірі болды. Көкмардан
қазбасынан, Құйрықтөбе мен Отырардың VІІ-VІІІ ғасырлардағы мәдени
қабаттарынан шот, пышақ, орақ жинастырылған, табылған темір крицалар оның
осы жерде өндірілгендігін айғақтайды. Мыс өндірісі де осы жерде өндірілгендігін
дәлелдейді. Мыс өндірісі Жетіасар қаласының жоғарғы мәдени қабаттарынан
табылған мыс тоғалар мен белбеу айылбастары арқылы да белгілі. Зергерлік
өнер шыңын киім киген еркек пен әйелдің бейнесі, табаны көтерілген түйе
мүсіндері бедерлі алтынмен апталғын нәзік қола тоғалар, сырға, білезік бойынша
да пішіп-кесуге болады.
• Сүйектен жасалынған жебе қапсыры, жанурлар сүйегінен дайындалған тұмар,
кесілген марал мүйізі табылды. Тас қашаушы шеберлер диірмен, дәнүккіш жасады.
• Қалалық тұрғын үй мен демографиялық сауалдар. Алғаш рет
кең ауқымдағы қазба жұмыстары нәтижесінде Оңтүстік
Қазақстанның ерте ортағасырлық қалалық тұрғын үйлері
жөнінде түсінік алынды.
• VІ-VІІ ғасырдың бірінші жартысына үйлердің екі үлгісі тән.
Бірінші үлгідегі үй – бір бөлмелі, тік бұрышты жоспармен
салынған. Осындай көлемі 43 шаршы метр болатын үйлердің
бірінде ұзындығы 4 метрлік иілген дәліз бар. Кіреберісі тамбур
пішіндес. Батыс және солтүстік қабырғаларын бойлай
ортасына қарай шығыңқы келген сөрелі сәкілер орнатылған.
Сәкілердің ені 1 м, шығыңқы жері – 1,2 м, биіктігі 40-45 см.
Кіреберістің қарсы алдынан ортаға ернеулері балшықпен
сыланған көлемі 1х1,5 м болатын тік бұрышты жерошақ
қазылған. Кіреберістің қарсы алдынан ортаға ернеулері
балшықпен сыланған көлемі 1х1,5 болатын тік бұрышты
жерошақ қазалған. Кіреберістің қарсы алдынан ортаға ернеулері
балшықпен сыланған көлемі 0,2х0,2 м болатын екі камин
(қабырғадағы ошақ) орналасқан.

Ұқсас жұмыстар
Рыцар мәдениеті
Көшпелілер өркениетін зерттеу
Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері
Рухани мәдениет
Ежелгі үнді мәдениеті
Қарахан мемлекетінің құрылуы
Орта ғасырдағы мәдениет
ТӘРБИЕНІҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Қазіргі Тараз қаласының орнындағы ежелгі қала
Екінші республика
Пәндер