Жетісудың қалалары туралы


Slide 1

Х. А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Орындаған: Нарзуллаева Сарвирух

Қабылдаған: Жетібаев К.

Тақырыбы:

Жетісудың қалалары

Slide 2

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Ежелгі талғар

2. Қарамерген

3. Ежелгі Қарамерген орны

4. Ежелгі алматы қаласы

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Жетісу - тарихи-географиялық аймақ. Солтүстікте Балқаш, солтүстік-шығысында Сасықкөл менАлакөл, шығыста Жетісу (Жоңғар) Алатауы, оңтүстік және оңтүстік-батысында Солтүстік Тянь-Шаньжоталарымен шектеседі. Тарихи деректер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше пікір бар. А. К. Гейнс бұлардың қатарына Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал жәнеКөксу өзендерін жатқызса, А. Влангали Басқан, Сарқан өзендерінің орнына солтүстік-шығыстағыАягөз, оңтүстік-шығыстағы Іле өзендерін атайды. В. В. Бартольдтың айтуынша, алғашқыда жергілікті халық Жетісу деп Іледен солтүстікке қарай созылған аймақты атаған, оған Лепсі, Басқан, Ақсу, Бүйен, Қызылағаш, Қаратал, Көксу өзендері енген. Ал Жетісу Іленің оңтүстігіне қарай созылған таулы аймақ деген ұғым 19 ғ-да тарап, сондай-ақ, оған Тянь-Шаньнің солтүстік-батыс және орталық аудандары да қосылатын болған. Тарихи әдебиетте Жетісу ұғымына Шу алабы менНарын өзенінің жоғарғы ағысын қамтитын атырап та кірген.

Кіріспе

Slide 4

Талғар

Ортағасырлық Талғар қаласы - Алматы қаласынан 25 шақырым шығысқа қарай, қазіргі Талғар қаласының оңтүстік жағында орналасқан. Бұл - Іле жазығының ең ірі қалаларының бірі. Ортағасырлық қаланың қалған бөлігі өкінішке орай 20 га жуық аумақ қазіргі заманғы құрылыстар астында қалған. Талғар ірі әкімшілік, саяси, сауда орны ретінде жазба деректерде Х ғ. көрсетіле бастады. Ал қала VIII ғасырдан XIII ғасырдың аяғына дейін өмір сүрді.

Талғардың Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі сауда орталығы болғандығын импортты тауарлардың табылуы дәлелдейді.

Қала байланыстырушы аймақта орналасқандықтан бұл жерде көшпелілік пен отырықшы өмір салты тоғысып отырған. Мал шаруашылығы дамығандығын аулаларда орналасқан мал қамайтын албарлардың болуы дәлелдейді. Сонымен қатар егін шаруашылығы мен бақша өсіру ісі де дамыған.

Slide 5

ЕЖЕЛГІ ТАЛҒАР

Slide 6 Slide 7 Slide 8

Қарамерген

Қарамерген - Іле өзенінің бойындағы отырықтанған өркениетті қалалардың ең көнесі болып табылады. Ұлғайып, көркейген шағы XII-XIII ғасырларға сәйкес келеді. Аталған қалашық археологиялық зерттелу үстінде. Эрозия мен бұзылғанына қарамастан саман кірпіштен салынған ғимараттар мен салу жүйелері әлі күнге дейін сақталған. Егістікпен қоса қалада балық шаруашылығы маңызды рөл атқарыпты. Аңшылық та әрқашан бірінші орынға қойылғанына қаланың аты дәлел. Қарамерген қалашығы Балқаш көлінің оңтүстік жағалауында орналасқан. Сондықтан Алматы облысындағы туризмді дамыту тұрғысынан алғанда қалашық таптырмайтын объект екені даусыз. Қаланың құрдымға кетіп күйреуі моңғол шапқыншылығымен тығыз байланысты.

Slide 9

Ежелгі Қарамерген

Slide 10

Ежелгі Қарамерген орны

Slide 11

Тянь-Шань жоталарының етегінде орналасқан әсем қаланы «бақша-қала» деп бекер атамаған. Көктем маусымында, оңтүстік алқаптардағы бау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеген кезде қала ертегіге айналады. Алматы қаласының атауы алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі.

Кейбір деректерге сүйенсек, ескі замандарда осы жерде, яғни керуен жолы - Жібек жолында Алматы сауда мекені орналасқан. ХІІІ ғасырда оны Шыңғысхан ордасы тас талқан етті. 1854 жылы ескі қала қалдықтарынан Верный қаласы пайда болды. Кеңес Одағы жылдары қала атауы Алма-Ата болып өзгертілді, 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алма-Ата Қазақстан астанасы болды. 1993 жылы тәуелсіздік туралы Ата заң қабылданған сәттен бастап, бұрынғы Верный, одан кейінгі Алма-ата Алматы деп өзгертілді.

Алматы теңіз деңгейінен 650-1200 метр биіктіктегі Іле Алатауының солтүстік бөктерінде орын алған. Қала жазықтықта орналасқан, үш жағын биік таулар мен жасыл массив қоршаған. Алматы - Еуразия континентінің орталығы. оңтүстік-шығысында.

Ежелгі алматы қаласы

Slide 12

Көне тарихы

Б. з. д. 10-9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел - ерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы.


Ұқсас жұмыстар
Жетісудың қалалары
Ежелгі Тараз қаласы
Қалалық мәдениеттің дамуы
Түркістан автономиясы
ҚАҢЛЫ МЕМЛЕКЕТІ туралы
Жетісу өңірі
Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірі
XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы
XІ-ХІІ ғғ. Қазақстан жеріндегі отырықшы және көшпелі отырықшы және көшпелі мәдениет
Мұсылман философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz