ХV ғ. екінші жартысы – ХVІІІ ғ. бас кезіндегі қалалық мәдениеті




Презентация қосу
Тақырыбы: ХV ғ. екінші жартысы – ХVІІІ ғ. бас
кезіндегі қалалық мәдениеті

Орындаған:
Қабылдаған:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Кейінгі ортағасырлық қалалардың
топографиясы мен типологиясы
2. Қала махалласы, қоғамдық
құрылыстар, бекіністер
3.Қалалар функциясы
4. Қалалық мәдениеттің даму жолы
IV.Пайдаланған әдебиеттер
Кейінгі ортағасырлық қалалардың топографиясы
мен типологиясы. Қазақстан тарихында
қарастырылып отырған кезең осының алдындағы
кезеңмен салыстырғанда жазбаша
деректемелерде едәуір толық баяндалған.
Жазбаша деректемелерде қалалар, бірінші кезекте
Ясы-Түркістан, Отырар, Сығанақ, Сауран, Созақ,
Сайрам қалалары өмірінің кейбір жақтары туралы
түсінік беріледі.Осының алдындағы уақытпен
салыстырғанда, деректемелерде айтылатын
қалалар саны (ХІІІ ғасырдың екінші жартысы – ХІV
ғасыр) 20-ға дейін,. ал мезгілі ХV ғасырдың екінші
жартысы. ХV ғасырдың екінші жартысында
жазбаша деректемелерде енді Солтүстік
Қаратаудың Ұрысоған, Соғылкент, Құмкент
қалаларының аттары кездеспейді. Осы қалалар деп
саналатын қала жұрттары, археологиялық
зерттеулердің көрсеткеніндей, ХV ғасырдың аяғы –
ХVІ ғасырдың басына қарай бос қалады.
Сырдарияның төменгі ағысында – Жанқала,
Қызқала қала жұрттары, Бөгенде – Бұзықтөбе
(Шілік), Орта Сырдарияда Құйрықтөбе мен Оксус
(Оқсыз) қала жұрттары тіршілігін тоқтатады.
қалалардың топографиясы мен типологиясы
Қаланың астаналық жағдайын ХVІ ғасырдың 60-
жылдарында теңгелер соғуды қайта жаңғыртқан Түркістан
теңге сарайының белсенді жұмысы да айқын
көрсетеді.Соңғы орта ғасырлар қалаларының
топографиясында «хисар» - қаланың дуалмен қоршалған
орталық бөлігі мен қала төңірегіндегі аудандар айқын
аңғарылады. Г.А.Пугаченкованың анықтауынша, хисар –
«қаланың халық тығыз тұратын, үкіметтік үйлер,
казармалар, күмбезді мешіт, басты базарлар мен қолөнер
шеберханалары, қаланың негізгі топтарының тұрғын үйлері
шоғырланған бекіністі бөлігі». Кейде хисардан қосымша
бекінісі бар цитадель – қала айқын байқалады. Мұндай
бекіністер Ясы-Түркістан, Сығанақ, Қараспан, Сүткент,
Аққорған топографиясына да тән еді. Дуал, хисар
сыртындағы құрылыс іздері бар аумақ қала төңірегі,
ауылдық өңір болған және кейінгі этнографиялық
материалдардың дәлелдегеніндей, оның өмірі хисардың
өмірінен, қаланың өз өмірінен күрт ерекшеленген.
Қалалар құрылымы: қала махалласы, қоғамдық
құрылыстар, бекіністер. Қаланың сұлбасын құрайтын
көшелер жүйесі едәуір күрделі болған. Мысалы,
Отырарда оңтүстік және солтүстік кіреберістерді
жалғастыратын орталық магистральдан басқа,
меридиан бағытта созылып жатқан оны тағы да кесіп
өтетін 6 көше болғандығы анықталды. Кейінгі орта
ғасырлық қаланың махалласы бұрынғыдай негізгі
құрауыш болып қала берді.
Отырар махалласы бір-біріне жапсарластырыла әрі
тығыз салынған жоспары тік бұрышты, трапеция
тәрізді және көп бұрышты тұрғын үйлерден тұрды.
Әдетте, үйдің есігі магистраль немесе махалла ішіндегі
көшеге қаратылды, ал кіріс-шығыс шағын көшелер
арқылы жүргізілді, қажет жағдайда ол үлкен қақпалармен
жабылса керек. Махалла 6-20 үйден тұрды және аумағы
1500 шаршы метрден аспады.
Қалалар функциясы. Бұрынғы кезеңдердегідей қыш ыдыстар қалалардан
қалалардан көптеп кездеседі. Өндіріске мамандану өріс алғандығы байқалады.
Ірі шеберханалда су таситын құмыралар, екі ұстағышты ыдыстар мен хумдар
секілді бұйымдардың белгілі бір түрлері жасалды. Ашық аулаларда орналасқан
пеші бар шағын шеберханалардан да мамандандырылу сипаты байқалады.
Олар ұсақ және сырланбаған пиала, кесе, тостақша түріндегі ыдыстарды
өндірді.
Ұсталық және металлургия бұрынғыдай қалаларда кең таралған. Қала
жұрттарынан табылған крицтер мен темір балқытатын пеш қалдықтары өте көп.
Жер жыртатын құралдардың екі жалпақ темірден жасалған түріндегілер
табылған. Соғылған құралдармен қатар құйма құралдары да ұшырасқан.
Қолөнершілер шойыннан қазандар да құйып шығарған. Шойыннан
дөңгелектердің төлкесі де жасалған, әдетте, олар құйып істелген. Бірнеше темір
кетпен табылды. Темірден орақтар мен балта-шоттар дайындалған темірден
орақ, балта-шот, т.б. тұрмысқа қажетті үшкір сымдар, шынжыр сақиналар,
ілгектер, шегелер дайындалды. Этнографиялық байқаулар темір өндіру мен
одан бұйымдар жасау ісінде мамандану боғанын дәлелдейді. Ең көп мамандану
темір ұсталығында байқалды. Мыс ісі қаланың қолөнер кәсіпшілігінде
бұрынғысы сияқты зор рөл атқарды. Ол жөнінде қола ыдыстың табылуы
бойынша мәлім. Қоладан құйылған бұйымдардың саны көп тобы көлемі
үлкенді-кішілі әр түрлі қоңыраулардан құралады.
Қалалар функциясы.
Қалалық мәдениеттің даму жолы.
Бұл уақыттағы қалалық мәдениеттің маңызды белгісі оның
дәстүрлілігі болып табылады. Қалаларда ертеректегі жоспарлар
сақталды. Магистраль көшелердің тығыз торабындағы махалла
ішіндегі көшелер тұйық көшелер жүйесі өзгермейді. Махаллалар өз
кескіні мен шекарасын сақтап қалды.
Интерьердің өзгеруі айқын байқалады. Күйдірілген кірпіш көп
көлемде пайдаланылған үйлерде бар; тандырдың аузын әрлендіру
үшін арнайы керамикалық плиткалар қолданылды.
Қалаға көрік беріп тұрған қоғамдық құрлыстар арасындағы
мешіттер дәстүрлі түрде салынды. Моншалар жұмыс
істеді.Сонымен, ХV ғасырдың екінші жартысы – ХVІІІ ғасырлар
мәдениетінің ерекшелігі оның дәстүрлілігі болып табылады. Бұл
дәстүр қазақтардың өзіндік мәдениетінің дамуында ерекше маңыз
алды. Орта ғасырлардағы қалада жасалынған сан алуан заттардың
көбі қазақтар мәдениетінің етене бөлігі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ж. Таймағамбетов, Байпақов Қазақстан
археологиясы Алматы 2006.
2. К. Байпақов Қазақстанның ежелгі қалалары
Алматы 2005.
3. Қазақстанньң физикалық географиясы,
Алматы: Атамұра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х
4. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс»
баспасы, 2005
5. "Оңтүстік Қазақстан облысының
энциклопедиясы"

Ұқсас жұмыстар
Рухани мәдениеті
ХІІІ ғ-ХУ ғ. бірінші жартысында қалалық мәдениеттің дамуы
Қазақ философиясының өкілдері
Рыцар мәдениеті
Фармакологияның даму тарихы
Орта ғасырдағы мәдениет
Түркі кезең философиясының өкілдері
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
Орта ғасырлық мәдениеттің хронологиялық шеңберлері
Пәндер