ХІІІ ғ-ХУ ғ. бірінші жартысында қалалық мәдениеттің дамуы




Презентация қосу
Тақырыбы: ХІІІ ғ-ХУ ғ. бірінші жартысында
қалалық мәдениеттің дамуы

Орындаған:
Қабылдаған:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Қала құрылыстары, жаңа үлгідегі тұрғын үйлердің
қалыптасуы.
2. Отырар шаһары
3. Орта ғасырлық қалалардағы ұлы
ғұламалар
4. Қалалар функциясы
5.Қала мәдениеті.
IV.Пайдаланған әдебиеттер
Қала құрылыстары, жаңа үлгідегі тұрғын үйлердің қалыптасуы..
ХІІІ-ХV ғасыр бірінші жартысындағы қазақстандық қалалардағы
дәстүрлі құрауыштар (компоненттер) қатарына бұрынғыдай
моншалар да кірді. ХІІІ ғасыр соңғы ширегі мен ХV ғасыр бас кезіне
жататын олардың бірі Отырардан қазылды. Ол оңтүстік қақпадан 200
м батысқа қарай, су қоймасының жағалауында, ХІ-ХІІ ғасырлардағы
моншаның орнына соғылған. Жоспардағы бағыттары бұрынғыдай
солтүстік-батыс жақта емес; оған келушілер оңтүстік-шығыстан
кірген. Монша тік бұрышты құрылыс, оның айқыш (крест) тәрізді
жоспары айқын аңғарылады. Оның екі кезеңде салынғандығы
анықталды. Алғашқыда монша аумағы сыртқы қабырғасынан
есептегенде 13,5х16,5 м болған. Бұл кезде орталық залдың аумағы 22
шаршы метр еді, қалған бөліктері суға арналған цистерна бөлмесін
есептемегенде аумағы 7,2 шаршы метр болды.
Монша 10 бөлмеден тұрды, оған киім шешетін (лөңгіхана), бу және
массаж бөлмесі қызметін атқарған екі бенуарлы орталық зал,
жуынатын – ыстықхана мен суықхана бөлмелері кірген. Ол су
қоймасынан жер асты галлереясымен келген құбыр арқылы сумен
қамтамасыз етілген.
Отырар шаһары - Арыс өзенінің
Сырдария өзеніне құяр аралығына
орналасқан.
ОТЫРАР СОЛ КЕЗДЕГІ ҮЛКЕН
ШАҺАРЛАРДЫҢ БІРІ БОЛДЫ. БҰЛ
ЖЕРДЕ КӨПТЕГЕН ТӨБЕЛЕР ЖАТЫР.
СОЛ ТӨБЕЛЕРДІҢ БАРЛЫҒЫ ДА БІР
КЕЗДЕГІ ОТЫРАР ҚАЛАСЫНЫҢ ОРНЫ.
Әбу Насыр Әл-Фараби (Насыр
Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ
әл-Фараби)
(870, Отырар қаласы
— 950, Сирия (Шам)) — қазақ
даласынан шыққан ұлы ғалым,
ойшыл философ, математик,
астролог, музыка теоретигі.
Әскербасының отбасында
дүниеге келген.
Данышпан Әбу
Насыр әл-Фараби
Түркістан
тарапындағы Отырар
шаһарында 870 жыл
шамасында туған.
950 жылы Шам
(Дамаск) шаһарында
ұлы ұстаз дүние
салды. Бұл мәлімет
ерте заманғы
арабша жазылған
шежіре кітаптарында
берілген.
Жүсіп Баласағұни (Жүсіп Хас Хажиб
Баласағұни) 1020 жылы Балсағұн қаласы
Қырғызстандағы қазіргі Тоқмоқ қаласында туып,
Қашқар қаласында қайтыс болған.
Жүсіп Баласағұни - ақын, ойшыл, ғалым,
мемлекет қайраткері.
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған.
Файласуфи (философия), риезиет (математика),
тиббий (медицина), фэлэкиат (астрономия),
нужум (астрология), өнертану, әдебиеттану, тіл
білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына
зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі
әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында
"Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы
қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра
есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша
1070 жылда жазып бітірген. Дастанды
"хандардың ханы" - Қарахандар әулеті
мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сатүк
Қара Богра ханға (908 - 955) тарту етеді.
Қожа Ахмет Йассауи
Қазақстан мен Орта Азиядағы
сопылық поэзиясының көрнекті өкілі,
дуалы ауыз данышпан, кемеңгер
ақын ағартушы Ахмет Йасауи 1093
жылы немесе 1094 жылы көне
Исфидзат (Сайрам) қаласында
дүниеге келген. Оның ата-анасы
Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана
осында тұрып, осы жерде қайтыс
болған. Йасауи 1166 Түркістан
(Йасы) қаласында қайтыс болды.
Қалалар функциясы.
Жазбаша хабарламаларда Шығыстың, Орта Азия мен Қазақстанның орта ғасырлардағы
қалаларындағы қолөнердің ұйымдастырылуы туралы мәліметтер аз. Ұсақ тауарлы
өндіріспен қатар, натуралдық өндіріс те сақталып, ол қазынаның шеберхана - қарқанда
шоғырланды. Отырар шеберханалары бірінші кезекте дербес тауар өндіруші - үйінің
жанындағы өз шеберханасында жұмыс істейтін құмырашының жеке өндірісі туралы түсінік
береді. Қаланың орталық бөлігінде де, құмырашылардың жеке қоныстары мен
махаллалары бар қала іргесінде де қолөнердің шоғырланғаны байқалады.
Шеберханалардың өздерінің орналасуында бірнеше ғасырлар бойындағы сабақтастық
аңғарылады,
Орта Азиядағы цехтар туралы алғашқы айтылған сөздер ХІV-ХV ғасырлардағы
деректемелерден кездестірілді. Алайда, А.Ю.Якубовскийдің пікірінше, Орта Азия
қалаларының қолөнершілері Х ғасырдың өзінде-ақ цехтарға біріккен.
Отырар шеберханаларының қазба материалдары мұнда серіктестіктер де, цехтық
бірлестіктер де болған деп жорамалдауға негіз береді. Отырар шеберханаларында
өндірілетін керамика өніміне, негізінен алғанда ақаулы және сынған керамика толтырылған
шұңқырлардан алынған керамикаға, сондай-ақ бірқатар жағдайлар бойынша сапалы
жағдайына жеткізіле күйдірілмеген; әшекейленген, бірақ күйдірілменген; күйдіру
қуыстарындағы керамикаға жасалған талдау шеберлердің мамандануы туралы айтуға
мүмкіндік береді. Зерттеушілердің пікірінше бұл моңғол шапқыншылығына дейін-ақ болған
жайт.
Кірпіш күйдіретін пештер мен шеберханалар санының көп болуы құрылыс
жұмыстарының кеңінен құлаш жайғанын дәлелдейді
Суреттеліп отырған уақытта күмістен жасалған бұйымдар өндірісінің технологиясымен,
әшекейлердің түр-түрімен және сипатымен байланысты мәселелер үшін Отырардың ХІІІ
ғасырдың 60-жылдарында жасалған деп саналатын күміс заттардың көмбесі зор ынта-
ықылас туғызады
Қала мәдениеті.
Моңғолдар шапқыншылығы күйзелткеніне қарамастан, Оңтүстік Қазақстан мен
Жетісудағы қала мәдениетінің дәстүрлі дамуы тоқтала қойған жоқ. Әсіресе
бірқатар Жетісу қалаларының моңғолдарды қуана қарсы алуы мұнда кейіннен
қалалардың біршама өркендеп тұруына алғы шарттар қалыптастырған еді.
Мәдениетте ХІІІ-ХV ғасырларда пайда болған инновациялар алдыңғы кезеңдегі
мәдениет дамуындағы үзілісті немесе одан қол үзуді білдірмейді. Мұндай
құбылыстар моңғолдар жаулап алған аймақтағы дамыған қалаларға да тән еді.
Қазақстанның оңтүстігінде бұл сәулет өнері секілді салалардан байқалды. ХІV-
ХV ғасырлардағы архитектуралық нысандарды зерттеушілер әлемдік сәулет
өнерінің жарқын құбылыстарына жатқызады.
ХV ғасырдың бас кезінде Ахмет Ясауи кесенесі тұрғызылады. ХV ғасырда
салынған архитектуралық құрылыстар арасынан қазір қирап қалған
Сығанақтағы Көккесене белгілі. ХІV ғасыр соңы мен ХV ғасыр бас кезінде
Отырар маңындағы Арыстанбаб кесенесі салынған.
Мешіт, медресе, кесене құрылыстарының салынуы қала тұрғындары
арасында ислам діні кеңінен таралғандығын білдіреді.Қала тұрғындары
арасында сопылық ілім де кеңінен таралды.
Үй құрылысында, оның жоспарында және баспана интерьерінде көптеген
элементтер сақталды. Қыш ыдыстарын өніруде, дәлірек айтсақ тұрпаты мен
ою-өрнектерінде бір ізділік (мирасқорлық) байқалады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ж. Таймағамбетов, Байпақов Қазақстан
археологиясы Алматы 2006.
2. К. Байпақов Қазақстанның ежелгі қалалары
Алматы 2005.
3. Қазақстанньң физикалық географиясы,
Алматы: Атамұра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х
4. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс»
баспасы, 2005
5. "Оңтүстік Қазақстан облысының
энциклопедиясы"

Ұқсас жұмыстар
Рухани мәдениет
ХV ғ. екінші жартысы – ХVІІІ ғ. бас кезіндегі қалалық мәдениеті
Орталығы Сығанақ қаласы
Ежелгі Тараз қаласы
Орта ғасырдағы мәдениет
Грек тіл білімі
Орта ғасырлық мәдениеттің хронологиялық шеңберлері
Қазақ халқынын қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы
Қала мәдениетінің дамуы
Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Пәндер