Оңтүстік Қазақстан, Талас пен Шу аймағындағы қалалар мен қорымдар
Презентация қосу
Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан,
Талас пен Шу аймағындағы қалалар
мен қорымдар.
Орындаған:
Қабылдаған:
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Орта ғасырлық Тараз.
Ақыртас есткерткіші.
Ақыртастың зерттелу тарихы.
Бөріжар қорымы.
1. IІІ.Пайдаланған әдебиеттер
Орта ғасырлық Тараз
Тараз жайлы алғышқы мәлімет ҮІ ғасырдың аяғына
жатады. Төменгі қабат бірінші ғасырларға жатады. Қытай
саяхатшысы Сюань–Цзянь айтуынша қаланың аумағы 8-9 ли,
онда көптеген саудагерлер аялдап түрлі заттар сатады. Қала
айналасын «ұзын» қорғандар қоршаған. Қарахандық дәуірге
жататын монша табылған. Сәулетті құрылыстар ішінде Айша
бибі күмбезі, Бабажы-қатын кесенесі жатады. Талас өзені
үстінен көпір салынған. Оның іздері табылған. Тараз қаласы
қасында Джамукат қаласы табылған. Тараз қаласы қасында
Атлах қаласы болған. Оған таяу жерде атақты Талас шайқасы
болған.
Ақыртас есткерткіші.
Оңтүстік Қазақстанның ерекше құпиялы
ескерткіштерінің бірі – Ақыртас. Ол Тараз қаласынан
шығысқа қарай қырық километр жерде, Қырғыз
Алатауының етегінде орналасқан. Бұл дуалдары қызыл
құмшауытты үлкен тастардан тұрғызылған
төртбұрышты монументальды құрылыс (180 205 м).
Басты көшесі солтүстік және оңтүстік қақпаларды
жалғайды, оған перпендикуляр тағы бір көше өтеді,
осылайша олар құрылысты төрт бөлікке бөледі.
Олардың үшеуі аулалардың маңайында орналасқан
ғимараттардан тұрады, ал біреуіне құрылыс
салынбаған. Барлық құрылыстың ортасында – аула,
оның периметрі бойынша 5 5 метр бағаналардың тас
табаны қойылған. Ауланың оңтүстік бөлігінде екі
суатты хауыздың қазан шұңқыры байқалады.
Ақыртас
есткерткі
шінің ішкі
көрінісі
Ақыртастың зерттелу
тарихы
Ақыртасты зерттеу тарихы 130 жылдан астам
уақытты қамтиды. Оған бірінші болып көңіл
аударған орыс суретшісі М. С. Знаменский болды.
Генерал М. Г. Черняевтың әскери
экспедициясының құрамында болған ол 1864
жылы оның үйіндісіне барып, дуалдардың
көріністері мен қалдықтарының қызықты
суреттерін сызып қалдырды. Сонан соң үш жылдан
кейін ескерткішті танымал шығыстанушы ғалым П.
И. Лерх зерттеді. Ол оның алғашқы сипаттамасын
берді, жеке кесектерін өлшеп, XIII ғасырдың
басында Чан-Чун жинаған Ақыртас үйіндісі туралы
мәліметтерді келтірді. Лерх Ақыртасты будда
монастыры деп санады.
Геолог Д. Л. Иванов маңызды зерттеулер жүргізді. Оның
мақаласында құрылысқа қажетті тастар алынған тас
қашалатын орындар, оның өрнектері барының суреттері
мен дуал кесектерінің сипаттамалары егжей-тегжейлі
жазылған.
1893 жылы Ақыртасқа В. В. Бартольд келді. Ол ескерткіш
жайлы аңызы мен христиан құрылысы болған деген
жорамалын келтірді. Анығында бұл – несториандық
монастырь. Мұндай жорамал христиандықтың бір белгісі
– балық бейнеленген тас кесегін көрген жергілікті
тұрғынның айтуы бойынша мүмкін болды. Түркістан
археологиялық әуесқойлар үйірмесінің мүшесі В. А.
Каллаур бұл жерден су жіберетін құбырлар, тас науалар
тауып, тау шатқалынан ағатын бұлақтардан құрылысқа
су тартылған деген тұжырымға келді.
Ақыртас
есткерткішінің
аэробарлау
кезіндегі көрінісі
Бөріжар қорымы Арыс өзенінің орта ағысы тұсындағы
биік жағада орналасқан. Бұл – Арыс өзенінің сол жақ
жоғарғы тепсеңі мен оның баурайында, Берген және
Қараспан ауылдыраның арасында тым созылыңқы (8
шақырымға дейін) қорғандар жиынтығы. Мұнда
археологтар негізінен екі түрдегі жерлеу құрылыстарын
ашып көрген болатын: бірі – жер үстіндегі сағана,
екіншісі – қорған астындағы үңгір. Сағана беткейде
орналасқан. Төбешіктері бар және Жуантөбе көне
қаласына бет бұрған, терраса беткейі бұрынғы
Жуантөбенің орнында болған қала тұрғындарының
бейіттері болып табылады. Сондай-ақ Қараспан көне
қаласының қасында да. Қорғандар, терраса беткейі
арқылы еңістей түсіп, оның зираттар кешенін құрайды.
Үңгір террасаның үстінде және беткейдің ең жоғарғы
шегіне орналасқан. Үңгірлер Бөріжар қорымының ең
көне бөлігін құрайды және б. з. д. соңғы ғасырларымен
б. з. алғашқы ғасырларымен мерзімделеді, ал Жуантөбе
Түркістан өлкесіндегі Императорлық
Археологиялық комиссиясының өкілі Н.
П. Остроумовтың ынтасы бойынша
алғашқы қазу жұмыстары 1893 жылы
жүргізілді. Оның есептеріне
сағанадағы жерлеулерді зерттеген
жайлы көрсетілген. Одан кейін мұнда
80-дей жер үстілік жерлеу құрылысы
ашылды
Бөріжар қорымының зерттелу кезеңі
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Вактурская Н.Н., Воробьева М.Г. Хроника работ
Хорезмкой экспедиции Академии Наук СССР. ТХЭ. - М.,
1952. - Т. I.
2. Тажекеев А.А. Городище Малый Куюк. // Свод
памятников истории и культуры РК. Кызылординская
область. - Алматы, 2007. 3. Левина Л.М.
Этнокультурная история Восточного Приаралья (в I
тыс. до н. э. – I тыс. н. э.). - М., 1996.
4. Левина Л.М. Этнокультурная история Восточного
Приаралья (в I тыс. до н. э. – I тыс. н. э.). ЭО. - М., 1997.
- №2.
5. Курманкулов Ж., Тажекеев А.А., Кзылбаев Т.
Городище Сортобе I. // Свод памятников истории и
культуры РК. Кызылординская область. - Алматы,
2007.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz