Сырдарияның төменгі ағысындағы қалалар
Презентация қосу
Тақырыбы: Сырдарияның төменгі ағысындағы
қалалар
Орындаған:
Қабылдаған:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Оғыз қалалары
«Батпақты қалалар» мәдениеті.
Жаңакент көне қаласы
1. IV.Пайдаланған әдебиеттер
Ортағасырлардағы Қазақстан тарихында , араб тілді деректер
көрсетіп бергеніндей, IX–X ғасырлардың соңында мемлекет
құрған оғыздардың көне тайпалары өз мемлекеттерін құрды .
Ибн әл Факихтың мәліметтері бойынша бұл кезде оғыздар өте
қуатты тайпалардың бірі болып есептелген . Идрисидің «Китаб
Руджар» атты еңбегінде Ескі және Жаңа Оғыз туралы
айтылады. «Хийам мен Ескі Оғыздың арасы , – деп жазды ол , –
(арақашықтығы) төрт күндік жол». Ескі Оғыз (Оғызия ) Тянь-
Шанның батыс тау сілемдері, Шу өзені мен Қаратаудағы
Сырдария маңы аралығында қоныстанды . Оғыз
тайпаларының бұрынғы астанасының атымен аталуына талас
жоқ. Сірә, оғыз көсемдерінің алғашқы резиденцияларының
бірі болған болар. Идриси Жаңа Оғызияны да атап кетеді .
Онда, оғыз мемлекетінің осы саяси орталығында , қыста
олардың патшасы тұрған.
Ортағасырлық араб тілді деректерде Жаңакент
туралы алғашқы айтқандардың бірі Ибн Рустаның
еңбегінде Хорезмдік теңіздің шығыс жағалауы
сипаттауы кездеседі.
«Жаңа елді мекен» деп аталған Жаңакент туралы
қызықты мәліметті Ибн Хаукал келтіреді. Ол өзінің
тарихи-географиялық еңбегінде бұл тікелей оғыз
мемлекетінің астанасы деп көрсетеді. Оның айтуы
бойынша Жаңакент Сырдарияның сағасынадғы ең ірі
елді мекен болған, сонымен бірге тек астана ғана емес,
оғыз патшасының қысқы ордасы да болыпты.
Арал маңы мен Оңтүстік Қазақстанды археологиялық зерттеу
тарихы XIX ғасырдың екінші жартысында өңірдің Ресейге
бағынуынан кейін басталды. 1867 жылы мұнда Императорлық
Археологиялық комиссиясының тапсырмасымен белгілі
шығыстанушы П. И. Лерх арнайы келген болатын. Ол кездескен
ортағасырлық Жаңакент, Сауран, Сығанақ қалаларының
қалдықтарын қарап, сипаттап жазды және Жаңакентте аздаған
қазба жұмысын жүргізді. XIX ғасырдың екінші жартысына мұнда
белгілі орыс баталист-суретшісі В. В. Верещагин екі рет болды. Ол
сондай-ақ Жаңакенттің қазу жұмысына қатысып, қыш
коллекцияларын жинады
«Батпақты қалалар» мәдениеті.
Оғыздар астанасының қалдықтары осы күнге дейін
сақталған. Бұл – Арал маңындағы Қазалыға жақындау жерде
орналасқан Жаңакент көне қаласы. Онымен бірге тағы да ірі
екі көне қала – Күйік Кескен қала мен Күйік қала
орналасқан. Ол үшеуі де жайпақ ойпатта, саздауыт, сортаң,
тегіс үшбұрышты жарты аралда немесе, дәлірек айтқанда,
солтүстігінде Сырдариямен, батысында Арал теңізімен,
шығысында бұрынғы Қуаңдарияның құйыны болған
батпақты, қамысты алаппен тұйықталған аралда жатыр.
Барлығы дерлік пішіні төртбұрышты, дуалмен және ормен қоршалған.
Әрқайсында ірі көлемді цитадель орналасқан (250х250, 50х50 м) Атап
кететін жайт, Кескен-күйік қала мен Күйік қаланың Жанкентпен мерзімдес
(ІХ-ХІ ғғ.) археологиялық деректерімен қатар, жетіасар мәдениетіне (б. д. І
мыңжылдығының басы мен VIII ғ.) өте жақын VII-IX ғғ. қамтитын
деректердің басымдылығы. Кескен-күйік қала– Жанкент қаласынан батысқа
қарай 40 км қашықтықта орналасқан. 1946 ж. С. П. Толстовтың
жетекшілігімен ХАЭЭ-ның әуеден барлау отряды алғашқы археологиялық
барлау жұмыстарын жүргізген. Әуеден фотоға түсіріліп, схематикалық
жоспары жасалынған 1958 ж. Мәскеулік биолог В. М. Смириннің және 1963
ж. Б. И. Вайнбергтің басқаруымен Кескен-күйік қалада қайта деректер
жинақталып, археологиялық барлау қазбасы салынған. 2006 ж. Ж.
Құрманқұловтың басшылығымен Ә. Х. Марғұлан атындағы археология
институты, Шірік-рабат археологиялық экспедициясының (ШРАЭ)
археологиялық барлау отряды (отряд жетекшісі Ә. Ә. Тәжекеев)
археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді
Жаңакент көне қаласы төртбұрышты пішінді болып келеді.
Батыстан шығысқа қарай басты көше өтеді де, одан тікбұрыш жасап
тұйық көшелер кетеді. Солтүстік-батыс бұрышта шаршы тәрізді
төбешікте қамал (рабат) бар. Шығыс жағынан басқа, көне қаланың
сыртқы қабырғасы үйіндіге айналған да, оны бойлай кей жерлерде
бұрынғы мұнаралардың іздері көрінеді.
Зерттеушілер жасаған қорытынды мынадай: мұнда қалалар
біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында пайда болған және
олардың негізін жергілікті тұрғындар қалаған. Қала мәдениетінің
қалыптасуына жетіасар мәдениеті мен Хорезмнің ықпалы болған. X–
XII ғасырларда бұл қалалар отырықшылық пен малшылық-егіншілік
және балықшылық араласқан экономиканың негізінде көне түркі
тайпалары өзгеге ұқсамайтын өзінше мәдениетті, сонымен бірге
қала мәдениетін қалыптастырды.
Жанкент қазбаларында IX-X ғғ. мерзімделетін ыдыстарында
«қошқар бастар» көп кездеседі. Ортағасырлық Сортөбенің
Сырдария өзені шайып, бұзылып жатқан тік құлама жарқабағында
қысқа мерзімде, шұғыл түрде жүргізілген тазарту жұмыстар
барысында қол жеткен заттай деректерге қарағанда, қала VIII-X ғ.
басы (не 1-жартысы) аралығында өмір сүрген ескерткіш. «Батпақты
қалалар» маңынан табылған деректер арасында қола дәуіріне
жататын керамика фрагменттерінің кездесуі (б. з. д. ІІ – аяғы мен І
мыңжылдықтың басы), осы аймақта халықтың ежелден
қоныстанғандығын көрсетеді. С. П. Толстовтың пікірінше, аталған
қалалардың өмір сүрген уақытындағы антикалық керамикалардың
өрнектерінен қола дәуірінің дәстүрлері байқалады
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Материалы по истории туркмен и Туркмении.
М–Л.1938
2.Лерх П.И. Археологическая поездка в Туркестанский
край. - Спб., 1870.
3.Толстов С.П.Города гузов // СЭ. - М., 1947.- № 3.
4.Толстов С.П.По следам древнехорезмийской
цивилизации. - М. – Л., 1948.
5. Толстов С.П. По древним дельтам Окса и Яксарта. -
М., 1962.
6.Левина Л.М. Керамика Нижней и Средней Сырдарьи
в I тысячелетии н. э. // ТХЭ. - М., 1971. - Т. VII.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz