Қазақстанды зертт еген ғалымдардың еңбектерін талдау



Қазақстанды зерттеген ғалымдардың еңбектерін талдау
Дайындаған:

Жоспары:
Н. Северцов
Семенов-Тян-Шанский
M. Красовский
Н. Аристов
Б. Черкасский
П. Паллас
И. Фальк
И. Георги
Г. Миллер
А. И. Добросмыслов
Ф. Баллюзек
Ағылшын, неміс және француз зерттеушілері
Ш. Уалиханов
М. Көпеев
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қазақстанның тарихы мен географиясын, этнографиясын және мәдениетін зерттеуде Ресей ғалымдарының сіңірген еңбегі зор болды. Ресей зиялы қауымының Қазақстан аумағына саяси себептермен жер аударылып келген өкілдері көптеген ғылыми еңбектер жазып қалдырды.

Н. А. Северцовтың басты еңбектері Қазақстан мен Орта Азияның табиғат жағдайларын танып білуде зор рөл атқарды. Негізінен оның зоологиялық-географиялық еңбектерінің шешуші маңызға ие болғаны баршамызға мәлім. Ал жалпы алғанда зерттеудің кешенді әдісін қолданған ғалым жануарлар дүниесінің өсіп-өнуіне және таралуына ықпал ететін физикалық-географиялық жағдайларды зерттеуге де назар аударды. Н. А. Северцов Жем өзенінің бойынан біренеше жерден мұнай көздерін тапты. Ол мұнай шыққан жерлерді мұқият зерттеп, Жем өзенінің ең жоғарғы сағысына дейін барды. Ғалым Мұнайлы, Қаращұңғыл және Қондыарал мұнай көздерін ең тәуір кен орындары деп есптеді. Мұнайдың пайда болу мәселесінде Н. А. Северцов жаңсақ қорытындыға келіп, оны жанартаулық құбылыстың нәтижесі деп түсінді.

Семенов-Тян-Шанский
Семенов-Тян-Шанский(1827-1914) де Қазақстанды зерттеуші ірі ғалымдардың бірі болды. Ол Алтай мен Жетісудың және Қазақстанның оңтүстік өңірін зерттеуге қатысты. Ғалым «Ресей. Толық географиялық сипаттамасы» атты көп томдық серияның «Қырғыз өлкесі» және «Түркістан өлкесі» деген іргелі екі томын әзірлеуге белсене қатысты. Оларда Қазақстанның географиясы ғана емес, сонымен қатар қазақтардың тарихы, тұрмыс-тіршілігі, сауда-саттығы және шаруашылық қызметінің түрлері туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтірілген


Н. Аристов

Орыс зерттеушілерінен алғаш рет Батыс Қазақстан жеріндегі халықтың тұрмыс-тіршілігі, материалдық мәдениетімен, тарихымен танысқан князь А. Б. Черкасскийдің ірі экспедициясы. Қазақстандағы ғылыми зерттеулер. Қазақстанның Ресей империясына құрамына кіруі оның мәдениетін ғылыми тұрғыдан зерттеу талабын тудырды. Осы ниет Далалық өлкені оқып-үйрену мен зерттеуге жол салды. Осындай мақсатпен қазақ еліне экспедициялар аттандырылды. Олардың мақсаттары мен міндеттері қарапайым ғылыми зерттеулер шегіннен асып кетіп жатты. Орыс зерттеушілері қазақ фольклоры, генеалогиялық (шежірелік) және этнографиялық материалдар негізінде біршама зерттеулерін жазды.

И. Фальк, академик П. Паллас (1741-1811 жж. ) табиғат зерттеуші ғалым И. Г. Георги Қазақстан да дербес экспедиция ұйымдастырды. П. Паллас қазақтардың шаруашылығы туралы мынадай қорытынды жасайды: «Қазақтардың байлығы шынына келгенде мал шаруашылығынан тұрады, ал оларда жылқы мен қой айрықша көп. Оларда түйе әлдеқайда аз, ал сиыр одан да аз, себебі, оларды дағдылы жем-шөпсіз далада жақсы ұстау мүмкін емес». И. Фальк өз жазбаларында « . . . қазақтарда мал шаруашылығы кең таралған, шын мәнінде, бірден-бір дерлік кәсіпшілік. Оларда аса тамаша малдың табындары бар». Тағы да оның дерегі бойынша Орынбор қаласындағы айырбас айналымда қазақ малы елеулі орын алады

И. Георги неміс тілінде «Ресей мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тұрмыс салттарының, тұрғын жайларының, киімдерінің және басқа да есте қаларлық дүниелерінің суреттемесі» деген еңбекті дайындап жарыққа шығарды. Оның бұл кітабы орыс әдебиетіндегі Ресей халықтарының суреттеген жерлердің бәрінің басын біріктірген еңбек болды. И. Георги Орталық Азия мен Қазақстанды зерттеушілердің жекелеген еңбектерінде бытырап шашылып жүрген көптеген материалдардың басын біріктірді. И. Георги еңбегінің екінші бөлігі тұтастай түркі халықтарына, оның ішінде қазақтарға арналған. Автор өз кітабында суреттеп отырған халқының тұрмысына сыртқы келбеті жағынан да жақын болуын қалағанын атап өткен жөн. Кітаптың мұқабасында киіз үй және қазақтардың көшпелі өмірінің суреті берілген.

XVIII ғасырда Қазақстанды зерттеуде айрықша із қалдырған екі академиялық экспедиция (30-40 жж. және 60-70 жж. ) ұйымдастырылды. Оған қатысушылардың ішінде 1759 жылы белгілі тарихшы Г. Миллер (1705-1783 жж. ) «Сібір патшалығының тарихы» атты еңбегі жарық көрді. Онда Сібір мен Қазақстан халықтарының тарихы мен этнографиясының сипаттамасын берді.
Г. Миллер

Торғай облысының мал дәрігері А. И. Добросмыслов қыруар мол дерек көздері негізінде «Торғай облысы. Тарихи очерк» атты үш томдық іргелі еңбек жазып қалдырды. Онда Кіші жүздегі қазақ хандықтарының тарихы мен саяси оқиғалар егжей-тегжейлі толық сипатталған. Автор XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформаларбарысын және қалай жүргізілгенін толық баяндаған.

Торғай облысының әскери губернаторы Л. Ф. Баллюзек «Кіші қырғыз Ордасындағы орын алған, қазір де ішінара орын алып келе жатқан халықтық әдет-ғұрыптар» деген атпен қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарының жинағын құрастырып, басып шығарды. Баллюзек Қазақстанда қызмет еткен кезінде орыс шенеуніктеріне қазақтың билері мен сұлтандарынан дәстүрлі әдет-ғұрып құқықтары туралы материалдар жинастыру жөнінде тапсырма беретін. Ол сондағы жиналған материалдарды өндеп, кітап етіп шығарды.

ХІХ-XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстан жөнінде неміс, ағылшын және француз ғалымдары құнды еңбектер жазып қалдырды. Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағын ағылшын саяхатшысы әрі суретшісі Т. Аткинсон (1799-1861) егжей-тегжейлі зерттеді. Ол 1848-1855 жылдары Жетісу қазақтарының көші-қон жерлерін аралап, жергілікті халықтың өмірі жайлы бағалы деректер жинады. Суретші ретінде көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін суреттер салды. Неміс географы, этнограф әрі тарихшы Ф. фон Хеллъвалъд (1842-1892) «Орталық Азия. Жер бедері мен халқы» атты іргелі еңбек жазды. Ол еңбегінде қазақ- тардың тұрмыс-тіршілігін, көршілес халықтармен өзара қарым-қатынасын жан-жақты сипаттады. . Француз ғалымы Ш. Е. Ужвалъди де Мезе-Ковез Оңтүстік Қазақстан қалаларын зерттеп, едәуір материалдар жинап, жариялады.
Ағылшын, неміс және француз зерттеушілері

Шоқан Уәлихановтың әкесі Шыңгыс Уәлиханов (1811-1901) өз ұлының ісін одан әрі жалғастырды. Ол Сібір әкімшілігіне қажетті тарихи-этнографиялық материалдар жинастырды. 1867 жылы Мәскеуге көрмеге қою үшін қазақтардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін ауқымды экспонаттар кешенін жіберді. Белгілі қазақ этнографы Мұса Шорманов (1819-1884) маңызды этнографиялық зерттеулер қалдырды. М. Шорманов Омбы кадет корпусында оқиды. Оқуын бітіргеннен кейін болыс, Баянауылсыртқы округының аға сұлтаны лауазымды қызметін атқарды. Орыс ар- миясының полковнигі шенін алады. Ол «Батыс Сібір қырғыздарының мал өсіру кәсібі туралы», «Қырғыздардың ұлттық дәстүрлері», «Павлодар уезінің қырғыздары туралы жазбалар» деген макалалар жариялады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz