Перикардит
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университеті
Ветеринарлық және Мал шаруашылық технологиясы факультеті
Ветеринарлық медициналық кафедрасы
Тақырыбы: Перикардит
Орындаған: Жүзтай А.Е.
Тобы:15-700-12
Қабылдаған: Молдашева А.Қ.
Жоспары:
Перикардит
Себептері
Дамуы
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер
Клиникалық көрінісі
Жіктелуі
Ағымына қарай
Өтуі
Балау
Емі
Сақтандыру шаралары
Перикардит-фибриннің шөгуімен және перикард
қуысына жиналуымен жүретін, перикардтың
инфекциялық немесе инфекциялық емес қабыну ауруы.
Себептері
Мал арасында негізгі перикардит салыстырмалы сирек
кездеседі, ал көбінесе суықтың әсерінен болған перикардит
үшырасады. Жиі кездесетіні, түрлі індет немесе жүкпалы емес
аурулардың асқын-ғандығынан болатын туындаған перикардит. Ірі
қарада, кейде үсақ малда жүмыршақ қарын мен іш перденің
жарақаттануы салдарынан (жарақатты ретикулит, ретикулопери-
тонит) жарақатты перикардит пайда болады.
Жарақатты перикардиттің пайда болуына жұмыршақ қарын арқылы
жем-шөппен кірген істік темірлер немесе басқа заттар әсерін
тигізеді. Істік темірлер жүректің қабын, кейде бүлшық етін, ішкі
қабатын жарақаттайды.
Жарақаттайтын заттар өзімен бірге жүрек қабының куысына түрлі
микроорганизмдерді енгізеді. Жарақатты перикардит жаңа туған, кенеттен
жығылған, қатты күшенген малдарда пайда болады. Жарақатты
перикардиттің жиі немесе сирек кездесуі жүмыршақ қарын мен іш перденің
жарақатты қабынуын тудыратын әсерлерге байланысты.
Жарақатты перикардиттің негізгі ауру түрінде дамуы өте сирек кездеседі.
Ондай жарақаттану кеуденің сыртқы жүрек жағынан тосыннан болған ауыр
соққыдан (үшкір затпен түйрелеуден, сынған кабыртқаның әсерінен т.б.)
болады.
Дамуы. Перикардиттің дамуы,
әсіресе жарақаттанған түрі, екі кезеңде
өтеді. Алғашында перикардит қүрғақ
болып басталады да, сонан соң біртіндеп
ылғалдыға ауысады. Қүрғақ
перикардитте алдымен жүрек кабының
қабаттары қабынады, бірте-бірте оның
қабаттарына белок талшыктары (фибрин)
үйып жиналады да олардың бетін кедір-
бүдырлайды. Жүрек қабының
созылмалылығы әлсірейді. Осылар
жүректің жүмысын қиындатады.
Аурудың ары қарай даму процесінде жүрек қаптары бір-біріне жабысып,
бітісіп кетеді. Ылғалды (экссудативті) перикардитте жүрек қабының ішіне көп
мөлшерде сарысу жиналады, ірі кдра малда мөлшері 20-25 литрге дейін
жетеді. Жиналган экссудат жүрекке жан-жағынан қысым түсіріп, оның
диастоласын әлсіретіп, қанның систолалық көлемін азайтады. Жүректің кднды
сорып-айдау қызметтері бүзылады. Экссудат жүректі айнала қысқандықтан
(тампонада) оның соғуын тоқгатып тастауы мүмкін. Жүрек қысылғанда
көкірек іш перде (көк еттің) қимылы бәсеңдейді, сол себептен өкпе мен
бауырда венозды қан іркіледі. Осы жағдай веналар мен капиллярда қанның
қысымын көтеріп, іркілістен денені ісіндіреді.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер
Жүрек қабының қуысында әр түрлі көлемде экссудат: қүргақ
қабынуда-белокты фибринді-талшық, сарысулы түрінде-үйымалы,
үйымалы-белокты фибринді-талшық, қанды ірінді, шірікті түрлері.
Жүрек қабы қалындайды, олар белокты фибринді-талшықтармен
кдбатталады. Жүрек қаптарының қабаттары бір-бірімен жабысып,
бітісіп кететін жагдайлар жиі кездеседі. әктенген (беріштенген)
уақьітында "сауатты жүрек" көрінісі байқалады. Жүрек еті мен
плевраның (көкіректің сірі кдбыгы) қабынуы жиі кездеседі. Жүрек
етінің семуі (атрофия) де-жиі кездесетін қүбылыс. Өкпе, бауырда және
басқа да агзалар да ырықсыздық қан кернелуі байқалады. Жарақаттан
болған қабынуда экссудат көбінесе, іріңді не шірікті түрлерінде
болады.
Клиникалық көрінісі
Перикардит тудырған себептері мен даму кезеңдеріне
байланысты өтеді. Қүрғақ перикардитте дененің қызуы көтерілуі мен
тамыр согуының жеделдеуі қосарланады. Бүган көбінесе, негізгі
аурулар себепші болады. Ауру малдың жалпы жағдайы күйзеліңкі.
Жем-шөпке тәбеті тартпайды.
Ауру жылқылар жатпайды, сиырлар шұғыл қимылдардан қашқалактайды,
көбінесе алдыңғы аяқгарын алшақтап ұстайды. Ауру асқынған сайын тамыр
соғуы бәсеңдеп, толуы азаяды. Жүрек түрткісі күшейеді. Жүректің түсын
сипалағанда не балғашықпен үрғанда ауырсынады. Жүрек саздары
перикардиальді үйкеліс шуылдары мен қосарланады-ылғалды (экссудативті)
перикардитте қан айналысының бүзылуы айқынырақ білініп, аурудың жалпы
күйі нашарлайды. Алғашқы кезде ауру малдың ылғи да дене қызуы
көтеріледі. Жүрек қаптарының қуысына экссудаттың толуына байланысты
оның үйкеліс шуылдары жоғалып кетеді.
Жүректің соғуы жиілейді (ірі қара малда жүректің соғуы бір минутта 120-ға
дейін жетеді, қалыпты 50-80). Тамыр соғуы бәсең, толуы нашар, кейде желісі
жіп тәріздес болып, ырғақсыздық жиіленеді. Жүрек түрткісі әлсірейді,
жайылып кетеді, жоғары, артқа және оңға қарай ығысқан. Жүректің
айналасындағы салыстырмалы және абсолютті дүңкіддері бірыңғайланып,
дүңкіл көлемі үлғайып кетеді. Жүрек түсын балға-шыкден тыідылдатқанда
ауырсынады.
Жіктелуі
Аурудың дамуы бойынша:
Ағымына қарай
Өтуі
Жарақатсыз перикардиттің өту
барысы оның пайда болу
себептеріне байланысты. Қүрғақ
перикардитпен ауырган малдар
қысқа мерзім аралығында жазылып
кетуі де мүмкін. Ылгалды
(экссудативті) перикардит үзаққа
созылады, ауыр өтіп, көбінесе өлім-
жітіммен аяқталады. Жарақаттан
болган перикардит малдың жанына
қатты батып, үзаққа созылады
(бірнеше аптадан бірнеше айға
дейін). Кей кездерде, жүректің еті
мен ішкі қабаты зақымданса, ауру
тез өтіп, бірнеше тәуліктердің
ішінде-ақ ауру мал өледі. Өте сирек
жагдайларда, жарақаттаган бөтен
үшкір заттар жүрек қабының
куысынан кеуде қабаты аркылы
сыртқа шыгып кетіп, мал өздігінен
де айыгып кетуі мүмкін.
Балау
Құрғақ перикардит, жүрек түсын
ауырсынуы, үйкеліс шуылының пайда
болуы, жүрек түрткісінің күшеюі,
жүрек согуының жиілеуі жэне баскд
да тән белгілері арқылы
аныкталынады. Ылгалды перикардит
жүрек түрткісінің нақгылы орнын
өзгертіп, күшінің әлсіреуімен,
түрткісінің жайылып кетуімен,
салыстырмалы және абсолюттік
дүңкілдердің бірың-гайланып,
көлемінің үлғаюымен, жүректің соғу
дыбыстарының бәсендеп
күнгірттенуімен, тездетілуімен,
шалпыл дыбыстарының пайда
болуымен, мойын көк тамырының
толып кернелуімен, ісінулермен
бейнеленеді.
Рентгенмен тексеру, ауруды диагнос-тикалауда қүнды мәлімет береді. Онда
жүректің көлемі қатты үлғайып, оның кескіні қозгалысқа келмейді, жүрек пен
көк ет (диафрагма) үш-бүрышының көлемі анық көрінбей, көмескіленіп
кішірейеді, жүрек түсының үстіңгі жагындагы көрініс жарықтанады (жүрек
куысына газдың жиналуынан). Ауруды диагностикалаудың дүрыстыгына
күдік туған жағдайда күмәнданбас үшін жүрек кдбының куысын
зарарсыздалынган инемен сол жагындагы төртінші қабырткдның арасынан,
иық буыны сызығы мен шынтақ арқылы өтетін түзулердің ортасынан теседі.
Дүрыс нәтиже алу үшін куысты новокаинмен блокада жасайтын инемен
тескен жөн.
Емі. Ем, ең алдымен, перикардитке себепші болған негізгі ауруға
бағытталады. Бастапқы кезде ауру малдың жүрек түсына суықтық
тартады, су мен қомақгы азықгар беруді азайтады. Жіті жарақатсыз
перикардитте пенициллин қатарлы антибиотиктермен (натрий түзды
ампициллин, оксициллин, бензилпенициллин), алиногликозидтер
(стрептомицин, гентамицин, аминокацин, цифолоспориндер (цефазолин),
сульфаниламидтер тағайындайды. Жиналған экссудатты кетіру үшін
несепті айдайтын дәрі-дәрмектер, йодты препараттар беріп, артериядағы
қысым азайғанда глюкозаға қосып кофеин қолданады. Йодты препарат
ретінде ірі қара малдарға кальцийодинді аузынан күніне 1-3 рет 2-10
грамнан, үсақ малдарға 0,2-1 г. береді.
Кофеин-натрий бензоатын немесе кофеин-натрий салицила-тын
тері астына мынадай мөлшерде енгізеді: ірі қара мал мен
жылқыларға 3-8 г, үсақ мал мен шошқаларға 1-2 г., иттер мен
түлкілерге 0,2-0,5 г, тері астына кардиамин ірі қара малға 10-15
мл, итке 0,5-1,5 мл.
Глюкозаны ауыздан беруге де болады, бірақ 30-40 % ерітіндісін
қантамыры аркдлы енгізген пайдалы, мөлшері: ірі қара мал мен
жылқыларға 30-150 г, үсақ малдарға 10-30 г, иттерге 2-8 г,
түлкілер мен ақ түлкілерге 2-5 г.
Перикардиттің жарақаттан болған түрін кей жағдайларда
операция жасап, ауырған малды аман сақтап қалуға болады.
Сақтандыру шаралары
Сақтандыру шараларының мағынасы басты ауруларды дер
кезінде емдеп жазуға бағытталған. Ірі қара малда жарақаттан пайда
болатын перикардитті сақтандырудың маңызы өте зор, ол үшін
төмендегідей әрекеттер жасалуы керек:
а) малмен жүмыс істейтін адамдардың арасында насихат
жүмыстарын жүргізу;
б) сусымалы жемдерді магаитті қондырғылардан өткізу;
в) сыммен байланған тең шөптерді арнайы қүралдармен мал
қораларында емес, арнаулы жерде шешіп, сымдарды шашпау,
мадды байлайтын шынжырлар үзілген жағдайда оларды жалғау
үшін сымды қолданбау;
д) темір-терсектермен ластанған жерлерге малды шығармау
және жаймау;
е) жебірліктің себебінен түрлі бөтен өткір темір-терсек
заттарды жалатып, жұтқызбас үшін малдарды минералды-
витаминды азықгармен толық кдмтамасыз етуді ұйымдастыру;
ж) қала маңындағы және басқа да жарақатты перикардит жиі
кездесіп тұратын шаруашылыктарда барлық сиырлардың жүмыршақ
қарнына сопақша магнитті енгізіп, оларды Меликсетянның
магнитті зондымен, оқтын-октын Коробов немесе Телятниковтың
магнитті зондтарымен кдйтадан шығарып тазалап тұру.
1.Гогин, Е.Е. Болезни перикарда/Е.Е. Гогин М.: Медицина,
1979. - 192 с.
2. Гогин, Е.Е. Успехи и нерешенные вопросы диагностики и
лечения больных перикардитами // Кардиология. 1981. - Т.21,
№4. - с.5 - 10.
3. Интернет желісі (google.kz)
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz