ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯ


Slide 1

Патологиялық анатомия І

Тақырып: Ісіктер жөнінде жалпы ілім. Ісіктердің морфо- және гистогенезі. Ісік жасушасының қасиеттері

Slide 2

Ісіктер

Ісік деп соматикалық жасушалардың мутацияға байланысты тоқтаусыз және бақылаусыз көбейіп кетуі нәтижесінде пайда болатын патологиялық үрдісті атайды.

Ісіктер тек адамдарға ғана емес жануарлар дүниесінде, тіпті өсімдіктерде де кездеседі. Кейінгі кездердегі жүргізілген зерттеулер, бізден миллион жылдар бұрын өмір сүрген динозаврларда да ісік болғанын көрсетті. Демек, ісік адамнан бұрын пайда болған патологиялық үрдіс.

Slide 3

Ісіктің морфологиялық көріністері мен құрылысы. Өсу ерекшеліктері.

Ісіктің қай тіннің немесе ағзадан өсуіне байланысты оның сыртқы көрінісі әр түрлі. Ісік ағңза қуысына қарай немесе терінің сыртында полип тәрізді жіңішке сабаққа ілініп тұрса, оны экзофитті өсу дейді. Егер ісік қуыс ағзаның қабырғасына немесе басқа ағзалардың ішіне қарай өссе, оны эндофитті өсу деп атайды. Ісік көбінесе үлкенді кішілі түйін түрінде өседі, оның көлемі қай жерде өсуіне байланысты. Ал ісіктің жұмсақ немесе қатты болуы оның паренхимасы мен стромасының арақатынасына байланысты.

Slide 4

Барлық ісіктерді гистологиялық құрылысына, клиникалық көріністеріне қарап бөлінеді:

Қатерсіз Қатерлі

Жергілікті тінді бұзып өсуші

Slide 5

Қатерлі және қатерсіз ісіктердің сипаттамасы

Өсу ерекшеліктері

Қатерсіз ісіктер

Қатерлі ісіктер

Өсу түрі

Экспансиялық (ісік шекара-сы анық, айналасындағы тін-ді ығыстырып өседі)

Инвазиялық (ісік шекарасы анық көрінбейді, айналасын-дағы тінге сіңіп өседі)

Өсу жылдамдығы

Баяу

Тез

Тіндік атипизм

Болады

Болады

Жасушалық

Болмайды

Болады

Атипизм

Болмайды

Жиі байқалады

Метастаздар

Төмен

Өте жоғары, атипиялық митоздар көп

Митоздық белсенділігі

Жоғары

Өте төмен кейде мүлде ұқсамайды

Өзі дамыған тінге гистологиялық ұқсастығы

Өте сирек

Жиі

Қайталануы

Организмге әсері

Шамалы

Өте жаман көбінесе интоксикация белгілері, кахексия дамиды

Slide 6

Қатерсіз ісіктер

Әдетте ұзақ уақыт өседі және организмді аса қауіпті өзгерістерге ұшыратпайды. Оларға негізінен тіндік атипизм тән. Тіндік атипизмге ісік құрамындағы паренхима мен строма арақатынастарының бұзылуы, строманы түзуші дәнекер талшықтарының әр түрлі жуандықта болуы немесе олардың түрлі бағытта ретсіз орналасуы, қан тамырларының бір жерде көп, екінші жерде аз болуы және т. б кіреді. Бірақ жасушалар түзілісінде өзгерістер болмайды.

Slide 7

Қатерлі ісіктер

Оларға негізінен жасушалық атипизм тән. Оларды түзуші жасушалар өзі өсіп шыққан ағза не тін жасушаларынан өзгеше болып гетерологиялық ісіктер қатарына жатады. Қатерлі ісік сылып тастағаннан кейін де қайта өсуі мүмкін.

Қатерлі ісік айналасындағы тіндерге сіңе өсіп, әуел бастан метастаз береді. Метастаз деп ісік жасцушаларының алғашқы ісік ошағынан бөлініп шығып басқа бір ағзаларда жаңа ісік түйінін түзуін айтады. Метастаз дамуы өте күрделі құбылыс, ол бірнеше кезеңдерден тұрады.

Slide 8

Жергілікті тінді бұзып өсетін ісіктер

Бұлар қатерлі ісіктер тобына жатқанмен, метастаз бермейді, сондықтан оларды сылып тастау мүмкін. мысалы, терідегі базалиома ісігі осы ісіктер қатарына жатады.

Slide 9

Ісіктердің этиологиясы

Ісіктердің пайда болу себептері өте көп, олар әлі де болса ақырына дейін зерттелмеген. Ракты зерттеуші Халықаралық қоғамның анықтауы бойынша адам рагының 80-90 проценті қоршаған ортада таралған канцерогендік (рак тудырушы) заттардың әсеріне байланысты.

Әсер ету механизмдеріне қарап химиялық концерогендер екі топқа бөлінеді:

1) Жасушалардың ДНҚ-сымен тікелей әсерлесетін толық концероген

2) Организмдегі химиялық реакцияларға пайланысты пайда болған метоболиттері арқылы әсер ететін жанама концерогендер, оларды проканцерогендер деп те атайды.

Slide 10

Ісік дамуының негізгі бағыттары

Ісік алды кезеңі, кейін

Орнықты рак

Қатерлі ісіктің инвазиялық өсу кезеңі

Метастаз беру кезеңі

Slide 11

Ісіктердің жіктелуі

Қазіргі уақытта барлық ісіктерді 7 топқа бөледі:

Арнайы даму орны жоқ эпителийлі ісіктер

Сыртқы және ішкі секреция бездері мен жамылғы эпителий ісіктері

Мезенхималық ісіктер

Нерв жүйесі мен ми қабықтарының ісіктері

Қан жүйесінің ісіктері

Теротомалар

Slide 12

Арнайы даму орны жоқ эпителилік ісіктер

Бұл ісіктер кез келген жалпақ не безді эпителиден дамиды. Олар қатерсіз және қатерлі болып екі топқа бөлінеді.

Қатерсіз ісіктер эпителиден пайда болатын, арнайы даму орны жоқ, қатерсіз ісіктерге папиллома мен аденома жатады.

Қатерлі ісіктер эпителиден туындайтын қатерлі ісікті рак деп атайды. Рак адамдағы қатерлі ісіктің түрі. Рак түйін түрінде, не жайыла өскен ақшыл реңдегі ісік, ол қатты, кейде жұмсақ болады.

Slide 13

Әрбір ағзаның рагы өзіне тән морфологиялық көріністерге ие. Ракты жіктегенде оның микроскоптық өзгерістері есепке алынады. Осы принцип бойынша рактың мына түрлерін ажыратады:

“эпителиішілік рак”

Жалпақ жасушалы

Безді

Шырышты

Солидті

Майда жасушалы

Фиброзды

Медуллярлы рак

Slide 14

Мезенхималық ісіктер

Мезенхима деп дәнекер тіндердің барлық түрлері пайда болатын эбриондық тінді атайды. Мезенхимадан дәнекер тін, қан тамырлары бұлшықеттер, шеміршек және сүйек тіні, сірлі қабықтар қан жасау жүйесі дамиды.

осы тіндердің жетіліп үлгірмеген элементтерінен белгілі бір жағдайда қатерлі және қатерсіз ісіктер өсіп шығады.

Slide 15

Қан және лимфа тамырларының ісіктері

Қан және лимфа тамырларының ісіктерінің көпшілігі дизонтогенездік негізде дамид. Олардың қатерсіз түрлеріне капиллярлық, каверналық, веналық гемангиомалар, гломусангиома, қатерсіз гемангиоперицитома, лимфангиома жатады.

Slide 16

Мзенхиманың қатерлі ісіктері

Мезенхимадан өсетін қатерлі ісіктерді саркома деп атайды, олар кесіп қарағанда балық етіне ұқсас.

Саркоманың мезенхиманың қатерсіз ісіктерінен айырмашылығы, онда жасуша атипизмі жақсы дамыған, митоздар көп, айналасындағы тіндерге ене өсіп негізінен гематогенді метастаздар береді. Ісіктің тез өсуіне байланысты саркомда некроз ошақтары пайда болады.

Slide 17

Фибросаркома

Дәнекер тіннің қатерлі ісігі, ол аяқ-қолдың жоғарғы бөлігінде, жұмсақ тіндердің арасында түйін түрінде немесе айналасындағы тіндерге ене өскен ісік түрінде байқалады. Фибросаркома басқа саркомаларға қарағанда баяу өскендіктен, ауру дәрігерге көрінгенде әжептәуір үлкейіп, көлденеңі орташа 8см-ге жетеді. Фибросаркома дәнекер тін талшықтары мен жасушаларынан түзілген. Оның жетілген және жетілмеген түрлері бар.

Slide 18

Меланин түзуші тіннің ісіктері

Алғашқы меланин түзуші жасушалар теріде, көздің нұрлы қабықшасында және ми қабықтарында дамиды. Теріде әрбір он негіздік жасушаға бір мелоноцит жасушасы тура келеді.

Меланин түзуші жасушалардан: пигменттік невустар (тума ақаклар) және меланомалар (нағыз ісіктер) дамиды.

Slide 19

Пигменттік невустар


Ұқсас жұмыстар
Патологиялық ауру
Медицинада жалпы патологияның рөлі
Гликоген алмасуының бұзылуы. Гликогеноз
Нутталиоз патаморфологиясы
Патологиялык анатомияның заманауи зерттеу әдістері
Сібір жарасы,Туберкулез
Адам анатомиясы.Анатомияның тарихы
Бұлшық ет ұлпасының регенерацисы
Эндокард фиброэластозы
ГЛИКОГЕН АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ. ГЛИКОГЕНОЗ ТУРАЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz