Жануарлардың Ас қорыту жүйесі
Презентация қосу
Жануарлардың
Ас қорыту жүйесі
Орындаған: Жүзтай А.Е.
Ас қорыту жүйесі – мал организмінде тамақты қабылдау,
ұсақтау, жібітіп араластыру, жұту, қорыту, сіңіру, азық қалдығын
сыртқа шығару қызметтерін атқаратын ішкі мүшелерден
құралады. Бұл жүйенің жалпы пішіні ұзын түтікше болып
келеді. Ол сыртқы ортамен дененің алдыңғы жағындағы ауыз
саңылауы және артқы бетіндегі артқы тесік – анус арқылы
жалғасады. Түтікше мүшелер ретінде ас қорыту жүйесін төрт
бөлімге бөледі:
1. Бас бөлімге ауыз қуысының мүшелері және жұтқыншақ
жатады. Бірге ауыз-жұтқыншақ деп аталады.
2. Алдыңғы бөлімді өңеш пен қарын құрайды.
3. Ортаңғы бөлімді аш ішек пен ірі ас қорыту бездері – бауыр
мен ұйқы безі түзеді. Өз кезегінде аш ішек үш бөліктен он екі елі,
ащы және мықындық ішектерден тұрады.
4. Артқы бөлімді тоқ ішек құрайды. Оған бүйен, жиек және тік
ішектер жатады.
Ауыз қуысы ас қорыту жүйесінің алдыңғы
мүшесі. Ауыз ас қорыту жүйесінің бас бөлімі
құрамына кіреді. Ол жұтқыншақпен жалғасады.
Жануарлар ауыз арқылы азықты тістеп үзеді,
шайнайды, сілекеймен жібітіп ұсақтайды, тілмен
араластырып жұтуға жұтқыншаққа қарай айдайды.
Ауыздың қаңқасын бас сүйектің төменгі, жоғарғы
жақтық және тұмсықтық сүйектері құрайды.
Ауыздың мүшелеріне еріндер, ұрт, қызыл иек,
төменгі және жоғарғы тіс қатарлары қатты және
жұмсақ таңдай, тіл жатады. Бұлар ауыз қаңқасына
ретімен орналасып, ауыз қуысының қабырғасын
түзеді. Ауыз еріндер арасындағы ауыз саңылауы
арқылы сыртқы ортамен, жұмсақ таңдай мен тіл
түбірі аралығындағы тамақ тесігі арқылы
жұтқыншақпен қатысады.
Ауыз қуысы екі бөліктен тұрады. Олар: сыртқы
қабырғасы еріндер мен ұрттан, ішкі қабырғасы
қызыл иек пен тістерден тұратын ауызға кіреберіс
және қызыл иек пен тістерден жұтқыншаққа дейінгі
аралық - негізгі ауыз қуысы.
Жұтқыншақ – ауыз қуысын өңештен, мұрын қуысын көмекеймен
жалғастырып тұратын, пішіні түтік тәрізді етті-жарғақты мүше.
Жұтқыншақтың жоғарғы жағы мойын мен бастың вентральдік еттеріне, екі
бүйір беті тіластылық сүйектің ортаңғы бұтақтарына жанасып жатады.
Жұтқыншақтық кілегейлі қабығында жұтқыншақтық бездер және лимфалық
фолликулдер орналасқан. Лимфа фолликулдері жұтқыншақтың артқы
жағында жұтқыншақтық бадамшаны түзеді.
Өңеш жұтқыншақты қарынмен жалғастырады,
жұтылған азықты ауыз қуысынан қарынға
өткізетін ұзын түтік тәрізді етті, жарғақты мүше.
Орналасу орнына қарай өңешті үш бөлікке
бөледі. Олар: мойын, көкірек, құрсақ бөліктері.
Өңештің мойын бөлігі жұтқыншақтан басталып,
көмекей мен кеңірдектің дорсальдік бетінде мойын
аумағында орналасады. Ол көкірек қуысына өтер
алдында 5-ші мойын омыртқа тұсында кеңірдектің
сол жағына қарай төмен түсіп, көкірек қуысында
қатардан кеңірдектің үстіңгі жағында орын
ауыстырады. Ол одан әрі жүректің үстінен, аорта
доғасының оң жағымен жүріп 9-10 қабырғалар
арасында көкеттің /диафрагманың/ өңештік тесігі
арқылы құрсақ қуысына өтеді. Бұл өңештің көкірек
бөлігі. Өңештің құрсақ бөлігі қарынның сол жақ
ұшына барып ашылады. Өңештің қарынға ашылатын
осы жері оның қарынға кіреберіс бөлігі деп атайды.
Өңештің қабырғасы үш қабықтан тұрады. Олар:
клегейлі-ішкі қабық, еттік – ортаңғы қабық, сірілі
қабық немесе адвентиция - сыртқы қабық.
Қарын. Қарын ас қорыту түтігінің қап тәрізді кеңейген бөлігі. Қарын негізінен сөл бөлу,
механикалық / азықты қозғау, араластыру, сығу / қорыту / күрделі органикалық заттарды –
белоктарды ыдырату/, сіңіру, зат алмасу өнімдерін шығару / экскреция/ қызметтерін
атқарады.
Бөлімдерінің санына байланысты бір бөлімді, көп бөлімді болып бөлінеді. Ал ішкі кілегейлі
қабығының құрылысына қарай өңеш /безсіз/, ішек /безді/ және аралас немесе өңеш-ішек
/безсіз-безді/ болып үш топқа бөлінеді.
• Аш ішек. Аш ішек қарын мен бүйеннің аралығында орналасқан ас
қорыту жүйесінің ортаңғы бөлігі. Аш ішекті орналасу орны мен
ондағы ас қорыту процесінің жүруіне байланысты үш бөлікке бөледі.
Олар: он екі елі ішек, мықындық ішек, ащы ішек. Аш ішекте ас
қорыту процесі белсенді түрде жүреді. Бұған себеп аш ішек қуысына
ас қорыту бездерінің ас қорыту ферменттеріне бай сөлі шығарылады.
Ас қорыту бездері орналасу орнына қарай екі топқа бөлінеді:
• 1. Қабырғалық бездер, олар ішектер қабырғаларында орын тебеді.
• 2. Қабырғадан тыс орналасқан бездер. Бұл топқа бауыр мен ұйқы безі
жатады.
• Он екі елі ішек - аш ішектің қарыннан кейінгі қысқа шажырқайға
ілінген бөлігі. Күйісті малдардың он екі елі ішегінің ұзындығы 90-120
см-дей болады. Ол үй жануарларында негізінен қабырғаастылық
аумақта орналасады. Ол қарынның пилорикалық бөлігінен басталып
бауырға қарай бағытталады. Бауыр тұсында S – тәрізді иілім жасап, оң
бүйрек маңында алға бұрылғаннан кейін мықындық ішекке айналады.
Шошқа он екі елі ішектің ұзындығы 40-80
см-дей болады. Ол оң қабырғалық
астылық аумақта орналасады.
Ащы ішек - аш ішектің ішіндегі ең ұзыны.
Ол ірі қара малда 40 метр, жылқыда 30
метр, шошқада 20 метрдей болады. Ащы
ішек көптеген ілмектерінен тұрады, ұзын
шажырқайға ілінген.
Мықындық ішек – аш ішектің ең қысқа
бөлігі.
Тоқ ішек
•Тоқ ішек бүйенге, жиек ішекке, тік ішекке бөлінеді. Ол артқы тесік
–ануспен аяқталады. Тоқ ішекте аш ішектен келген азық одан әрі
қорытылып, құрамындағы қорытылған қоректік заттар, су және
одан еріген тұздар сорылады. Қорытылмаған азық қалдықтарынан
нәжіс түзіліп, сыртқа шығарылады.
•Қызметіне байланысты тоқ ішек қабырғасының құрылысында аш
ішекпен салыстырғанда біраз ерекшеліктер байқалады.
•Тоқ ішектің кілегейлі қабығында, ішкі жағынан бір қабатты призма
тәрізді көбелі эпителиймен астарланған. Бірақ ішек бүрі болмайды.
Тоқ ішек диаметрінің кең және оның ішінде қатпарларының болуы,
ішектің ішке сіңіруі, сору беттерінің мол болуына септігін тигізеді.
Кілегейлі қабық кілегей бөлетін бокал тәрізді бір торшалы, көп
торшалы бездерге бай. Бөлінген кілегейі тоқ ішектің ішкі бетін
сылап, кілегейлендіріп тұрады.
• Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар сияқты омыртқалы жануарлардың
ауыз қуысындағы жақ сүйектері, тістері және тілі жемін ұстап жұтқыншаққа
жылжытып өткізу қызметін атқарады. Жем жұтылып, өңеш арқылы қарынға
түскенше елеулі өзгеріске түспейді. Қарынға түскен соң қарын бездерінен
бөлінген сөлдің әсерімен ас біраз қорытылып, ас ішекке өтеді. Мұнда ұйқы
безінен келетін сөл мен бауырдан келетін өтпен араласып ас ақырына дейін
қорытылып, ішек қабырғасы арқылы сіңіріледі.
Құстың асқорыту мүшелері
Бунақденеліқоректі құстардың (мысалы,
қарлығаштар, үйректер, т.б.) жемсауы
болмайды. Жем өңештен қарынға өтеді.
Құстардың қарны екі бөлімнен – безді
қарыннан және етті қарыннан тұрады.
Қарынның алдыңғы бөлімі – безді
қарында жем асқорыту сөлімен
араласып, одан соң етті қарынға түседі.
Бұл бөлімнің бұлшықеті қалың және іші
қасаң, қатпарлы қабықпен астарланған.
Бұлшық еттің жиырылуынан жем қасаң
қабықпен және құстың үнемі жұтатын
майда тас-құм түйіршіктерімен үйкеліп
әбден ұсақталады, ботқаға айналады.
Сонымен құстарда етті қарын тістің
қызметін атқарады. Жем бауыр мен ұйқы
бездері сөлінің әсерінен ішекте әбден
қорытылады.
Ауыз қуысында жем сілекеймен шыланып, шайналады,
ұсақталады. Сілекей жем құрамындағы крахмал тәрізді
көмірсуларды ыдырата бастайды. Сүтқоректілерде астың
қорытылуы ауыз қуысында басталады. Ұсақталған және
шала қорытыла бастаған жем жұтқыншақ арқылы өңешке,
одан қарынға түседі
Сүтқоректілердің асқорыту мүшелері
Сүтқоректілердің қарны қорек түріне және қоректену тәсіліне қарай бір немесе бірнеше бөлімді
болады. Етпен қоректенетін (мысық, ит, қасқыр, т.б.) немесе дәнмен, жәндіктермен қоректенетін
сүтқоректілердің (көртышқандар, жертесерлер, кірпілер, т.б.) және жоғарыда аталған балықтар,
қосмекенділер, жорғалаушылардың қарны бір бөлімді.
Өсімдіктекті азықпен қоректенетін ірі, күйіс қайыратын сүтқоректілердің қарны 4 бөлімді болады.
Қорек өңештен қарынның ең үлкен бөлігі – тазқарынға түсіп, онда сілекей мен әр түрлі
бактериялардың әрекетінен ашып, қабырғасы ұяшықтанған жұмыршаққа өтеді. Жұмыршақ
жиырылған кезде ас лықсып, қайтадан ауызға келіп түседі. Күйіс қайыратын сиыр сияқты малдар
жұмыршақтан ауызға келген қоректі қайтадан сілекеймен шылап, тісімен ұнтақтап шайнайды.
Қоймалжың қорек өңеш арқылы қайта жұтылып, қатпаршақ қарынға, одан ұлтабарға өтеді.
Күйіс қайыратын жануардың асқорыту және т.б. мүшелері.
•1. Ми; 2. Қарын; 3. Тоқ ішек; 4. Бүйен; 5. Ауыз қуысы; 6. Өңеш; 7.
Кеңірдек; 8. Өкпе; 9. Жүрек; 10. Бауыр; 11. Көкет; 12. Аш ішек.
•Қарында сөлдің әсерінен нәруыздар ыдырайды. Сонымен қатар қарында
үнемі тұз қышқылының ерітіндісі болады. Мұның әсерінен нәруыз ісініп,
оның ыдырауы күшейе түседі. Сол сияқты қарындағы ортаның
температурасы үнемі +38°С, +39°С болып тұрады.
•Шала қорытылған қоймалжың қорек асқорыту жүйесінің келесі бөлімі – аш
ішекке біртіндеп, аз мөлшермен өтіп отырады. Аш ішек етпен қоректенетін
хайуандарда (мысалы, мысық, қасқыр және т.б.) тоқ ішекпен, тоқ ішек тік
ішекпен жалғасады. Өсімдіктекті азықпен қоректенетін сүтқоректілерде аш
ішек пен тоқ ішек тоғысатын жерден бүйен тармақталып шығады. Ал қоян
мен адам бүйенінің ұшы құрт тәрізді тұйықталып бітеді. Қорек аш ішекте
ұйқы безі мен бауырдан бөлінетін сөлдердің әсерінен қорытылады.
Бауырдан бөлінетін сөл – өт деп аталады. Ол майды ұсақ тамшыларға
ыдыратып, тез қорытылуын қамтамасыз етеді.
•Ұйқы безінің сөлі ұлтабар ұшында сілтілі орта жасап, нәруыз, май,
көмірсуларды қорытылуына қолайлы жағдай туғызады.
Аш ішектің астарын қылтамырлар мен лимфа тамырлары торлап
жатады. Қорытылған органикалық заттар ерітіндісі қылтамырлар
арқылы қанға, май ерітінділері лимфаға сіңіріледі. Сөйтіп
органикалық заттар қан мен лимфа арқылы бүкіл ағзаға, ұлпаларға
таралады. Қорытылмаған қалдық заттар тоқ ішекке өтеді. Ол
заттардағы су тоқ ішек қабырғасы арқылы қанға өтеді де, қалғаны
тығыздалып, тік ішек арқылы денеден сыртқа шығарылады.
Қорытынды
Жануарлардың қай түрі болса да, асқорыту жүйесі жұмысының соңғы
нәтижесі мен құрылысының жалпы сұлбасы бірдей екені көрінеді. Сөйтіп
қоректі қабылдап қорытады, ағзаға сіңіріп, ескірген, тіршілігін жойған
жасушаларды жаңартады. Атаулары мен орналасу реті, құрылысы әр түрлі
болғанымен, асқорыту мүшелерінің қызметі бірдей.
Асқорыту жүйесіндегі ерекшеліктер жануарлардың немен қоректенетініне
және құрлықта бір жерден екінші жерге қалай орын ауыстыратынына
байланысты. Мысалы, өсімдікқоректі жануарлардың асқорыту жүйесі
күрделірек. Ішегінің ұзындығы дене тұрқынан 20 есе ұзын болады. Ал етпен
қоректенетін жыртқыштардың (қасқыр, түлкі және т. б.) асқорыту жүйесінің
жалпы көлемі шағын, ішегінің ұзындығы өзінің дене тұрқынан 4-5 есе ғана
ұзын болады.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz