Діндер классификациясы: ұлттық және әлемдік
Презентация қосу
ДІНДЕР
КЛАССИФИКАЦИЯСЫ:
ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК
ДІНДЕР
Орындаған:Серікқұл
Будда діні Христиан Ислам діні
(Әлемдік дін) діні (Әлемдік
(Әлемдік дін)
дін)
Индуизм Сикхизм Конфуцийшы Даосизм Синтоизм Иудаизм
(Ұлттық (Ұлтық лдық (Ұлттық (Ұлттық (Ұлттық
дін) дін) (Ұлттық дін) дін) дін) дін)
Буддизм (санскритше – बबदध द धरदम, buddha dharma Будданың ілімі) — дүниежүзіне
кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар
штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі.
Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан
иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде
Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады.
Христиан діні – әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі, қазіргі таңда оның 2 миллиардқа жуық
ұстанушылары бар.Христиандық - атауын өзінің шәкірттерімен бірге діннің негізін қалаган Иисус
Христос есімінен алады. Христиандық православие, католицизм, протестанттық болып үш негізгі
бағытқа жіктеледі. "Христос” сөзі грек тілінен алынған, "мессия", "құтқарушы" деп аударылады. Көне
Өсиетте Иисус Христос болашақта Израиль жеріне келіп, ол жердегі халықты қиыншылықтан
құтқаратын, әділеттілікті орнататын пайғамбар ретінде сипатталады. Бұл дін біздің дәуіріміздің І
ғасырында Помпей шапқыншылығынан кейін Рим империясының құрамына кірген Палестинада пайда
болды.
• ХРИСТИАН ДІНІ ЖАН БІТКЕННІҢ БАРЛЫҒЫНЫҢ ҚҰДАЙ АЛДЫНДАҒЫ ТЕҢ ЕКЕНДІГІН АЙТЫП, АДАМДАРДЫҢ КӨКЕЙІНДЕ
ӘДІЛЕТСІЗДІК ПЕН ҚАНАУШЫЛЫҚТАН ҚҰТЫЛУДЫҢ ҮМІТІН ОЯТТЫ. ҚҰДАЙ АЛДЫНДА БАРЛЫҚ АДАМДАР ТЕҢ ДЕГЕН ИДЕЯ
ЖЕРГІЛІКТІ БИЛЕУШІЛЕР ТАРАПЫНАН ҮЛКЕН ҚАРСЫЛЫҚҚА ТАП БОЛЫП, ХРИСТИАН ДІНІН ҚАБЫЛДАУШЫЛАР ЖАППАЙ
ҚУДАЛАНДЫ. ОЛАР ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІК ӨКІЛДЕРІНЕН ҚАШЫП ЖҮРУГЕ МӘЖБҮР БОЛДЫ. ЖЕР АСТЫ ШІРКЕУЛЕРІ САЛЫНДЫ.
ДЕГЕНМЕН, КӨП ҰЗАМАЙ ХРИСТИАН ДІНІН УАҒЫЗДАУШЫЛАР КӨБЕЙІП, ОНЫҢ ҚАТАРЫНА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ КӨП БӨЛІГІ, СОНЫҢ
ІШІНДЕ БИЛІК ИЕЛЕРІ ДЕ ТАРТЫЛА БАСТАДЫ. ХРИСТИАН ДІНІ ДОГМАТИКАСЫ 4 — 6 ҒАСЫРЛАРДА ҚАЛЫПТАСТЫ.
• ХРИСТИАНДЫҚ - І ҒАСЫРДА ПАЙДА БОЛҒАН ӘЛЕМДІК ДІН, ОНЫҢ АТЫ ДА, БАСТАЛУЫ ДА ПАЛЕСТИНАНЫҢ СОЛТҮСТІГІНДЕГІ
ГАЛИЛЕЯДАҒЫ НАЗАРЕТ ДЕГЕН ШАҒЫН ҚАЛАДАН ШЫҚҚАН ДІНИ ҰСТАЗ ЖӘНЕ УАҒЫЗШЫ ИИСУСТЫҢ (ЕВРЕЙШЕ –
ИЕШУА,АРАБША –ҒАЙСА) ЕСІМІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ. ОЛ ӨЗІН ХРИСТОС ҚҰДАЙДЫҢ ЖЕР БЕТІНЕ ЖІБЕРГЕН ЕЛШІСІ, МЕССИЯ
РЕТІНДЕ АЛҒАН («ХРИСТОС» - КӨНЕ ЕВРЕЙ ТІЛІНДЕГІ «МАШИАХТЫҢ» - ГРЕК ТІЛІНДЕГІ «МЕССИЯНЫҢ » БАЛАМАСЫ).
ДІНШІЛДЕР ДЕ, ДІНДІ ЖОҚҚА ШЫҒАРУШЫЛАР ДА ҒАЙСАНЫҢ ӨМІРІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ОЛ ӨЛГЕН СОҢ ОНДАҒАН
ЖЫЛДАРДАН КЕЙІН ЖАЗЫЛҒАН ЕВАНГЕЛИЕЛЕРДЕН АЛАДДЫ. БҰЛ КІТАПТАРДЫҢ МАҚСАТЫ – ХРИСТИАН ДІНІНІҢ НЕГІЗІН
САЛУШЫНЫҢ ӨМІРБЯНЫН ЖАЗУ ЕМЕС, ЖЕР БЕТІНДЕ ҚҰТҚАРУШЫНЫҢ, ҚҰДАЙДЫҢ СҮЙІКТІ ҰЛЫНЫҢ КЕЛУІН, ОНЫҢ
ҚЫЗМЕТІН, ӨЛІМІ МЕН ҚАЙТА ТІРІЛУІН ЖАРИЯ ЕТУ («ЕВАНГЕЛИЕ» ГРЕК ТІЛІНДЕ «ШАПАҒАТТЫ ХАБАР»). ҒАЙСА ҚАЙДА
БАРМАСЫН, БАРЛЫҚ ЖЕРДЕ ОҒАН ОНЫҢ ШӘКІРТІ – 12 ЕЛШІСІ (АПОСТОЛ) ЕРІП ЖҮРЕДІ.
• КЕЙІННЕН, ЯҒНИ 900 ЖЫЛЫ ҚАСИЕТТІ РИМ ИМПЕРИЯСЫ САНСЫЗ ГРАФТЫҚТАРҒА, ГЕРЦОГТЫҚТАРҒА, ЕПИСКОПТЫҚТАРҒА,
АББАТТЫҚТАРҒА БӨЛІНІП КЕТТІ. ОЛАРДЫҢ БИЛЕУШІЛЕРІ ӨЗДЕРІН ТӘУЕЛСІЗ ҚОЖАЙЫНДАР САНАП, ИМПЕРАТОРЛАРҒА ДА,
КОРОЛЬДЕРГЕ ДЕ БАҒЫНУДЫ ҚАЖЕТ ДЕП САНАМАДЫ. ДӘЛ ОСЫ ТҰСТА ХРИСТИАН ЖЫЛ САНАУЫНЫҢ БІРІНШІ
МЫҢЖЫЛДЫҒЫНЫҢ АЯҒЫНДА ШІРКЕУ ДЕ БАТЫС ЖӘНЕ ШЫҒЫС ДЕГЕН ЕКІ БӨЛІККЕ АЖЫРАП, ЕРЕГЕСТІҢ ТҮБІ 1054 ЖЫЛЫ
ХРИСТИАН ДІНІН ШЫҒЫСТЫҚ «ГРЕКТІК», «ПРАВОСЛАВИЕЛІК» ТАРМАҚ ПЕН БАТЫСТЫҚ «ЛАТЫНДЫҚ», «КАТОЛИКТІК»
ШІРКЕУЛЕРГЕ БӨЛІП ТЫНДЫ.
Ислам (араб.: — )إسلماәлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиандықтан
кейін дүниедегі ең көп таралған дін болып табылады. «Ислам» сөзі «бейбітшілік»,
(Аллаһтың заңдарына) «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат
терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Аллаһтың алдында
парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам
дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы
Құран Кәрім (араб.: — )ااالقرآنااالكريمклассикалық әдеби араб тілінде (араб.: )ااالفصحى
Аллаһ тарапынан түсірілген.
Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Аллаһ әрдайым адамзат баласын тура
жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде
Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар. Мұсылмандардың сенімі
бойынша ең соңғы пайғамбар — Аллаһтың елшісі Мұхаммед
Индуизм-қазіргі Үнді елінде кең таралып, брахманизм ілімі негізінде елдегі әр түрлі діни нанымдарды бір жүйеге
біріктірген дін . Ол 4--5 ғ.ғ. құл иеленуші қоғамның ыдырап, феодалдық қоғамның дамуы тұсында қалыптасты.
Әдетте «Индуизм» деген атауды пайдаланбайды. Олар өз діндерін арьядхарма («арии заңдары») деп, сондай-ақ
«санатана- дхарма» немесе жәй «санатана» деп те атайды. Индуизмде үш құдай бар : Брахма ( жаратушы) , Вишну
(сақтаушы), Шива (бұзушы, қайта жаратушы). Брахма көптеген әр түрлі бейнелерге ие, соның ішінде әйел бейнесі
Шакти де бар. Индуизмнің негізгі бағыттары : вишнуизм , шиваизм, шактизм. Бүкіл Үнді елінде осы құдайларға
арналған мыңдаған үлкенді – кішілі храмдар салынған.Осы бағыттар үлкен құдайлар пантеонын құрайды.
Храмдардан басқа қасиетті көптеген орындар , өзендер бар. Ең қасиетті өзен «Ганг» болып есептеледі. Үндістанда те
құдайларға ғана емес, сиырдың, өгіздің, маймылдың, жыланның мүсіндеріне де табынушылық кездеседі. Индуизмде
бірегей шіркеу басшысы, шіркеу иерархиясы жоқ, сондай-ақ кононизация, ұйымдасқан шіркеу, клир де болған емес.
XV ғасырда діни ғұрыптар қара халықтың тілі болып саналатын хинди тілінде атқарыла бастады. Осының
нәтижесінде Вишнудің көпшілік арасындағы мәртебесі жоғарылай түсті. Шиваға құлшылық жасау да осы құдайды
мойындаушы қауымдардың бірлігінің нығаюына қызмет етті. Бірақ, көпқұдайлық үнді халықтарының одан әрі
қауымдаса түсуіне кедергі болған жоқ. Керісінше, осы көп құдайлар біртұтас діни түсінік аясында құрметтеліп,
индуизм баршаның дініне айналды.
Сикхизм ХV ғасырдың соңында ХVІ ғасырдың бас кезеңінде индуизмнің ішінене сектанттық ілім ретінде
пайда болды. Сикхилар өздерін он діндарлардың (гуру) оқушыларымыз деп есептейді. Ең бірінші гуру және
осы ілімнің негізін салушы Нанак (1469-1538). Ең соңғы гуру – Говинд (1675-1708). Қазір Үндістанда 14
миллионға жуық сенушілер бар. Олар Пенджаб штатында шоғырланған. Сикхилардың ұйымы Европа,
Америка, Африка, Азияның көптеген елдерінде бар.
Сикхизмнің негізгі діни ілімі индуизмдегі дәстүрлерге қарсы пайда болды. Нанак монотеизмді жақтап шықты.
Сикхизмнің гимндерінде «Тек қана бір құдай бар, ол абсолюттік шындық, барлық нәрсенің бастамасы. Ол
қорқынышты да, жаулауды да білмейді. Оны ешкім жасаған жоқ. дүние қанша күрделі бола тұра құдайдың
туындысы. Ал индуизмнің белгілі құдайларының өзі жасаушы емес". Вахагеру сикхизмде абсолюттік құдай.
Оның антропоморфтық белгісі жоқ, абстракция. Бұл дінді қабылдаушылар үшін құдай бірдей. Егер құдайды
адамдар шын махаббатпен сүйсе, осы махабббат оларды бір жолға түсіреді. Бұл жол адамдарды өмірдің
«азабынан» құтқарады, құдаймен біріктіреді.
Каста системасын жоққа шығарған сикхилардың қоғамы бірікккен (жиналыс) сангат өткізеді. Сангатта
кастаға қарамай барлығы бірдей гуруды тыңдап, гимндерді айтады. Содан кейән бәрі бір (қатарға) пангат
отырып, бір ыдыстан су ішеді. Бұл екі дәстүрді барлық сикхилар қатар ұстайды.
• СИКХИЗМ ӨМІРДІ СҮЮГЕ ШАҚЫРАДЫ. ҚҰДАЙҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ ӨМІРДІҢ
АУЫРТПАШЫЛЫҒЫНАН КЕТІП, ТАҚУА БОЛУ ЕМЕС. ӨМІР СҮРУДІҢ ТАЗА ЖОЛЫ
КҮЛІП-ОЙНАП, КИІНІП, ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ. ОЛ ҮШІН ЖАТПАЙ ЕҢБЕКТЕНУ
КЕРЕК. «ҚҰДАЙДЫҢ АТЫН АУЗЫҢМЕН ҚАЙТАЛАП ОТЫРЫП, ҚОЛЫҢМЕН,
АЯҒЫҢМЕН ЖҰМЫСЫҢДЫ БІТІРЕ БЕР» ДЕП ЖАЗЫЛҒАН ҚАСИЕТТІ КІТАПТАРДА.
ҚАСИЕТТІ КІТАБЫ «АДИ ГРАНТХ». ҚОҒАМНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ХІІІ ҒАСЫРДАН БЕРІ
«ДЖАМААТ-ХАНА», СИКХТАРДЫҢ ҚОЛДАУШЫСЫ МҰСЫЛМАН ШЕЙХ ФАРИД
ГАНДЖИСАКАР. КЕЗ КЕЛГЕН СИКХИДІҢ ЕҢ ЖОҒАРҒЫ МІНДЕТІ «ҮЙ ИЕСІ» БОЛУЫ.
КЕЗ КЕЛГЕН АДАМНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒА БОЛУЫ КЕРЕК, ОЛ СОНДА ЕҢБЕК ЕТІП,
ҚОҒАМҒА ПАЙДА КЕЛТІРСЕ, СОНДА ҒАНА ОЛ БАҚЫТТЫ БОЛАДЫ.
Конфуцийшылдық ежелгі Қытайда б.д.д. 6 ғ. орта шенінде
қалыптасқан философиялық жүйе. Оның негізгі салған ежелгі
Қытай ойшылы Конфуций ( Кун-цзы, б.д.д. 551-479 жж).
Конфуцийшілдіктің басты мәселелерінің бірі – Чжән Мин (атауды
өзгерту) туралы ілімі . Ол әр адамнан өзінің қоғамдағы орнын
есінде ұстауды талап етеді. Жалпы алдыңғы орынға дүниеге
көзқарастық мәселелер емес, әлеуметтік-әтикалық мәселелер
қойылады. Басты құдірет күші деп конфуцийшілдер аспанды
есептейді, ал Қытайды билеушілерді – «аспанның ұлы» деседі.
Даосизм.Бұл діни-философиялық бағыттың негізін салушы– Лао-Цзы. Оның
еңбегі даналық сөздеерден тұратын «Дао-дә-цзин», яғни Дао туралы кітап.
Мағыналық тұрғыдан Дао ілімі әрі құдай, әрі табиғат, әрі даналық ілімі дегенді
де білдіреді. Сол себепті табиғаттың қозғалыс заңына бағындау дао заңына
немесе құдайға бағынбауды білдіреді. Дао ілімі зұлымдықтың қай түріне
болмасын қарсы.
Сондай-ақ өте ертеде пайда болғандықтан ол да өз тарихында бірнеше
кезеңдерден өтіп, қазіргі кезде түп нұсқасынан түрленген формасын ұшырату
тарихта жаңалық емес.
Синтоизм(«жапон. Синто – құдайлар жолы ) – Жапонияда ежелгі
феодалдық дәуірде жергілікті анимистік нанымдар мен шаман діни
нанымдары белгілерінің негізінде қалыптасқан дін. Билеп- төстеп
отырған император династиясының бастауы, ең басты құдайы, күн
құдайы Аматәрасуболып табылады, шығу кезінен бастап синтоизм
будда дінімен тығыз байланыста. Елде будда діннің таралуына
байланысты синтоизмнің рөлі бірте – бірте кеми берді. Будда храмдары
кезінде синтоизм абыздарының рұқсатымен салынған және синтоизм
құдайлары олардың қамқоршысы деп есептелінді. Өз ретінде кейбір
синтоизм храмдарына будда құдайлары қамқоршы делінеді. Орта ғасыр
дәуірінде аралас синто – будда храмдары да пайда болды.
Иудаизм - өте ерте шығып, осы кезге дейін сақталып келген еврейлердің діні . Семит тайпасының
ішінде б.д.д. екі мыңыншы жылдар ішінде шыққан. Израиль мемлекетінде иудаизм мемлекеттік
дін болып саналады. Иудаизмнің өзіндік ерекшелігі бар ; бір құдай Яхвені ғана мойындау, еврей
халқы «құдайдың қалаулысы» деген уағыз, қасиетті кітаптарды күнәсіз деу, мессияға ( құтқарушы
құдайдың келуі ) , о дүниеге сену Иудаизм пайда болғаннан бастап ұлттық сипат алды, «Құдай
қалаған халықтың» Яхве құдаймен одақ құрған діні болып жарияланды. Құдай қалағандық
идеясы, тіптен еврейлер басқа елдерге таралып кеткен күннің өзінде де, иудаизмге еврей
тайпаларынан тысқары шығуына мүмкіндік бермеді. Мұның себебі – иудаизмнің ұлттық
сипатында. Иудей дінінің өзегі – яхве құдайдың құдіреттілігіне сену. Иудаизм қызметшілері
діндарлардан құдайға соқыр сенімді талап етеді. Қазіргі иудаизмнің жаңа ерекшілігі оның
христиан дінімен жақындасуында. Бұл мәселе төңірігінде алғашқы сөз еткен Англиядағы еврей
буржуазиясының өткен ғасырдың аяғындағы өкілі Клод Монтефьоре. Діни мәселелеріндегі бірігу
тенденциясына қоғам қайраткерлері де жақ болуда. Ватикан да бұл бірігу ұмытылысына оң
қарайды, арнаулы комиссия осы мәселемен шұғылдануда. Осындай бірігу тенденциясымен қатар
иудейлер дінінде неохасидизм де орын алып отыр.
НАЗАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
ТЫҢДАҒАН ЖАН!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz