МЕДИЦИНАДАҒЫ ЖАСУШАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ. РЕПРОДУКТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР (ЭКСТРАКОРПОРАЛДЫҚ ҰРЫҚТАНДЫРУ (ЭКҰ). КЛЕТКАЛАРДЫ КЛОНДАУ




Презентация қосу
МЕДИЦИНАДАҒЫ ЖАСУШАЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯ. РЕПРОДУКТИВТІ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
(ЭКСТРАКОРПОРАЛДЫҚ ҰРЫҚТАНДЫРУ
(ЭКҰ). КЛЕТКАЛАРДЫ КЛОНДАУ.
(СӨЖ)
Орындаған:Серікқұл Темірлан
• Жасушалық технологияның негізі - жануарлар мен өсімдіктерден алынатын жасуша өсінділері.
• Жасуша өсіндісі дегеніміз - ол биосистема жасушаларының организмнен тыс (in vitro) жасанды ортада
өсіп көбеюі.
• Жасуша өсіндісін өсіру әдістемесі жиырмасыншы ғасырдың 40-шы жылдарынан кейін өркендеп дами
бастады. Ол антибиотиктардың ашылуымен тікелей байланысты, себебі антибиотиктарды қолдана
отыра, жасуша өсінділерінің бактериялармен ластануына кедергі жасауға болады. Сонымен қатар
жасушалық биотехнологияның дамуына өз үлесін тигізген. Коккингтың (1960) жеке жасушаларды
бөліп алу және өсіру әдістемелерін табуы, ал Зиммерманның (1984) оқшауланған протопластарды
электрдің көмегімен қосу туралы ғылыми ашуы болды.
• Жасуша өсінділерінің ашылуы көптеген глобальді, теориялық және тәжірибелік проблемаларды шешуге
мүмкіндік туғызды. Фундаментальдік ғылымдар саласында өте күрделі жайт - ұлпалардағы жасушалардың
өзара қатынасын, жасушалық дифференциялауды, морфогенезді анықтауға, жасушалардың тотипотентігінің
жүзеге асуына және ракты жасушалардың пайда болу механизмін зерттеуге мүмкіндік жасады.
• Тәжірибелік салада аса көңіл аударылатын бағыттар: селекция; көп мөлшерде биологиялық заттарды алу;
вируссыз өсімдіктерді өсіру; өсімдіктердің клондық көбеюі; өсімдік, жануарлар мен адамдардың жеке
жасушаларын өсіру.
• Жасуша өсінділерінің көздері ол биосистемалар: өсімдік, жануарлар және адам жасушалары мен ұлпалары.
• Жасуша өсіндісін жануар мен адамның кез келген органы мен ұлпасынан алуға болады. Бірақ эмбрионнан
алынған жасуша өсіндісі өзінің шапшаң өсу қабілетімен ерекшеленеді. Көбінесе осы мақсатпен жануарлар
эмбрионының бүйрегі, терісі, тимусы және т.б. органдары мен ұлпалары алынады.
• 1966 жылы ұлпалық өсінділерге бірыңғайланған терминология қабылданды. Оның негізгі тәртібі төменде
көрсетіледі. Ұлпа өсіндісі - бұл жүйеде көп жасушалы организмнен бөлініп алынған жасушалар, ұлпалар
және органдар 24 сағат тіршілігін сақтап, in vitro жағдайда көбейе алады. Биологиялық объектінің түріне
байланысты келесі түрлерге жіктелінеді: 1) жасушалар өсіндісі - бұл термин, in vitro жасушалардың өсуін
көрсетеді, бірақ өсіндіде жасушалар ұлпа түзбейді; j 2) ұлпа немесе органдар өсіндісі - бұл термин
ұлпаның, орган ұрықтары мен мүшелерінің кұрылыстық дифференциясын сақтай отыра, in vitro өсуін
қолдауды білдіреді.
• Клондау(грек. clon – ұрпақ, бұтақ) – организмдерді жыныссыз жолмен көбейту арқылы сол организмдерге ұқсас
ұрпақтар алу. 20 ғ-дың 60-жылдарының басында кейбір жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарларды Клондау
әдістері жете зерттелді. Бұл әдістерге даму сатысын аяқтап, толық жетілген клеткалар ядросында организмнің
барлық белгілері болатыны туралы ақпарат анықталғаннан кейін қол жеткізілді. Клондау кезінде клеткадағы
белгілі гендер жоғалмайды (тек Клондау процесіне қосылмаған гендер ғана жойылып отырады). Клондау туралы
алғашқы мағлұматты Корнелль универстетінің (АҚШ) профессорлары жүргізген тәжірибелерден көруге болады.
Олар өсуге қажетті қоректік заттар мен гормондары бар ортада сәбіз тамырының жеке клеткаларын өсіру
арқылы, осы өсімдіктің жаңа формасын алды. Кейінірек Ұлыбританияның Оксфорд университетінің ғалымы
Д.Гердон (1933 ж. т.) алғаш рет жануар омыртқасын Клондауға болатынына қол жеткізді. Ол өзінің ядросы
алдын ала ультракүлгін сәулелері арқылы жойылған құрбақаның жұмыртқаклеткасына, ішек клеткаларынан
алынған ядроны егу (қондыру) арқылы әуелі итбалықты, соңынан сол ядро алған құрбақаға ұқсас дарабасты
алды. Бұл тәжірибелер тек дифференциалданған (арнайы) клеткаларда организмнің дамуына қажетті барлық
ақпараттардың болатынын дәлелдеп қана қоймай, сондай-ақ, жоғары сатыдағы организмдерді, соның ішінде
адамды да, Клондауға болатынын көрсетті. Клондау арқылы өте пайдалы өсімдік сорттарын алуға және мал
тұқымын асылдандыруға болады. Бірақ Клондаудың мұндай әдістері (өсімдік сорттары мен асыл тұқымды мал
алатын) адамдарға қолдануға келмейді. Теориялық түрде әйелдің де, еркектің де генетикалық көшірмелерін
жасауға болады. Бірақ клондалатын клетка даму сатысының барлық кезеңдерінен өтуі керек, міне, сол кезде
клеткаға сыртқы ортаның қалай әсер ететіні әлі толық анықталған жоқ.
1997 ЖЫЛЫ 27 АҚПАНДА ШОТЛАНДИЯДАҒЫ РОСЛИН
ИНСТИТУТЫНДА АТАҒЫ ЖЕР ЖАРҒАН ДОЛЛИ ЕСІМДІ ТОҚТЫ
КЛОНДАЛҒАН.ДОЛЛИ АЛҒАШ КЛОНДПЛҒАН АҒЗА

Ұқсас жұмыстар
Жасанды ұрықтандырудың дамуы
Гибридомды клеткаларды клондау
Клондау – тірі ағзаны немесе аймақты көбейту, клондау
МОНОКЛОНДЫ АНТИДЕНЕЛЕРДІҢ ИММУНОЛОГИЯДАҒЫ
Бағаналы жасушаларды өсіру
Аборт. стерилизация, жаңа репродуктивті технологиялар
Гибридомды технология
Клетка культурасы
ГЕНДІК ИНЖЕНЕРИЯНЫҢ ЖАНУАРЛАРҒА ҚОЛДАНЫЛУЫ
Жануарларды клондау
Пәндер