Педагогиканың адамгершілік әдіснамасын негіздеу
Презентация қосу
«Педагогиканың
адамгершілік
әдіснамасын
негіздеу»
Орындаған: 1 курс биолог докторанты
Смихан Айдана Естаевна
Жоспары:
Педагог мамандығына жалпы кіріспе
Педагогикалық әдеп
Эмпатия
Такесика
Перцепция
Әртүрлі жастағы оқушылармен педагогикалық қарым-
қатынастың ерекшеліктері
Педагог - өскелең ұрпақтың
интеллектуалдық негізін және рухани әлемін
қалыптастырушы, сонымен катар ол
халқымыздың болашағы болып саналатын
балапар тәрбиесіне жауапты қоғамның
сенімді өкілі. Осындай аса ізгі де аса қиын
кәсіп Педагогдерден тұракты
шығармашылықты, ойдың тынымсыз
жұмысын, орасан зор жан жомарттығын,
балаларға деғен сүйіспеншілікті, іске шексіз
адалдықты талап етеді.
Қазіргі заман педагогі қызметіндегі ең басты
ерекшеліктердің бірі - жастарға рухани тұрғыдан ықпал
жасауды нығайту, сол арқылы еліміздің нагыз белсенді
азаматтарын, еңбеккерлерін, отан корғаушыларын тәрбиелеп
шығару. Бұл үшін педагог табиғат, қоғам, саясат, өнер, адам,
айнала коршаған дүние туралы ең жаңа ғылыми біліммен
каруланған болуы керек.
Педагогтің балаға шынайы сезіммен,
құрметпен қарауы балада да педагогке деген
сыйластық сезімін тудырады. Сондықтан
педагогтің жалпы мәдениетінің жоғары
дәрежеде болуы, оның интеллектуалдық
мүмкіндігі, ой-өрісінің кеңдігі, рухани
байлығы тұтас педагогикалық үрдісті тиімді
ұйымдастыруға зор ықпал жасайды.
Педагог профессиограммасына қарап маманның бұл
кәсіпке жарамдылығын немесе жарамсыздығын
анықтауға болады. Адамның педагогикалық
қызметке жарамдылығы теориялық білімнің
молдығында ғана емес, сол білімді үздіксіз дамытьш
отыруында, накты педагогикалык үрдіс жағдайына
бейімдей алуында.
Сонымен қатар мұғалімнің өз
білімдерін педагогикалык қызметтің
мақсатымен, әдістерімен, нақты
жағдайларымен байпаныстыра,
ұштастыра білу шеберлігі шешуші
көрсеткіш болып табылады.
Педагог тұлғасын сипаттайтын негізгі кәсіби маңызды
қасиеттері оның педагогикалық әдебінің көрсеткіші де болып
табылады. Тәжірибелі педагог И.Е.Синицаның пікірінше
педагогикалык әдеп әр педагогтің жас мөлшеріне,
темпераментіне, мінез-құлқына байланысты келеді.
Педагогикалық әдеп - мұғалімнің ізденісінің нәтижесі.
• Сонымен қатар қазіргі зерттеушілердің пікірінше эмпатия
үғымы да педагогтің кәсіби маңызды қасиеттерінің бірі
болып саналады.
Эмпатия - педагогтің оқушылардың психикалық
жағдайын, көңіл-күйлерін түсінуі, өзін басқа адамнын
Адамнын өзін басқаның орнына қоя алып оны сөзсіз түсіне
алуы, сезінуі эмпатия деп аталады. Әсіресе мұғалім мен шәкірт
арасындағы қарым-қатынаста эмпатия аркылы балалардың
тұлғалық қасиеттерін бағалауға болады.
Сонымен педагогикалық іс-әрекеттегі эмпатия - Педагогтің өз
шәкіртінің ішкі жан дүниесін сезіне алуынан, өзін оның орнына
қоя алуынан байқалады. Педагогтың эмпатиялығы оқушылармен
тығыз қарым-қатынастағы кикілжін, шиеленіс жағдайлардан
тиімді жол тауып шығуына көп септігін тигізеді.
Педагог - өз пәнін оқытудың әдістерін жете игерген,
шығармашылық еңбек ететін, педагогикалық шеберлігін
үнемі жетілдіріп отыратын адам. Педагог еңбегінің
нәтижелілігі оның табиғи дарындылығында дейтін пікірлер
де бар. Сөз жоқ, дарындылық, аса қабілеттілік қай
мамандықта болмасын кездеседі.
Педагогикалық шеберлік - кейбіреулерге ғана
берілген табиғат сыйы емес, ол үздіксіз ізденудің,
өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің
қалаған мамандығына деген құштарлығынан
туындайтын іс-әрекеттер жиынтығы.
Педагог енбегінде такесика деген ұғым да көп рөл
атқарады.
Ол ешкандай сөзсіз баланың басынан сипау, қолынан
ұстап жазуын түзету, иығынан кағып, қолпаштап қою,
костюмының жағасын түзетіп қою, қол алысып
кұттықтау т.б. қол қимылдары аркылы жасалатын
қатынастық белгілер.
Перцептивтік қарым-қатынас - басқа адамның
ішкі жан дүниесін сезіне алу (регсерііо - қабылдау,
сезіну, психикалық түйсіну қызметі).
Перцепция - сезім органдары аркылы алынған
ақпараттарды өңдеу мен танудын, түйсінудің
психикалық қызметі. Әрине, даму үстіндегі
түлганың ішкі жан дүниесін түсіну күрделі
процесс.
Перцептивті қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін
оқушылардың психофизиологиялық, жас және дербес
ерекшеліктерін жақсы меңгеру кажет. Неғұрлым педагог
шәкірттерін түсінуге ұмтылған сайын оқушылар да педагогке
түсінушілікпен қарайтын болады. Бұл жағдайда
педагогикалық үрдістің екіжактылық сипаты айқын
байқалады.
Әртүрлі жастағы оқушылармен
педагогикалық қарым-қатынастың
ерекшеліктері.
Педагогтер тәжірибесінде әр жастағы
оқушылармен қарым-қатынасқа түсуге
тура келеді. Сонымен қатар педагогтердің
өзімен бірге істейтін әр жастағы
әріптестері, оқушылардың ата-аналары,
ата-әжелері педагогтың коммуникативтік
кабілеттеріне деген талапты күрделендіре
түседі.
Жас педагогтер үшін аталып отырған
адамдар категориясында әсіресе
оқушылармен қарым-қатынас жасаудыц
психологиялық-педагогикалық негіздерін,
қарым-қатынас қызметтерін және сан-
алуан тәсілдерін жан-жақты меңгерудің
маңызы зор.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Педагогика./ ТаубаеваШ.Т., Иманбаева С.Т., Берикханова А.Е.
Оқулық. - Алматы: ОНОН. 2017, - 340 бет.
2. Баймолдаев Т.М. Педагогический менеджмент и современное
управление школой.-Алматы, 2001
3. Бондаревская Е.В. Личностно-ориентированное образование
разработки, парадигмы. -Ростов на Дону, 1997.
4. МаслоуА, Самоактуализация // Психология личности. Роджерс -
Алматы: ОНОН. 2017, - 340 бет.
5. Бейсенбаева А.А. Педагогика ғылымының әдіснама мәселесі.
Оқу құралы «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін
ұйымдастыру». – Алматы, 1995. 117 б.
6. Беркімбаева Ш., Құсайынов А., Рысбаева А., Бұлақбаева М.
Жоғары мектеп педагогикасы (оқу құралы). Алматы, 2009
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz