Биологиялық ресурстар және оларды тиімді пайдалану мәселері


Slide 1

Биологиялық ресурстар және оларды тиімді пайдалану мәселелері Орындаған: биология мамандығының 1 курс докторанты Смихан А. Е.

Slide 2

Жоспары:

1. Табиғи ресурстар

2. Табиғи ресурстардың жіктелуі

3. Табиғи қорлар

4. Қазақстан Республикасының биологиялық ресурстарын сақтау мен дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы

Slide 3

Табиғи ресурстар

қоғамның материалдық, мәдени, тағы да басқа мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштары мен табиғи құбылыстары (атмосфералық ауа, су, топырақ, кен байлықтары, күн радиациясы, ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, жер қабатыңдағы жылу энергиясы, т. б. жатады) .

Slide 4

Биологиялық

Минералдық

Энергетикалық

Slide 5 Slide 6

Табиғи ресурстардың жіктелуі

Табиғи ресурстар әртүрлі жолмен жіктеледі:

Кол жетерлікке байланысты:

іске асатын немесе нақтылы;

потенциалды.

Пайда болуына байланысты:

табиғи,

антропогенді.

Химиялық табиғатына байланысты:

органикалық,

минералдық.

Көздері мен орналасуына байланысты:

жер,

су,

кен,

өсімдіктер,

орман.

Slide 7

Таусылуына байланысты:

сарқылатын - топырақ, орман, кен қазбалары.

сарқылмайтын - ғарыш, ауа райының әсері және су көздері.

Сарқылатын табиғи ресурстар:

қалпына келетін - өсімдіктер және жан-жануарлар дүниесі, кейбір минералды кен көздері;

қалпына келмейтін - адамзаттың пайдалануы барысында қайта пайда болмайтын және қайта қалпына келуі өте ұзаққа созылатын жаратылыс заттар;

салыстырмалы қалпына келетін - қалпына келмейтін қорларға қарағанда өзінің бастапқы күйін қайта қалпына келтіре алатын жүйелер жатады (топырақ қыртысы) .

Калпына келмейтін табиғи ресурстар:

жойылатын - олар қолдану нәтижесінде жойылады, (газ, көмір, мұнай, жертезек пен т. с. )

таралатын - қолдану нәтижесінде жойылмай бір тұрден екінші тұрге айналатың ресурстар, (темір және басқа металдардың рудалары, фосфор, күкірт және басқа да элементтердің қосылыстары) .

Slide 8

Ғарыш қорларына - күн сәулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады.

Климаттық қорға - атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.

Жер қоры - дақылдар егіліп өнім алынатын жер қыртысының беткі бөлігі - топырақ. Топырақ құрамыда минералдық заттармен қатар, түрлі органикалық дүниеліктер, микроорганизмдер кездеседі. Жер бетінің толық ауданы 510 млн. км2 болса, соның құрлыққа тиесілі үлесі - 149 млн. км2 (29, 2 %) .

Орман қоры - Орман ағаштарының фотосинтезде атқарар маңызы орасан. Жер бетіндегі өсімдіктер, ағаштар жылына 100 млрд. тонна фитомасса түзсе (құрғақ массаға шағып есептегенде), оның ішіндегі құрлық бетіндегі көк жамылғы 64 млрд. тонна, ал орман ағаштары 38 млрд. тонна (60%) құрайды. Орман ағаштары, сарқылатын және салыстырмалы қалпына келетін қорлар қатарына жатады.

Slide 9

Минералдык шикізаттардың дүние жүзілік қоры және оларды 1973-2000 жылдарда пайдалану мөлшЕРІ

Шикізаттан алынатын өнім

Өлшем бірлігі

Экономика саласындағы қажеттілікті болжау есептеулері

Дүние жүзілік шикізат қоры

Шикізат қорының қажеттілікке пайдалану мөлшеріне қатынастары

Барий

Млн. т.

113

91

0, 8

Бром

Млн. т.

15, 9

11}3

0, 7

Висмут

Мың. т.

150

52

0, 3

Германий

Мың. кг

2620

1820

0, 7

Алтын

Мың. т.

36, 5

41, 1

1, 1

Кадмий

Мың. т.

705

752

1, 1

Күкірт

Млн. т.

1960

2032

1, 0

Күміс

Мың. т.

460

187

0, 4

Фтор

Млн. т.

125

35, 4

0, 3

Мырыш

Млн. т.

230

140

0, 6

Асбест

Млн. т.

174

145

0, 8

Гипс

Млн. т.

2400

1860

0, 8

Графит

Млн. т.

20

9, 1

0, 5

Slide 10

Жан-жануарлар әлемі. Жер бетінде 1, 5 млн-ға жуық тіршілік ететін тірі организмдер бар. Олардың, 1 млн-ға жуығы жануарлар болып келеді. Осы жануарлар биомассасы, сан жағынан едәуір мөлшерде болғанымен, тірі организмдер биомассасының 1%-ын ғана құрайды.

Энергетикалық қорлар. Энергетикалық қорлардың қалпына келмейтін қатарына көмір, мұнай-газ, торф, сутегі, гелий, литийлер, ал қалпына келетін түрлеріне - фотосинтез өнімдерінің энергиясы, гидроэнергия, булану және жауын-шашын энергиясы, жел энергиясы, жылу энергиясының түрлері жатады.

Соңғы жылдары, атом энергиясын жүйелі түрде пайдалану жолға қойылып отыр. Сондай-ақ, жер қойнауындағы ыстық су көздерін пайдалану да маңызды болып отыр. Күн көзінің энергиясын тиімді пайдалану, оны сақтау - адамзат баласының алдында шешімін табар мәселелерге жатады.

Су қорлары - тұщы су мөлшерінің қоры. Су - сусын ретінде, еріткіш ретінде, тұрмыс қажетін өтеуде, ауыл шаруашылығында, балық шаруашылығында және т. б. салаларда кеңінен қолданылады. Адамзат тіршілігінде көп пайдаланатыны - өзен сулары.

Slide 11

Су жүйелеріндегі су мөлшерінің толық қалпына келуі немесе олардың жаңғыру мерзімі

Су жүйесі

Жаңғырү мерзімі (жыл)

Полюс бойындағы мүзтаулар, мәңгі қар аймағы және жер астындағы тоң

1

Мұхиттар

2500

Тау басындағы мұз сендері

1600

Жер асты сулары

1400

Көлдер

17

Батпақ сулары

5

Топырақ бойындағы ылғал

1

Өзен арнасындағы сулар

І6 күн

Ауадағы су

8 күн

Тірі орғанизмдердегі сулар

Бірнеше сағат

Slide 12

Табиғи қорларды пайдалану

Тұрмысқа, тіршілікке қажетті өнімдерді алу үшін, жаратылыста кездесетін табиғи қорларды, шикізаттарды өңдеп, олардан әр түрлі бұйымдар немесе азық-түлік өнімдері даярланады. Демек, адамзат табиғи қорларды, олардағы шикізат көздерін, зат айналым циклына қатыстырады.

Адамзат баласының табиғи қор көзінен шикізаттың бір немесе бірнеше түрін, өзінің өндеу, пайдалану барысының сатысында тасымалдауы, олардың өзгеріске ұшырауы - қордың айналымы (ресурсный цикл) деп аталады.

Егер, табиғатта зат айналымы тұйықталған тізбек бойымен іске асатын болса, ал, қордың айналымын немесе антропогенді айналым тұйықталған тізбек бойымен іске аспайды. Өйткені, теңізден буланған су қайта жауын-шашын түрінде қайта оралса, шахтада өндірілген көмір қайтадан көмір түрінде шахтадағы кенге келіп қосылмайды. Қорлардағы шикізатты өндеу, тасымалдау барысында әр түрлі себептердің салдарынан олардың шығыны орын алады. Мысалы, тас көмірді жандыру нәтижесінде - күл және шлак қалады, әр түрлі газ күйіндегі тотықтар атмосферадағы ауа құрамына қосылады. Демек, қоршаған ортаны ластаудың басты көзі - табиғи қорларды айналымға түсіргенде түзілетін қалдықтар мен зиянды заттар.

Slide 13

Қор айналымының схемасы

Тұтас сызықтар - қалдықтарды аз шығару арқылы жоғары тиімділікке жету жолдары. Пунктир сызықтар - қорлардың қайтарылуы.

Slide 14

Қазақстан Республикасының биологиялық ресурстарын сақтау мен дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы

Осы Тұжырымдама Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі биологиялық ресурстарын сақтау мен дамытудың пайымын анықтайды. Осы Тұжырымдамамен өсімдіктер мен жануарлар дүниесі түрлерінің қысқаруын болдырмау, сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген түрлердің санын қалпына келтіру, түрлердің, қауымдастықтардың және түрлердің генетикалық саналуандығын, қауымдастықтар мен экологиялық жүйелерді сақтау жолымен биологиялық әртүрлілікті сақтау, ұзақ мерзімді перспективада биологиялық әр түрлілікті ұтымды және тауыспай пайдалануды қамтамасыз етуге және қазіргі және болашақ ұрпақтардың экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттіліктердің қанағаттандыруға мүмкіндік беретін биологиялық ресурстарды орнықты пайдалануын қамтамасыз етуі болжадалады.

Slide 15

Тұжырымдаманың негізгі мақсаттары:

1) өсімдіктер мен жануарлар дүниесі түрлерінің қысқаруын болдырмау, сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген түрлердің санын қалпына келтіру және түрлердің, қауымдастықтардың және түрлердің генетикалық саналуандығын, қауымдастықтар мен экологиялық жүйелерді сақтау жолымен биологиялық әртүрлілікті сақтауды қамтамасыз ету;

2) ұзақ мерзімді перспективада биологиялық әр түрлілікті ұтымды және тауыспай пайдалануды қамтамасыз етуге және қазіргі және болашақ ұрпақтардың экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттіліктердің қанағаттандыруға мүмкіндік беретін биологиялық ресурстарды орнықты пайдалану болып табылады.

Slide 16

Флора әлемі

Флора түрлерінің сан алуандығы. Қазақстан флорасы бірқатар бағалаулар бойынша

13 000-нан астам түрді,

оның ішінде биік сабақты тамырлы өсімдіктердің 5754-тен астам түрін,

саңырауқұлақтардың 5000-ға жуық,

қыналардың - 485,

балдырлардың - 2000-ға жуық,

мүк тәрізділердің - 500-ге жуық түрін қамтиды.

Өсімдіктер арасында түрлердің 14%-ы эндемиктер болып табылады.

Slide 17

Орта Азияның шөлейт өңірлерімен байланысты сирек кездесетін өзіндік ерекшелігі бар түрлер арасында арша жыңғылдарын, умбелярларды,

Арша

Slide 18

саванналық, фриганоидты (тікенек бұталы және жусанды-тау) түрлерді, ал континентальдық Азия тауларымен байланысты - криофитті - жастықшалы түрлерді атау керек.

Slide 19

Қазақстанда флора эндемизімінің орталықтары

(Қаратау таулары, Батыс Тянь-Шань) бірегей табиғи кешендері - құмдардағы қарағай тоғайлары (Ара және Аманқарағай, Наурызым) ;

Орталық Қазақстанның аласа жоталарының далалық кешендері; Бетпақдаланың, Оңтүстік Балқаш өңірінің Іле ойпатының;

Оңтүстік Алтайдың, Қалба тауларының және Тарбағатайдың, Жоңғар Алатауының орташа тау жоталарының флоралық композициясы бойынша бірегей шөл қауымдастықтары және қылқан жапырақты шыршалы ормандары мен алма ормандарының үзіктері бар Тянь-Шанның осындай қауымдастықтағы;


Ұқсас жұмыстар
Энергетикалық ресурстар
Табиғи ресурстар
Сарқылмайтын ресурстарға күн энергиясы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАБИҒИ-РЕСУРСТЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАСЫ
Табиғи ресурстар мониторингі
Ресурстардың жіктелуі
Жасыл экономиканың ғаламдық тенденциялары
Сарқылатын ресурстар
Өлкетанудағы рекреациялық ресурстар
Табиғи ресурстар түрлерін тиімді қорғау шаралары. ҚР-ның табиғи және қазба байлықтары мен мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz