Қазақстан Республикасының өзендеріне жалпы шолу


Slide 1

Қазақстан Республикасының өзендеріне жалпы шолу

(Тентек өзені)

Орындаған: 1 курс биолог докторанты

Смихан Айдана Естаевна

Notes: Переход осуществляется при нажатии на соответствующий пункт.

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе:

1. Қазақстанның өзендер жүйесіне жалпы шолу

Негізгі бөлім:

2. Тентек өзені

3. Географиялық орны

4. Гидрологиясы

5. Өсімдік жамылғысы

6. Гидрографиясы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады, 8000 өзеннің ұзындығы 10 км-ден асады.

Кіріспе:

Қазақстанның өзендер жүйесі

Notes: Переход осуществляется при нажатии на соответствующий пункт.

Slide 4 Slide 5 Slide 6

05. 11. 2018

6

Slide 7

Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. Бұл алқапқа жататын өзен Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен) .

Slide 8

Республика өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады. Ішкі тұйық алап ірі көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді. Бұл көлдердің ірілері - Каспий, Арал теңіздері және Балқаш көлі. Ішкі тұйық алапқа ұсақ көлдерге құятын, құмға барып сіңіп кететін, сондай-ақ уақытша ағатын өзендер де жатады.

Slide 9

Каспий теңізі алабы Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзен және т. б. жатады.

Slide 10

Арал теңізі алабына Оңтүстік және Орталық Қазақстанның оңтүстік бөлігінің өзендері жатады. Өзендер шөл зонасында орналасқан және өзен желісі сирек. Басты өзендері Сырдария, Арыс саласы мен Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас өзендері. Бұлардың ішінде Сырдариядан басқасы Арал теңізіне жетпей құмға сіңіп кетеді.

Slide 11

Балқаш-Алакөл көлдер жүйесіне Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы өзендер кіреді. Олар: Қаратал, Лeпci, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т. б.

Slide 12

Тентек өзені

Slide 13

Географиялық орны Алматы облысы Алакөл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 200 км (187 км) . Су жиналатын алабы 5390 км 2. Негізінен 3-ке бөлінеді: Тентек, Орта Тентек, Шет Тентек.

Slide 14

Тентек өзені (ерке, тентек) өз атауын ақтайды. 100 км астам Тентек тік жартасты шатқалдарда және қол жетімділігі қиын аудандарда тік құлайтын бос арна бойымен өтеді және 6 - шы күрделілік санатына дейін жүргізуші туристер арасында "өте ауыр" деп белгілі.

Slide 15

Бастауы Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтардан (Көкетау және Сарыбүйрек) басталып, Сасықкөл көліне таяу ұсақ көлдерге құяды.

Slide 16

Гидрологиясы Ірі салалары - Шынжылы, Шымбұлақ, Ағынықатты, Аршалы, т. б. Жоғарғы бөлігіндегі аңғары мен арнасы тар шатқалды. Алакөл ойысына шыққан жерінде аңғары кеңейіп, 3 тармаққа бөлініп, Үшарал қаласынан төмен 5 км жерде қайтадан бір арнаға қосылып, жайылып ағады. Еріген қар, мұз суларынан наурыз - сәуір айларында тасиды. Жылдық орташа су ағымы Ынталы ауылы тұсында секундына 47, 1 м3. Суы тұщы, мөлдір, ауыз суға, егістік суғаруға пайдаланылады. Ш. Уәлиханов 1856 жылы өзінің Қапал - Верный - Ыстықкөл - Құлжа саяхаты кезінде Тентек аңғарын зерттеді. Өзенге Тентек суғару жүйесі салынған.

Slide 17

Өсімдік жамылғысы

ЕРКЕКШӨП - ЖИТНЯК -AGROPYRON

Еркек шөп, еркек бидайық (лат. Agropyron cristatum) астық тұқымдасының бидайық туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Еркекшөп-Қазақстанның далалық және қүрғақ далалық аймақтарында кең тараған мал азықтық дақыл. Ол кепжылдық шөптесін өсімдік, қуаңшылық пен қыстың қолайсыз жағдайларына жоғары тезімділігімен және ұзақ өміршендігімен ерекшеленеді.

Slide 18

Табиғатта таралуы:

Жалпақ масақты еркек шөп Орал, Ақтөбе, Қостанай, облыстарыңда, ал жіңіщке масақты еркек шөп Семей, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында кездеседі. Дәрілік шикізат және азық ретінде өсімдік жаңадан гүлдей бастаған кезде шалғымен шабылып немесе орақпен орылып алынып, қуратылмай кептіріледі.

Химиялық құрамы:

Оның сабағы мен масағының құрамында көп мөлшерде нәруыз, клетчатка, майлар, минералды заттар бар.

Қолданылуы:

Бұл өсімдік, біріншіден, жұғымды мал азығы, екіншіден, малдың асқазан-ішек жұмыстарын жақсартып, малды тез қондандырады. Сондықтан оның алдын - ала дайындалған шөбі қыста және көктемде арықтап, көтерем болуға айналған малдың жеміне араластырып беріледі.

Slide 19

Изен (Kochia) - алабұталар тұқымдасынажататын бір немесе көп жылдық бұташық өсімдіктер туысы. Изен - тамыры мықты жетілген, көп жылдық, жабайы бұршақша тәріздес, алабота тұқымына жататын өсімдік. Ол құрғақшылыққа және сортаң жерге өте төзімді келеді оның сабағы қызғылт түсті, жапырақтары өте ұсақ, гүлі реңсіз болады.

Табиғатта таралуы:

Жер шарына кең тараған Солтүстік Америкада, Еуропа, Азия және Австралияда кездесетін 80-ге жуық түрінің Қазақстанда 9 түрі кездеседі. Сор, сортаң, тасты, құмды дала мен шөлдерде өседі. Бұл өсімдік республикамыздың шөл және шөлейт аймақтарында өседі. Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарының құмды жерлерінде жиі кездеседі. Дәрілік шикізат ретінде жаз, күз кезінде сабақтары орылып алынады. Орылған шөп көлеңкеде кептіріліп, құрғақ жерде сақталады.

ИЗЕН - ИСЕН -IZEN (KOCHIA)

Slide 20

Химиялық құрамы:

Гүлдеген кезде құрамында 8, 4 - 17, 3% протеин, 24, 2 - 37, 9% жасұнық, 3, 5 - 4, 3% май болады. Жемісі мен тұқымында 34, 9% протеин, 8, 2% май, 16, 3% жасұнық бар. Изеннің жапырағы мен сабағында нәруіз, көмірсулар, минералды және дәреумен заттар, май бар.

Қолданылуы:

Изеннің кейбір түрлері (K. prostrata) әсемдік өсімдік ретінде өсіріледі. Жас өскіні тағамға, емге, сыпырғыш жасауға пайдаланылады.

Мал дәрігерлігі практикасында асқазан - ішек органдарының жұмысын жақсартады, малдың азыққа деген тәбетін арттырады. Оның құрамындағы белоктың мөлшері күз, қыс айларында жаздағымен салыстырғанда көп болады. Изен шөбі қыс айларында қойға, жылқыға таптырмайтын азық. Сондықтан туралған изен шөбі көктем кезінде арықтаған, әлсіреген саулықтарға жемге араластырылып беріледі. Оны жеген қойдың асқорытуы жақсарып, тез оңалады. Изен шөбінен тұнба және қайнатпа жасап әлсіз, арықтаған бұзауларға, қозыларға ішкізуге болады.

Slide 21

Ақ сексеуіл

Ақ сексеуіл (Haloxylon persіcum) -алабұталар тұқымдасы, сексеуіл туысына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанда шөл және шөлейтті аймақтарда өседі. Биіктігі 5 метрдей, кіндік тамыры топырақта ылғал аз болса, жер астына тереңдеп (11 метрге дейін) кете береді. Діңінің жуандығы 20 - 60 см, дің қабығы ақшыл сұрғылт түсті, жылдан-жылға қарая береді. Гүлі төрт-төрттен қабыршақты гүл жапырағы қолтығынан жетіледі. Сәуір - мамыр айларында гүлдеп, қыркүйек - қазанда жеміс береді. Жемісі - қанатты жаңғақша. Ақ сексеуілдің сүрегі тығыз, қатты, арамен кесілмейді. Ағаштың жылдық сақинасы болмайды. Шөлге төзімді, жас өркендерін қыста қой, түйе жақсы жейді. Ақ сексеуіл Маңғыстау облысының Қызыл кітабына енгізілген.

Ақ сексеуіл -

Саксаул белый -

(Haloxylon persіcum)

Slide 22

Құмаршық

Құмаршық (лат. Agriophyllum) - алабота тұқымдастарына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты

Биіктігі 20- 100 см-дей.

Сабағы түп жағынан бастап тармақталып өседі.

Жапырағы қандауыр пішінді әрі тікенекті болады.

Тамыз-қазан айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі 3, 5- 5, 5 мм-дей түксіз үлпілдек қанатты дәнек.

Тұқымы жұмыртқа тәрізді алқызыл түсті келеді.

Құмаршық

Кума́рчик, или Катун

(лат. Agriophyllum)

Slide 23

Таралу аймағы

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Оңтүстік Қазақстан аймағының Мойынқұм құмды алқабындағы еспе құмда өседі. Қаратөбе, Жаңақала, Ақжайық, Бөкей ордасы ауданында да жиі кездеседі.

Шаруашылықтағы қолданысы

Құмаршық - мал азығы. Сүрлемге салынады. Көшпенділер оның тұқымынан ұн жасап нан пісірген, жай ботқа да жасаған. Тұкымынан май алынады, ол күнбағыс майынан бірде-бір кем емес. Құм көшкінін тоқтату үшін де егіп өсіреді.

Slide 24

Теріскен өсімдігі

Теріскен немесе Крашенинниковия (лат. Krascheninnikovia) - Қызылқұйрық тұқымдасының (Amaranthaceae) Алабұталар тармағына(Chenopodіaceaе) жататын бір үйлі шалабұта туысы.

Қазақстанда екі түрі бар:

лат. Krascheninnikovia eversmanniana (Stschegl. ex Losinsk) Grubov (1966) - Эверсман теріскені

лат. Krascheninnikovia ceratoides (L. ) Gueldenst. (1772) - Мүйіз теріскені. Республиканың барлық өңірлерінде кездеседі.

Теріскен немесе Крашенинниковия (лат. Krascheninnikovia)

Slide 25

Далалы шөл және шөлейт жерлерде, тастақты, қиыршық тасты тау бөктерінде өседі. Шілде және қыркүйек айларында гүлдейді. Биіктігі 30-80 см. Сабағы бұтақтанған. Жапырағы қандауыр, эллипс пішіндес, оны түк басқан. Гүлі ұсақ, дара жынысты. Гүлшоғыры масақ. Жемісі дәнек. Оны әсіресе түйе сүйсініп жейді. Теріскеннің құрамында 18. 9-19. 6% сіңімді протеин, 23-25% жасунық, 2, 7% май, 8-12% күл бар. 100 кг шөбінде 81, 7-92, 5%(жазда 48, 9-52, 4%, күзде 31, 3-35, 4%) азық өлшемі болады. Отын ретінде де пайдаланылады.

Slide 26

ЖУСАН-Полынь -artemisia

Жусан (лат. Artemisia) - астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер тегі, көбіне шала бұта.

Қазақстанның барлық жерінде - шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 - 60 см, кейде 1, 5 - 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі

Жусан жер бетіндегі өсімдіктердің ең ащысы. Оның пайдалы жақтары жетерлік. Латындар бұл шөпті артемизия деп атайды. Шөптесін өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай деп атаған.

Slide 27

Ертеректе Олимпиада ойындарында жеңіп шыққандарға сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын ішкізетін болған.

Римдіктер жусан тұнбасын асқазан ауруларын емдеуге пайдаланған. Ал қытайлықтар аяқ киімдеріне жусанның жапырағын салып жүрсе, тамаққа деген тәбетті арттырады деген. Жусан теңіз саяхатшыларын түрлі теңіз ауруларынан сақтайды.

Бір нәрсеге қапаланғанда жусанды иіскесеңіз көңіліңіз орнығады. Ұйқысыздыққа ұшырағанда жастығыңыздың астына жусан қойсаңыз көзіңіз тез ілінеді.

Көпшілік жусандарда түрлі глюкозиттер, ал кейбіреулерінің алколоидтар болады. Сондықтанда жусанның кейбір түрлері улы болып есептеледі. Соның бірі - талшық жусан. Мұның тамыры жуан. Тамырдын бірнеше сабақ шығады. Биіктігі - 30-45 см. Тамыз, қыркүйекте гүлдейді.

Талшық жусан

Slide 28 Slide 29

Таяуда әлемдік БАҚ-тар Калифорния шта­тындағы университет ғалымдарының ғылыми тілде Artemisia Annua деп аталатын өсімдіктің бар-жоғы 16 сағаттың ішінде өкпе рагы жасушаларының 98 пайы­зын бірден жойып жіберуге қабілетті екенін анықтағандығын жарыса жазды. Бұл медицина саласындағы аса зор жетістік. Аса қуанышты әрі қызығарлық та, қызғанарлық та жағдай. Қызғанатынымыз, бұл өсімдіктің қазақ даласының кез келген жерінде кездесетін, жұпар иісі бұрқырап өсіп тұратын кәдімгі жусан екендігі. Яғни, жусанды кешіп жүрген ғалымдарымыздың, ғылыми-зерттеу институттарындағы мамандарымыздың қолда бар дәру шөптің осынау қасиетін аңғара алмауы. Енді америкалық ғалымдардың еңбегіне тағы бір үңілелік. Тіпті олар жусанды бұл мақсатқа пайдалана білудің де өз ерекшеліктері бар екенін де анықтаған. Мысалы, оның бір жылдық өскінін емге қолданған жағдайда ол өкпедегі қатерлі ісіктің тек 28 пайызын жойып жібереді. Ал егер оған темір қоспасын қосып пайдаланса, өсімдік обырды толық құртып жі­береді.

Slide 30
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысының өсімдік жамылғысы ормандары
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама жылдары
Қайраттың отбасы
Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан ( Тәрбие сағаты )
Топографиялық түсірістер және сапасы
Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан
Қазақ мәдениеті өркениеттік болмысы
Жерге орналастыру
Желтоқсан құрбаны - Қайрат Рұсқұлбеков Алматы архитектура құрылыс институтының студенті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz