ОРМАН ҚОРЫ



ТАқырыбы: Орман қоры

Жоспар
Орман және оның түрлері
Орман зонасы
Орманның адамзат коғамы үшін маңызы
Орман қоры
Қазақстанның орман қорлары
Қазақстандағы ормандарда өсетін, кездесетін өсімдіктер
Қазақстандағы ормандарда мекендейтін жануарлар мен құстар

Орман - жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен.

Құрамы мен өсуіне қарай орманның түрлері
мәңгі жасыл
ақшыл қылқанды
ұсақ жапырақты
күңгірт қылқанды
тропиктік
қылқанды
жалпақ жапырақты,
жапырақты
мангрлық
муссондық

Орман зоналары - құрлықтың коңыржай, субтропиктік, тропиктік және субэкваторлық белдеулері мен табиғи ландшафтыларда ағашты-бұталы өсімдіктері басым экваторлық белдеудің табиғи зоналары. Негізінен, ылғалы жеткілікті немесе тым ылғалды солтүстік жарты шар аумағында тараған.

Орман топырақтың құрылысына, су алмасуына, онда органикалық және минералдық заттардың жиналуына әсер етеді. Орман топырағында ылғал жеткілікті, сондықтан оның құрамында шірінді көп. Орманды жердің топырағы қышқыл, мұндай топырақта өсімдік тамыры терең бойлап, минерал заттарды мол алады, суды көп буландырып, ондағы жануарлар мен өсімдіктерге қолайлы микроклимат жасайды. Орман ағаштары, оның ішінде ‘’мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаштар’’ өз жапырақтары арқылы өздері өскен қоршаған ортаға зиянды ‘’’ауру қоздырғыш бактерияларды’’’өлтіретін, хош иісті заттар (фитонцид) шығарады. Сондықтан да, қылқан жапырақты орманды аймақтарда көпшілік демалып, тынығатын ‘’’курорт-санаторийлер’’’ орналастырылады.
Орман географиялық фактор

Орманның адамзат коғамы үшін маңызы
Орман қорлары бүкіл биосферадағы тіршілік үшін, оның ішінде адамзат қоғамы үшін аса маңызды. Тиімді пайдаланған жағдайда өз-өзінен қайта қалпына келіп тұратын таусылмайтын табиғи қор. Орман ағаштарынан үйлер, тұрмысқа қажетті заттар, қағазт. б. алынады; Ормандағы ағаштардың арасында жидектер мен
саңырауқұлақтар өсіп, өнім береді. Орманды аймақтарды паналап, қоректерін содан табатын жан-жануарлар мен жәндіктер көп.

Орман қоры - мемлекет аумағындағы барлық ормандар мен орман шаруашылық қажетіне арналған жерлер.

Орман қоры
мемлекеттік
жекеше

Мемлекеттік орман қоры
Жекеше орман қоры
ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы ормандар, табиғи және қолдан өсірілген ормандар, орман шаруашылық қажетіне берілген ормансыз жерлер, халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолы, автомобиль жолы, канал, магистралдық және басқа да желілік құрылыстардың белдеуіндегі ені 10 м-ден кем емес, алаңы 0, 05 га-дан үлкен қорғаныш екпелері жатады.
орман өсіру үшін нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттік заңдытұлғаларға жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді пайдалануға берілген жерлердегі, солардың қаражатына жасалынған, ені 10 м және одан кеңірек, алаңы 0, 05 га-дан астам қолдан өсірілген ормандар, агромелиорация және арнаулы плантация екпелер жатады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРМАН ҚОРЫ
Республиканың флорасы жоғары сатыдағы өсімдіктердің 6000-нан астам түрлерін қамтиды, соның ішінде 90%-ға жуығы орман қоры болып есептелінеді. Республиканың жер қорының 60%-ға жуық жері өсімдік жамылғысымен қамтылған. Қазақстан жерінің орманды алқабы шамамен 3, 8%-дай болса, кейбір облыстарда бұл көрсеткіш 0, 1%, ал Шығыс Қазақстан, Сол түстік Қазақстан облыстарында 14%, кейде одан жоғары болады. Орман қорының ауданы 24, 3 млн. га, оның ішінде бұл жерлердің 50%-ынан астамы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының пайдалануына берілген. Республикада жыл сайын 506 мың м2 ағаш сүрегі, 94 мың м2 кеспе ағаш материалдары, 170-тей дәрі-дәрмектік шикізат дайындалады. Дегенмен соңғы кезде ормандардағы ағаштарды жаппай кесу, өрт, ауа райының қолайсыз жағдайларынан ағаштардың құлап өз тіршілігін жоюы жиі кездеседі. Соның нәтижесінде орман алқаптары азаюда. Ал ормандарды қалпына келтіру, орман алқаптарын ұлғайту жұмыстары қарқынды қолға алынбай отыр.

Қазақстанның 3, 8%-ын орманды жер алып жатыр. Қазақстан -2030 стратегиясында бұл көрсеткіш 5, 1%-ға дейін көтеру жоспарланған. Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70%-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған. Өрт 4 млн. Текшеге жуық ағашты жойды.

Ірі орман өрттері болған облыстар
Павлодар
Алматы
Қарағанды
Шығыс Қазақстан
Ақмола

Ең ірі орманды аумақтар
Ақмола
Қостанай
Павлодар
Шығыс Қазақстан
Батыс Қазақстан

Қазақстандағы ормандар 3 топқа бөлінеді
1-топқа жататын ормандар 18, 7 миллион гектарды алып жатыр. Бұларға егістік қорғауға арналған, топырақ қорғау, су қорғауға арналған орман алқаптары, қалалар мен өндіріс, тас жол, темір жол жиегіндегі және мемлекеттік қорықтардың орманы жатады.
2-топқа су қорғауына алынған ормандар, аз орманды, орташа орманды жерлердің орындары жатады.
3-топқа орманды жерлерде орналасқан барлық ормандар кіреді.

Қазақстандағы ормандарда өсетін, кездесетін өсімдіктер

Қарағай -қарағай тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш кейде бұта. Еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақтыты мәңгіжасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді. Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады. Қарағай сондай-ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Жер шарында жүзден аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі көгалдандыруда қолданылады. Олардың ішінде бұтағы тік өсетін және жайыла өсетін түрлері де бар. Өсе келе жан-жағына 6-7 метрге дейін жайылатындықтан, бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кем дегенде 5-6 м болуы керек.

Майқарағай - қарағай тұқымдасына жататын, еліміздің Алтай тауы мен Жоңғар Алатауының теріскей беттерінде көп кездесетін мәңгіжасыл өсімдік. 200 жылға дейін өмір сүреді. Сұр қабықты, тік өсетін діңінің жуандығы бір жарым метрге, биіктігі 30-35 метрге дейін жетеді. Табиғатта 50-60 метрден асатын орасан биіктері, ал көгалдандыруда аласа бойлы түрлері де кездеседі. Шырша секілді пирамида пішіндес бұтақтары төменнен жоғарылаған сайын қысқарып, үшкір басына дейін бірте-бірте жіңішкере береді. Өзге қылқанжапырақтыларға қарағанда майқарағайдың ерекшелігі: қылқаны жалпақ, жылтыр, жұмсақ болады. Бұтақтары қатарласып орналасады. Қылқандарының жоғарғы жағы жасыл болса, төменгі беті ақ немесе сұр жолақты болады. .

Шырша - қарағай тұқымдасына жататын биіктігі 30-50 м, баяу өсетін қылқанжапырақты ағаш.
15-20 жылға дейін өте жай, кейін жылына 30 см-ге дейін өсетін болады. Мәңгіжасыл өсімдік болғанымен, 6-12 жылда қылқандарын кезекпен түсіріп, жаңарып отырады. Өсе келе жан-жағына жайыла түсетіндіктен, олардың бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кемінде 6 м болғаны дұрыс. Осы себепті де оны тар аулалардан гөрі, арнайы бақтарға, кең ауласы бар балабақша, мектеп алаңқайларына еккен жөн. Шыршаны ауа тазартатын ерекше қасиетіне қарай, аурухана, шипажайлардың
маңына көптеп еккен дұрыс.

Сібір Балқарағайы - қос жынысты, бір үйлі өсімдік. Аталық бүрі сопақша шар тәрізді, ақшыл, сары түсті. Ол жапырақсыз қысқа өркенде өніп, жетіледі. Аналық бүрі ұзынша қызыл, қызғылт, жасыл түсті, негізгі діңінде пайда болады. Жел арқылы тозаңданады. 15-20 жылдан кейін жеміс бере бастайды, 300-500 жыл жасайды. Сібір Балқарағайы тез өсетін, жарық сүйгіш, суыққа, ыстыққа, күшті желге төзімді болғандықтан Солтүстік және Шығыс Қазақстан өңірлерінде екпе орман ағашы ретінде өсіріледі. Оның сүрегінен қағаз және спирт, қабығынан илік зат, бояу, ал қылқанынан бағалы эфир майы алынады. [

Сиверс алмасы - Раушангүлдер тұқымдасына жататын, саны қысқарып бара жатқан түр. Қазақстанның оңтүстігімен оңтүстік-шығысындағы тау сілемдерінде кездеседі. Қазақстаннан тыс Қытайдың батыс бөлігі мен Орта Азияның оңтүстік тауларында таралған. Жапырақты, сирек қылқан жапырақты ормандарда, тау өзені сайларында, тау баурайларында өседі. Жиі шағын, дерлік иін тірескен тұтас тоғайлар, көбіне жекелеген далалар мен жеке топтар болып кездеседі. Бағалы тағамдық ағаш, тау беткейлерін бекітуші, көптеген мәдени сорттың жабайы туысы. Жақсы бал жинаушы, тығыз өскен алма ағаштары 1 гектардан 25-40 кг бал береді. Түр пішінінің алуан түрлілігімен, әсіресе мөлшерімен, түсімен және жемістің дәмәмен ерекшеленеді.

Көктерек - талдар тұқымдасына жататын терек түрі.
Қазақстанда белгілі жабайы 11 түрдің ішіндегі көпшілікке белгілі Самырсын орманында, аралас ормандарда, өзен жағалары мен сазды жерлерде бір сөзбен айтқанда, Республиканың барлық жазықтарында, Батыс Тянь- Шань және Шу- Іле тауларынан басқа тауларда өседі. Бұл биіктігі 25 метрге дейін жететін жылдам өсетін ағаш, діңі түзу, тегіс, қабығы жасылдау - сұр түсті Жапырағы дөңгелек, жиегі бір келкі емес, жұмыр тісті. Басқа ағаштардан айырмашылығы көктеренктің жапырақ жүйкелері астыңғы жақтарына қарағанда жапырақтың үстіңгі жағынан жақсы көрінеді. Тамыр жүйесі топырақтың беткі жағына жақын жетілетіндіктен, тамырдан түйін тастап жас көктеректің пайда болуына мүмкіндік жасайды. Көктеректің қайыңынынан айырмашылығы екі үйлі өсімдік.

Қара сексеуіл - алабұталар тұқымдасы, сексеуіл туысына жататын бұта.
Биіктігі 2, 5-10 м, тамырының ұзындығы
8-12 м.
Діңі тырбиған, қисық әрі жуан(диаметрі 20 - 40 см), көп бұтақты болып біткен.
Қабығы қара сұр түсті.
Бір жылдық шөптесін өркендері көгілдір не көк түсті, жыл сайын үзіліп түсіп қалады.
Жапырағы ұсақ, қабыршаққа ұқсайды.
Гүлі майда, бір-бірден орналасқан, қос жынысты. Сәуірден маусымға дейін гүлдеп, қыркүйекте жеміс береді.
Жемісі- қанатты жаңғақшауылы 50 - 70, кейде 100 жылдай жасайды.
Сүрегі тығыз, ауыр, суға салсаң батып кетеді. Түсімі 15-50 т/га.

Ақ сексеуіл - алабұталар тұқымдасы, сексеуіл туысына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанда шөл және шөлейтті аймақтарда өседі. Биіктігі 5 метрдей, кіндік тамыры топырақта ылғал аз болса, жер астына тереңдеп (11 метрге дейін) кете береді. Діңінің жуандығы 20 - 60 см, дің қабығы ақшыл сұрғылт түсті, жылдан-жылға қарая береді. Гүлі төрт-төрттен қабыршақты гүл жапырағы қолтығынан жетіледі. Сәуір - мамыр айларында гүлдеп, қыркүйек - қазанда жеміс береді. Жемісі - қанатты жаңғақша. Ақ сексеуілдің сүрегі тығыз, қатты, арамен кесілмейді. Ағаштың жылдық сақинасы болмайды. Шөлге төзімді, жас өркендерін қыста қой, түйе жақсы жейді. Ақ сексеуіл Маңғыстау облысының Қызыл кітабына енгізілген.

Емен - шамшаттар тұқымдасына жататын, жапырақ тастайтын не мәңгі жасыл ағаштар. Емен баяу (жиырма - сексен жылдай) өседі. Жарық сүйгіш ағаш. Он бес - алпыс жылда жеміс бере бастайды. Әрбір төрт - сегіз жыл сайын жаңғағы көбейе береді. Бес жүз - мың жыл және одан да көп уақыт (мысалы, Литвадағы Стелмужи табиғи саябағындағы еменнің жасы - екі мың жылға жуық) өсіп тұрады. Оның дүние жүзінде төрт жүз елудей (кейбір деректер бойынша алты жүздей) түрі кездеседі. Жайық өзенінің аңғарында емен орманы кездеседі. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көгалдандыру мақсатымен егіледі.

Кәдімгі емен
Оның биіктігі 40 - 50 м. Діңі бірнеше жуан бұтақтан тұрады, тілім-тілім болып жарылған, қоңыр сұр түсті қалың қабықпен қапталған. Жас өркені жапырақсыз, қызғылт-қоңыр болып келеді. Жапырағы ірі (ұзындығы 7 - 20 см-дей), дөңгелек, қою жасыл түсті. Реңсіз гүлдері дара жынысты, аталық гүлі сырға тәрізді, аналық гүлі жеке-жеке не екі - үштен бірігіп, гүл сабағына шоғырланған. Сәуір - мамырда гүлдеп, қыркүйек - қазан айларында жеміс береді. Тұқымы - жаңғақ. Жаңғағынан мал азығы және кофе қоспасы дайындалады. Емен қабығының құрамы илік зат - танинге бай, олар медицинада, тері өнеркәсібінде қолданылады. Сүрегі қатты әрі берік, аса бағалы құрылыс материалы ретінде өнеркәсіпте пайдаланылады.

Өзекті жөке немесе Ұсақ жапырақты жөке - құлқайырлар тұқымдасы, жөке туысына жататын ағаш.
Биіктігі 30 м-ге дейін жететін, қара қоңыр түсті жылтыр қабығы бар.
Жапырақтары кезектесе орналасқан, сағақтары ұзын, жүрек тәрізді, шеттері майда, ара тісті, ұштары сәл сүйірлеу.
Гүлдері ашық сары, кішігірім гүлшоғырын жасап тұрады. Әрбір гүлшоғырының жанында қосымша жапырақшалары бар.
Жемісі бір-екі тұқымды жаңғақша. Маусым-шілде айларында бар болғаны 10-15-ақ күн гүлдейді.
Құрамында эфир майлары, илік заттар, воск, гесперидин, қант, шырыштар, С дәрумені, каротин бар

Шетен - раушангүлділер тұқымдасына жататын ағаш тектес өсімдік.
Шетен - биіктігі 10-15 метрдей болатын ағаш.
Сұрғылт түсті, жылтыр қабығы бар.
Жапырақтары қауырсын тәрізді, кезектесіп орналасқан. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Гүлі майда, ақ, күлгін, қызыл түсті болып келеді. Моншақ тәрізді, қызыл түсті жемісі қыркүйек айында піседі.
Қазақстан жерінде таулы аймақтарда, шыршалы ормандар мен өзен бойларында өседі. Қыстың басында қалың жапырақтарын түсіріп, қызыл жидектерімен көздің жауын алатын көркем шетен ағашының табиғатта жүзден аса түрі бар.

Татар үйеңкісі деп аталатын түрі Қазақстанда көбірек өседі.
Биіктігі 20-55 метр аралығында болады. Жапырақтарының пішіні әр түрлі: шеті тілімденген саусақ салалы, жиегі иректелген және шілтерлі болып келеді. Түстері түрлеріне қарай жасыл, сары және қызыл болады. Үйеңкіні әдемі жапырақтары үшін көгалдандыруда кеңінен қолданады. Жазда жасыл қанатты жемістерін береді. Күзде қанаттары қоңырқай тартқанда, жемісі пісіп жетіледі.
Жапырағы қарама-қарсы орналасқан, оның жиегі бүтін, кейде ойық, жыл сайын түседі. Сарғыш, жасыл түсті гүлдері ұсақ, 4 - 5 мүшелі, қос не дара жынысты, қалқанша не шашақ тәрізді гүлшоғырынатопталған. Жәндіктермен немесе желмен тозаңданады. Сәуір - маусым айларында гүлдеп, тамыз - қазанда жеміс береді.

Алша - раушангүлділер тұқымдасына жататын ағаш не бұта тектес өсімдік түрі. Биіктігі 1, 5 - 10 м-ге дейін болады. Жабайы Алша түрлері Балқан, Кавказ, Орта Азия, Қырым, Иран және Қазақстанның оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында кездеседі. Кәдімгі Алшаның бүршігі жалаңаш, майда, ағашқа жеке немесе топталып орналасады. Жемісінің пішіні - дөңгелек, сопақша келген, сары қызғылт немесе қара түсті, жұмсағы шырынды, жемісі сүйектіАлшаның тіршілік ету ұзақтығы 15 - 60 жыл, өнімді 5 - 20 жыл береді. Құрғақшылыққа, суыққа төзімді, топырақ талғамайды. Ол тұқымынан, қалемшеден, тамыр атпасынан көбейеді. Оңтүстік Қазақстанда аудандастырылған екі сорты өседі (Фиолетовая десертная және Малиновая) . Алшадан көбінесе сусын және мармелад жасалады.

Долана - Қазақстанның таулы аймақтарында жиі кездеседі. Раушангүлділер тұқымдасына жатады. Табиғатта мыңнан астам түрі болғанымен, оның 200-ге жуығы ғана кең таралған. Тікенекті бұталы өсімдік немесе шағын ағаш түрінде кездесетін долананың биіктігі шамамен 2-8 м болып келеді. Жапырақтарының ұзындығы 6 см, ені 4-5 см көлемінде. Барлық сұрыптары көктемде қалың гүл ашады. Гүлдері қызыл, ақ, қызғылт түсті болады. Мамыр айының соңында гүлдері шыға бастайды да, маусымның ортасына таман гүлдеп бітеді. Гүлдегеннен кейін кішігірім қызыл, сары, кейде қара түсті домалақ жеміс береді. Жас көшеті жеті жылдан кейін ғана жеміс салады.

Қазақстандағы ормандарда мекендейтін жануарлармен құстар


Бөктергі - сұңқарлар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанның орманды дала аймақтарында, Жайық, Ертіс бойында мекендейді, Алтайда да ұшырасып қалады. Байқал көлінен Приморьеге дейін амур бөктергісі кездеседі. Дене тұрқы 30 см-дей, салмағы 130 - 200 г. Арқа қауырсындары қара-көкшіл, сұр келеді. Қанаттарының ішкі жағы көлденең ақ жолақтармен көмкерілген. Тұмсығының түбі сары болады. Бөктергі - жыл құсы. Қазақстан жеріне наурыз - сәуір айларында ұшып келеді. Ағаш басындағы ұяларына 2 - 6 жұмыртқа салып, 28 күннен кейін балапандарын басып шығарады.

Тянь-Шань тауы мен Жоңғар Алатауында мекендейді. Ол жерлерде тиісінше 200 және 300-дей аю тіршілік етеді. Бұл аңға тиетін негізгі қауіп - адамның тікелей аулауы және таулы аудандарды игеру барысында оны мекендейтін жерлерінен ығыстыру.
Жоңғар Алатауында қорық ұйымдастырып, ал Алматы мен Ақсу-Жабағылы қорықтарында аюды қорғауды күшейту керек.
Тянь-Шань қоңыр аюы

Қазақстанда тек Жайық өзенінің жайылмаларындағы ормандарда мекендейді. Соңғы жылдары Солтүстік Қазақстанның ормандарында бірнеше рет кездескені белгілі. Бұл жерлерге ол Россияның шекаралас аудандарынан өтіп келген. Санын шектеудің негізгі факторлары - қасақылық және азық қорының азаюы. Кирсанов қорықшасында қорғауды күшейтіп, азық қоры аз болған жыддары сусарды қыс айларында үстеме қоректендіруді ұйымдастыру керек.
Орман сусары

Ителгі - сұңқартәрізділер отрядына жататын ірі жыртқыш құс.
Қазақстанда биік таулар мен ормансыз жазықтардан басқа жерлердің бәрінде кездеседі. Әсіресе, Маңғыстау мен Сарыарқаның аласа таулы өңірлерінде көп ұшырасады. Баянауланың, Ерейментаудың, Қызыларайдың, Қарқаралының, Көкшетаудың қия тасты, қалың қарағайлы таулары ителгінің негізгі мекені болып табылады. Шәулісінің қанатының ұызндығы 34 - 39 см, салмағы 730 - 800 г, ұябасарының қанаты 37 - 41 см, салмағы 1000 - 1300 г. Қазақстанда ителгінің 5 түр тармағы кездеседі. Олардың реңі таралған аймағына қарай әр түрлі болып келеді. Бәріне ортақ белгі - сырт жоны қоңырқай сұрғылт, бауыры - сарғылт теңбілді болады.

Ақ қоян - қояндар тұқымдасының бір түрі.
Ақ қоян негізінен қалың қар түсетін орманды жерлерде тіршілік етеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі.
Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Дене тұрқы 68 см, салмағы 5 - 6 кг. Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Басқа қояндардан ерекшелігі құлақ қалқанының ұшы қара, құйрығы дөңгеленген қысқа болады. Жылына, ақпан - маусым айларында 2 - 3 рет көбейеді, 3 - 10 көжек туады.

Ақкіс -сусарлар тұқымдасының сусарлар туысына жататын жыртқыш сүтқоректі аң.
Қазақстанның солтүстіктегі орманды-далалы аймақтарында, оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы тауларында кездеседі. Қоныс таңдамайды. Ол өзен-көл бойында, бұталы ағаш арасында, сай-салаларда, тау бөктерлерінде жиі ұшырайды. Дене тұрқы 16 - 30 см, құйрығының ұзындығы 6 - 12 см, салм. 120 - 370 г. Жазда арқасы мен бүйірі қоңыр, бауыры ақ түсті болса, қыста денесінің жүні аппақ келеді. Өзіне ұқсас ақ қалақтан айырмашылығы - құйрығының ұшы қара болады. А. негізінен тоқалтістермен, су тышқандарымен, бақа, кесіртке, балық, ондатрлармен және сондай-ақ ұсақ жәндіктермен қоректенеді.

Қасқыр (лат. Canis lupus) - жыртқыш аң.
Басқа атаулары да белгілі: бөрі, бері.
Еркек қасқыр шамамен 50 килограмм болады, ал ұрғашысы 45 кг болады. Тұрғылықты жері жердің солтүстік жарты шеңберінде өмір сүреді.
Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. Оның бойындағы осындай ерекшеліктерге негізделіп айтылатын аңыздар да жетерлік. Солардың бірі түркілердің түпнегізін көкбөрімен байланыстыруы. Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі хайуан болып есептеледі. Олардың адамдарға көрінуі де сирек. Мұндай көкбөрілермен кезіккен адам да «тегін адам емес, киелі қасиеттерге ие кісі» болып табылады.

Бұлан немесе суын (лат. Alces alces) - бұғылар тұқымдасына жататын сүтқоректі.
Бұлан-Қазақстандағы бұғылар тұқымдасына жататын ең ірі сүтқоректі, тұяқты жануар. Шоқтығының биіктігі 2 метрге жетеді, салмағы 600 кг-дай. Түсі қыста қара қоңыр, жазда қоңырқай, басы, аяғы ақшылдау. Қазақстанда Жайық өзеі аңғарындағы ормандарда, солтүстік облыстардың ормандарында және шығыста Ертіс бойы мен Алтайда кездеседі. Наурызымдағы қарағай ормандары мен шоқ ормандарда кездеседі. Аталықтарында үлкен күрек тәрізді мүйіздері болады, аналықтарында мүйіз болмайды. Жазда шөппен, қыста бұтақ, ағаш қабықтары және бұталарымен қоректенеді. Күйлеу уақыты қыркүйек-қазан. 225-230 күн буаздықтан кейін, мамыр-маусымда аналығы 1-2 төлін дүниеге әкеледі. Аң аулау кәсібінің нысаны болып табылады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz