Кене энцефалиті



энцефалиті
Кене

Кене энцефалитінің адам ағзасына және денсаулығына тигізетін әсері

Мақсаты
1. Адам денсаулығына тигізетін әсерін байқау.
2. Кенеге қарсы іс-шараларын жүргізу.

Актуалды
Кенелер көбінесе ағаштары қалың өскен, қалың шөп жамылғысы бар аралас ормандарда тіршілік етеді. Жолдардың жиегіне жинақталған кенелер сол маңайдан өткен адамдарға шабуыл жасайды. Кенелердің белсенділігі ауа райына немесе тәуліктің мезгіліне тәуелді емес. Әр кез шағуға бейім тұрады.


Кіріспе
Кене энцефалиті - безгек, интоксикация (улану) түріндегі вирусты инфекция. Ол орталық және жанама жүйке жүйелеріне зақым келтіреді. Инфекцияны таратушылар негізінен - кенелер. Табиғат аясында күн жылынысымен жанданып, тез көбейе бастайтын бұл кенелер әсіресе көктем-жаз айларында аса қауіпті. Олар тарататын вирустар тым қатты аяздарға да төзімді. Адамның киім-кешегіне, денесіне жабысқан кене негізінен бас пен мойын, кеуде мен арқа тұстарына қадалғыш келеді. Адамға ауру, кененің қан соруы кезінде жұғады. Кененің денеге жабысып, қан соруын адам бір аптаға дейін сезінбеуі мүмкін. Өйткені, оның сілекей құрамында ауырғанды басатын зат болады. Кенені денеден жұлып алып тастағанның өзінде кене энцефалитінің вирусы қалады. Яғни, адамға вирус кене жабысқан алғашқы минуттан бастап-ақ жұға береді. Кене энцефалитін, адам ауру жұқтырған мал сүтінен де жұқтыруы мүмкін. Сырқат малдың сүті қызғылттанып, оны тұндырған кезде ыдыс түбінде шырышты-қанды тұнба қалады

Кене арқылы вирустық инфекциялар таратылады
Мерзімі -көктемде-жазда
Жүйке жүйесін зақымдайды
Алдын -ала қолданылбаған іс-шаралар мүгедекке тікелей әкеледі (80%)
Көбінесе 2% до 20%
Жалпы мәлімет

Кенелердің белсенділігі көктем және жаз уақыттарында болады(кейбір аймақтарында- күзде) . Сол кезде өзін-өзі сақтандыру ережесін сақтау керек. :
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
1. Орманға жорыққа шығар алдында өзіңізді кененің шағуынан қорғаңыз: жеңіңізді түймелеңіз, шалбарыңыздың балағын шұлыққа және аяқ-киімге тығыңыз. Киімнің ашық түсті болғаны өте жақсы, өйткені кенені тез таба аласыз;
2. Өзіңізді әрбір 15-20 минут сайын қараңыз. Кене бірден жабысып сормайды. Біріншіден ол киімге жабысады да, «тамақ» үшін орын іздеп жоғары өрмелейді;
3. Кенені үркітетін және өлтіретін химиялық қорғаныс құралдарын (аэрозольдарды, арнайы қарындаштарды) елемей қоймаңыз. Оларды шеңберлі жолақтармен буындарыңызға, тізелеріңізге, бөксеңізге, беліңізге, жағаңызға жағыңыз;
4. Төмен өскен бұталардың астынан жүрмеңіз. Тұрақ және түнеу үшін, құмды топырағы мен қарағайлары бар биік шөптері жоқ жерді таңдап алыңыз. Кенелер, әртүрлі ой-пікірлерге қарамастан, ешқашан ағаштан басқа түспейді және бір метрден жоғары биіктікке көтерілмейді.
5. Кене бірнеше күннен кейін де шағуы мүмкін. Үйге келген соң, киіміңізді, өзіңізді және жақындарыңызды, үй жануарларын, гүл шоқтарын мұқият қарап шығыңыз.
6. Шикі сүтті ішпеңіз. Сүтті қайнатқанда вирус өліп қалады.
7. Үй жануарларында кенені байқағанда, оны алып тастау, ал жануарыңызды ветеринарға көрсету керек.


ШҰҒЫЛ ШАРАЛАР:
Жабысып тұрған кенені байқаған кезде оны бірден алып тастауға тырысыңыз, өйткені ол тері талшықтарын ашады да, сілекейінде қатырғыш зат болғандықтан жабысып әрі қарай біртіндеп кіре береді;
Кенені бас жағына жақынырақ пинцетпен қысыңыз (немесе саусағыңызды таза дәкемен орап алып), оны теріге перпендикуляр күйде қатаң ұстап, мыжып алмауға тырысып, ақырындап бұраңыз. Кенелер басымен емес, «құйрығымен» (демтесік) дем алғандықтан, процедураның алдында оған өсімдік майын немесе вазелин жақса, ол өзі шыға бастайды.
Шаққан орынды спиртпен, йодпен, әтірсумен дезинфекциялаңыз. Егерде кенені толығымен ала алмасаңыз және алдыңғы бөлігі жарада қалып қойса, ол орынға йод жағыңыз және дәрігерге көрініңіз.
Процедурадан кейін қолыңызды мұқият сабынды сумен жуыңыз.
Кененің қалдығын лабораторияға тексеруге өткізу қажет. Онда сізге кененің індетті екенін немесе еместігін және емдеу керектігін немесе керек еместігін айтады.
Инфекцияның алдын алудың аса тиімді түрі - жылдың суық мезгілінен бастауды қажет ететін, үш кезеңдік егілу. Бұл 99 % қорғаныс береді.

Кене энцефалитінің экстрендік профилактикасы
Бүгінде біздің елімізде кенеге қарсы егу жұмыстары тұрақты қызмет көрсетеді. Оны арнайы ақылы жұмыс істейтін егу орталықтарынан салғызуға болады. Вакцина 3 жастағы балалар мен ересектерге арналып егіледі. Вакцинаны екі рет жасату қажет, аралары бір ай болу шарт. Ал кене энцефалитіне қарсы вакцина ұзақ уақыт сақтасын десеңіз, 9-12 ай өткеннен кейін үшінші вакцина салса тиімді.

Зақымданғанан кейін циклоферон дәрісін қабылдау керек: 4 дәрісін бірінші күнінде, 2 дәрісін 2, 4, 6профилактикалық күндерінде

Шұғыл шаралар - Кенені бас жағына жақынырақ пинцетпен қысыңыз (немесе саусағыңызды таза дәкемен орап алып), оны теріге перпендикуляр күйде қатаң ұстап, мыжып алмауға тырысып, ақырындап бұраңыз. Кенелер басымен емес, «құйрығымен» (демтесік) дем алғандықтан, процедураның алдында оған өсімдік майын немесе вазелин жақса, ол өзі шыға бастайды.
.

Шаққан орынды спиртпен, йодпен, әтірсумен дезинфекциялаңыз. Егерде кенені толығымен ала алмасаңыз және алдыңғы бөлігі жарада қалып қойса, ол орынға йод жағыңыз және дәрігерге көрініңіз

72 сағаттын ішінде экстрендік профилактика жүргізу

Кене энцефалитінің жоспарлық профилактикасы
Энцефалитпен әдетте, орманды жерлерде жұмыс істейтін адамдар, құрылысшылар, геологтар, аңшылар да ауырады. Қазақстанда энцефалиттің бірлі-жарым көздері Алматы мен Алматы облысында, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген. Аурумен ауырғандар географиялық жағдайға сәйкес бірнеше бағытта өріс алатынын және бұл кесел әр жердегі кене түрлеріне қарай әр қилы белгі береді. Және де дерттің қозуы да әр жерде әртүрлі болып келеді.

.
Халық медицинасы кене энцефалиті шаққанда
мынандай кеңес ұсынылады:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz