Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы.
Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы:
« Ғұндар тарихы. Ғұн
мемлекетінің қалыптасуы.»
Дайындаған: Тарих пәнінің мұғалімі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Ғұн атауы, “халықтардың ұлы қоныс аударуындағы”
ғұндардың рөлі, ғұн мемлекеттік бірлестігінің қалыптасу
тарихы, шаруашылық өмірі мен тұрмысы туралы білім
беру.
Дамытушылық:
Мемлекеттердің қалыптасуының алғышартын, оның
белгілерін анықтай білу, карталарды сабақта тиімді
пайдалана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:
Тарихи аңыз деректер негізінде балаларды
ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Орталық Азия тарихының
жалғастығын көрсету, ірі саяси тұлғаны үлгі қылу.
Сабақтың жоспары:
• І. Ғұн атауы.
• ІІ. Ғұн мемлекетінің өрлеуі.
• ІІІ. Ғұндардың көршілерімен саяси
байланысы.
• Ғұндардың шаруашылық өмірі,
тұрмысы.
• Ғұн мәдениеті.
Б.з.б. І мыңжылдықтың ортасында Алтай,
Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан
аумағында “Ғұн” деген атпен тайпа одағы
қалыптаса бастады.
Қытайлар хунну, кейде сюнну деп атаған бұл
тайпалар “халықтардың Ұлы қоныс аударуы”
дәуірінде белгілі болды.
Қытай деректерінде “ғұндардың алғашқы көсемі – Ся руынан шыққан
билеушілердің бірі – Шуньвей болған” деп айтылады. Қытай
транскрипциясынан қазақшаласақ, “Шоң би” болып шығады.
Ғұн мемлекетінің өрлеуі б.з.б. ІІІ ғасыр Тұман шаньюдің
(патша) ұлы Мөденің атымен байланысты. Тұманның тұсында
ғұндар бірқатар жерлерінен айырылады, көрші елдермен көп
соғысады. Аңыздарға қарағанда, Тұман шаньюй әлдебір
себептерге байланысты өзінің ұлы Мөдені тақ мұрагерінен
айырған екен.
Алдымен Тұман Мөдені өзінен алыста ұстамақ болып
Юечжі еліне аманатқа береді. Аманат деген сөз ертеде кепілдікті
білдіреді, яғни екі елдің арасында бейбітшіліктің кепілі
мағынада. Бірақ кейіннен Тұман осы уәдені бұзып, Юечжі еліне
шабуыл жасайды. Кепілдікте жүрген Мөде өзінің жанқиярлығы
арқасында аман қалады.
Осыдан кейін әкесі Мөденің жанына әскер қосып,
шекаралық аймаққа күзетке жібереді. Мөде қолындағы әскерді
әбден үйретіп, жаттықтырып, ақыры патшалық билікті алады.
Мөде – Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы
Б.з.б. ІІІ ғасырда
Мөде Қытаймен
кескілескен ғұн
тайпаларын
біріктіріп,
ғұндардың
билеушісі – шанью
деген атақ алады.
Ол шексіз билікке –
“Аспан ұлы” деген
атаққа ие болды.
Ғұндардың
құдіреттілігін шығыста
Қытай, көршілес
үйсіндер мен
қаңлылар, солтүстікте
Саян-Алтай тайпалары
мойындады.
Ғұндар мен Қытайдың
Хань династиясы
арасындағы соғыс б.з.б.
188 жылы Хань әскерінің
жеңілісімен аяқталды.
Қытайлықтар жыл сайын
алым-салық төлеуге және
қытай ханшасын әйелдікке
беруге мәжбүр болды.
Ғұндардың
әскері Ғұн сарбаздары.
Ғұндар жақсы
ұйымдастырылған
атты әскер үлкен
маңызға ие болды.
Олар негізінен
садақпен,
найзамен
қаруланған.
Ғұн империясында
б.з.б. 71 жылы дағдарыс
басталып, ол ақыры
б.з.б. 55 жылы ғұн
мемлекетінің екіге
бөлінуімен аяқталды
(оңтүстік және
солтүстік).
Оңтүстік ғұндар Хань
империясына (Қытай)
бағынды. Ал Чжи-чжи
шаньюй бастаған
солтүстік ғұндар
тәуелсіздігін біраз
уақытқа дейін сақтап
қалды.
Бекіту
1. Қытай деректерінде ғұндар қандай атпен белгілі болды?
2. Қытай деректері бойынша ғұндардың алғашқы көсемі кім
болған?
3. Аманат дегеніміз не?
4. Ғұндардың жоғарғы билеушісін қалай атады?
5. Ғұн қоғамында жоғары билікке ие болған Мөде қандай атаққа ие
болды?
6. Б.з.б. 188 жылы болған қытайлықтар мен ғұндар арасындағы
шайқас кімдердің жеңісімен аяқталды?
7. Зерттеушілердің көпшілігінің пікірі бойынша ғұндар кімдердің
арғы тегі болып есептелінеді?
8. Ғұн империясы қашан екіге бөлініп, ыдырады?
9. Ғұндардың баспанасы не болды?
Сәйкестендір
Ғұндардың билеушісі Аттила
Ғұндардың тілі Шаньюй
Еуропаға жорық Түрік
жасаған ғұн билеушісі
Мемлекет билеушісінің Мөде
титулы
• Үйге тапсырма:
• 19-параграфтың соңындағы
сұрақ-тапсырмалар негізінде
тақырыпты оқып келу.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz