ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯ


Slide 1

ТАҚЫРЫБЫ:ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯ

Әлеуметтік саяси пәндер кафедрасының

оқытушысы Аралбай С. М.

Slide 2

Мақсаты: студенттерді әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация ұғымдарымен таныстыру. Оларды осы ұғымдардың мағынасын ажырата білуге үйрету.

Slide 3

Дәріс жоспары:

1. Әлеуметтік құрылым және стратификация ұғымдары, олардын негізгі элементтері мен формалары.

2. Жалпы адамзаттың стратификациялық картасын жасауда әлеуметтанушылардың үлгісі.

3. Стратификацияның тарихи типтері.

4. Теңсіздік

5. Ортаңғы тап -шағын және орта бизнестің бірден-бір тұтынушы рыногі.

Slide 4

Әлеуметтік стратификация ұғымы

Әлеуметтік стратификация - адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік, бұл олардың иерархиялык сипаттағы әлеуметтік өмірінен байқалады, аталмыш тенсіздікке әр түрлі институттык механизмдер қолдау көрсетеді және оны реттейді, бұған қоса ол әрдайым ұдайы жаңаланып, дамиды және модификацияланады, бұлар кез -келген қоғамның өмірін реттейтін жағдай ретінде сипатталады және оның дамуының кайнар көзі болып табылады

Slide 5

Стратификация ұғымына көзқарас:

П. Сорокин Ч. Кюранов Н. Смелзер

Кез-келген ұйымдасқан әлеуметтік топ әлеуметтік тұрғыдан стратификацияланған. Онда тұрақты әлеуметтік топ болмаған және болмайды. Жіктелмеген мүшелері шынайы тең дәрежеде болатын қоғам-ол қиял.

Стратификация теңсіздіктің бір ұрпақтан келесі ұрпаққа берілуіне көмектесетін тәсіл.

Әлеуметтік стратификация-тұтас қоғамдық құрылымдағы көлденең топтар жүйесін білдіреді.

Slide 6

Т. Парсонс әлеуметтік стратификацияның әмбебап белгілерін ұсынды:

Ω Сапа-яғни жеке адамға белгілі бір сипаттаманы, позицияны тану.

Ω Атқару-яғни жеке адамның қызметін басқа адамдардың қызметімен салыстыра отырып бағалау.

Ω Материалдық құндылықтарға, талантқа, шеберлікке, мәдени ресурстарға ие болу

Slide 7

Страта ұғымы

Страта - стратификацияның төрт шкаласы бойынша бір-біріне ұқсас объективтік көрсеткіштері бар адамдардың әлеуметтік қабаты (жігі) . Стратификация ұғымы әлеуметтануға геологиядан ауысқан. Геологияда страта түсінігі - тігінен әр түрлі топырақ жыныстарының орналасу қабатын білдіреді. Страта табысы, білімі, билігі және бет-беделі, мәртебесі бірдей адамдарды бір ортаға, өз төңірегіне біріктіреді.

Slide 8

Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтері:

1. қоғамдық енбек бөлінісі,

2. өндіріс құралдарына деген жеке меншіктік қатынастар және қоғамдык өнімді бөлуде соған ортақтасатын әр түрлі таптар:жатады.

3. ой жөне дене енбегінің өкілдері

4. сословие

5. әлеуметтік-демографиялық топтар (жастар, әйелдер мен еркектер, ағаұрпақ)

6. ұлттық кауымдастықгар (ұлттар, ұлыстар, этниқалық топтар) .

Slide 9

Б. Барбер әлеуметтік стратификацияның 6 өлшемін қарастырды:

Кәсіп рөлі

Этникалық топ

Кіріс н\е байлық

Білім алу-беру

Діни-салттық тазалық

Билік, күш-қуат

6-өлшем

Slide 10

Теңсіздік

«Теңсіздік» және «әділетсіздік»ұғымдарын бір-бірінен ажырата білу қажет. Теңсіздікке ең алдымен әлеуметтің тікелей өзі себепші болған және ол қажетті құбылыс; екіншісі - әділетсіздік болса, бұл эгоистік мүдделердің көрінісі. Әділетсіздік - тұрақсыздық арқылы сипатталады. Ол қоғам үшін де, қабаттарға енген нақты адамдар мен топтар үшін де зиянды, өйткені әлеуметтік қатынастарды қалыптасқан нормалардың шегінен асырып жібереді, соның нәтижесінде бүкіл қоғам дүрлігеді. Сондықтан кез-келген әділетсіздікке қарсы күрестің өріс алып, күштің қолданылатыны табиғи нәрсе.

Slide 11

Касталық құрылыс

Каста деп - адамның туғанынан бастап, кейін өзі мүшесі болатын әлдебір әлеуметтік топты (қабатты) айтады. Адам өз тіршілігінде бір кастадан екіншісіне өте алмаған. Ол үшін тағы да бір рет дүниеге қайта келуі керек еді. Касталық жағдайды үнділіктердін діні бекітті. Оның қағидаларына сүйенсек, адамдар бір өмір емес, бірнеше өмір кешетін көрінеді. Әрбір адам өткен өміріндегі өзінің тұрмыс-тіршілігі, тәртібі қандай болса, соған байланысты дәл соған сай кастаға енеді. Егер де оның жүріс-тұрыс тәртібі жаман болса, екінші рет дүниеге келгенінде адам төменгі кастаға өтуі тиіс және бәрі кейде керісінше болады.

Slide 12

Үндістанда 4 негізгі каста бар:

Брахмандар

Кшатрилер

Вайшилер

Шудралар

Діни адамдар

Жауынгерлер

Көпестер

Шаруалар, жұ-мысшылар

Slide 13

Кесте 4

Жабық қоғам

Ашық қоғам

тап

сословие

Құлдық дәуір

каста

Қоғам

Slide 14

Сословие туралы түсінік

Сословие дегеніміз - бұл да әлеуметтік топтар, олардың қоғамдағы орны әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесіндегі жағдайларымен қатар, қалыптасқан дәстүрлерімен және құқықтық актілермен де анықталады. Осылар арқылы мұндай ақсүйек феодалдар және дін басылары сияқты сословиелердің құқыктары, міндеттері және жеңілдіктері анықталды. Ресейдегі дворяндар, дін басылар, шаруалар, көпестер, мещандар сословиелерін атап өткен жөн. Бұлардың арасында дворяндар жетекші орын алды. Бастапқыда дворяндар (ХІІ-ХІИ ғғ. ) орыс княздарына әскери қызмет көрсететін феодалдық өскери-қызметтік сословиенің бір бөлігі ретінде қалыптасса, XIV ғасырда олар сарай адамдары (Дворяндар) ретінде өз кызметтері үшін жеке иелік жерлер ала бастады.

Slide 15

Тап ұғымы

1. Өндіріс құралдарын қол астына, меншігіне алған, қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесінде белгілі бір орынға ие болған және табысқа иелік етудің ерекше тәсілдері арқылы сипатталатын адамдардың үлкен әлеуметтік тобы кең мағынадағы тап деп аталады.

2. Қазіргі қоғамдағы бірінен-бірі өзінің табысы, білім деңгейі, билік мөл-шері және престижі (дәрежесі) арқылы ерекшеленетін кез келген әлеуметтік қабатты (жікті) тар мағынада тап деп атайды.

Slide 16

Ортаңғы тап

Индустриялды тұрғыда дамыған капиталистік елдерде халықтын орташа табыс деңгейін есепке ала отырып, олардың көпшілігін ортаңғы тапка жатқызады.

Ортаңғы тап - дүниежүзілік тарихтағы бірегей құбылыс. Ол адамзат баласының бүкіл тарихында бұрын болған емес. Ортаңғы тап XX ғасырда пайда болды. Қоғамда ол ерекшелік қызметін атқарады. Ол - қоғамның тұрақтылығын сақтаушы. Олардың саны кобейген сайын, коғамдағы революциялық ой-пиғыл ауқымы да соншалыкты азаяды, ұлтаралық шиеленістердің, әлеуметтік катаклизмалардың болу мүмкіндігі де мүлде кемиді. Бұл тап озтағдырын өз колымен жасап, калыптастыратындардан, соған орай коғамдық кұрылысты сақтап қалуға ынталы адамдардан кұралады. Ортаңғы тап қарама-қарсы тұрған екі тапты - кедейлер мен байларды бір-бірінен аластатып, олардың қақтығысуына жол бермейді.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
СТРАТИФИКАЦИЯ ДӘРІС ЖОСПАРЫ
Қоғамның әлеуметтік құрылымы және стратификациясы
Әлеуметтік топтар
Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификациясы
Әлеуметтік стратификация - әлеуметтанудың орталық тақырыбы
Әлеуметтік стратификация
Стратификацияның түрлері
Әлеуметтік мобильдік әлеуметтік стратификасының құрамдас бөлігі
ДӘРІС Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы
Экономикалық әлеуметтанудың пәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz