ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С. АМАНЖОЛОВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Буканова З. Ч.

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ

Тіркеу номері:

УӘБ ЖӘНЕ ФӘК -мен ұсынылған

Өскемен, 2007

Slide 2

АННОТАЦИЯ Бұл электрондық оқу басылымда Жер құқығының негізгі категориялары: жер құқығының ұғымы, әдісі, пәні, жүйесі, қағидалары; сонымен бірге жер құқығының объектілері мен субъектілері; жерге меншік құқығы, өзге де заттық құқықтар, жерді пайдалану құқығы; жер қорын мемлекеттік басқару мәселелері және жерге орналастыру, жер мониторингі мен жер кадастры, жер құқық бұзушылықтары мен заңды жауаптылық; жер дауларын шешу тәртібі қарастырылған.

Бұл басылым 2 ОКБ және 3 курс студенттеріне арналған

Slide 3

Оқытушының жұмыс орны мен лауазымы:

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасы

Аға оқытушы

Slide 4

ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

1. Жер құқығы

2. Жер құқық қатынастары.

3. Жерге меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтар.

4. Жер пайдалану құқығы.

5. Жерге меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтардың пайда

болуы, өзгеруі мен тоқтатылуы.

6. Жер қорын мемлекеттік басқару.

7. Жерге орналастыру, жер мониторингі мен мемлекеттік жер кадастры.

8. Жерді пайдалану мен қорғауды, құқықтық-ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

9. Жер қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтар.

10. Жер құқық бұзушылықтары үшін заңды жаупатылық

11. Ауыл шаруашылық жерлері мен елді мекен жерлері.

12. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылық емес жерлер

13. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер

14. Су және орман жерлері

15. Босалқы жерлер

Slide 5

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ

СҰРАҚТАР:

1. Жер құқығының түсінігі

2. Жер құқығының пәні

3. Жер құқығының әдісі

4. Жер құқығының жүйесі

5. Жер құқығының мақсаттары, міндеттері мен қағидалары

6. Жер құқығының қайнар көздері

Slide 6

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ

Жер құқығы - ол жерге меншік құқығы, жерді табиғи ресурс ретінде пайдалану, оны басқару мен қорғау қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын құрайтын Қазақстан Республикасы құқығының дербес саласы

Slide 7

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПӘНІ

Жер құқығының пәні болып жерге меншік құқығын орнықтыруға,

жерді басқаруға, пайдалануға және қорғауға байланысты пайда

болатын, жер туралы заңнаманың нормаларымен реттелетін

қатынастар табылады.

Slide 8

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ

ДИСПОЗИТИВТІК

1) Ұсынушы

2) Санкциялаушы

3) Құқық беруші

ИМПЕРАТИВТІК

1) Құқық қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттерің орнықтырушы

2) Тыйым салушы

3) Экологиялық:

- жер құқықтық

- жер экологиялық

Slide 9

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ

ЖАЛПЫ БӨЛІМ

Жер құқығының түсінігі, пәні, әдісі, жүйесі

Жер құқығының қағидалары

Жер құқығының тарихы

Жер құқығының қайнар көздері

Жер құқық қатынастары

Жерге меншік құқығы

Жер пайдалану құқығы

Жер телімдерінің құқықтық тәртібі

Жерге меншік құқығы мен жер пайдалану құқықғын қорғау

Жер төлемдері

Сервитуттар

Жер қорын мемлекеттік басқару

Жерді қорғау, жерге орналастыру, жер мониторингі, жер кадастры

Жер заңдарын бұзған үшін заңды жауаптылық

Жер даулары

ЕРЕКШЕ БӨЛІМ

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі

Елді менеке жерлерінің құқықтық тәртібі

Өнеркәсіптік, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлердің құқықтық тәртібі

Ерекше қорғалатын аумақтар жерлерінің құқықтық тәртібі

Су қоры жерлерінің құқықтық тәртібі

Орман қоры жерлерінің құқықтық тәртібі

Босалқы және пайдалануға жарамсыз жерлердің құқықтық тәртібі

Slide 10

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ

Жер қатынастарын реттеу жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды,

топырақ құнарлығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи

ортаны сақтау мен жақсарту мақсатында жүзеге асырылады

Slide 11

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

Жер теліміне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы

туындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары

мен шектерін; жер телімдерінің меншік иелері мен жер

пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру

тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ

құнарлығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны

сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер

қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын

тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және заңды

тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау; жылжымайтын

мүлік нарығын жасау мен дамыту; жер қатынастары саласында

заңдылықты нығайту болып табылады (ҚР Жер кодексының 5-

бабы) .

Slide 12

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ

1) ҚР аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және

бөлінбейтіндігі;

2) Жерді табиғи ресурс, ҚР-сы халқының өмірі мен қызметінің негізі

ретінде сақтау;

3) Жерді қорғау және ұтымды пайдалану;

4) Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

5) Жерді нысаналы пайдалану;

6) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің басымдығы;

7) Жердің жай-күйі және оған қолжетімдік туралы ақпаратпен

қамтамасыз ету;

8) Жерді падалану мен қорғау жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік қолдау;

9) Жерге залал келуін болдырмау немесе оның зардаптарын жою;

10) Жерді ақылы пайдалану

Slide 13

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ

1. Жер қатынастарын реттейтін немесе жеке жер-құқық нормаларынан тұратын халықаралық-құқытық шарттар

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы

3. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары

4. Қазақстан Республикасының Заңдары (соның ішінде ҚР Жер кодексы)

5. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары

6. Атқарушы билік органдарының заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілері:

а) ҚР Үкіметінің нормативтік актілері

б) салалық және салаарлық басқару органдардың

нормативтік актілері

7. Жергілікті өкілдік және атқару органдардың нормативтік актілері

8. Конституциялық Кеңеспен ҚР Жоғарғы Сотының норматитвтік-құқықтық актілері

9. Жер-құқықтық дәстүрлер

10. Жерді қорғау стандарттары мен нормативтары

Slide 14

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚАТЫНАСТАРЫ

СҰРАҚТАР:

1. Жер құқығы қатынастарының ұғымы

2. Жер құқығы қатынастарының объектілері

3. Жер құқығы қатынастарының субъектілері

4. Жер құқығы қатынастарының мазмұны

5. Жер құқығы қатынастарының пайда болуы, өзгеруі және тоқтатылуы

Slide 15

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ

Бұл жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра

отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектілерге жер

телімдерін бекітіп беруге байланысты жер пайдалану мен қорғау

жөніндегі құқықтық қатынастар (ҚР ЖК 12-бабының 10-тармағы) .

Slide 16

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚАТЫНАСТАРЫ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ АНЫҚТАМАСЫ:

Ол Қазақстан Республикасы аумағы шегіндегі бүкіл жер, онда не

орналасқанына және олардың жекелеген субъектілерге бекітіліп

берілуінің құқықтық негіздеріне қараған жекелеген жер телімдері,

сондай-ақ жер телімдері мен үлестеріне құқықтар болып табылады

(ҚР ЖК 12-бабының 22-тармағы) .

Slide 17

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ

1. Жер қоры - бұл жер құқығы қатынастарының аса маңызды объектісі

2. Жерге меншік

3. Жер құқығы қатынастары саласындағы мемлекеттік басқару

4. Жер пайдалану құқығы

5. Сервитут

6. Меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау және зияндарды өтеу

Slide 18

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚАТЫНАСТАРЫ СУБЪЕКТЛЕРІНІҢ АНЫҚТАМАСЫ:

Ол жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылатын

және соған орай құқықтары бар әрі осы құқық қатынасында

міндеттер атқаратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ

мемлекеттер (ҚР ЖК 12-бабының 38-тармағы) .

Slide 19

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

1. Жер қорының субъектілері

2. Меншік құқығының субъектілері

3. Жер қорын мемлекеттік басқару саласындағы субъектілер

4. Жер пайдалану саласындағы субъектілер

5. Сервитутқа қатысты жер құқық қатынастарының субъектілері

6. Жерді қорғау мен жерге меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарын қорғаудағы субъектілер

Slide 20

ЖЕР ҚОРЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ:

Қазақстан Республикасы (мемлекет)

Орталық атқарушы орган

Жергілікті мемлекеттік органдар

Slide 21

МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ:

Қазақстан Республикасы (мемлекеттік меншік субъектісі)

Азаматтар (жеке меншік субъектісі)

Мемлекеттік емес заңды тұлғалар (жеке меншік субъектісі)

Slide 22

ЖЕР ҚОРЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ САЛАСЫНДАҒЫ СУБЪЕКТІЛЕР:

Қазақстан Республикасының Үкіметі

Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық орган

Жер ресурстарын басқару жөніндегі жергілікті жерлердегі органдар

Жергілікті мемлекеттік органдар (өкілдік және атқарушы органдар)

Slide 23

ЖЕР ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ СУБЪЕКТІЛЕР:

1. Мемлекеттік және мемлекеттік емес жер пайдаланушылар

2. Ұлттық және шетелдік жер пайдаланушылар

3. Жеке және заңды тұлғалар

4. Тұрақты және уақытша пайдаланушылар

5. Бастапқы және кейінгі жер пайдаланушылар

Slide 24

СЕРВИТУТҚА ҚАТЫСТЫ ЖЕР ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ:

Жер туралы заңнамада көзделген тәртіпке сәйкес, бөтен жер телімін шектеулі пайдаланудың бөтен меншік иелері мен жер пайдаланушылары табылады

Slide 25

Жерді қорғау мен жерге меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарын қорғаудағы субъектілер:

Мемлекеттік бақылау органдары

Лауазымды тұлғалар

Құқық қорғау органдары

Slide 26

ЖЕР ҚОРЫ САНАТТАРЫ БОЙЫНША ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ:

а) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер субъектілері

ә) Елді мекен жері субъектілері

б) Өнеркәсіп, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлер субъектілері

в) Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінің субъектілері

г) Орман қоры жерлеріндегі жер пайдалану субъектілері

д) Су қоры жерлеріндегі меншік құқығының субъектілері

е) Босалқы жерлердің субъектілері

Slide 27

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер субъектілері:

Шаруа (фермер) қожалқтары

Өзіндік қосалқы шаруашылыққа, бағбандыққа және саяжай құрылысына арналған жерлердің жеке меншік иелері

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді жалға берушілер

Оралмандар

Заңнамада көзделген басқа да тұлғалар

Slide 28

Елді мекендер жері субъектілері:

Елді мекен жерлеріне деген жеке меншік иелері:

(жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар)

Елді мекен жерлеріне деген мемлекеттік меншік иелері:

(мемлекеттік заңды тұлғалар мен жергілікті мемлекеттік органдар)

Slide 29

Өнеркәсіп, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлер субъектілері:

Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары

Азаматтар мен заңды тұлғалар

Сауда, халыққа қызмет көрсету саласында ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын кәсіпкерлер (шаруа (фермер) қожалқтары, өзіндік қосалқы шаруашылықтардың иелері)

Slide 30

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінің субъектілері:

Бұл жерлер толығымен мемлекет меншігінде болады, оларды алып

қоюға, жер пайдалануына қатысты мәмілелер жасауға жол

берілмейді. Бұл жерлерді қорғауды жүзеге асыратын тұлғалар және

иелері болып мемлекеттік заңды тұлғалар - қорықтардың, ұлттық

табиғи және басқа да парктардың және ерекше қорғалатын табиғи

аумақ мекемелерінің әкімшіліктері табылады.

Slide 31

Орман қоры жерлеріндегі жер пайдалану субъектілері:

Мемлекет (тұрақты жер пайдаланушы)

Мемлекеттік ұйымдар (орман шаруашылығмен айналысатын)

Жеке тұлғалар (жасанды орман иелері)

Мемлекеттік емес заңды тұлғалар (жасанды орман иелері)

Slide 32

Су қоры жерлеріндегі меншік құқығының субъектілері:

Мемлекет (су айдындарының иесі)

Азаматтар

Мемлекеттік емес заңды тұлғалар

Slide 33

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Жер құқығы қатынастарының мазмұны ол оның субъектілерінің

құқықтары мен міндеттерінің өзара байланысы болып табылады.

Олар: иелік ету, пайдалану және билік ету, яғни объектіге иелік

етуге байланысты құқықтар мен міндеттер, объектіні пайдалануға

қатысты құқықтар мен міндеттер. Бұл құқықтар өзара байланысты

болғанымен, өзінің мазмұны бойынша әртүрлі сипатта болады.

Slide 34

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ, ӨЗГЕРУІ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ

1. Құқық орнықтырушы фактілер

2. Құқық өзгертуші фактілер

3. Құқық тоқтатушы фактілер

Slide 35

ЖЕРГЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ МЕН ӨЗГЕ ДЕ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР

1. Жерге меншік құқығының түсінігі және оның түрлері

2. Жерге мемлекеттік меншік құқығы

3. Жерге жеке меншік құқығы

4. Сервитуттар

Slide 36

ЖЕРГЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ

Жерге меншік құқығы дегеніміз - ол заңмен танылып қорғалатын

жерді иелену, пайдалану және жерге билік ету құқығы.

Иелену құқығы - ол жерді нақты иеленуді жүзеге асыру

мүмкіншілігі, пайдалану құқығы - ол заңмен қамтамасыз етілген

жердің пайдалы қасиеттерін пайдалану мүмкіншілігі, жерге билік

ету құқығы - ол заңмен қамтамасыз етілген жердің заңды тағдырын

белгілеу мүмкіншілігі.

Slide 37

ЖЕРГЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ

Жер оның қойнауы, сулар, өсімдектер және жануарлар әлемі, өзге де табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сонымен бірге, заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін (ҚР Конституциясының 6-бабының 3-тармағы) .

Slide 38

ЖЕРГЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ:

Мемлекеттік меншік

Түрлері: мемлекеттік билік органдары, мемлекеттік ұйымдар мен мекемлер (мемлекеттік заңды тұлғалар) меншігі

Жеке меншік

Түрлері: азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар меншігі

Slide 39

ЖЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ

Мемлекеттік билік органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен

мекемелерге берілген, қорғаныс, қажеттеріне пайдаланылатын,

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және

тарихи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елді

мекендер жеріндегі ортақ пайдаланудағы, босалқы жер, оның

ішінде арнайы жер қорының жер учаскелері, кенттер мен ауылдық

елді мекендердің маңындағы жайлымдар және шабындықтар,

сондай-ақ жеке меншікке берілмеген шалғайдағы жайлымдар мен

басқа да жерлер мемлекеттік меншікте болады (ҚР ЖК 26 бабының

1-тармағы) .

Slide 40

ЖЕРГЕ ЖЕКЕ МЕНШІК

Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде шаруа

(фермер) қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, орман

өсіру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін,

сондай-ақ үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың

мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда,

өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлер

(құрылыстарды, ғимараттарды) мен олардың кешендерін салуға

берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері болуы

мүмкін (ҚР ЖК 23-бабының 2-тармағы) .

Slide 41

СЕРВИТУТ

Ол бөтен жер учаскелерін шектеулі мақсатта пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аң шаруашылығы және өзге де қажеттер үшін пайдалану құқығы.

Slide 42

СЕРВИТУТТЫҢ ТУЫНДАУ НЕГІЗДЕРІ:

1. Тікелей нормативтік құқықтық актіден

2. Мүдделі тұлғаның меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен жасаған шартының негізінде

3. Жергілікті атқарушы органның актісі негізінде

4. Сот шешімі негізінде

5. Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген өзге де жағдайларда

Slide 43

СЕРВИТУТ ТҮРЛЕРІ

1. Көрші учаске арқылы еркін өту құқығы

2. Көрші учаскені шектеулі пайдалану құқығы

3. Бөтен жер учаскесін мал айдау жолы үшін пайдалану құқығы

4. Жер учаскелерін іздестіру жұмыстарын өткізу үшін пайдалану құқығы

5. Басқа да сервитуттар

Slide 44

ЖЕР ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ

СҰРАҚТАР:

1. Жер пайдалану құқығының түсінігі

2. Жер учаскесін пайдаланудың пайда болуының негіздері

3. Жер пайдалану құқығының түрлері

4. Жер пайдалану құқығының мазмұны

Slide 45

ЖЕР ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ

Ол тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және

(немесе) өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер

пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша пайдалану)

иелену және пайдалану құқығы (ҚР ЖК 12-бабының 30-тармағы) .

Slide 46

ЖЕР УЧАСКЕСІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПАЙДА БОЛУ НЕГІЗДЕРІ

1) Жер пайдалану құқығын табыстау;

2) Жер пайдалану құқығын беру;

3) Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы

Бұл әрекеттер:

мемлекеттік органдар актілерінен;

азаматтық-құқықтық мәмілелерден;

заңдарда көзделген өзге де негіздерден туындайды

Slide 47

ЖЕР ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ:

1) ТҰРАҚТЫ НЕМЕСЕ УАҚЫТША

2) ӨТЕУЛІ НЕМЕСЕ ӨТЕУСІЗ

УАҚЫТША: 5 жылға дейін өтеусіз және өтеулі болуы мүмкін :

- ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін)

- қысқа мерзімді (5 жылға дейін)

Slide 48

ЖЕР ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Жер пайдалану құқығының мазмұны жер учаскелеріне меншік

құқығының мазмұнына ұқсас болады.

Сондықтан, жер пайдаланушыға жер туралы заңнамада көзделген

тәртіпте жер учаскесін иелену, пайдалану және оған билік ету

құқықтары тиесілі болады.

Slide 49

ЖЕРГЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ МЕН ӨЗГЕ ДЕ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ, ӨЗГЕРУІ МЕН ТОҚТАТЫЛУЫ

СҰРАҚТАР:

1. Жерге меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтардың пайда болу негіздері мен тәсілдері

2. Жерге меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтардың өзгеруі

3. Жерге меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтардың тоқтатылу негіздері мен тәртібі

Slide 50

ЖЕРГЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ МЕН ӨЗГЕ ДЕ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ НЕГІЗДЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ

Меншік құқығын табыстау

Меншік құқығын беру

Меншік құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен

Негіздері:

Мемлекеттік органдар актілері

Азаматтық-құқықтық мәмілелер

Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген өзге де негіздерде

ЖЕРГЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ МЕН ӨЗГЕ ДЕ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ ӨЗГЕРУІ

Жерге меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтардың өзгерулері

олардың мазмұны мен көлемінің өзгеруінен турады. Өзгеру

негіздері заңда көзделген әртүрлі заңды фактілер болады. Мысалы

құқық иесінің Қазақстан азаматтығынан шығуы, жер телімін

мемлекет қажеттіліктері үшін сатып алу, жерді бір санаттан екінші

бір санатқа ауыстыру, жер телімінің радияциялық ластануы және

т. б.

ЖЕРГЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ МЕН ӨЗГЕ ДЕ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ ТОҚТАТЫЛУ НЕГІЗДЕРІ МЕН ТӘРТІБІ

1) Меншік иесі - жер учаскесін немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығын иеліктен шығарып басқа тұлғаларға беруі

2) Меншік иесі құқығынан немесе жер падаланушы жер пайдалану құқығынан бас тартуы

3) Жер учаскесіне меншік құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда айрылуы

ЖЕР ҚОРЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

СҰРАҚТАР:

1. Жер қорын мемлекеттік басқару ұғымы мен функциялары

2. Жер қоры мемлекеттік басқару объектісі ретінде

3. Жер қорын мемлекеттік басқару органдарының жүйесі мен уәкілеттілігі

ЖЕР ҚОРЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҰҒЫМЫ

Жер қорын мемлекеттік басқару мемлекеттік басқару жүйесінің

ерекше маңыздылығы бар бағыты болып танылады. Ол жерді

қорғау мен пайдалану тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталатын

қажетті ұйымдастыру шарты.

ЖЕР ҚОРЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ФУНКЦИЯЛАРЫ

НЕГІЗГІ:

Жер мониторингін жүзеге асыру;

Жерге орналастыру жұмыстарын өткізу;

Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу;

Жер қорының қызмет мақсатын анықтау;

Жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлау;

Жер қорына билік ету;

Жер қорын пайдалану мен қорғауды бақылау;

Жер заңнамаларының орындалуын қамтамасыз ету;

Жер нарығы мен жер құқығын қалыптастыру мен қоргау

ЖЕР ҚОРЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

Мемлекеттік басқару объектісі - мемлекеттің жер қоры болып табылады. Әрекеттегі заңнамада жер қорының ұғымы берілмеген. Қазақстан Республикасының жер қоры - ол оның мемлекеттік шекарасы шегіндегі жерлерді қамтитын бүкіл аумағы деуге болады.

ЖЕР ҚОРЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ МЕН УӘКІЛЕТТІЛІГІ

Жер қорын мемлекеттік басқару мемлекеттік органдардың

біртұтас жүйесімен жүзеге асырылады. Олар: өкілдік органдар,

атқару органдар, сот органдарынан тұрады. Өкілдік органдар

жалпы уәкілеттілігі бар органдарға жатады. Атқару органдар

уәкілеттілігінің мазмұны мен бағыттарына қарай жалпы уәкілеттілігі

және арнаулы уәкілеттілігі бар органдар болып танылады.

ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ, ЖЕР МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ ЖЕР КАДАСТРЫ

СҰРАҚТАР:

1. Жерге орналастыру

2. Жер мониторингі

3. Жер кадастры

ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ

Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды

пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан

Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету

жөніндегі іс-шаралар жүйесі болып табылады (ҚР ЖК 149-бабының

1-тармағы) .

ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУДЫ ЖҮРГІЗУ

Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі бойынша не

жер учаскелерінің мүдделі меншік иелерінің немесе жер

пайдаланушылардың өтінімі бойынша, сондай-ақ жер ресурстарын

басқару жөніндегі аумақтық органдардың бастамасы бойынша

жүргізіледі (ҚР ЖК 150-бабының 1-тармағы) .

ЖЕР МОНИТОРИНГІ

Жер мониторингі - болып жатқан өзгерістерді уақтылы анықтау,

оларды бағалау, одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар

процестерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнінде

ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер қорының сапалық

және мөлшерлік жай-күйін базалық (бастапқы), жедел, мерзімді

байқау жүйесі болып табылады (ҚР ЖК 159-бабының 1-тармағы) .

МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕР КАДАСТРЫ

Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи

және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері,

нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың

сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы

мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзге

де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады (ҚР ЖК 152-

бабының 1-тармағы) .

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КАДАСТР ЖҮЙЕСІ

ЖЕР - КАДАСТР ҚҰЖАТТАМАСЫ

1) Жер-кадастр істері

2) Жер-кадастр кітабы

3) Жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімі

4) Жер-кадастр карталары

ЖЕР ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚОРҒАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ

СҰРАҚТАР:

1. Жерді тиімді пайдалану мен қорғаудың ұғымы мен мазмұны

2. Жерді қорғау мен пайдалануды мемлекеттік бақылау

ЖЕРДІ ҚОРҒАУ МЕН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ҰҒЫМЫ

Жерді қорғау - жерге байланысты әртүрлі әрекеттерге қойылатын


Ұқсас жұмыстар
Экономика және Құқық факультеті
Жер пайдалану құқығы және жерге өзге де құқықтар
Жер құқығы басқа да құқық салалар сияқты өзіне тән құқықтық реттеу
Жердің құқықтық
ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
Меншік құқығының қорғалуы
Жерге меншік құқығы
Жер құқығы қатынастарының дамуы
Жерге мемлекеттік меншік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz