Ізгілікті қоғам



"Мәдениет" деген ұғымның аясы өте кең. Сондықтан да болар, "мәдениет" ұғымының көптеген анықтамасы бар. Адам ой-санасы мен әрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Мәдениетті кейде шартты түрде материалдық және рухани деп екіге бөледі.
Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын дүниелерді материалдық мәдениет үлгілері дейміз. Ал қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістіктерін біз рухани мәдениет дейміз.
Рухани және материалдық мәдениет үлгілерінің арасында тұйық шек жоқ. Кейде материалдық мәдениет үлгілері руханияттың үлгісі болып табылады. Мысалы, сәулет өнері ескерткіші, былай қарағанда, материалдық мәдениет, ал сол сәулет өнерінен халықтың немесе сәулетшінің дүниетанымы, мәдени дәстүрі көрінеді. Оның үстіне, сәулет өнері ескерткішінен көрермен рухани ләззат алады. Бұл жағынан қарағанда сәулет өнері ескерткіші рухани мәдениет үлгісіне де жатады. Кітапты да солай түсінуге болады: әрі материалдық дүние әрі рухани құндылық.
Ізгілікті қоғам

Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: "Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға кабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өгей мәдениет болып қала береді", - дейді. Бұл - мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-қарекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз.

Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы - егіншілікке карағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтығанның өзінде көшпелі қауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі.
Сонымен қатар көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғатқа жақынырақ, онымен етене өмір сүрген. Көшпелілерде табиғатқа негізделген дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі қатты дамыды. Бұдан "Отырыкшы халықтарда бұл қасиет болмады, не аз көрініс тапты" деген ой тумауы керек. Тек бұл қасиеттердің қалыптасуына, көрініс тауып, іске асуына көшпелі өмір объективті түрде көбірек жағдай туғызды.

Көшпелілерде де, отырықшы елдер сияқты, жазу ерте пайда болды. Біз сақ жазуларының (б. з. д. 1-мыңжылдықтың ортасы), түрік жазуларының (б. з. VII-VIII ғасырлар) болғандығын, одан бергі ортағасырлық түркі тайпаларында жазудың болғандығын білеміз. Бірақ тағы да объективтік себептермен көшпелілерде отырықшыларға қарағанда жазу-сызу кеңінен дами алмады. Олардың рухани мәдениеті - шежіре тарихы, фольклоры, діни ұстаным-қағидалары жадында сақталды.

Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап пайда болған сияқты. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған б. з. д. V-IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған тұмарда жазу болған. Оны ғалым Алтай Аманжолов оңнан солға қарай "Ақ сықын" - "Ақ марал" деп оқыған. 1970 жылы Есік қаласының түбінен табылған "Алтын адамның" қабірінен жазуы бар күміс тостаған шықты. Тостағанның сыртында екі жолға жазылған 26 таңба бар. Олар бір жағынан, көне түркілердің руникалық жазбаларына ұқсас, екіншіден, Жерорта теңізі төңірегіндегі көне алфавиттік таңбаларға, өсіресе грек, арамей әріптеріне ұқсас. Оны да А. Аманжолов көне түркі тілі сияқты оңнан солға қарай оқыған. Жазудың мазмүны мынадай екен:"Аға, саған (бұл) ошақ! Бөтен (жат ел адамы) тізеңді бүк! Халықта азық-түлік (мол болғай!) !" Зерттеушінің пікірінше, бұл сақ дәуірінде түркі тілінде жазылған, яғни бүдан 2500 жыл бұрын түркі тілдес сақ тайпалары әліпбиін жазуды білген. Әліпби жазу дүниежүзілік мәдениетке қосылған үлкен үлес болып есептеледі. Көне түркілер алғашқы әріп жазуының бір түрі - руналық жазуды ойлап тапқан және пайдаланған.

Көне түркі руналық жазуы Қазақстанда Талас, Ертіс, Сыр, Іле өзендерінің қойнауларында табылған.
Бұл жазуларды алғаш зерттеп, оларды оқудың "кілтін" тапқан - Дания зерттеушісі Вильгельм Томсен. Осы көне түркі жазуларын сыртқы нобайы жағынан Скандинавияның руналарына ұқсатып, бұл жазуларды да руналық, яғни "құпия" жазу деп атап кеткен.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz